ПӘнінен оқУ-Әдістемелік кешен


Пәнді оқыту жөнінде әдістемелік нұсқаулар



бет16/18
Дата08.06.2018
өлшемі2,16 Mb.
#41779
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18


7. Пәнді оқыту жөнінде әдістемелік нұсқаулар.
Пәнді оқыту негізінен дәріс, СОБӨЖ және өзіндік жұмыстар түрінде жүргізіледі. Оқу материалының мазмұны дәрісте беріліп, теориялық білім түсініледі. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер объектілі-бағдарлы программалау тілі Borland Delphi ортасында программалау негізімен танысады. Пәнді оқыту барысында студенттердің төменгі курста оқыған Паскаль программалау тілінен алған білімдерін қолдана және одан әрі тереңдете отырып, оның объектілі- бағдарлы кеңейтілуі үйретілерді. Windows ортасында жарыққа шыққан және объектілі- бағдарлы программалау негізінде құрылған программалау тілі- Delphi ОБП тілінің мүмкіндіктерін пайдаланып, қарапайым Windows қосымша жасауға үйретуді көздейді. Студенттер программалаудың қазіргі заманғы кең қолданылатын түрі объектілі- бағдарлы методологиясымен танысады.

Құрылымдық программалау тілдеріне қарағанда Delphi ОБП тілінде жасалған программалар студенттердің қызығушылығын туғызып, программалауға деген құлшынысын арттырады. Күнделікті өздері қолданып жүрген Windows қосымшаларды жасау (мысалы, Калькулятор, Блокнот т.б.) студенттердің өз іс-әрекетіне деген сенімділігін туғызып, оларды өз бетінділікке, шығармашылыққа тәрбиелейді. Сонымен қатар, студенттер Delphi ОБП құралдарын қолданып, пернетақталық жаттықтырғыш, әртүрлі тестілеу және үйретуші программаларды жасауға үйренеді.

Delphi ОБП тілінде қосымшалар жасау компьютерде программалау әдістері мен дағдыларын дамыту және программалау курсынан білім мазмұнын қорытындылау болып табылады. Delphi ОБП тілін үйрену жоғарғы курстарда курстық және дипломдық жұмыстар үшін түрлі қосымшалар жасауға көмегін тигізеді. Қазіргі кезде түрлі жобалардың интерфейстері, оқыту программалары және электрондық оқулықтар Delphi ОБП тілінің құралдарын қолданып жасалынады.

Өздік жұмыста Borland Delphi программалау ортасында студенттер тақырып бойынша берілген есепке байланысты жоба құрастыып, оның программа кодын жаза білу, оны орындату, түзету, нәтижесін талдауды жүзеге асырады. Оқытушы басшылығымен өткізілетін өзіндік жұмыста оқу материалының теориялық қосымша сұрақтары талданады, қосымша берілген есеп жобалары жасалып, тексеріледі және талқыланады. Бақылау сұрақтарының жауаптары тексеріледі. Студенттің үй жұмысында бұрын алған білімдерін бекітуге арналған тапсырмалар беріледі.

Студенттердің білімін тексеру өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындауы, шығармашылық жұмыс, коллоквиум, тестілеу түрінде ұйымдастырылады. Шығармашылық жұмыста студенттер Borland Delphi программасының құралдарын қолданып түрлі тестілеу, бақылау, оқыту, жаттығу программаларын өздігімен жасап, оларды презентациялайды. Шығармашылық жұмыс студенттің алған білімін қорытындылау, шығармашылық белсенділігін арттыру, өз бетімен жұмысын жоспарлай алу, пән бойынша алған білімін өз бетінше қолдана алу сияқты қасиеттерін дамытады. Пәнді оқытуда Delphi программасынан электрондық оқулығы қолданылады. Ол арқылы студент әр тақырып бойынша өз білімін толықтырады.

8. ПРАКТИКАЛЫҚ, СЕМИНАРЛЫҚ, ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ

САБАҚТАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.
Зертханалық жұмыстартар орындау жөнінде әдістемелік нұсқаулар.

Зертханалық жұмыста Borland Delphi объектілі- бағдарлы программалау тілінің ортасында программалауды тереңдетіп қарастырады. Пәнді оқытуда студенттердің алдыңғы семестрде оқыған Паскаль программалау тілі, Delphi ОБП тілінен алған білімдерін қолдана отырып оны одан әрі тереңдету көзделеді. Пән Windows ортасында жарыққа шыққан және объектілі- бағдарлы программалау негізінде құрылған программалау тілі- Delphi ОБП тілінің мүмкіндіктерін пайдаланып, қарапайым Windows күрделі жасауға үйретуді көздейді. Delphi ОБП тілінің қосымша компоненттерімен жұмыс жасай білу, Delphi компонентін жасай білу, Delphi- де деректер қоймасымен жұмыс, Delphi ОБП тілінің сервистік мүмкіндіктерін оқып үйрену сияқты тарауларға жобалар жасалады. Delphi ОБП тілін қолданып күрделі программа құрылымын жасауға үйрету көзделеді.

Пән бойынша зертханалық жұмыстар жасауда “Delphi объектілі бағдарлы программалау тілі” оқу- әдістемелік құралы қолданылады. (№2 оқу залы)

Зертханалық жұмыс соңында студент орындаған жұмысының компьютерлік программасын көрсетіп, сәйкес бақылау сұрақтарына жауап береді.



Зертханалық жұмыс №1.

Тақырыбы: Delphi ОБП тілінің ортасында жұмыс.

Тапсырма:

1. Delphi-дің экрандық интерфейсімен танысу. (6 терезе)



2. Компоненттер палитрасы. Объект инспекторының терезесі.

3. Жоба, форма, код файлдарының құрылымын қарау.



4. Топ нөмірінен және топтағы студенттер атынан тұратын қосымша жасаңдар. әр сөздің қаріп, стильін, түсін және өлшемін әртүрлі етіп өзгертіңдер.

5. Формаға бір батырма және 7 жазу компоенетін орналастырыңдар. Батырманы әр шерткен сайын әрбір жазу компоенетіне спектрдің 7 түсінің атауы сәйкес түспен шығатын код жазыңдар.

Зертханалық жұмыс №2.

Тақырыбы: Standard парағының Edit, Label, Button компоненттері.

Тапсырма: Төмендегі тапсырмаларды Delphi-де орындаңдар.

1. Компьютер сенен атыңды сұрап, сенімен амандасатын жоба жасаңдар.



2. Label жазба компоненттеріне ағымдағы уақыт пен мерзімді шығаратын жоба жасаңдар.

3. Байтпен енгізілген ақпарат мөлшерін одан үлкен өлшем бірлік Кбайт, Мбайт және Гбайт айналдыратын қосымша жасаңдар.

Зертханалық жұмыс №3.

Тақырыбы: Standard парағының Edit, Label, Button компоненттері.

Тапсырма: Төмендегі тапсырмаларды Delphi-де орындаңдар.



1. Шеңбердің ұзындығы берілген. Бұл шеңбермен шектелген ауданын табыңдар.

2. Формаға Edit, Label, Button компоненттерін орналастырыңыз. Edit өрісіне х айнымалысының мәнін еңгізіп, Button компонентін басқан кезде келесідей математикалық функцияларды есептейтін қосымша жасаңыз: Cos(x), Ln(x), Sqr(x), Sqrt(x), Sin(x), Log10(x), Exp(x)



3. Формаға 1 мәтіндік өріс (Edit) және 2 батырма (Button) элементтерін орналастыр.1-батырма тақырыбын “1”, екінші батырманы “Тізім” деп атаңдар.Мәтіндік өрістің қаріп стилін курсив, өлшемін 20, түсін қызыл етіп таңдап, оған өз атыңды жаз.1- батырманы шерткенде мәтіндік өріс фоны көк түске, қаріп түсі сары түске боялып, ондағы мәтінге өз фамилияң шығатын код жазыңдар. «Тізім» батырмасын шерткенде әр түрлі түспен 5 студенттің аты бірінің астына бірі шығатын код жазыңдар.

Зертханалық жұмыс №4.

Тақырыбы: Шартты команда.

Тапсырма: Шартты команданы қолданып, жоба жасаңдар.

1. [0,10] аралығынан кездейсоқ берілген үш санның нешеуі жұп екенін анықтайтын қосымша жасаңдар.

2. Енгізілген күн мерзімі мен ай нөмірі бойынша сол күннің жыл басынан санағандағы реттік нөмірін анықтаңдар. (Мысалы: 25- ақпан – 56 күн)



Зертханалық жұмыс №5.

Тақырыбы: Қарапайым арифмометр

Тапсырма: Қарапайым арифмометр жобасын жасаңдар.

1. Формаға “1-санды енгіз”, “2-санды енгіз”, “Жауабы:” тақырыптары болатын 3 Label элементін, 2 санды енгізетін бос екі Edit элементін және екі санды қосу, азайту, көбейту және бөлу амалын орындайтын (батырма тақырыптары сәйкесінше белгіден тұрады) 4 батырма орналастырыңдар. Батырманы шерткенде қолданушы енгізген екі санға сәйкесінше арифметикалық амал орындайтындай батырмалар кодын жазыңдар. Форма тақырыбын “Арифмометр” деп атап, жобаны “Arifm” атымен сақтаңдар.

2. “Бақытты жетілік” жобасын жасаңдар.

3*.“Ойлаған санды табу” ойынын имитация жасайтын, яғни компьютер ойлаған 1 –ден 10-ге дейінгі кез- келген кездейсоқ бүтін санды табатын қосымша жасаңдар.



Зертханалық жұмыс №6.

Тақырыбы: Checkbox, radiobutton компоненттері.

Тапсырма: Checkbox, radiobutton компоненттерін қолданып 5 сұрақтан тұратын тестілеу программасын жасаңдар.



  1. Бір формадан екінші формаға және керісінше өтетін батырма кодын жазыңдар.

  2. Checkbox, radiobutton компоненттерін қолданып 5 сұрақтан тұратын тестілеу программасын жасаңдар.

Зертханалық жұмыс №7.

Тақырыбы: Additional парағының Вitbtn, Image, Shape компоненттері.

Тапсырма. Вibtn, shape, Image компоненттерін қолданып, жоба құрыңдар.



1 Тақырыптары Ж, К, Ч болатын батырма жасап, сәйкес батырманы шерткенде RichEdit көп жолды мәтіндік өрісіндегі мәтін қаріпінің стиьін жартылай қою, курсив және асты сызылған етіп өзгертетін батырма кодтарын жазыңдар.

2. Формаға Image элементін қойып, оған сурет жүктеу әдісін қолданып, форма фонын безендіріңдер.

3. Shape компоненті арқылы бағдаршам суретін салыңдар. Тақырыптары “қызыл”, “сары”, “жасыл” батырмаларын алып (Вibtn), оларды шерткенде бағдаршам шамдары сәйкес түске боялатын жоба жасаңдар.



Зертханалық жұмыс №8.

Тақырыбы:Speedbutton компоненті. Қайталану командасы.

Тапсырма: Speedbutton компонентін жобада қолдану. Қайталану командаларын қолданып жоба жасау



  1. 1-ден 20-ке дейінгі берілген натурал санның факториалын табыңдар.



  1. Кездейсоқ белілген екі саннның максимум, миимумын табатын қосымша жасаңыз.

  2. Берілген натурал санның барлық бөлгіштерін экранға шығарыңдар.

Зертханалық жұмыс №9.

Тақырыбы: Timer компонентін қолдану.

Тапсырма: Timer компонентін қолданып қосымша жасау.

1. 3 секундтан кейін ағымдық мерзім мен 5 секундтан кейін ағымдық уақыт экранға шығатын қосымша жасаңдар.

2. Формаға Edit мәтіндік өріс компонентін қойып, 10 секунд уақыт аралығында қолданушының қанша символ тергенін анықтайтын қосымша жасаңдар.



3. Timer компонентін қолданып, “Бағдаршам ” жобасын жасаңдар.

Программа коды Timer-ге жазылады.

Зертханалық жұмыс №10.

Тақырыбы: Delphi қосымшасына Flash ролик қою.Delphi-де қосымша заставкасын жасау

Тапсырма: Delphi қосымшасына Flash ролик қою.Delphi-де қосымша заставкасын жасау. Delphi-де қосымша заставкасын жасау.



Тапсырма:

1. Delphi қосымшасына Масromedia Flash программасы көмегімен жасалған Flash ролик қойыңдар.

2. Қосымша заставкасын жасаңдар.

3. InputBox функциясы арқылы берілген үш таңбалы санның бірлігін, ондығын және жүздігін Edit мәтіндік өрісіне шығарыңдар.



4. «Жұп- тақ» ойыны.

Қолданушы 0-ден 100 ге дейінгі сан енгізеді. Компьютер өз санын «ойлайды». Егер екі сан бірдей жұп немесе тақ болса, онда қолданушы жеңеді, керісінше болса, компьютер жеңеді.

5. Тестілеу программасын жасап, белгілі бір уақыт өткеннен кейін уақыт өткендігі туралы хабарлама шығаратын қосымша жасаңыз.

Зертханалық жұмыс № 11.

Тақырыбы: Combobox, ListBox тізімдік өріс компоненттері.



Тапсырма: Combobox, ListBox компоненттерін қолданып, жоба жасаңдар.

1.ComboBox компонентін қолданып, Edit мәтіндік өрісіндегі мәтіннің шрифт атын, өлшемін, түсін, стилін, өзгертетін жоба жасаңдар.

2. Бір ComboBox компонентін ай аттарымен, екіншісін күн датасымен толтырыңдар. Таңдалған күн және айға сәйкес Зодиак белгісінің атын шығаратын жоба жасаңдар.



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет