ПӘнінен оқУ-Әдістемелік кешен



бет15/18
Дата08.06.2018
өлшемі2,16 Mb.
#41779
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18



48- сурет. 49- сурет.

Жоғарыдағы суреттерде MediaPlayer компоненті көмегімен формаға қойылған бейнефильмнен үзінділер көрсетілген.



MediaPlayer компоненті типі *.wav болатын дыбыстық файлдарды да оқиды.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

13- апта

1 кредит сағат.

Тақырыбы: Dialog парағының Windows жүйесінің стандарт сұқбатты ұйымдастыру компоненттері.

Дәріс мазмұны:

1. SaveDialog компоненті.

2. OpenDialog компоненті.

3. FontDialog компоненті.

Dialog парағының Windows жүйесінің стандарт сұқбатты жүзеге асыру компоненттері:



OpenDialog компоненті. Оның Title,DefaultExt қасиеттері. Execute әдісі.

Мәтіндік өріске файлды ашу мысалын қарастыру. Файлды ашудың LoadFromFile() функциясы.



SaveDialog компоненті. Оның Title,DefaultExt қасиеттері. Execute әдісі.

Мәтіндік өрістегі файлды сақтаудың мысалын қарастыру. Файлды ашудың SaveToFile() функциясы.

Windows-тың стандарт қаріп таңдаусұқбат терезесін шығарудың FontDialog компоненті. Оны таңдау әдісі.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

13- апта

2 кредит сағат.

Тақырыбы: Қолданушы интерфейсінің дамыған элементтері

Дәріс мазмұны:

1. Мәндер диапазонымен жұмыс істеудің ScroolBar компоненті

2. Реверсивті санаудың UpDown, SpinEdit компоненті

Мәндер диапазонымен жұмыс істеуді жүзеге асыратын айналдыру жолағы болып табылатын- ScroolBar компоненті. Оның Max, Min, Position, Kind қасиеттері, ScroolPos, ScroolCode параметрлері.

Реверсивті санаудың UpDown SpinEdit компоненттері. Олардың Associate, AlignButton,Orientation, Max, Min,Increment,Position қасиеттері.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

14- апта

1 кредит сағат.

Тақырыбы: Delphi-де компонент жасау.

Дәріс мазмұны:

1. Компоненттер пакеті

2. Компонент жасау

3. Компонент шартбелгісін жасау

Компоненттер жинағы – Delphi-дің негізгі ерекшелігі. Ол негізгі терезенің оң жағында орналасып , қажетті компонентті тез табуға арналған белгішелерден тұрады

Компонент деп белгілі-бір қасиеттері бар және форма терезесінде кез келген объектіні орналастыру мүмкіндігін туғызатын функционалды элементті атайды. Delphi ортасының компоненттері 34 топқа бөлінген , ол топтарды парақтар деп атайды. Компоненттер көмегімен программаның негізі қанқасы құрылады (терезелер , батырмалар , таңдау тізімдері және т.с.с.)

Delphi ортасының компоненттері бағдарлама орындалғандығы көріністің пішімін анықтайтын бөлек элементтері ретінде қолданылады.

Сонымен қатар, Delphi ортасының көрініспен жұмыс атқармайды, яғни визуалды емес көптеген маңызды компоненттері бар. Дәлірек айтсақ, компонент алдын-ала даярланған бағдарламаның үзіндісі, оны қажет болғанда құрылып жатқан бағдарламаға ендіруге болады деп түсіну керек.



Delphi ортасының құрамына бірнеше компоненттер кіреді.

Компоненттерді өз бетінше жасауға да болады. Компонент шартбелгісін жасау.



Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

14- апта

2 кредит сағат.

Тақырыбы: Delphi-де деректер қоймасын жасау.

Дәріс мазмұны:

1.Delphi-де ДҚ жасау үшін қолданылатын компоненттер.

2. Деректер қоймасын жасау

Деректер қоймасын жасау:

1. Tools/ DataBaseDesktop

2. File/ NewTable/ Paradox 7

3. Database Desktop терезесінен файл ашу. Құралдар тақтасынан EditData

деректер қоймасынның мәліметтерін толтыру.

II. Жасалған деректер қоймасын Delphi формасын қою:

1. BDE парағынан Table компонентін қойып, оның қасиеттерін орнату.

2. Data Acccess парағынан Data Source компонентін қойып, оның қасиеттерін орнату.

3. DataCotrols парағынан DbGrid компонентін қойып, оның қасиеттерін орнату.

4. DbNavigator компонентін қою.

Жасалған деректер қоймасын түрлендіру.



Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

15- апта

1 кредит сағат.

Тақырыбы: Delphi-дің графикалық мүмкіндігі.

Дәріс мазмұны:

1.Delphi-дің графикалық мүмкіндігі.

2.Canvas қасиеті.

3. Canvas объектісінің қасиеті.

Сурет салу беті Delphi-де Canvas (канва, холст- кенеп) деп аталады. Канваның әрбір нүктесінің х және у координаталары болады. Оның координаталық жүйесінің бастапқы нүктесі канваның сол жақ жоғарғы бұрышында орналасады. Координаттар жоғарыдан төмен және солдан оңға қарай өседі. Беттің өлшемін Height және Width қасиеттері арқылы өзгертуге болады. Координата пикселмен өлшенеді.

Графикада ағымдық көрсеткіш (көрінбейтін маркер) ұғымы бар. Ол қалыпты жағдайда координаталар басында орналасады. Ағымдық көрсеткішті жаңа позицияға орналастыру үшін MoveTo (x,y:integer) әдісі қолданылады. Әдістің орындалуы нәтижесінде көрсеткіш (х,у) координатасына жылжығанымен, экранда ешнәрсе сызылмайды. Ағымдық көрсеткіш позициясынан координатасы (х,у) нүктеге дейін сызық сызу үшін LineTo (x,y:integer) әдісі қолданылады.

Delphi графикасында негізгі геометриялық фигураларды салу әдістері:



Arc (x1, y1, x2, y2, x3, y3, x4, y4: integer)-доға

Chord(x1, y1, x2, y2, x3, y3, x4, y4: integer)- хорда

Ellipse(x1, y1, x2, y2: integer)- эллипс

Rectangle(x1, y1, x2, y2: integer)- тіктөртбұрыш

Pie(x1, y1, x2, y2, x3, y3, x4, y4: integer)- сектор т.с.с.

Arc, Chord, Ellipse әдістерінде x1 және y1 параметрлері доға, хорда, эллипсті шектеп тұрған тіктөртбұрыштың сәйкес сол жақ жоғарғы, x2 және y2- оң жақ төменгі бұрышының координаталары. x3 және y3, x4 және y4 параметрлері доға немесе хорданың бастапқы және соңғы нүктесінің координатасын анықтайды.

Delphi-де графикалық құрылғыларды қолдануды жеңілдететін арнайы кластар анықталған: TCanvas- бейнелеу контексі үшін, TFont- шрифт үшін, TPen- қалам үшін,TBrush- қылқалам үшін.



I. Pen қасиеті сызық және геометриялық фигуралардың шекарасын сызу үшін қолданылатын қалам атрибутын анықтайды. Бұл объектінің қасиеттері:

Color- сызық түсі, Width- сызық қалыңдығы, Style- сызық стилі.

Ол төмендегідей мәндер қабылдайды.



psSolid- тұтас сызық

psDash- штрих сызық

psDot- пунктир сызық

psDashDot- штрих- пунктир сызық

psDashDotDot- штрих және екі пунктир сызық

psClear- сызық жоқ.

Мысалы: Canvas.pen.Width:=1; Canvas.Pen.Color:=clRed; Canvas.Pen.Style:=psDash;

Canvas.Ellipse(30,30,120,120);

Нәтижеде сызық қалыңдығы 1-ке тең, сызық стилі штрихталған, қызыл түсті шеңбер сызылады. Қосымшаны орындату нәтижесі келесі суретте көрсетілген.

Код “Сызу” батырмасына жазылады.




53- сурет.

Программада Canvas операторын әр команда сайын қайталап жазбай, With (біріктіру) операторы арқылы да ұйымдастыруға болады. Онда жоғарыдағы код фрагменті былайша болады:



With Canvas do begin

Pen.Color:=clRed;

Pen.Width:=1;

Pen.Style:=psDash;

Ellipse(30,30,120,120);

end;

II. Brush (қылқалам)- тұйық облысты, геометриялық фигура ішін бояуды жүзеге асырады. Brush қасиетінің өз қасиеттері бар.

Color – фигура ішін бояу түсін көрсетеді.

Style- бояу стилін анықтайды.

Оның мәндері:



bsSolid- тұтас бояу

bsHorizontal- горизонталь сызықпен бояу

bsVertical- вертикаль сызықпен бояу

bsFDiagonal, bsBDiagonal- диагонал сызықпен бояу

bsCross- тік торлы бояу

bsDiagCross- көлденең торлы бояу

bsClear- боялмаған.

Мысалы: Келесі код нәтижесінде әртүрлі түспен және стильмен боялған фигуралар форма бетіне шығады.

Procedure Tform1.Button1Click(Sender: Tobject);

begin

With Canvas do begin

Pen.Color:=clRed; //1-фигура

Pen.Style:=psSolid;

Brush.Color:=clgreen;

Brush.Style:=bsHorizontal;

Ellipse(5,5,60,60);

Brush.Color:=clRed; //2-фигура

Brush.Style:=bsBDiagonal;

Rectangle(70,5,140,70);

Brush.Color:=clblack; //3-фигура

Brush.Style:=bsSolid;

Ellipse(5,75,75,120);

Brush.Color:=claqua; //4-фигура

Brush.Style:=bsVertical;

Chord(80,80,140,140,80,110,140,110);

end; end;

Келесі суретте қосымшаны орындату нәтижесі көрсетілген.





54- сурет.
III. Сурет салу бетіне (канвада ) мәтін шығару үшін TextOut әдісі қолданылады. Оның жазылу форматы:

TextOut(x,y:integer; const Text:string);

Қаріп (шрифт) параметрі Canvas объектісінің Font қасиеті арқылы анықталады. Ол келесі қасиеттерден тұрады:



Name –қаріп атауы. мысалы: Arial, Kz Decor, Times New Roman т.с.с.

Size– қаріп өлшемі. (пунктпен өлшенеді)

Style- қаріп стилі. (оның мәндері: fsBold- жартылай қою, fsItalic- курсив, fsUnderline- асты сызылған )

Color- қаріп түсі.

Мысалы: “Мәтін шығару” батырмасының коды және орындалу нәтижесі төменде көрсетілген.

55- сурет.

procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);

begin

with canvas do begin

Font.Name:='KZ Decor';

Font.Size:=18;

Font.Style:=[fsBold,FsItalic];

Font.Color:=clRed;

TextOut(10,10,'BORLAND DELPHI 7')



end; end;

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

15- апта

2 кредит сағат.

Тақырыбы: Delphi графикасында анимацияны жүзеге асыру. Функция графигін салу.

Дәріс мазмұны:

1. Графиктік режимде анимацияны іске асыру

2. Функция графигін салу.

I. Анимация деп экран бетіндегі әртүрлі бейнелердің орын ауыстыруын, жылжуы мен формасын өзгертуін айтады. Экрандағы қандай да бір объектінің орын ауыстыруының негізінде келесі әрекеттер тізбегі жатады:

  • объектіні экранға шығару

  • оны экраннан өшіру

  • кейбір ығысу арқылы объектінің басқа нұсқасын шығару т.с.с.

Аздаған ығысу арқылы объектіні экранға жиі шығару оның қозғалысының иллюзиясын береді.

Қарапайым анимациялық алгоритм келесі қадамдардан тұрады:



  • белгілі бір түспен сурет шығару

  • суретті сол орнында фон түсімен шығару (сурет жоқ болып кеткен тәрізді болады)

  • суретті бастапқы түспен келесі жерде шығару т.с.с.

II. Функция графигін салу программасы.

Өзіндік бақылау сұрақтары :

  1. Анимация деген не?

  2. Қарапайым анимациялық алгоритм қандай қадамдардан тұрады?

  3. Анимациялық эффект жасау үшін Delphi-дің қандай компоненттері қолданылады?

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

6. Зертханалық жұмыстардың жоспары.



Тақырыбы

Зертханалық жұмыс мазмұны

Апта

Әдебиеттер

1

Delphi ОБП тілінің ортасында жұмыс.

1. Delphi-дің экрандық интерфейсімен танысу. (6 терезе)

2. Компоненттер палитрасы. Объект инспекторының терезесі.

3. Жоба, форма, код файлдарының құрылымын қарау.



1

[1]-[7], қ[1]-[5]

[1] 37-40 бет, 40-43 бет.


[1] 6-9 бет, 21 бет.


2

Standard парағының Edit, Label, Button компоненттерімен жұмыс.

Standard парағының Edit, Label, Button компоненттерін қолданып қарапайым қосымшалар дайындау.

1

1]-[7], қ[1]-[5]

[1] 37-40 бет, 40-43 бет.




3

Standard парағының Edit, Label, Button компоненттері.

Standard парағының Edit, Label, Button компоненттерін қолданып қарапайым қосымшалар дайындау.

2

[1]-[7], қ[1]-[5]

[1] 11- 13 бет



4

Шартты команда.

Шартты команданы қолданып, жоба жасау.


2

1]-[7], қ[1]-[5]

[1] 77-80 бет.



5

Қарапайым арифмометр

1. Қарапайым арифмометр жобасын жасау.

2. “Бақытты жетілік” жобасын жасау.



3

[1]- [7], қ[1]-[5]

[1] 14-15 бет, 67-71 бет.



6

Checkbox, radiobutton компоненттері.

Checkbox, radiobutton компоненттерін қолданып 5 сұрақтан тұратын тестілеу программасын жасаңдар.

3

[1]-[7], қ[1]-[5]

қ[6]- 471-472 б


7

Additional парағының Вitbtn, Image, Shape компоненттері.


Вitbtn, Image, Shape компоненттерін қолданып қосымшалар дайындау.

4

[1]-[7], қ[1]-[5]

[1] 83-85 бет, 94-95 бет.



8

Speedbutton компоненті.Қайталану командасы.

Speedbutton компонентін жобада қолдану. Қайталану командаларын қолданып жоба жасау.

4

[1]-[7], қ[1]-[5]

қ[6] 30-33 бет.

9

Timer компонентін қолдану.



1. Timer компонентін қолданып шағын қосымша жасау.

2. Timer компонентін қолданып, “Бағдаршам ” жобасын жасау.



5

[1]-[7], қ[1]-[5]

10

Delphi қосымшасына Flash ролик қою.

Delphi-де қосымша заставкасын жасау, Flash ролик қою.

5

[1]-[7], қ[1]-[5]

[2]-336 б.



11

Combobox, ListBox тізімдік өріс компоненттері.

Таңдау командасының көмегімен Combobox, ListBox компоненттеріндегі мазмұнын түрлендіру жобаларын дайындау.

6

[1]-[7], қ[1]-[5]

қ[8]-426 б



12

RadioGroup компонентін қолдану.

1. RadioGroup компонентін қолданып жоба жасаңдар.

2. “Блокнот студента” атты оқу программасын жасаңдар.



6

[1]-[7], қ[1]-[5]

қ[8]-425 б



13

Қосымшада негізгі және жанама меню жасау.

Main Menu, Popup Menu компоненттерін қолданып қосымшада меню жасау.

7

[1]-[7], қ[1]-[5]


14

Delphi-де компонент жасау. Panel және Форма компоненті арқылы құралдар панелін жасау. ToolBar және CoolBar компоненттері.

Panel, ToolBar, CoolBar және Форма комп-ті арқылы құр-р панелін жасау.Калькулятор жобасының менюін жасау.

7

[1]-[7], қ[1]-[5]


15

Түстерді басқару компоненттері:TrackBar,ColorGrid, RGB функциясы.

Мәтіндік өріс ( Memo ) фонының түсін TrackBar,ColorGrid компоненттері және RGB функциясы арқылы басқаратын жоба жасау.

8

[1]-[7], қ[1]-[5]

[1] 27-29- бет.




16

Delphi-де компонент түссіздігін басқару. Файлдық жүйені басқару компоненттері.

Delphi-де компонент түссіздігін ұйымдастыру. Файлдық жүйені басқару компоненттерін қолданып жоба жасау.

8

[1]-[7], қ[1]-[5]


17

Астарлы бет жасаудың PageControl компоненті және Speedbutton батырмасы.

PageControl астарлы бет жасау компонентін қолданып информатика терминдерінің қазақша- орысша сөздігін жасау.

9

[1]-[7], қ[1]-[5]


18

TreeView компонентін қолданып программалау.

TreeView компонентін қолданып әрбір елдің аттарын шығарып, таңдалған ел атына сәйкес олардың астанасын және ақша бірлігінің атауын шығаратын жоба жасау.

9

[1]-[7], қ[1]-[5]

қ[6]-710 б




19

StringGrid компонентін қолданып кесте элемент-рін түрлендіру.


Фирма қызметкерлерінің 1 айда алатын жалақы мөлшерінің ведомостысын жасау.

10

[1]-[7], қ[1]-[5]

қ[6]-695 б




20

Деректерді енгізудің InputBox функциясы, Нәтижені шығарудың MessageDlg функциясы.

InputBox функциясын қолданып жобалау. «Жұп- тақ» ойыны.

10

[1]-[7], қ[1]-[5]

қ[6]-696 б




21

Диаграмма сызудың ProgressBar, Gauge компоненті.

1. Дискіні форматтау терезесін жасау.

2. Файлды сақтау терезесін жасау.

3. «Өшіру» терезесін жасау.


11

[1]-[7], қ[1]-[5]


22

Диаграмма сызудың Сhart компоненті

Сhart компонентінің көмегімен диаграмма тұрғызу.

11

[1]-[7], қ[1]-[5]

23

Delphi графикасында анимацияны жүзеге асыру.

Графиктік примитивтерді салу әдістерін қолданып, анимациялы жоба жасау.

12

[1]-[7], қ[1]-[5]


24

Қосымшаға бейне және дыбыстық файл қоюдың MediaPlayer компоненті.

MediaPlayer компонентін қолданып, Panel элементіне бейне және дыбыстық файл шығаратын қосымша жасау.

12

[1]-[7], қ[1]-[5]


25

Dialog парағының стандарт сұқбат компоненттері.

Стандарт сұқбат компоненттерін қолданып, NotePad типті қосымша жасау.

13

[1]-[7], қ[1]-[5]


26

Қолданушы интерфейсінің дамыған элементтері.

ScroolBar, UpDown, SpinEdit компоненттерін қолданып қосымшалар жасаңдар.

13

[1]-[7], қ[1]-[5]

[1] 220-224 б 229-230 б.



27

Delphi-де компонент жасау.

ДҚ жасау компоненттерін қолданып, деректер қоймасын жобалаңдар.

14

[1]-[7], қ[1]-[5]

28

Delphi-де ДҚ жасау үшін қолданылатын компоненттер.


Delphi-де ДҚ жасау.

14

[1]-[7], қ[1]-[5]

29

Delphi-дің графикалық мүмкіндігі.

Delphi-дің графиктік примитивтерді салу әдістерін қолданып жоба жасау.

15

[1]-[7], қ[1]-[5]

[1] 218-220 б, 220-224 б.




30

Delphi-дің графикалық мүмкіндігі.

Delphi графикасында анимацияны жүзеге асыру. Функция графигін салу.

15

қ [6] – 68 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет