ПӘнінен оқУ-Әдістемелік кешен



бет18/18
Дата08.06.2018
өлшемі2,16 Mb.
#41779
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Зертханалық жұмыс №25.

Тақырыбы: Dialog парағының стандарт сұқбат компоненттері.

Тапсырма: Стандарт сұқбат компоненттерін қолданып, NotePad типті қосымша жасаңдар.

1.Блокнот (Note Pad) стандарт программасының экрандық интерфейсін жасаңдар. Файл: Создать, Открыть, Сохранить как пункттерінен тұратын негізгі меню жасап, олардың кодын жазыңдар.

2.Блокнот (Note Pad) стандарт программасының экрандық интерфейсін жасаңдар. Шрифт – Цвет, Правка – Найти, Файл – Принтер пункттерінен

тұратын негізгі меню жасап, олардың кодын жазыңдар.



Зертханалық жұмыс №26.

Тақырыбы: Қолданушы интерфейсінің дамыған элементтері.

Тапсырма: ScroolBar, UpDown, SpinEdit компоненттерін қолданып қосымшалар жасаңдар.



Термометр жобасы.

Формада шкалалы термометр жасаңдар. Енгізу терезесінде температура мәнін енгізгенде термометрдің температуралық шкаласының жылжытқышы орын ауыстыратын код жазыңдар.

Төмендегі үлгіде графиктік редактор жасаңдар.

Қажет компоненттер: ScrollBar, Image, Spinedit (Samples парағында), SavepictureDialog, Panel т.б.




Зертханалық жұмыс №27.

Тақырыбы: Delphi-де компонент жасау.

Тапсырма: Тапсырма: ДҚ жасау компоненттерін қолданып, деректер қоймасын жобалаңдар.



Зертханалық жұмыс №28.

Тақырыбы: Delphi-де ДҚ жасау үшін қолданылатын компоненттер.

Тапсырма: Delphi-де ДҚ жасау.


Зертханалық жұмыс №29.

Тақырыбы: Delphi-дің графикалық мүмкіндігі.

Тапсырма: Delphi-дің графиктік примитивтерді салу әдістерін қолданып жоба жасаңдар.

  1. Сағат суретін салыңдар. (шеңбер;12,3,6,9 цифрлары; стрелка; сағат қоңырауын салу)

  2. Батырманы әр басқанда олимпиадалық эмблема түріндегі түрлі –түсті 5 шеңберді бір-бірден шығаратын программа жазыңдар.

Зертханалық жұмыс №30.

Тақырыбы: Delphi-дің графикалық мүмкіндігі.

Тапсырма: Delphi графикасында анимацияны жүзеге асыру. Функция графигін салу.

Графиктік примитивтерді салу әдістерін қолданып, анимациялы жоба жасаңдар.Функция графигін тұрғызудың әмбебап программасын қолданып жоба жасаңдар.

Графикалық редактор жасау.

Әдебиет: қ [6] – 68 б.

9. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР.
СӨЖ – дидактикалық тапсырмаларды өз бетімен орындауға, танымдық қабілетті арттыруға және белгілі бір ғылым саласысына байланысты білімін толықтыруға негізделген оқу процесінің ерекше бір түрі.

СӨЖ шығармашылық белсендікті, логикалық ойлауды дамытуды қамтамасыз ететін практикалық тапсырмаларды жүзеге асырумен байланысты болып табылады.

СӨЖ оқытушының қатысуымен (СОБӨЖ) аудиториядан тыс және оқытушысыз аудиториядан тыс (СӨЖ) сабақтардан тұрады.
1- апта.

1. СОБӨЖ. (Студенттің оқытушы басшылығымен өздік жұмысы)



Тақырыбы: ОБП принциптері: инкапсуляция, мұрагерлік, полиморфизм.

Тапсырмалар:

ОБП-ның принциптері: инкапсуляция, мұрагерлік, полиморфизм. Анықтамасы, мысалдар.

Тексеру сұрақтары:

1. ОБП-ның негзігі ұғымдары: объект, қасиет, оқиға, оқиға өңдеуші, класс, әдіс.

2. ОБП принциптері: инкапсуляция, мұрагерлік, полиморфизм.



Әдебиеттер: [1] 148-150 бет.

1. СӨЖ. (Студенттің өздік жұмысы)



Тақырыбы: ОБП принциптері: инкапсуляция, мұрагерлік, полиморфизм.

Тапсырмалар:Модуль құрылымы. Атқаратын қызметі.

Әдебиеттер: [1] 167-бет.

2. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Delphi ОБП тілінің интеграцияланған ортасы.

Тапсырмалар:

Тексеру сұрақтары:



1. Экрандық интерфейспен танысу. (6-терезе)

2. Компоненттер палитрасы. Объект инспекторының терезесі.

3. Жоба, форма, код файлдарының құрылымы.



Әдебиеттер: [1] 37-40 бет.

№2. СӨЖ.



Тақырыбы: Delphi ОБП тілінің интеграцияланған ортасы.

Тапсырмалар: Delphi-де модуль файлының құрылымы.

Әдебиеттер: [1] 40-43 бет.

3. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Delphi ОБП тілінің ортасында жұмыс.

Тапсырмалар:

Тексеру сұрақтары:



1. Экрандық интерфейспен танысу. (6-терезе)

2. Компоненттер палитрасы. Объект инспекторының терезесі.

3. Жоба, форма, код файлдарының құрылымы.



Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5],[1] 37-40 бет, 40-43 бет,[1] 6-9 бет, 21 бет.

3. СӨЖ.



Тақырыбы: Delphi ОБП тілінің ортасында жұмыс.

Тапсырмалар: Жоба ұғымы. Қарапайым жоба құру.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5],[1] 37-40 бет, 40-43 бет,[1] 6-9 бет, 21 бет.

4. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Standard парағының Edit, Label, Button компоненттері.

Тапсырмалар: Деректерді енгізу, шығару компоненттерін қолданып, қарапайым жоба жасау.

Тексеру сұрақтары:



  1. жоба файлы

  2. форманы сипаттау файлы

  3. форма фодулінің файлы

  4. модульдер

  5. жоба параметрлері

  6. ресурсты сипаттау және олардың кеңейтулері.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5],[1] 37-40 бет, 40-43 бет,[1] 6-9 бет, 21 бет.

4. СӨЖ.



Тақырыбы: Standard парағының Edit, Label, Button компоненттері.

Тапсырмалар: Жоба файлының құрылымы.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5],[1] 37-40 бет, 40-43 бет,[1] 6-9 бет, 21 бет.

2- апта.

1. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Компоненттер палитрасы. Standard парағының компоненттері.

Тапсырмалар:

Тексеру сұрақтары:



1. Компоненттер. Standard парағы.

2. Edit, Label, Button компоненттері, қасиеттері.

3. Айнымалалырды түрлендіру функциялары.

Әдебиеттер: [1] 21- бет.

1. СӨЖ.



Тақырыбы: Компоненттер палитрасы. Standard парағының компоненттері.

Тапсырмалар: Delphі ортасы элементтері: пиктографиялық батырмалар, компоненттер палитрасы, формалар терезесі, объект инспекторының терезесі, программа коды терезесі.

Әдебиеттер: [1] 6-9 бет.

2. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Компоненттер қасиеттері. Шартты және таңдау командасын жүзеге асыру.

Тапсырма:

Тексеру сұрақтары:

1. Компоненттер қасиеттері.

2. Шартты және таңдау командасын жүзеге асыру.

3.Объект бақылаушысының терезесінің астарлы беттері.



Әдебиеттер: [1] 76-81 бет,[1] 20- бет.

2. СӨЖ.



Тақырыбы: Компоненттер қасиеттері. Шартты және таңдау командасын жүзеге асыру.

Тапсырма: Таңдау операторы.



Әдебиеттер: [1] 76-81 бет, [1] 20- бет.

3. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Standard парағының Edit, Label, Button компоненттері.

Тапсырма: Деректерді енгізу, шығару компоненттерін қолданып, қарапайым жоба жасау.

Тексеру сұрақтары:


    1. Button компонентінің қасиеттері,мүмкіндіктері, компонентте мәтін жазып, оны пішімдеу.

    2. Label компонентінің қасиеттері, мүмкіндіктері.

    3. Edit компонентінің қасиеттері, мүмкіндіктері, оны пайдаланып қарапайым жоба жасау.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5], [1] 11- 13 бет.

3. СӨЖ.



Тақырыбы: Standard парағының Edit, Label, Button компоненттері.

Тапсырма: Delphi-ді баптау.



Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5], [1] 11- 13 бет.

4. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Шартты және таңдау командасы.

Тапсырма: Таңдау операторын қолданып қарапайым арифмометр жобасын жасау.

Тексеру сұрақтары:


  1. Шартты оператордың көмегімен командалар жазып, оны жобалауда қолдану.

  2. Таңдау операторының көмегімен командалар жазып, оны жобалауда қолдану. Case операторы.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5],[1] 77-80 бет.

4. СӨЖ.



Тақырыбы: Шартты және таңдау командасы.

Тапсырма: “Calculator” оқу программасы. Шартты командасын қолдануға жаттығу орындау.



Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5],[1] 77-80 бет.

3- апта.

1. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Форма және оның сипаттамасы.Модальды форма. Delphi-дегі ақпараттық терезе.

Тапсырма:

Тексеру сұрақтары:

1. Форма және оның сипаттамасы

2. Кездейсоқ сандар генераторы.



3. Модальды форма оның ерекшелігі.

4. AboutBox ақпараттық терезе.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5],[1] 14 бет, 66-67 бет.

1. СӨЖ.



Тақырыбы: Форма және оның сипаттамасы.Модальды форма. Delphi-дегі ақпараттық терезе.

Тапсырмалар: “Үш санның үлкенін табу” жобасы. Форма қасиеттерін өзгерту.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5],[1] 14 бет, 66-67 бет.
2. СОБӨЖ.

Тақырыбы: Checkbox, radiobutton компоненттері.

Тапсырмалар: Checkbox, radiobutton комп-ін қолданып, психологиялық тест жобасын жасау.

Тексеру сұрақтары:



1. Checkbox компоненттері, қасиеттері.

2. Radiobutton компоненттері, қасиеттері.

Әдебиеттер: [1]- [7], қ[1]-[5]

2. СӨЖ.



Тақырыбы: Checkbox, radiobutton компоненттері.

Тапсырмалар: Психологиялық тест жобасын жасау.

Әдебиеттер: [1]- [7], қ[1]-[5].

3. СОБӨЖ.

Тақырыбы: Модальды форма жасау.Кездейсоқ сандар генераторымен жұмыс.

Тапсырмалар: “Тексеру” оқу программасы жобасы.

Тексеру сұрақтары:



  1. Randomize кездейсоқ сандар генераторымен жұмыс. Ол арқылы программа құру.

  2. Модальды форма дегеніміз не?

Әдебиеттер: [1]- [7], қ[1]-[5], [1] 14-15 бет, 67-71 бет.

3. СӨЖ.



Тақырыбы: Модальды форма жасау.Кездейсоқ сандар генераторымен жұмыс.

Тапсырмалар: Формаға жаңа компоненттер орналастыру

Әдебиеттер: [1]- [7], қ[1]-[5], [1] 14-15 бет, 67-71 бет.

4. СОБӨЖ.

Тақырыбы: Checkbox, radiobutton компоненттері.

Тапсырмалар: RadioGroup компоненті арқылы тестілеу жобасын жасап үйрену.

Тексеру сұрақтары:



  1. Checkbox компоненінің қасиеттері, жобалаудағы мүмкіндіктері.

  2. Radiobutton компонентінің қасиеттері, мүмкіндіктері.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

4. СӨЖ.



Тақырыбы: Checkbox, radiobutton компоненттері.

Тапсырмалар: Тестілеу программасын жасау.

Әдебиеттер: [1]- [7], қ[1]-[5].



4- апта.

1. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Additional парағының компоненттері. Вitbtn, shape, Image компоненттері.

Тапсырмалар: Вitbtn, shape, Image компоненттерінің көмегімен жобалау.

Тексеру сұрақтары:

1.Additional парағының компоненттері, олардың қасиеттері.

2. Вitbtn компонентінде мәтін жазып, оны пішімдеу. Button компонентінен айырмашылығы.

3. Shape компонентінің мәндеріне байланысты фигураларды келтіріп, олардың әрбіреуін формаға орналастыру.

4. Image компонентіне сурет әкеліп қою, оның қай қасиетін өзгерткен кезде суреттің пішімі мен компоненттің пішіні сәйкес келеді?

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5],[1] 15-18 бет, 22-23 бет.
1. СӨЖ.

Тақырыбы: Additional парағының компоненттері. Вitbtn, shape, Image компоненттері.

Тапсырма: Оқиғаға жауапты қалыптастыру.



Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5],[1] 15-18 бет, 22-23 бет.

2. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Speedbutton батырма компоненті.

Тапсырмалар:

Тексеру сұрақтары:



1.Компонент қасиеттері.

2. Компоненттің қосымша мүмкіндіктері.



Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5],[1] 15-18 бет, 22-23 бет.

2. СӨЖ.



Тақырыбы: Speedbutton батырма компоненті.

Тапсырмалар: Компонентті қолдану.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5],[1] 15-18 бет, 22-23 бет.

3. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Additional парағының Вitbtn, shape,Image компоненттері.

Тапсырмалар: Вitbtn, shape , Image компоненттерін қолданып, жоба құру.

Тексеру сұрақтары:

1.Additional парағының компоненттері, олардың қасиеттері.

2. Вitbtn компонентінде мәтін жазып, оны пішімдеу. Button компонентінен айырмашылығы.

3. Shape компонентінің мәндеріне байланысты фигураларды келтіріп, олардың әрбіреуін формаға орналастыру.

4. Image компонентіне сурет әкеліп қою, оның қай қасиетін өзгерткен кезде суреттің пішімі мен компоненттің пішіні сәйкес келеді?

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5],[1] 83-85 бет, 94-95 бет.

3. СӨЖ.



Тақырыбы: Additional парағының Вitbtn, shape,Image компоненттері.

Тапсырмалар: Күн мен уақыт типі.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5],[1] 83-85 бет, 94-95 бет.

4. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Speedbutton батырма компоненті.

Тапсырмалар: Speedbutton компонентін қолданып құралдар панелін жасау.

Тексеру сұрақтары:



1.Компонент қасиеттері.

2. Компоненттің қосымша мүмкіндіктері.



Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5],[1] 15-18 бет, 22-23 бет.

4. СӨЖ.



Тақырыбы: Speedbutton батырма компоненті.

Тапсырмалар: Қайталану командасы.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5],[1] 15-18 бет, 22-23 бет.

5- апта.

1. СОБӨЖ.



Тақырыбы: System парағының уақытты басқарудың Timer комп-ті.

Тапсырмалар:

Тексеру сұрақтары:



1. Timer компоненті оның қасиеттері.

2. Timer компонентін қолдану мысалдары.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5],[1] 26- бет.

1. СӨЖ.

Тақырыбы: System парағының уақытты басқарудың Timer комп-ті.

Тапсырма: System парағының компоненттері.



Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5],[1] 26- бет.

2. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Delphi-де басқа қосымшаларды іске қосу функциялары. Қосымша заставкасын жасау.

Тапсырмалар: Қосымша заставкасын жасау.

Тексеру сұрақтары:

1.WinExec, ShellExecute функциясы



2. Delphi қосымшасына Flash ролик қою.

2. Қосымша заставкасын жасау.

Әдебиеттер: [1]- [7], қ[1]-[5]

2. СӨЖ.



Тақырыбы: Delphi-де басқа қосымшаларды іске қосу функциялары. Қосымша заставкасын жасау.

Тапсырмалар: Delphi қосымшасына Flash ролик қою.

Әдебиеттер: [1]- [7], қ[1]-[5]

3. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Timer компонентін қолдану.

Тапсырмалар: Timer компонентін қолданып, жоба жасау. “Бағдаршам жобасын” жасау.

Тексеру сұрақтары:


  1. Timer компоненті қай парақта орналасқан?

  2. Timer компонентінен басқа бұл парақта қандай компоненттер орналасқан?

  3. Компонентті қосудың уақыт интервалын реттеуге мүмкіндік беретін қасиеті.

  4. Timer компонентінің Interval қасиетінің мәнін 5000-ге тең етіп қойсақ, ол кәдімгі уақыт эквивалентінде нешеге тең болады?

Әдебиеттер: [1]- [7], қ[1]-[5]

3. СӨЖ.



Тақырыбы: Timer компонентін қолдану.

Тапсырмалар: Шығармашылық жұмыс:Timer комп-тін қолданып, өз бетінше жоба жасау

Әдебиеттер: [1]- [7], қ[1]-[5]

4. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Delphi қосымшасына Flash ролик қою.Delphi-де қосымша заставкасын жасау.

Тапсырмалар: Қосымша заставкасын жасау. Delphi қосымшасына Flash ролик қою.

Тексеру сұрақатары:

1.Дельфиде Shockwave Flash компонентін орнату.

2. ShowModal процедурасы

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5],қ[6]- 471-476 б

4. СӨЖ.



Тақырыбы: Delphi қосымшасына Flash ролик қою.Delphi-де қосымша заставкасын жасау.

Тапсырмалар: Іске қосу «Пуск» батырмасын басқару және оның бейнесуретін өзгерту. Тапсырмалар тақтасымен жұмыс.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5],қ[6]- 471-476 б

6- апта.

1. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Деректер массивін түрлендірудің Combobox, ListBox компоненттері.

Тапсырмалар:

Тексеру сұрақтары:

1. ListBox компоненті, қасиеттері, әдістер.

2. Combobox компоненті, қасиеттері, әдістер.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

1. СӨЖ.



Тақырыбы: Деректер массивін түрлендірудің Combobox, ListBox компоненттері.

Тапсырма: Combobox компонентін қолданып “Фотоальбом” жобасын жасау.



Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

2. СОБӨЖ.



Тақырыбы: RadioGroup радиобатырмалар тобы компоненті.

Тапсырма: RadioGroup компоненті, қасиеттері.

Тексеру сұрақтары:


  1. Панельдің сол жақ жоғарғы бұрышындағы жазу қандай қасиеті арқылы жүзеге асады?

  2. Батырмаларды бірнеше бағанға орналастыру үшін қандай қасиеті қолданылады?

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]
2. СӨЖ.

Тақырыбы: RadioGroup радиобатырмалар тобы компоненті.

Тапсырма: RadioGroup, RadioButtonGroup және RadioButton компоенеттерін салыстыру.



Әдебиеттер: [1] 83-85 бет. (1-14 сұрақтар!!)

3. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Combobox, ListBox тізімдік өріс компоненттері.

Тапсырма: Combobox, ListBox компоненттерін қолданып жоба жасау.

Тексеру сұрақтары:


  1. Екі компоненттің TStrings типті Items қасиеттері.

  2. Элементтің индексін көрсететін ItemIndex қасиеті.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

3. СӨЖ.



Тақырыбы: Combobox, ListBox тізімдік өріс компоненттері.

Тапсырма: Тіл индикаторын ауыстыруда пернелерді қолдануды ұйымдастыру.



Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

4. СОБӨЖ.



Тақырыбы: RadioGroup компонентін қолданып жоба жасау.

Тапсырма: RadioGroup компонентін қолданып жоба жасау. Тестілеу программасы.

Тексеру сұрақтары:


  1. Панельдің сол жақ жоғарғы бұрышындағы жазу қандай қасиеті арқылы жүзеге асады?

  2. Батырмаларды бірнеше бағанға орналастыру үшін қандай қасиеті қолданылады?

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5],қ[8]-426 б
4. СӨЖ.

Тақырыбы: RadioGroup компонентін қолданып жоба жасау.

Тапсырма: Қолданушының белсенді пернесін ұйымдастыру.



Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5],қ[8]-426 б

7- апта.

1. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Қосымшада негізгі және жанама меню жасау.

Тапсырма:

1. Негізгі меню жасаудың Main Menu

2. Жанама меню жасаудың Popup Menu компоненттері

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

1. СӨЖ.



Тақырыбы: Қосымшада негізгі және жанама меню жасау.

Тапсырма: Блокнот жобасын жасау



Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

2. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Құралдар панелін жасау.

Тапсырма: Panel және Форма арқылы құралдар панелін жасау.

ToolBar және CoolBar арқылы құралдар панелін жасау.

Тексеру сұрақтары:



  1. ToolBar компоненті қандай батырмалардан тұрады?

  2. Style, Flat, Grouped, ImageIndex, Buttons[Index:integer] қасиеттері қай батырманың қасиеттері.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

2. СӨЖ.



Тақырыбы: Құралдар панелін жасау.

Тапсырмалар: Panel компонентінің қасиеттері мен әдістері.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

3. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Қосымшада негізгі және жанама меню жасау.

Тапсырма: Main Menu, Popup Menu компоненттерін қолданып қосымшада меню жасау.

Тексеру сұрақтары:

1. Негізгі меню жасаудың Main Menu компоненті.

2. Жанама меню жасаудың Popup Menu компоненті.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

3. СӨЖ.

Тақырыбы: Қосымшада негізгі және жанама меню жасау.

Тапсырмалар: ToolBar және CoolBar компоненттерінің қасиеттері мен әдістері.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

4. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Panel, ToolBar, CoolBar және Форма комп-ті арқылы құр-р панелін жасау.

Тапсырма: WordPad, Paint редакторларының құралдар панельін жасау. MS (Docking) стильіндегі орын ауыстырушы панельдерді ұйымдастыру.

Тексеру сұрақтары:

1.ToolBar компоненті қандай батырмалардан тұрады?

2.Style, Flat, Grouped, ImageIndex, Buttons[Index:integer] қасиеттері қай батырманың қасиеттері.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

4. СӨЖ.

Тақырыбы: Panel, ToolBar, CoolBar және Форма комп-ті арқылы құр-р панелін жасау.

Тапсырмалар: ToolBar және CoolBar компоненттерінің қасиеттері мен әдістері.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

8- апта.

1. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Түстерді басқару компоненттері:TrackBar,ColorGrid, RGB функциясы.

Тапсырмалар:

Тексеру сұрақтары:

1. RGB функциясы.

2. TrackBar компоненті.

3. ColorGrid компоненті.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5], [1] 28- бет.

1. СӨЖ.



Тақырыбы: Түстерді басқару компоненттері:TrackBar,ColorGrid, RGB функциясы.

Тапсырмалар: Мәндер диапазонымен жұмыс істеудің ScroolBar компоненті.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5], [1] 28- бет.

2. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Delphi-де компонент түссіздігін басқару. Файлдық жүйені басқару компоненттері.

Тапсырмалар: Delphi-де компонент түссіздігін басқару әдісі қолданылатын жоба жасау.

1.Delphi-де компонент түссіздігін басқару.

2. Файлдық жүйені басқару компоненттері.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

2. СӨЖ.



Тақырыбы: Delphi-де компонент түссіздігін басқару. Файлдық жүйені басқару компоненттері.

Тапсырмалар: DriveCombobox, DirectoryListbox,

FileListbox, FilterComboBox компоненттеріне сипаттама.



Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

3. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Түстерді басқару компоненттері:TrackBar,ColorGrid, RGB функциясы.

Тапсырма: Мәтіндік өріс фонының түсін TrackBar,ColorGrid компоненттері және RGB функциясы арқылы басқару. ColorGrid компонентін қолданып геометриялық фигура ішін бояу жобасын жасау.

Тексеру сұрақтары:

1. RGB функциясы.

2. TrackBar компоненті.

3. ColorGrid компоненті.



Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5], [1] 27-29- бет.

3. СӨЖ.



Тақырыбы: Түстерді басқару компоненттері:TrackBar,ColorGrid, RGB функциясы.

Тапсырмалар: DrawGrid компоненті және оның қасиеттері.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

4. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Delphi-де компонент түссіздігін басқару. Файлдық жүйені басқару компоненттері.

Тапсырма: Delphi-де компонент түссіздігін басқару функцияларын қолданып жоба жасау.Файлдық жүйені басқару компоненттерін қолданып жоба жасау.

Тексеру сұрақтары:

1.Delphi-де компонент түссіздігін басқару.

2. Файлдық жүйені басқару компоненттері.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5].

4. СӨЖ.



Тақырыбы: Delphi-де компонент түссіздігін басқару. Файлдық жүйені басқару компоненттері.

Тапсырмалар: Реверсивті санаудың UpDown, SpinEdit компоненті.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

9- апта.

1. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Win 32 парағының астарлы бет жасаудың PageControl және Trackbar, RichEdit компоненттері.

Тапсырмалар:

1. PageControl компоненті, қасиеттері.

2. Trackbar, RichEdit компоненттері.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

1. СӨЖ.

Тақырыбы: Win 32 парағының астарлы бет жасаудың PageControl және Trackbar, RichEdit компоненттері.

Тапсырмалар: TabControl компонентінің ерекшеліктері.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

2. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Иерархиялық мәліметтерді ағаш түрінде шығарудың TreeView компоненті. WEbBrowser компонетімен байланыс.

Тапсырмалар:

1. TreeView компоненті және оның қасиеттері.



2. Internet парағының WebBrowser компонентімен байланыс жасау.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

2. СӨЖ.

Тақырыбы: Иерархиялық мәліметтерді ағаш түрінде шығарудың TreeView компоненті. WEbBrowser компонетімен байланыс.

Тапсырмалар: ListView компоненті, қасиеттері.



Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

3. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Астарлы бет жасаудың PageControl компоненті.

Тапсырмалар: PageControl астарлы бет және компонентін жасау.

Тексеру сұрақтары:

1. Көп парақты панельдер жиынтығы туралы баяндау.

2. Форматталған мәтінге арналған көп жолдық редактор.

3. Программадағы кейбір шамалардың мәнін басқаруда қолданылатын жылжытқыш.



Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

3. СӨЖ.

Тақырыбы: Астарлы бет жасаудың PageControl компоненті.

Тапсырмалар: PageControl құралын қолданып сөздік жасау.



Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

4. СОБӨЖ.



Тақырыбы: TreeView компонентін қолданып программалау.

Тапсырмалар: TreeView компонентін қолданып қосымша жасау. Компонентті қолданып FrontPage прогр-мен байланыс жасау.

Тексеру сұрақтары:

1. Қарапайым анимацияны шығаруға мүмкіндік беретін мультипликатор.

2. Пиктограммалардың тармақты құрылымымен байланысқан жиынтықтан тұратын таңдау тармағы.



Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

4. СӨЖ.

Тақырыбы: TreeView компонентін қолданып программалау.

Тапсырмалар: Элементтер тізімі компонентін қолданып қосымша жасау.



Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

10- апта.

1. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Delphi-де кестелік ақпаратпен жұмыс істеудің StringGrid компоненті.

Тапсырма: Кестелік ақпаратпен жұмыс істеудің StringGrid компонентімен жұмыс.



  1. Кесте өлшемін longint типті ColCount қасиеті.

  2. Кесте өлшемін longint типті RowCount қасиеті.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5],қ[6]-670-685 б

1. СӨЖ.



Тақырыбы: Delphi-де кестелік ақпаратпен жұмыс істеудің StringGrid компоненті.

Тапсырмалар: Кестелік ақпаратпен жұмыс істеудің StringGrid компоненті және оның қасиеттері.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5],қ[6]-670-685 б.

2. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Delphi қосымшасында деректерді енгізу және нәтижені шығару функциялары.

Тапсырмалар:

1. Деректерді енгізудің InputBox функциясы

2. Нәтижені шығару-ң MessageDlg функциясы

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5],[2]-336 б.

2. СӨЖ.



Тақырыбы: Delphi қосымшасында деректерді енгізу және нәтижені шығару функциялары.

Тапсырмалар: Message Beep функциясымен жоба жасау.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5],[2]-336 б.

3. СОБӨЖ.



Тақырыбы: StringGrid компонентін қолданып кесте элемент-рін түрлендіру.

Тапсырмалар: StringGrid компонентін қолданып кесте элементтерін түрлендіру жобасын жасау.

Тексеру сұрақтары:

1. Кестедегі бекітілген жолдар мен бағандар санын integer типті сәйкес FixedRows қасиеті.

2. Кестедегі бекітілген жолдар мен бағандар санын integer типті сәйкес FixedCol қасиеті.



Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5],қ[6]-695 б

3. СӨЖ.



Тақырыбы: StringGrid компонентін қолданып кесте элемент-рін түрлендіру.

Тапсырмалар: Параметрлер редакторы. ValueListEditor компонентімен жұмыс.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5],қ[6]-695 б

4. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Деректерді енгізудің InputBox функциясы, Нәтижені шығарудың MessageDlg функциясы.

Тапсырмалар: Деректерді енгізу, шығару функцияларын қолданып Delphi –де сұқбатты жүзеге асыру.

Тексеу сұрақтары:

1.Мәтіндік ақпаратты ShowMessage процедурасы.

2.Функцияның жазылу форматы.



Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5],қ[6]-695 б

4. СӨЖ.



Тақырыбы: Деректерді енгізудің InputBox функциясы, Нәтижені шығарудың MessageDlg функциясы.

Тапсырмалар: MessageDlgPos, GreateMessageDialog функцияларымен жоба жасау.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5],қ[6]-695 б
11- апта.

1. СОБӨЖ.

Тақырыбы: Диаграмма сызу компоненттері.

Тапсырма:

1. Индикаторды қолданудың ProgressBar компоненті.

2. Gauge компоненті.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

1. СӨЖ.

Тақырыбы: Диаграмма сызу компоненттері.

Тапсырма: Күй жолында процестің жүруін бейнелейтін терезе ұйымдастыру.

Әдебиеттер: [1]- [7], қ[1]-[5]

2. СОБӨЖ.

Тақырыбы: Additional парағының диаграмма салудың Chart компоненті.

Тапсырма: Chart компонентін қолданып диаграмма салу.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

2. СӨЖ.

Тақырыбы: Additional парағының диаграмма салудың Chart компоненті.

Тапсырма:

1.TChartSeries типті Chart компоненті.

2.Chart компонентін қолданып жобалау.



Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5], [3] 348-350 б.
3. СОБӨЖ.

Тақырыбы: Диаграмма сызудың ProgressBar, Gauge компоненттері.

Тапсырма: ProgressBar, Gauge компоненттерін қолданып жоба жасау.

Тексеру сұрақтары:



1.ProgressBar компонентінің негізгі қаситетері: Max, Min, Position, Step.

2.Gauge компонентінің диаграмма түрін анықтаудың Kind қасиеті.

3.BorderStyle, ForeColor, BackColor, MinValue, MaxValue, Progress, ShowText қасиеттері.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

3. СӨЖ.

Тақырыбы: Диаграмма сызудың ProgressBar, Gauge компоненттері.

Тапсырма:

Компоненттерді қолданып жоба жасау

Бақылау сұрақтары. қ[6]- 45 б

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

4. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Диаграмма сызудың Сhart компоненті.

Тапсырма: Сhart компонентінің көмегімен диаграмма тұрғызу.

Тексеру сұрақтары:



  1. Chart компоненті негізгі қасиеті – TcharSeriers типті қасиеті.

  2. AllowPanning, AllowZoom, Title, Foot, Frame, Legend, SeriesList, View3d, т.с.с. қаиеттері.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

4. СӨЖ.

Тақырыбы: Диаграмма сызудың Сhart компоненті.

Тапсырма:

Компоненттерді қолданып жоба жасау

Бақылау сұрақтары. қ[6]- 49 б

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

12- апта.

1. СОБӨЖ.

Тақырыбы: Delphi-де мультимедиа құралын қолдану.

Тапсырмалар:

1. Сигналды генерациялаудың Beep процедурасы

2. Бейнеклип орындатудың Animate компоненті

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5],[1] 231-233 бет.

1. СӨЖ.

Тақырыбы: Delphi-де мультимедиа құралын қолдану.

Тапсырмалар:

1.Компакт-дискіден (CD) аудио файлды оқушы қосымша дайындау.

2.“Пернетақталық жаттықтырғыш” жобасын жасау.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5],[1] 231-233 бет.

2. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Delphi-де қосымшаға бейне және дыбыстық файл қою компоненттері.

Тапсырмалар: Қосымшаға бейне және дыбыстық файл қоюдың MediaPlayer компоненті, оның қасиеттері.

Тексеру сұрақтары:

1. Сурет салуға арналған аумақ.

2. Мультимедиалық құрылғыларды басқару жұмыстарын не атқарады?



3.OLE- объектілерін орналастыруға болатын жабдық

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

2. СӨЖ.



Тақырыбы: Delphi-де қосымшаға бейне және дыбыстық файл қою компоненттері.

Тапсырмалар:

1.Wav-файлды орындаушы қосымша ұйымдастыру.

2.Мультипликация. Delphi-дің мультимедиалық мүмкіндіктері. [1] 231-233 бет.



Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

3. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Бейнеклип орындатудың Animate компоненті.

Тапсырмалар: Animate компонентін қолданып бейнеклип орындату.

Тексеру сұрақтары:

1. Анимация бейнелеуінің қайталануларының саны қалай аталады?

2. Анимация белгіленген кезде түссіздіктің қолдану режимі.

3. Анимация кадрының бейнелену процесінің белсенді ету белгісі.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5], [1] 233- бет.

3. СӨЖ.



Тақырыбы: Бейнеклип орындатудың Animate компоненті.

Тапсырмалар:

1.Мультимедиа құралын қолдану жобасын жасау.

2.Сигналды генерациялаудың Beep процедурасына мысалдар

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5], [1] 233- бет.

4. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Қосымшаға бейне және дыбыстық файл қоюдың MediaPlayer компоненті.

Тапсырмалар: MediaPlayer компонентін қолданып қосымшаға бейне және дыбыстық файл қою.

Тексеру сұрақтары:

1. MediaPlayer компонентінің негізгі қасиеттері.

2. MediaPlayer компонентін көрсететін нақты құрылғыларды анықтаушы.

3. Программаны, бейнероликті немесе дыбыстық файлды автоматты ашу қасиеті.

4. Дыбыстық файлды немесе бейнероликті жүзеге асыруға

мүмкіндік беретін файлдың аты.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5], [1] 233- бет.

4. СӨЖ.



Тақырыбы: Қосымшаға бейне және дыбыстық файл қоюдың MediaPlayer компоненті.

Тапсырмалар:

1.Animate компоненті.

2.Жоба жасау.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5], [1] 233- бет.

13- апта.

1. СОБӨЖ.

Тақырыбы: Dialog парағының стандарт сұқбат ұйымдастыру компоненттері.

Тапсырмалар:

1. SaveDialog комп-ті.

2. OpenDialog комп-ті.

3. FontDialog компоненті.



Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

1. СӨЖ.



Тақырыбы: Dialog парағының стандарт сұқбат ұйымдастыру компоненттері.

Тапсырмалар:

1.ColorDialog компоненті.

2. PrintDialog компоненті.

3. FindDialog компоненті және оның қасиеттері.



Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

2. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Қолданушы интерфейсінің дамыған элементтері.

Тапсырмалар:

1. Мәндер диапазонымен жұмыс істеудің ScroolBar компоненті.

2. Реверсивті санаудың UpDown, SpinEdit компоненті.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]
2. СӨЖ.

Тақырыбы: Қолданушы интерфейсінің дамыған элементтері.



Тапсырмалар:

Бақылау жұмысы.Шығармашылық жұмыс

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

3. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Dialog парағының стандарт сұқбат компоненттері.

Тапсырмалар: Стандарт сұқбат компоненттерін қолданып, NotePad типті қосымша жасау.

Тексеру сұрақтары:



1. Execute әдісі.

2. Файлды ашудың LoadFromFile() функциясы.

3. Қаріп таңдау сұқбат терезесін шығарудың FontDialog компоненті.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]
3. СӨЖ.

Тақырыбы: Dialog парағының стандарт сұқбат компоненттері.



Тапсырмалар: Стандарт сұқбат компоненттерін қолданып, NotePad типті қосымша жасау.Шығармашылық жұмыс.
Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

4. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Мәндер диапазонымен жұмыс істеудің ScroolBar компоненті. Реверсивті санаудың UpDown, SpinEdit компоненті.

Тапсырмалар:

ScroolBar компонентін қолдануға жоба жасау. UpDown, SpinEdit компоненттерін қолдануға қосымшалар жасау.

Тексеру сұрақтары:

1. ScroolBar компоненті. Оның Max, Min, Position, Kind қасиеттері.

2. ScroolPos, ScroolCode параметрлері.

3.Реверсивті санаудың UpDown SpinEdit компоненттері.



4. Олардың Associate, AlignButton,Orientation, Max, Min,Increment,Position қасиеттері.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]
4. СӨЖ.

Тақырыбы: Мәндер диапазонымен жұмыс істеудің ScroolBar компоненті. Реверсивті санаудың UpDown, SpinEdit компоненті.



Тапсырмалар: Уақыт пен мерзімді еңгізу және бейнелеу компоненттері DateTimePicker,MonthCalendar, Calendar. TrackBar және ScroolBar компонеттерін салыстыру. Сандық және мәтіндік мәліметтер ді синтаксистік дұрыс еңгізуді қамтамассыздандыру. MaskEdit, SpinEdit компоненті.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

14- апта.

1. СОБӨЖ.

Тақырыбы: Delphi-де компонент жасау.

Тапсырма:

1. Компоненттер пакеті

2. Компонент жасау

3. Компонент шартбелгісін жасау



Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

1. СӨЖ.



Тақырыбы: Delphi-де компонент жасау.

Тапсырмалар:

1.Компоненттер пакетімен жұмыс.

2.OLE технологиясы. OLE контейнер.



Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

2. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Delphi-де деректер қоймасын жасау.

Тапсырмалар:

1.Delphi-де ДҚ жасау үшін қолданылатын компоненттер.

2. Деректер қоймасын жасау

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

2. СӨЖ.

Тақырыбы: Delphi-де деректер қоймасын жасау.

Тапсырмалар:

1.Delphi-де деректер қоймасын жасау.

2.Ақпараттық жүйе жасау технологиясы.



Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

3. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Delphi-де компонент жасау.

Тапсырмалар: Delphi-де компонент жасау.

1. Компоненттер пакеті.

2. Компонент жасау.

3. Компонент шартбелгісін жасау.



Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

3. СӨЖ.

Тақырыбы: Delphi-де компонент жасау.

Тапсырмалар:

1.Компоненттер пакетімен жұмыс.

2.OLE технологиясы. OLE контейнер.



Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

4. СОБӨЖ.



Тақырыбы:Delphi-де ДҚ жасау үшін қолданылатын компоненттер. Деректер қоймасын жасау.

Тапсырмалар: ДҚ жасау компоненттерін қолданып деректер қоймасын жобалау.

Тексеру сұрақтары:

1. Tools/ DataBaseDesktop

2. File/ NewTable/ Paradox 7

3. Database Desktop терезесінен файл ашу. Құралдар тақтасынан EditData

деректер қоймасынның мәліметтерін толтыру.



Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

4. СӨЖ.

Тақырыбы: Delphi-де ДҚ жасау үшін қолданылатын компоненттер. Деректер қоймасын жасау.

Тапсырмалар: Өзіндік жұмыс. Delphi-де деректер қоймасын жасау.

TDataSource,DBGrid және ADOConnection компоненттері. TADOTable компонентінің қасиеттері мен әдістері.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

15- апта.

1. СОБӨЖ.

Тақырыбы: Delphi-дің графикалық мүмкіндігі.

Тапсырмалар:

1.Delphi-дің графикалық мүмкіндігі.

2.Canvas қасиеті. 3. Canvas объектісінің қасиеті.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5],[1] 229-230 б.

1. СӨЖ.



Тақырыбы: Delphi-дің графикалық мүмкіндігі.

Тапсырмалар:

1.Функция графигін тұрғызу функциясы.

2.Сағат циферблатын имитация жасайтын программа.



Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5],[1] 229-230 б.

2. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Delphi графикасында анимацияны жүзеге асыру. Функция графигін салу.

Тапсырмалар: Функция графигін салу.

1. Графиктік режимде анимацияны іске асыру.

2. Функция графигін салу.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5].

2. СӨЖ.



Тақырыбы: Delphi графикасында анимацияны жүзеге асыру. Функция графигін салу.

Тапсырмалар: Коллоквиум.Шығармашылық жұмыс.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5].

3. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Delphi-дің графикалық мүмкіндігі.

Тапсырмалар: Графиктік примитивтерді салу әдістерін қолданып жоба жасау.

Тексеру сұрақтары:



1. MoveTo (x,y:integer) әдісі.

2. LineTo (x,y:integer) әдісі.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5].

3. СӨЖ.



Тақырыбы: Delphi-дің графикалық мүмкіндігі.

Тапсырмалар:

1.Графикалық редактор жасау.

2.Шығармашылық жұмыс.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5].

4. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Delphi графикасында анимацияны жүзеге асыру. Функция графигін салу.

Тапсырмалар: Графиктік примитивтерді салу әдістерін қолданып анимациялы жоба жасау. Функция графигін тұрғызудың әмбебап программасы.

Тексеру сұрақтары:

1.Анимация деген не?

2.Қарапайым анимациялық алгоритм қандай қадамдардан тұрады?

3.Анимациялық эффект жасау үшін Delphi-дің қандай компоненттері қолданылады?

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5].

4. СӨЖ.



Тақырыбы: Delphi графикасында анимацияны жүзеге асыру. Функция графигін салу.

Тапсырмалар: Графикалық редактор жасау.

Сынық және көпбұрыш салудың PolyLine, Polygon әдістері.



Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5], [1] 220-224

11. БІЛІМДІ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР.

Емтиханға дайындық сұрақтары.

1. Объектілі-бағдарлы программалау ұғымы.

2. ОБП-ның негізгі принциптері: инкапсуляция, полиморфизм, мұрагерлік.

3. ОБП-ның негізгі ұғымдары: объект, қасиеттері, оқиға, кластар және әдістер.

4. Delphi –дің интеграцияланған ортасы. Delphi ортасы. Негізгі ұғымдар, қолданушы интерфейсінің элементтері.

5. Қосымша коды файлының құрылымы. Оқиға өңдеуші.

6. Жоба құрылымы.

7. Модуль файлы құрылымы.

8. Компоненттер палитрасы. Standard парағының компоненттері.

9. Edit, Label, Button компоненттері, қасиеттері.

10. Компоненттер қасиеттері. Таңдау операторы.

11. Форма және оның сипаттамасы.

12. Шартты команданы жүзеге асыру. Checkbox, radiobutton компоненттері.

13. Additional парағының компоненттері. Вitbtn, shape компоненттері. қасиеттері.

14. System парағының компоненттері. Уақытты басқарудың Timer компоненті оның қасиеттері.

15. Деректер массиві. Тізімдік өрістер.

Деректер массивін түрлендірудің Combobox, ListBox компоненттері.

16. Қосымшада негізгі және жанама меню жасау.Main Menu және Popup Menu компоненті, қасиеттері.

17. Түстерді басқару компоненттері:TrackBar,ColorGrid компоненті, RGB функциясы.

18. Астарлы бет жасаудың PageControl компоненті, қасиеттері..

19. Speedbutton батырмасы.

20. PageControl компоненті

21. Speedbutton батырмасы, қасиеттері.

22. Қосымшаға бейне және дыбыстық файл қоюдың MediaPlayer компоненті, оның қасиеттері.

23. Delphi-де компонент түссіздігін басқару.

24. Файлдық жүйені басқару компоненттері.

25. Dialog парағының Windows жүйесінің стандарт сұқбатты ұйымдастыру компоненттері: SaveDialog компоненті. OpenDialog комп-ті. FontDialog компоненті.

26. Delphi-дің графикалық мүмкіндігі. Canvas қасиеті.



27. Графиктік примитивтерді салу әдістері.
Емтиханға дайындық үшін тестілер.


  1. Delphi ортасында бір мезгілде неше қосымшамен жұмыс істеуге болады?

  1. бір қосымшамен

  2. екі қосымшамен

  3. бірнеше қосымшамен

  4. бес қосымшамен

  1. Delphi тілінде экранға форманы шығару үшін орындалатын команда:

  1. ViewForms

  2. EditForms

  3. ProjectForms

  4. FileForms

  1. Delphi-дің негізгі терезесіне кірмейтін элементті көрсетіңдер:

  1. объект инспекторының терезесі

  2. негізгі меню

  3. құралдар тақтасы

  4. компоненттер палитрасы




  1. Форманы сипаттау файлында компонентті сипаттау қандай қызметші сөзден басталады?

  1. Object

  2. Unit

  3. Interface

  4. Implementation




  1. Жоба файлының қалыпты жағдайдағы атауы:

  1. Project

  2. Object

  3. Unit

  4. Form




  1. Объект инспекторы терезесіндегі Properties астарлы беті не үшін қолданылады?

  1. компонент қасиетін таңдау үшін

  2. формаға компонент қою үшін

  3. объект тәсілін орнату үшін

  4. объект оқиғасын таңдау үшін

  1. Төмендегі компоненттер ішінен визуальды емес компонентті көрсет:

  1. FontDialog

  2. RichEdit

  3. SpeedButton

  4. Panel

  1. Төмендегі батырмалардың қайсысы батырма күйінің 3 жағдайын жүзеге асырады?

  1. SpeedButton

  2. SpinButton

  3. Button

  4. Bitbutton

  1. Hint қасиеті не үшін қолданылады?




  1. компонентке түсініктеме қою үшін

  2. компонент бетіне сурет қою үшін

  3. компонентті жасыру үшін

  4. компонентті көрсету үшін



  1. Форма өлшемін таңдау қасиеті:




  1. WindowState

  2. Free

  3. Show

  4. Visible




  1. Мәтіндік компоненттегі taLeftJustify, taRightJustify, taCenter мәтінді тегістеу мәндері қандай қасиеттің мәндері?




  1. Alignment

  2. Align

  3. Anchors

  4. BorderStyle




  1. Кездейсоқ сан шығаратын команданың қайсысы дұрыс жазылған?

  1. randomize; edit1.text:=inttostr(random(20));

  2. randomize; edit1.text:=strtoint(random(20));

  3. randomize; edit1.text:=floattostr(random(20));

  4. randomize; edit1.text:=inttostr(random(20);




  1. Edit1.text:=’32’; Edit2.text:=’45’; Батырмаға жазылған Edit3.text:= Edit2.text + Edit1.text; командасының орындалуы нәтижесінде Edit3-тің мәні неге тең болады?

  1. 4532

  2. 77

  3. қате туралы хабарлама шығады

  4. 3245

  1. var x,y:real; x1:string;

begin x1:=InputBox(‘’,’x=’,’’);

x:=strtofloat(x);

y:=sqr(x);

showMessage(floattostr(y)); программа фрагменті нені орындайды?




  1. енгізілген нақты санның квадратын экранға шығарады

  2. енгізілген нақты санның квадрат түбірін экранға шығарады

  3. енгізілген бүтін санның квадратын экранға шығарады

  4. экранға хабарлама шығарады




  1. Форманың түссіздігін Edit компоненттіндегі мәнге сәйкес өзгертуді жүзеге асыратын командалардың қайсысы дұрыс?

  1. form1.AlphaBlendValue:=strtoint(edit1.text);

  2. form1.AlphaBlendValue:=inttostr(edit1.text);

  3. form1.AlphaBlendValue:=edit1.text;

  4. form1.AlphaBlendValue:= strtoint(edit1.caption);



12. Пән бойынша қолданылатын программалық және мультимедиалық құралдар.


  1. Borland Delphi ОБП тілі (306-311 каб)

  2. Borland Delphi ОБП тілі пәнінен электрондық оқулықтар (306-311 каб)



13. Мамандандырылған дәрісханалар мен зертханалар тізімі.


Корпус нөмірі

Дәрісхана нөмірі

Қызметі

№8

302

компьютерлік класс

№8

304

компьютерлік класс

№8

305

компьютерлік класс

№8

306

компьютерлік класс

№8

307

компьютерлік класс

№8

308

компьютерлік класс

№8

310

компьютерлік класс

№8

311

компьютерлік класс

№8

405

компьютерлік класс

№1

209

интернет-класс

№1

102

электрондық оқу залы

Қорытынды
Оқу- әдістемелік кешен құрылымы мен құрамына қойылатын жалпы талаптар студенттердің танымдық әрекетінің психологиялық- перагогикалық концепциясы мен гуманитарлық және жаратылыстану пәндерін оқытудың әдістемелік жүйесінің спецификациялық ерекшелігі негізінде анықталады.

Әрбір оқу- әдістемелік кешен құрылымына келесі талаптар қойылады:

- оқу материалы Мемлекеттік стандартқа (ГОСО), типтік оқу бағдарламасына сәйкес болуы қажет;

- материал мазмұны қазіргі заманғы оқу- әдістемелік және ғылыми аспектке сәйкес болуы қажет;



- дидактикалық материалдар, есептер мен жаттығулар жинағы деңгейлік дифференциацияны жүзеге асыратындай, шығармашылық белсенділікті дамытатындай болуы қажет;

- пәнішілік және пәнаралық байланыстар сақталуы қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет