ПӘнінен оқУ-Әдістемелік кешен



бет11/18
Дата08.06.2018
өлшемі2,16 Mb.
#41779
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18

37- сурет. 38- сурет.

RichEdit компоненті көп жолды мәтінді редакциялау терезесі болып табылады. Memo көп жолды мәтіндік редакторынан айырмашылығы RichEdit компонентіндегі мәтін кеңейтілген мәтіндік формат (RTF- Rich Text Format) ережесіне бағынады. SelAttributes қасиетінің мәнін бере отырып, мәтін фрагментінің атрибутын өзгертуге болады. TTextAttributes типті бұл қасиеттің Color (түс), Name (қаріп аты), Size (өлшемі), Style (стиль) т.б. ішкі қасиеттері болады.

Ағымдық абзацты туралау, шегініс т.б. әрекеттерін Paragraph қасиеті басқарады. Оның ішкі қасиеті- Alignment. Ол мәтінді туралауды жүзеге асырады. Бұл қасиеттің мәндері: taLeftJustify (солға), taCenter (центр бойынша ) және taRightJustify (оңға).



Мысал: RichEdit мәтіндік редакторындағы мәтінді алмастыру буферіне қию, көшіру, қою әрекеттерін орындайтын меню пункттеріне, мәтін қарпінің стилін жартылай қою, курсив, асты сызылған етіп өзгертетін және мәтінді солға, оңға, центр бойынша туралайтын батырмалар кодтарын жазыңдар.




39- сурет. 40- сурет.

Шешуі:

procedure TForm1.N2Click(Sender: TObject);

begin

RichEdit1.CutToClipboard;



end;

procedure TForm1.N3Click(Sender: TObject);

begin

RichEdit1.CopyToClipboard;



end;

procedure TForm1.N4Click(Sender: TObject);

begin

RichEdit1.PasteFromClipboard;



end;

procedure TForm1.BitBtn4Click(Sender: TObject);

begin

RichEdit1.SelAttributes.Style:=[fsBold]



end;

procedure TForm1.BitBtn5Click(Sender: TObject);

begin

RichEdit1.SelAttributes.Style:=[fsItalic]



end;

procedure TForm1.BitBtn6Click(Sender: TObject);

begin

RichEdit1.SelAttributes.Style:=[fsUnderLine]



end;

procedure TForm1.BitBtn1Click(Sender: TObject);

begin

RichEdit1.Paragraph.Alignment:=taLeftJustify;



end;

procedure TForm1.BitBtn2Click(Sender: TObject);

begin

RichEdit1.Paragraph.Alignment:=taCenter;



end;

procedure TForm1.BitBtn3Click(Sender: TObject);

begin

RichEdit1.Paragraph.Alignment:=taRightJustify;



end;

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

9- апта

2 кредит сағат.

Тақырыбы: Иерархиялық мәліметтерді ағаш түрінде шығарудың TreeView компоненті. WEbBrowser компонетімен байланыс.

Дәріс мазмұны:

1. TreeView компоненті және оның қасиеттері.

2. Internet парағыныңWebBrowser компонентімен байланыс
TreeView- ағаш түріндегі иерархиялық мәліметтерді шығару компоненті болып табылады. Одан қолданушы өзіне қажет мәліметтерді таңдай алады. Бұл компоненттің негізгі қасиеті- Items. Ол индекстелген түйіндер тізімінен тұрады. Әрбір түйін TTreeNodes типті объект болып табылады. Түйіндер TreeView компонентінде 2 рет шерту немесе Items қасиетінің оң жағындағы үш нүктелі батырманы шерту арқылы жасалады. Нәтижеде төмендегі суреттегідей түйін жасау терезесі экранға шығады.


43- сурет. TreeView компонентінің түйін жасау терезесі.

Бұл терезе келесі батырмалардан тұрады:



New Item (Жаңа түйін)- жаңа түйін жасауға мүмкіндік береді.

New SubItem (Жаңа ішкі түйін)- ішкі түйін жасау үшін.

Delete (Жою)- таңдалған түйінді жою.

Text- түйін тақырыбының мәтіні.

Мысал1: Төмендегі суретте 2 негізгі түйіннен тұратын TreeView компоненті көрсетілген. Әр түйін 3 ішкі түйіннен тұрады.
Түйінге сәйкес мәтінді программалық жолмен Label1 компонентіне шығару Text қасиеті арқылы жүзеге асырылады.

Мысал2: Label1. caption:= TreeView1.Items.Item[1].text;

Нәтижеде Label1 компонентіне “MS Word” сөзі шығады. Кез- келген таңдалған мән Label1-ге шығу үшін команда былайша жазылады: Label1. caption:= TreeView1. Selected.text;



Таңдалған түйінге сәйкес индексті АbsoluteIndex қасиеті береді. Түйіндер 0- ден бастап бүтін санмен нөмірленеді.

Мысал3: Жоғарыдағы 1- мысалда жасалған қосымшадан түйіндерді шерткенде оларға сәйкес жазылған түсіндірме мәтіндер мәтіндік редакторге шығатын түйіндер кодын жазыңдар. Ол үшін әр түйінге сәйкес мәтіндік файл алдын-ала MS Word мәтіндік редакторында жасалып, rtf форматта сақталуы керек. Себебі, RichEdit компоненті rtf форматтағы файлды ғана оқи алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет