сфсрасын қүрайды. Ішкі сфераға кірмей қалған жәнс комплскс тузушіден
алшақ орналасқан иондар комплсксті қосьшыстың сыртқы сферасын
қүрайды. Сыртқы сферада кобінесе сілтілік жөне сілтілік жер
металдардың, аммонийдін жөне т.б. иондары болады. Кейбір комплексті
қосылыстардын сыртқы сферасы болмайды. Олардағы ішкі сфсраға кіретіи
иондардың теріс заряды комплекс түзушінің оң зарядына тең. Комплексті
қосьшыстардың формуласын жазарда комплекс түзуші мен лиганд, яғни
ішкі сфераны тік жақшаға алып жазады. Бүл ерітінділсрде комплексті ион
оны қурайтын иовдарға жәнс молскулаларға диссоциацияланбайтынын
көрсетеді. Комплексті ион заряды комплекс тузуші мен лигандтардың
алгебралық косындысына тең.
11.
Тұнбаны жуатын ерітінді, фильтр қағаз, стақан, воронка, таяқшалар, тигель.
Анализге түсетін заттың мөлшері өте көп болмауы керек, себебі тұнба
мөлшері көп болады да, оны жөндеп жуу қиындап кетеді, ал егер анализге
түсетін затты аз алса, тұнба да өте аз болады, сондықтан өлшеген кезде қате
кетсе, не тұнбаның аз мөлшерін жоғалтып алсақ, онда ақырғы нәтижеде өте
көп қате болады. Сондықтан кристалды тұнба 0,5 г, ал аморфты тұнба 0,10,3г
болатындай етіп анализге түсетін затты есептеп алу керек. Анализге түсетін
заттың мөлшерін бірінші техникалық таразыда өлшеп, сосын аналитикалық
таразыда өлшейді.
Анализге түсетін затты не суда, не қышқылда, не сілтілерде ерітеді. Егер
бұл еріткіштерде ерімесе, онда балқымаға айналдырып, ерітеді. Анализге
түсетін заттың қайда еритіндігін алдын ала сапалық реакция көмегімен
анықтап алады. Еріткішті таңдау анализденетін заттардың қасиеттеріне де
байланысты. Мысалы, егер қорғасынды анықтау керек болса, анализге түсетін
затты азот қышқылында ғана еріту керек, себебі PbCl
2
және PbSO
4
суда
ерімейтін заттар, сондықтан тұз қышқылында не күкірт қышқылында ерітуге
болмайды.
Анализге түсетін затты еріткен кезде газдар бөлінуі мүмкін, ол газдар
ұшқанда анықталатын заттар да бірге ұшуы мүмкін, сондықтан әр уақытта
ыдыстың бетін жауып қою керек.
Анализге түсетін затты ерітіндіге айналдырған соң, оны сұйылтып, қайта
қыздырып (»80-90
0
С-қа дейін)
Достарыңызбен бөлісу: