Тақырып 7. Техно-химиялық бақылау міндеттері және даму
тарихы
Жоспар:
Техно-химиялық бақылау бөлімінің міндеттері
Техно-химиялық бақылау бөлімінің өркендеу тарихы
1. Техно-химиялық бақылау бөлімінің міндеттері
Техно-химиялық бақылау бөлімінің1 /ТХББ/ міндеттері. Техно-химиялық бақылау бөлімінің астық сақтау және оны өңдеу мекемелерінің ең бір жауапты бөлімі. Мекеме жұмысының тиімділігі көбінесе осы бөлімнің жұмыс нәтижелеріне байланысты. Барлық технологиялық процесстерді ұйымдастыру Техно-химиялық бақылау бөлімінің жұмыс нәтижесіне негізделген.
Техно-химиялық бақылау бөлімі: мемлекетке тапсырылған және баска жаққа немесе мекемелерге босатылатын астықтың, одан алынған өнімдердің сапасын стандартарға және тұрақты /негізгі/ шектерю /нормаларға/ сәйкес тексереді;
- астықты жоспарға сәйкес камбаларға жайғастыруды;
- сақталып жатқан астықтың және басқа өнімдердің сақтау ретімін;
- астықты тазалау, кептірудің тиімділігін тексереді.
Аға технологпен бірге ұн тарту партияларан жасау, құрама жемнің рецептерін /үлестеріп/ ауыстыру т.б. процесстерді ұйымдастыруға қатынасады. Астықтан алынатын өнімдерді есептеп тауып, камбаларды қотару актісін жасайды.
Қап және басқа сиымдықтардың стандартты болуын, тесік болмауын тазалығын, оларға салынатын заттардың сапалы және салмағы дұрыс болуын, оларды босату уақытын т.б. тексереді.
Таразы және өлшеуіш кондырғылардың дәлдігін тексеріп, жаңа қондырғылар мен аспаптарды пайдалану және өнімдердің сапасын жоғарылатуға арналған технология ретімдерін енгізуге көмектеседі.
Мекемеде стандарттарды, тұрақты /негізгі/ шектерді /нормаларды/, -технологиялық шарттарды жақсартуға қатынысып, олардың тиімділерін өндіріске енгізуге ат салысады.
Техно-химиялық бақылау бөлімінің астық өнімдерінің, құрама жемдердің және астық өндірісі қалдықтарының саласына жасалған қортындысы мекеменің барлық бөлімдерінің бәріне бірдей күші бар құжат.
2. Техно-химиялық бақылау бөлімінің өркендеу тарихы.
Астықты өңдеу технологиясы, одан алынған өнімдердің, бағасы /нарқы/ олардың сапасына тікелей байланысты. Сондықтан астықтың және астық өнімдерінің сапасы оларды сақтау, өңдеу кезінде үздіксіз жүргізіліп тұрады.
Ғылыми еңбектерге қарағанда /Л.Р.Торжинская, В.А.Яковенко, 1975/ астықтың сапасын біздің дәуірдің 23-79 жылдарынан бастап зерттей бастаған. Плинный Старший деген адам астықтың сапасын оның бір литрінің салмағына, тазалығына, дақылдың түріне қарай баталау керек екенін және бидайдың бір литрінің салмағы мен піскен нанның көлемінің, оның кеуектігініңн арасында белгілі бір байланыс бар екенін байқаған. Кейін келе XVII ғасырда астық саудасы кең өріс алып, оның сапасын бағалау тәсілдері жетіле бастайды. 1713 жылы Петр I әскерге арналып жиналған астықтың сапасына койылатын талаптарды күшейтеді, ал 1765 жылдан бастап үлкен партиялы астық қорларын сақтау тәсілдерін зерттеу басталады. Ол жұмысты ерікті астық корғау қоғамы басқарады.
XIX ғасырдан бастап астықтың химиялық құрамын тексеру өріс ала бастайды. Міне осы кезден-ақ бидайдың шыны және ұнтәріздес дәндерінің ұн тарту қабілеттерінің ерекшеліктері, клейковинасының /сағызының/, крахмалдың, қанттың нан пісірудегі атқаратын қызметтерін тексеріп, анықтай бастайды.
1854 жылы Миллон бірінші рет бидайды шынылығына қарай жіктеудің осыған сәйкес дәннің сыртқы пішінінің өзгеруін дәлелдейді. 1868 жылы Н.О. Лясковский орыс бидайларындағы белоктың мөлшерін тексеріп, олардың жердің және ауа райының қолайына қарай өзгеріп тұратынын дәлелдеген.
XX ғасырдың басында Федреди ұнды оның күлділігіне қарай сортқа бөлуді нұскайды. Сондықтан астықтың сапасын оның бір литрінің салмағына қарай, ал ұнды - оның түсіне қиыршықтығына қарай бағалап келді. 1890 жылдары Россияда алғашқы элеваторлар салына бастайды, олардың жанында алғашқы лабораториялар ұйымдастарылып, астықтың, ұнның сапасын зерттеу кең өріс алады. Ең бірінші ұн тарту және нам нісіру лабораториясы Москваның ауыл шаруашылығы институтында ұйымдастырылып, оны Г. Д. Калеман басқарады. Тек осыдан бастап астықтың технологиялық қасиеттері тексеріле бастады.
1923 жылы Россияда бірінші мемлекеттік астық инспекциясы ұйымдастырылды. Тек содан соң астықты жан-жақты кең тексере бастайды. 1929 жылы Бүкілодақтық астық ғылыми-зерттеу институты құрылады. 1940 жылы «диірменде және жарма заводтарында технологиялық процесстерді ұйымдастырудың уақытша нұсқаулары» жазылды. Қазір Бүкілодақтық астық ғылыми-зерттеу, тамақ өнеркәсібі Москва, Одесса технологиялық институттары, Москваның сырттан оқытанын технологиялық институты, Бүкілодақтың өсімдіктер шаруашылығы т.б. ғылыми-зерттеу және оку орындары жұмыс істей бастады.
Тақырып 8. Астық қорын сақтаудың ерекшеліктері
Жоспары:
1. Астық қорын сақтаудың ерекшеліктері
1. Астық корын сақтаудың ерекшеліктері
Астық сақтау барысында бүкіл әлем бойынша орта есеппен алғанда дәннің 10-15 %-ке жуығы шығын болып, тіпті сақтаулы енімдердің біразының сапасы күрт төмендеп, кейде түгелдей бүлініп, пайдалануға жарамай қалуға дейін барады.
Астық қорын сақтаудың өте жауапты да күрделі іс екендігін көп ғасырлық тәжірибе көрсетіп отыр. Біздің елде де астық өнімдерінің сақталу барысында орын алатын шығындарды азайту мүмкіндіктерін толық пайдаланбауға ішінара жол беріліп қалатындығын, көптеген астық қабылдау және өңдеу кәсіпорындарында ғылым мен озық тәжірибе жетістіктері дер кезінде тиімді жүзеге асырыла қоймайтындығын мойындауымыз қажет.
Астық, тұқымдық дән және олардан алынатын өнімдер жеке қожалықтарда, шаруашылықтарда, селекциялық станцияларда және элеваторлар мен астық қабылдау кәсіпорындарында, ұн, жарма, нан өндірісі, крахмал, өсімдік майлар, сыра, спирт фабрика-зауыттарында сақталады.
Мемлекеттік астық қорын шоғырландыру, орналастыру, сақтау мен және өндеу, оны тиімді пайдалануды ұйымдастыру мен халық шаруашылығының барлық салаларын астық өнімдерімен қамтамасыз ету, сол астықты қабылдайтын, оның өнімдерін шығаратын мекемелерге жүктелген. Сонымен қоса бұл мекемелер дәнді бүршақты және майлы дақылдар мен жем-шөптердің сортты тұқымдықтарын да қабылдап, өндеп өндіріске өткізіп отырады.
Нан енімдерімен қалтқысыз қамтамасыз ету мәселесі елде үн қорының жеткілікті, мол болуына байланысты. Сол сияқты жарма іспеттес қүнды тамақ өнімдері де жеткілікті болуға тиіс. Сондықтан астық пен оның өнімдерін баптап дұрыс сақтау - маңызы зор мемлекеттік іс деп қаралады.
Астық сапасының төмендеуі, тіпті оның бұзылып кетуінің басты себептерінен бейхабар болу, сақтаудың ғылыми негіздерін білмеу орны толмас шығынға әкеліп соғады, ауылшаруашылығы ондірісінің дәнді дақылдардың өнімділігін арттырудағы, оның жалпы түсімділігін көбейтудегі жетістіктерін жоққа шығарады.
Тақырып 9. Астық сақтауда технологиялық және химиялық өзгерістер
Жоспары:
1. Астық сақтауда технологиялық және химиялық өзгерістер
2.Астық түірдің химиялық құрамы және тағамдық құндылығы.
Астық сақтау ғылымы дәнді дақылдардың ерекшеліктерін, олардың сапасына физикалық, химиялық, биологиялық, технологиялық факторлардың тигізетін өсерін зерттейді.
Астық жиымындағы орын алатын заңдылықтарды, құбылыстарды білу астықты сақтауды ғылыми негізінде ұйымдастырып, оның сапасын арттыру мүмкіндіктерін іске асырудың кепілі.
Астықты және оның өнімдерін сақтауды дұрыс ұйымдастыру үшін ұшан-теңіз де күрделі материалдық-техникалық базаның және осы саладағы ғылыми негіздерді жетік меңгерген мамандардың орны белек екендігін баса айта кеткеніміз жөн.
Астық сақтауды ойдағыдай ұйымдастырудың күрделілігі оның физикалық, физиологиялық, биохимиялық және технологиялық қасиеттерінің ерекшеліктерінің салдарында.
Астық дәні - тірі ортанизм деп танылады. Осы тұрғыдан қарағанда қоршаған ортаға тікелей байланысты әртүрлі құбылыстар дон торшығындағы (клеткасындағы) зат алмасу процестеріне дұрыс әсерін тигізумен қатар, оның сапасын төмендетіп, едәуір шығынға да әкеп соғатынын білген жөн.
Астықтың сапасы микроортанизмдердің жөне шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа секілді жәндіктер мен зиянкестер топтарының іс-әрекет, тіршілігінің салдары нәтижесінен де төмендейді.
Сонымен, сақталатын өнімдердің табиғатына байланысты болатын шығындарды азайту - ол заттарды қоршаған ортаның әсерінен қорғау дәннің торшығындағы зат алмасуды бәсеңдетудің кепілі.
Бұл мәселе астықты сақтауға дайындаудың әртүрлі әдістерімем тиянақты жағдай жасау арқылы шешіледі. Ол үшін астыққа арналғаи қоймалар, элеваторлар әртүрлі дәнді дақылдардың ерекшеліктеріне сай техникалық және технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
Астықты сақтау саласындағы көптеген мәселелер мен міндеттерді мына төмендегідей топтастыруға болар еді.
Негізгі сан мен салмақ және сапа жағынан болатын шығындарды белгілі ғалым Л.А. Трисвятский механикалық және биологиялық деп екі топқа бөледі. Биологиялық шығындарға дәннің тыныс (дем) алуы, ору кезіндегі орын алатын, микроортанизмдер, шыбын-шіркей және кенелердің өсіп-өну тіршілігі, өзіндік қызынуы және кеміргіштер мен құстардың жеп құрту салдарынан болатын сан мен сапа жоғалтуы жатады да, ал механикалық шығындарға тасымалдау, өңдеу барысында орын алатын астықтың төгіліп шашылуы, дәннің зақымдануы жатады.
Бұның ішінде дәннің тыныс алу барысындағы және астықты тасымалдау кезіндегі орын алатын сан-салмақ кемуі ғана амалсыздықтан болатын шығындар есебіне жатады. Сондықтан шығынның бұл түрлерін есепке алу мақсатымен астық сақтау мен тасымалдау барысындағы табиғи да орынды азаю, кему мелшері бекітілген. Егер астық сақтауды дұрыс ұйымдастырған жағдайда бұл аталған шығын түрлері жыл бойына астық қорының небәрі 0,3--.0,4 %-іне ғана жетеді.
Ал, тегіліп-шашылуға, құс-кеміргіштер, шыбын-шіркей мен жәндіктердің тіршілігіне байланысты, сонымен қатар астықтың, дәннің өздігінен қызуына, микроортанизмдердің өсіп-өнуіне жол берудің салдарынан болатын шығындарды, әрине, ешқандай себептермен ақтауға болмайды.
Кей кездерде іс жүзінде жиірек кездесіп орын алатын астық өнімдерінің, тұқымдық дәннің сапасының төмендеуін астық өнімдерінің, тұқымдық дәннің сапасының төмендеуін астық сақтаудың ғылыми тұрғыдағы тәртіп-ережелерін (режимдерін) бұзудың және керекті күтімнің жоқтығының тікелей салдары деп білу керек. Мұндай шығындардың алдын алмаса зор зиян, зардаптарға әкеліп соғады.
Астық өнімдері сапасының төмендеуінің тағы бір себебі - олардың өте ұзақ мерзімде сақталуы. Әрбір заттың (тауардың), әсіресе дәннің, қандай қолайлы жағдайда сақталғанымен жеке өзіне тән «ұзақ мерзімділік» (не «ұзақ уақыттылық») қасиеті бар. Аталған мерзім өткен соң ол зат ескіре (қартая) бастайды да, оның адам қажетіне керектілігі мен түтынушылық көрсеткіштері төмендейді. Мысал үшін ұн мен жарманың кейбір түрлері 1-2 жыл сақталғаннан кейін-ақ тағамдық сапасының, ал тұқымдық дәннің 2-4 жылдан соң егіндік шығымдылық қасиетінің, қабілетінің нашарлай бастайтынын айтуға болар еді. Бұлардан гөрі дәнді астық пен бүршақ дақылдары ұзақ сақтауға едәуір шыдамды болып келеді. Олардың технологиялық құндылығы 7-15 жыл еткен соң төмендей бастайды.
Сонымен, қатар табиғи ескіру құбылыстарына байланысты қоймада сақтаулы астық қорын оқтын-оқтын алмастырып тұру қажеттілігі естен шығармау керек. Оның бер жағында астық өнімдерінің сапасын төмендетіп алмай түрып, тиісті мекемелерге таратып, өткізіп отырады. Астықтың сапасын төмендетпей сақтауды қамтамасыз ету міндетті шарт деп білу керек.
Сақтау барысында астық онімдерінің сапасын арттырып жақсарта беру. Бұл мәселені шешудің жолы әртүрлі технологиялық тәсілдерді тиімді қолданып, дәнді дақылдардың мүлтіксіз сақталуын және сақталуға деген төзімділігін (беріктілігін) арттыра түсу.
Өнімнің сан мен сапасын мүлтіксіз сақталуы барысында еңбек пен қаржы шығындарын мейлінше азайтып кеміте түсу.
Астық қабылдау мекемелерінің озат тәжірибесіне көз жүгіртіи, талдайтын болсақ онімдерді сақтауға байланысты шығындарды азайтуда басты жолдары мыналар екендігін ұғу қиын емес. Жетілдірілген техникалық жабдықтарды тиімді пайдалану, өңдеудің жаңа технологиялық әдістерін енгізу, еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру, мекемелердегі мамандар мен жұмыскерлердің мамандық шеберлігін үнемі арттырыл отыру.
Астықты тиімді сақтауды және оның сапасын арттыра түсуді қамтамасыз ететін технологиялық тәсілдерге мына төмендегі шараларды жатқызуға болады:
1. Астықты түрлі қоспалардан айырып тазарту;
2. Астықты кептіру. Оны дән ылғалдылығын керекті мөлшерге дейін азайту, төмендету үшін қолданады.
3. Астықты белгілі бір температуралық жағдайда, деңгейде сақталуын қамтамасыз ету мақсатымен оны желдетіп, салқындатып отыру;
4. Астық пен оның өнімдерін шыбын-шіркей, кене секілді зиянкестер мен жәндіктерден, кеміргіштер мен құстардан қорғауды дер кезінде ұйымдастыру;
5. Халық шаруашылығының әртүрлі саласында арнаулы мақсатпен пайдалану үшін ірі-ірі астық қорларын (партияларын) дайындау.
Әрине, астық, дәнді дақылды астық сақтауға және олардың өнімдерін тиімді байлануға байланысты жұмыстарды ұйымдастыру тек жоғарыда атап көрсетілген тәсілдермен ғана шектеледі десек, ол аз айтқанымыз. Ауыл шаруашылығы жүйесінде астықты, дәнді баптап ді қаншама ҚЫруар істер атқарылатынын да айту жөн. Біз астық қабылдау, одан керекті өнімдср алу мекемелеріндегі басты-басты технологиялық тәсілдерді ғана атап көрсеттік.
2.Астық түірдің химиялық құрамы және тағамдық құндылығы.
Астықтың және одан алынатын өнімдердің тағамдық құндылығы әр түрлі факторларға байланысты ауытқиды және заттарды сіңіруін түздіретін химиялық құрамына байланысты. Әр түрлі класстарға жататын дәнді дақылдар қоректік заттар қатынасымен ерекшеленіп қоймай, сонымен қатар құрамы мен қасиетіне байланысты. 1 кестеде көрсетілгендей, дәнді дақылдар құрамындағы заттар мөлшері бойынша айтарлықтай айырмашылықтар жоқ, бірақ белгілі бір ерекшеліктерімен сипатталады. Торлы дақылдардың ядросының гүлдік қабықшаларын алғаннан кейінгі негізгі заттардың мөлшері бойынша дақылдардың голозерлік химиялық құрамына қарай жақындайды.
Ақуыз – кез-келген тірі жасушалардың құрамында болатын маңызды зат. Астық түйірде олардың болуы құрамы мен қасиетін астық түйірді өңдеуден алынған өнімдердің технологиялық және тағамдық артықшылығын анықтайды.
Кесте № 1.
Дақылдар
|
Ақуыз-
дар
|
Көмірсулар
|
Майлар
|
Күлділігі
|
Крахмал
|
Сахароза
|
Крахмалды емес
полисахаридтер
|
целлюлоз
|
Гемицел-
люлоз,
пектин т.б
|
Бидай
Қара бидай
Тритикале
Жүгері
Қабықшалы арпа
Қабықшасыз арпа
Қабықшалы күріш
Қабықшасыз күріш
Қабықшалы
Қабықшасыз
Қабықшалы
Қабықшасыз
|
10-20
8-14
11-23
9-11
9,5
13-15,8
10-14
12-25
6-10
7,5-12
10-15
14,6-19,5
9-14
10-15
|
60-75
58-66
49-57
68-76
58-68
76-80
40-50
67-72
65-75
78-82
58-65
67-72
51-61
70-81
|
2-3
1,9-3,5
2,5-3
1,5-4
2-3
2,5-3,5
1,0-1,8
0,8-1,5
0,5-1,0
0,4-1,2
0,4-0,7
0,4-1,0
1-3
1,5-3,2
|
2-3
1,8-3,2
2-3
2,5-3
4,5-7,2
1,9-3,1
11,5-14
1,8-2,5
9,5-12,5
0,8-1,6
10-11
1,2-2,0
5-6,5
1,8-2,5
|
6-9
8-15
7-11
5-8
10-16
6-9
14-22
6-11
18-28
3-7
12-26
4-7
10-20
5-8
|
2-2,5
1,7-3,5
3-5
4-6
1,9-2,6
1,7-3,1
4,5-5,5
6,0-7,5
1,5-2,5
1,5-2,3
1,9-2,3
3,5-4,5
2,7-3,7
3-5,5
|
1,5-2,2
1,7-2,3
1,8-2,2
1,4-1,8
2,7-3,1
1,8-2,6
4,0-5,7
1,8-2,5
4,5-6,8
0,9-1,5
3,7-4,5
1,5-1,8
1,8-3,0
1,6-2,5
|
Астық түйірді өсіргендегі тағамдық құндылықтың формалануы.
Құнды заттардың жиналуы астық түйірдің өңдеуінен басталады және обмолотта бітеді. Астық түйірдің өсіп-өну периодын мөлшермен 3 фазаға бөледі.
Астық түйірдің тағамдық құндылығының 1-ші фазасы жоғары ылғалдылықпен (85-65%) ерекшеленеді. Негізгі фотосинтездеуші органдар, яғни жапырақтардан, неорганикалық қосылыстардан (көмірқышқыл газ, су, минералды тұздар) қанттар, аминоқышқылдар, май қышқылдары, амидтер және т.с.с. түзіледі. Бұл фазада түйірдің ұзындығы жетіледі, сондықтан тың жерде ылғалдылық және ерігіш минералды тұздар жеткілікте түрде болу маңызды. Дәнге келетін еритін органикалық заттар ферменттердің әсерінен крахмал, ақуыз, май баяулап полимерленеді, бірақ бұл фазада дән құрамы сұйық, «сүтке» ұқсас, осыдан оның басқаша атауы – сүтті пісіп жетілу кезеңі. Фаза налива – астық түйірдің тағамдық құндылығының 2-ші фазасы. Астық түйірдің жуандығы мен жалпақтығы құрылымды анықтайды. Фазаның басында колосқа құнды заттар тез түседі, сосын бұл процесс баяулайды. Ферменттердің активтілігі бұл периодтың ортасында максимумға жетеді, сосын ақырындап төмендейді, сонымен қатар еритін заттардың ерімейтін заттарға айналу жылдамдығы өзгереді, ылғалдылық 35%-ға дейін төмендейді. Қабықтары хлорофиллді жоғалтып, сарылау түске ие болады. Эндосперм сұйықтан ақырындап созылмалы, мықтырақ бола бастайды, воскқа ұқсас, сондықтан екінші фазаны воскты пісіп жетілу фазасы деп атайды.
Астық түйірдің үшінші фазасы – пісу фазасы. Бұл астықтың жиналуының аяғы. Оның басында дәнге түсетін құнды заттардың түсуі баяулайды, сосын тіпті тоқтатылыды. Бірақ жоғары молекулалардың синтезі ақырын жылдамдықпен астықты жинағаннан кейін де жалғасады. Бұл периодта дәннің кәдімгі түсі толық формаланады, оның ылғалдылығы 15-18%-ға дейін төмендейді және ауа-райының жағдайына байланысты, консистенциясы қатты болады. Астық түйірдің көлемі біраз кішірейеді, яғни астықтың жоғалуына әкеледі. Ұнның ең жақсы деген сапасы воскты пісіп-жетілу кезеңінде, яғни сабақтардың төменгі бөлігі жасылдау, обмолотқа дейін 4-6 күнде деп бекітілген. Бұл күн аралығында құнды заттардың бөлігі сабақтардан дәнге беріледі, бұл астықтың көлемі мен сапасына жақсы әсерін тигізеді. Дәннен алынатын өнімнің тағамдық құндылығы біркелкі болмайды, алғашқы өнімінің тәуелділігінде болады.
Сұрыптау және оның теориялық тұрғыдағы негіздері – генетика қазіргі уақытта өнімділігі жоғары сорттардың кеңінен шығарылуын қамтамасыз етеді, таңдаулы сорттардың түсімділігі 2-3 есе көбейеді. Мысалы, бидайдың күздік сорттары Аврора мен Кавказ тиісті күтімде гектарына 70-80 ц-ге дейін береді. Дүние жүзінде бидайдың орташа өнімділігі гектарына 22,5 ц. Алғаш рет ағылшындық ғалымдар Нельсон мен Мертц жүгерінің қүрамындағы белоктың мөлшері мен сапасын гендық аппаратпен әсер ету арқылы қалай меңгеруге болатынын көрсетті. Ашылған гендік мутациялар Опейк-2 мен Флаури-2 жүгерінің жаңа гибридтерін алуға мүмкіндік берді, ол 1,7-18 % белоктан тұрады, ал лизин мен триптофан әдеттегіден 2-3 есе көп мөлшерде болады. Қазіргі уақытта әр елдің сұрыптаушылары қонақжүгерінің, күріштің, арпаның жоғарғы колинизовый сорттарын шығарды. Ұнның жоғарғы ақуызды және жоғарғы ұлпалы өнімдерін алу жұмыстары жүргізілуде; бір уақытта жармамен қатар тағамдық майдың көп мөлшерін алуға болады. Жүгерінің майлылығы жоғары сорттары шығарылды, бидай ұнының жоғарғы дәруменді сортын шығаруда жақсы нәтижелер бар.
Бидайдың тағамдық құндылығына сыртқы орта әсер етеді. Географиялық фактордың ұнның химиялық құрамына әсерін алғаш рет Лясковский 1865 жылы көрсетті. Ол Орталық және төменгі Поволжье, Украинада, Солтүстік Қазақстанда, Батыс Сібірде өндірілген ұнның ақуызға бай болатынын бекітті. Бұрында көрсетілгендей, астық түйірдегі белоктың жиналуы тың жердің құрамына байланысты, бірақ ылғалдылықтың көптігіне байланысты емес, жеткілікті жарығы мен жылуы 20-300 . Жауын шашын астықтың егілуіне бірінші кезеңінде тағамдық заттардың жиналуына кедергі келтіреді, оған кіретін тағамдық заттар төмен молекулалы, ерігіштік күйде болғанда. Ерігіштік көмірсулар және белоктар бидайдан жуғандай ағып кетеді және оның құрамы бұзылып, жіңішкеріп қалады. Сондықтан да жаңбыр осы уақытта көп жауатын жерлерде өскен астықтың құрамында белок аз болады. Дәнді дақылдар ауа-райының әр түрлі жағымсыз өсіру жағдайларына қарсы келетіні белгіленген. Ең жақсы төтеп беретін күздік бидай, сосын жаздық ячмень, күздік және жаздық бидай. Бидайдың жоғары өнімдерін алу үшін минералды тыңайтқыштарды қолдану тиімді. Қазіргі уақытта интенсивті технологиялар бойынша ең күшті тыңайтқыштарды қолдану да жоғары өнім алуға жеткіліксіз, сондықтан органикалық және минералды тыңайтқыштарды қолдану қажет.Ауыл шаруашылық өндірісінің агрономиясы институттарының мәліметтері бойынша , астық өнімінің көбейуі макро тыңайтқышты (азот, фосфор және калий) қолданғанның арқасында Осимый ржи – 7,0; осимый бидай – 6,7; яровый бидай -4,4; жүгері – 11,6; овса – 7,1: қарақұмық – 4 осндай нәтижеге жетті. Академик Власюттік П.А – ның мәліметі бойынша қосымша микротыңайтқыштарды (марганец пен бор) қосудың арқасында озимой бидайдың өнімі тағы 3ц/га-ға өсті. Дегенмен минералды тыңайтқышты қолдану үшін агроөнімдері көмплексінің химиктерінің бақылауы мен қатаң түрде жүргізу керек. Өсімдік өзіне қажетті элементтерді топырақ құнарлығында жетпесе өнім мөлшері азайып, оның техникалық және өнімділік қасиеті төмендеп, тіпті улы заттардың жиналуына әкеледі . Мысалы: нитрозамин.
Өсімдіктерді қолайсыз факторлардан қорғау арқылы оның өсімділігін 10 - 30% және оданда жоғарлатуға болады. Осы жағдайда қолданылатын пестицидтер: сорняктарды жоятын гербицидтер, өсімдіктерді аурудан қорғайтын фунгицидтер, зиянкестерді жоятын инсектицидидтер, өсуді қадағалайтын және өнімділіктің өнімін жоғарлатудан сақтайтын ретордантты, өсімдіктерді жинау алдындағы кебуде қамтамасыз ететін десиканттар, дұрыс қолданбаған кезде астықтық сапасына зиянын келтіреді.
Пестицидтер өсімдіктерге ену арқылы олардың протоплазма клеткаларының физико-химиялық құрамын өзгертеді, соның есебінен өсімдіктерде жүретін физиологиялық-биохимиялық процесстер бұзылады. Соның салдарынан өсімдік органдары арасындағы заттардың ауысуы,стимуляция азық-түліктің ерекше ингридиенттерінің бұзылуы мүмкін. Кейбір пестициттердің астықта жиналуы, олардың қабықшада ғана емес, сонымен қатар эндоспермде де жиналатындықтан өңдеу өнімдеріне түсуінің себебі болуы мүмкін. Сондықтан көптеген елдерде пестициттердің азық-түлік өнімдеріне ұсталуының белгілі бір шегі белгіленген – 1кг өнімге деген көлемі 0,01-5,0мг-нан аспауы керек.
Тақырып 10. Астық қабылдау кәсіпорындарына дәнді дақылды астық белгілі бір көрсеткіштерімен іріктеуі
Жоспары:
1. Астық қабылдау кәсіпорындарына дәнді дақылды астық белгілі бір көрсеткіштерімен іріктеуі
1. Астық қабылдау кәсіпорындарына дәнді дақылды астық белгілі бір көрсеткіштерімен іріктеуі
Астық қабылдау кәсіпорындарына дәнді, бұршақты, майлы және басқа дақылдардың жүзге тарта түрлері келіп түседі. Әрине, сақтау технологиясын дұрыс қолдануда, жетілдіруде астықтың жалпы қасиеттерімен қатар әртүрлі партиялардың дән түріне байланысты ботаникалық белгілері, егу, өсіру, ору, тасымалдау ерекшеліктері де елеулі роль атқарады. Мұндай жол астықтың сақтауға төзімділігін арттыру үшін қолданылатан технологилық тәсілдердің жалпы принциптерін дұрыс орындап, жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оларды шығынсыз сақтауды ұйымдастыру үшін әрбір дақылдың өзіне тән ерекшеліктері мен қасиеттерін біліп, түрлік белгілерімен топтастырып қарастыру керек. Мысалы, сақтаудың кейбір жағдайларында бидай мен қара бидай, жүгері мен тарыдан төзімділеу келеді; жаңа ғана орылып жиналған астық дәні, міндетті түрде, бұрын жиналып алынған, орылғаннан кейінгі пісіп жетілу мерзімін өткен не болмаса көп уақыт сақталып жатқан дәннен төзімсіздеу болып, сапасы тезірек төмендеуге бейімдеу тұрады.
Астық қабылдау кәсіпорындарына дәнді дақылды астық белгілі бір көрсеткіштерімен іріктеліп, шоғырланып партия - партия болып келіп түсіп отырады. Астық деген сөз үлкен мәнді, кең түсінік. Оның құрамында негізгісі дәннің өзі болады да, тағы да әртүрлі қоспалар, шөп-шалам, ауа жайлаған қуыстары болады, түрлі микроортанизм жәндіктер мекендейді. Сондықтан сақтау тұрғысынан алғанда астық массасы дейді. Дегенмен, біздің ойымызша мұның қазақшалап астық жиынтығы не жиымы деп, не болмаса астық деп атағанымыз дұрыстау секілді. Ал, сол астықтың сапасының бірер сырт белгілері мен көрсеткіштері бойынша астық партиясы деп те атайды. Сондықтан бұдан былай астық, не астық жиыны, партиясы, дән партиясы деген ұғымдарды оқушы жоғарыда айтылғандай түсінуін тілейміз.
Астықты негізгі белгілі бір ботаникалық текті дәні болып келеді де, әрбір партия сол дәннің атымен аталады, мысады, бидай, қара бидай, күнбағыс, тары және т.б. Астықтың негізгі бөлігі болып келетін дәннің өзі де ылғалдығы, тығыздығы, пісіп жетілгендігі жене т.б. сапалық көрсеткіштері бойынша бірыңғай, біркелкі емес, сантүрлі болада. Мұның бірден-бір себебі дәннің өсімдіктің бойында өсіп жетілу мен қалыптасу ерекшеліктерінде. Мысалы, бидай мен кара бидайдың гүлденуі өсімдіктің орта шенінде орналасқан масақтан басталса, тары мен сұлы сібсебастың жоғары жағынан, бұршақты дақылдар төменнен гүлдейді. Ең жоғары бағалы әрі сапалы дән өсімдіктің ерте гүлдеген бөлігінен алынады. Осытан орай 1000 дәинің салмағы /массасы/ дейтін көрсеткіш сол дәнніц масактың қай жерінде өсіп-өнгеніне тікелей байланасты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |