Пәнінің ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



бет51/79
Дата07.02.2022
өлшемі155,84 Kb.
#96430
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   79
Байланысты:
a3625ae7-4a63-11e4-973d-f6d299da70eeУМКД ОҚУ-ӘД. КЕШЕН 2014
stud.kz 2823
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Грамматика теориясы негіздері. А., 1996
2. Аханов К. Тіл білімдерінің негіздері. А., 1973, 1977, 1993
3. Қордабаев Т. Тілдің структуралық элементтері. А.,1975

13 тақырыбы: XX ғасыр тіл біліміндегі бағыттар мен мектептер. Структуралық тіл білімі.




Мақсаты: Структуралық тіл біліміне сипаттама беріп, структуралық тіл білімінің негізін салушылар жайлы түсінік беру.
Әдістемелік нұсқаулар: 20 ғасырдың алғашқы жартысында дүниеге келген тілдік мектептердің ең көрнекті және кең тарағандарының бірі – структуралық тіл білімі деп аталатын бағыт.Бұл мектеп салыстырмалы – тарихи тіл біліміне, оның бір бұтағы жас грамматикалық мектепте қарсы бағытта туып қалыптасты. Структуралық тіл білімінің немесе структуралық әдістің дүниеге келуінің ішкі – сыртқы себептері бар. Ең негізгісі 20 ғасыр ғылымы дамуында пайда болған жаңа бағыт.
Структуралдық бағыттың көпшілікке танылған үш мектебі болды: Прага (Чехословакияда), Копенгаген (Данияда) мектептері және дескриптивтік мектеп (Америкада).Кейін келе бұл бағыт басқа елдерге де тарады. Дескриптивтік мектеп 20 ғасырдың 20-жылдарында Америкада қалыптасқан. Мектепті қалыптастырушылар АҚШ тіл білімінің классиктері профессорлар Эдуард Сепир (1884-1939), Леонард Блумфилд (1887-1949).
Дескриптивистер тіл – ішкі, сыртқы байланыстары бар сигналдар жүйесі дейді де, тіл білімін металингвистика, микролингвистика деп екі салаға бөледі.
Металингвистика сөздік мінез-құлықтың сыртқы жағын зерттейді. Ол этнолингвистика, психолингвистика, социолингвистика, металингвистика, фонетика, паралингвистика (интонация, ымдау-нұсқау сияқтыларды зерттейді) деп аталатын салаларды қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет