Пәнінің оқу-әдістемелік кешені Мамандығы 050801 – Агрономия Қостанай, 2010 Құрастырушы



бет6/6
Дата25.03.2017
өлшемі1,25 Mb.
#12275
1   2   3   4   5   6

Жоспар: 1 Жылқы шаруашылығы


2 Құс шаруашылығы

3 Түйе шаруашылығы



ЖЫЛҚЫ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Қазақстанның жылқы шаруашылығы үш бағытта дамыды:

1. Өнiмдiлiк

2. Жұмыс

3. Асыл тұқымды және спорттық

Өнiмдiлiк бағыттағы жылқы шаруашылығы – өнiмдiлiгi жоғары жылқылардың басын арттыруға мүмкiндiк беретiн республикамыздың дәстүрлi саласы.

Барлық түлiктен де жылқы өсiру жеңiл. Жылқыны бағып-қағуда артық шығын шықпайды, етi де, сүтi де өте арзанға түседi. Қазiр жылқы малы өте өнiмдi, пайдалы түлiкке айналды. Жылқы өсiруден және қымыз өндiруден пайда көрiп отырған фермер-азаматтар да аз емес. Жылқы етiнiң арзандығы өз алдына, қазақ халқы үшiн ол аса қадiрлi тағам болып саналады.

Ат үстiнде өтетiн бәйге, көкпар тарту, қыз қуу, теңге алу сияқты ұлттық спорт ойындары да қазақстандықтардың арасында үлкен қызығушылықты тудыруда.



Жылқылардың шаруашылықтық-биологиялық ерекшелiктерi

Жылқының асқазанының сиымдылығы орташа 15-20 л (iрi қаранiкi – 200 л дейiн, қойдiкi – 30 л). Жуан iшегiнiң көлемi асқазан көлемiнiң жетiспейтiн бөлiгiн толықтырады – 150-160 л (iрi қаранiкi – 50 л, қойдiкi – 5 л). Жылқылар iрi азықтардың 25%-ын, ал iрi қарамал 45%-ын қорытады. Астық тұқымдастарының дәндерi бiрдей қорытылады – 86 және 80%.

Жылқылар өсiрудiң әр түрлi климаттық жағдайларына жақсы бейiмделедi. Олар қыстың суық, әрi құрғақ климатына, жаздың аптап ыстығы мен қуаңшылығына төзiмдi келедi. Бiрақ ылғалы мол, тропикалық климатқа төзiмсiз келедi.

Жылқылар кеш жетiледi, бiрақ шаруашылықта ұзақ уақыт бойы пайдаланылуымен ерекшеленедi (20 жылға дейiн). Онымен қоса, жұмысқа деген қабiлетiн сақтап қалады, әрi төл бере алады.

Жылқылар ешқашан туберкулезбен ауырмайды, ал бруцеллезге онша көп шалдыға қоймайды. Сиыр сүтiнде туберкулез таяқшаларының белсендi түрде дамитыны, ал бие сүтiнде дамуы тоқталатыны бәрiмiзге белгiлi.

Бие сүтiнiң құрамы ана сүтiмен ұқсас деп саналатындықтан, кейбiр Еуропа елдерiнде төмен салмақпен ( 1 кг төмен) туған балаларды бие сүтiмен қоректендiредi екен. Балалар болса, дамуы жөнiнен өздерiмен жасты балалардан қалыспайды. Бие сүтi ана сүтi секiлдi альбуминдi сүтке жатқызылады, ал сиыр сүтi казеиндi сүтке жатады.

Жылқылар донор да бола алады. Жылқының қаны мен асқазан сөлiнен әр түрлi биологиялық және емдiк дәрi-дәрмектер жасалынады.

Жаратылысынан жылқылардың табындық инстинктi өте жақсы дамыған. Жылқының жоғары жүйке қызметi әлi де соңына дейiн зерттелiп болған жоқ. Жылқыларға сол жақтан, онымен сөйлесе жүрiп немесе ысқырықтап жақындау керек. Қантқа үйретсек, олар қорғаныш рефлексiн қолданбай-ақ адамға тез үйренiп кетедi.

Жылқылардың тез қозғалатын түрлерiне тiрiлiк пен қызбалық мiнез, ал аяң жүрiстiлерге – момын мiнез тән. Басқа да әдеттердi, тiптi тiстелеу, бiр жақтан екiншi жаққа шайқалу, сұлыны шашу, өзiн тiстелеу, алдыңғы аяғымен жердi қазғылау сияқты әдеттердi жылқылар қорада күн ұзақ тұрғаннан жинақтайды. Бұл әдеттерден құтылуға қорада жылқымен бiрге қошқарды, ешкiнi немесе тiптi, қазды ұстау көмектеседi.

Жылқының көзi жақсы көредi, құлағы жақсы естидi, әрi есте сақтау қабiлетi жақсы. Ол түнде де жақсы көредi. Жылқы жолдарды, жолдың бұрылыстарын, басқа да орындарды есте жақсы сақтайды. Олар қожайындарына, күтушiлерiне, үйге және қораға жақсы үйренуiмен ерекшеленедi.

Жылқының мiнезi – жаратылысынан болатын қасиет, ал өмiрге бейiмделушiлiгi адаммен арадағы қатынастың әсерiнен қалыптасады. Жақсы жылқыны тәрбиелеу өте ерте жастан басталады. Қалыпты қатты мiнез таныту – жылқымен араласа бiлудiң басты шарты.

Жылқы тұқымдары

Қазiргi уақытта Қазақстанда 13 жылқы тұқымы өсiрiледi. Олардың iшiнде саланың жетекшi асыл тұқымдық және спорттық бағыттарына таза қанды мiнiс аты, араб, ахалтеке, орыс және орлов тұқымдары, қостанай, көшiм тұқымдары, адай жылқысы, мұғалжар жылқысы жатады.



Мұғалжар тұқымы1999 жылы бекiтiлген ет-сүт бағытындағы тұқым. Бұл қазiргi таңда таза қанды өсiру әдiсiмен алынған ет-сүт бағытындағы жалғыз тұқым. Сонымен бiрге осы тұқымның көмегiмен жабы сияқты қазақ тұқымын жетiлдiру жұмыстары жүргiзiлдi. Асылдандыру жұмыстары профессорлар Ю.Н.Барминцев пен И.Н.Нечаевтың жетекшiлiгiмен жүргiзiлдi.

Бұл тұқымның жылқылары қыстың қатал суығы мен жаздың құрғақ ыстығына өте төзiмдi. Аяқ астында өсiп жатқан шөптермен қоректенiп, 2,5 жастарында 370 кг салмақ тартады. Сойыс шығымы 54%.

Айғырларының тiрiлей салмақтары 500 кг, биелерiнiкi – 480 кг. Лактациядағы сүт сауымы – 2000 л артық. 100 биеден алынатын төлiнiң шығымы – 85 бастан жоғары.

Көшiм тұқымы. Қазақстанда шығарылған ет-сүт бағытындағы ең бiрiншi тұқым. Тұқым ретiнде 1976 жылы бекiтiлген. Тұқым шығару жөнiндегi жұмыс сонау 1930 жылы Орынбор, Орда, Ембi жылқы зауыттарында басталған. Жергiлiктi қазақы биелердi орлов, орыс желiс аты, таза қанды мiнiс аты тұқымдарының айғырларымен жақсарта бастаған. Бұл жерде үш тұқымның будандары жақсы нәтиже берген. Осы iрi, әрi мiнiске де, жегiске де шыдамды малдарды өндiре өсiрудiң нәтижесiнде қазiргi көшiм жылқысы өсiрiлiп шығарылды. Көшiм жылқысы өте жақсы дамыған, iрi, жайылымды аса жақсы пайдаланатын мал болып шықты. Жетекшi жылқы зауыттары Көшiм өзенiнiң (Оралға құятын) бойында орналасқан.

Шоқтығының биiктiгi - 160 см, кеудесiнiң кеңдiгi - 192 см, жiлiншiк орамы - 20,9 см. Айғырларының тiрiлей салмағы 550 кг, биелерiнiкi – 500 кг. Сойыс шығымы 53%. Биелерi лактация бойына 2500-3000 л сүт бередi. 100 биеден алынатын төлiнiң шығымы – 80-90бас.

Қазiргi уақытта көшiм жылқылары Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында өсiрiледi.

Адай тұқымы. Жергiлiктi қазақ биелерiн түрiкмен және йомуд айғырларымен шағылыстыру жолымен шығарылған. Адай атауы Арал-Каспий бойында мекендеген көшпелi қазақ руының атауынан шыққан.

Адай жылқыларының дене бiтiсi мiнiс типiмен ерекшеленедi, әрi оңтүстiктiң шөлдi далаларының климатына жақсы бейiмделген. Ет пен сүт өнiмдiлiгi барынша жоғары. Сойыс шығымы 54-55%. Биелерiнiң орташа тәулiктiк сүт сауымы 8-12 л және одан да жоғары. 100 биеден алынатын төлiнiң шығымы – 85-90%.

Түсi алуан түрлi: бурыл, қызыл-сары, сұрғылт, қара, сұр, т.б. Айғырларының дене өлшемдерi (см) мен тiрiлей салмағы: шоқтығының биiктiгi – 143,7; денесiнiң қиғаш ұзындығы – 141,8; кеуде орамы – 167,5; жiлiншiк орамы – 18,4; тiрiлей салмағы – 420 кг; биелерiнiкi сәйкесiнше – 141,2; 144,0; 171,3; 17,6 см және 380 кг.

Таза қанды мiнiс аты - әлем бойынша ең кең тараған тұқым. ХVII-ХVIII ғасырларда жергiлiктi жақсартылған биелердi шығыстың (араб, варварий, түрiк) айғырларымен өнеркәсiптiк шағылыстыру жолымен Англияда шығарылған. Аналық ретiнде жергiлiктi “король” биелер пайдаланылған. Аталығы шығыс жылқылары, әсiресе араб тұқымының айғырлары болған. Өсiру барысында жүйрiктiгiне, үйретуге көнгiштiгiне баса көңiл аударылған. Нәтижесiнде iрi, тез жетiлгiш, өте жүйрiк, дене бiтiмi берiк жылқы тұқымы өсiрiлген. Бағып-күту талаптарын таңдағыш. Қазақстанда 1930 жылдан бастап өсiрiле бастады. Бұл тұқым дүние жүзiндегi ең жүйрiк жылқы. 1000 метрдi 53,6 секундта, ал 1200 м – 1 мин 07,2 сек; 1600 м – 1 мин 31,8 сек; 2700 м – 2 мин 23 сек; 4800 – 5 мин 15 сек уақытта шауып өтедi.

Таза қанды мiнiс атына тек екi тұқым ғана жатады: араб және ағылшын таза қанды мiнiс аты. Кез келген тұқымның қанын осы тұқымдардың қанымен жаңартса, сол тұқым мiндеттi түрде өзiнiң нақты бiр сапалықтарын арттыра түседi. Ал өздерi кез келген тұқыммен шағылысса, шапшаңдылығын және сырт пiшiнiндегi көптеген сапалықтарын жоғалтады.

Биелерiнiң орташа дене өлшемдерi: шоқтығының биiктiгi - 158-160 см, денесiнiң ұзындығы шоқтығының биiктiгiне тең, кеудесiнiң орамы – 177-183 см, жiлiншiк орамы – 18,6-19,6 см. Негiзiнен классикалық спорт үшiн, бәйгеге қосу үшiн өсiрiледi.

Қостанай тұқымы жергiлiктi қазақы биелердi қалмақ, дон, стрелец, таза қанды мiнiс, орлов-растопчинский тұқымдарының айғырларымен будандастыра отырып, қатаң таңдау, iрiктеу-сұрыптау жұмыстарының негiзiнде шығарылған. Тұқым ретiнде 1952 жылы бекiтiлген. Қазiргi уақытта Қазақстан бойынша өте кең тараған жылқы тұқымы болып табылады. Қостанай жылқысы жергiлiктi жерге өте бейiмделген, төзiмдi, жоғары өнiмдi, жылына 85-92% төл беретiн, мiнiске де, жұмысқа да аса мықты, жүйрiктiгi де өте жақсы жылқы малы. Спорттық, еттiк, сүттiк қасиеттерi де жоғары.

Биелерiнiң орташа дене өлшемдерi (2001ж): шоқтығының биiктiгi – 163,5 см, денесiнiң ұзындығы –161,4 см, кеудесiнiң орамы – 181,3 см, жiлiншiк орамы – 20,5 см.



Ахалтеке тұқымы - Түрiкмен жерiнде адамның iрiктеу-сұрыптау жұмыстарының нәтижесiнде шығарылған көне тұқым. Ахалтеке тұқымы дүние жүзiнде жылқы шаруашылығының қалыптасуына өзiнiң оңтайлы әсерiн тигiзген.

Ахалтеке тұқымы ат спортының барлық түрiне бейiм аттарды өсiруде қолданылатын бағалы генетикалық қор болып табылады. Тұран елi, түрiкмен халқы құмды-шөлейт, ыстық жерлерде ұдайы көшу, әрi басқыншылық соғыс жағдайында ғасырлар бойы iрiктеу-сұрыптау жұмыстар жүргiзу арқасында дүниеде теңдесi жоқ, ерекше жылқы тұқымын өсiрiп шығарған. Ахалтеке жылқысының сырт көрiнiсi ерекше сұлу, дене бiтiмi өте берiк, қиыншылыққа төзiмдi, өте жүйрiк, нағыз сұлу сәйгүлiк. Сонымен қатар адамға жаны жақын, сезiмтал жылқы. Жылқының басы ашаң, өте жеңiл, ұзын мойны өте сұлу көрiнедi.

Ұзындау денесi тұтас сауырға айналып, жiңiшке жiлiншiктерiне түсiп, дөңгелек топайлары арқылы берiк тұяқтарымен бiтедi. Терiсi жұқа, жалы, құйрығы жiбектей жұмсақ. Шөл-шөлейт жерлерге мiнуге өте төзiмдi, жүйрiк жылқы.

Биелерiнiң орташа дене өлшемдерi: шоқтығының биiктiгi – 156 см, денесiнiң ұзындығы –159 см, кеудесiнiң орамы – 176 см, жiлiншiк орамы – 18,7 см.



Таза қанда араб тұқымы. Бұл тұқымның отаны – Аравиялық жартылай аралының шөлi. Оның қаны әлемнiң барлық ең жақсы жылқыларының бойында бар.

Араб жылқысы өзiндiк сырт пiшiнiмен, дене бiтiсiнiң пропорционалдығымен және гармониялық үйлесiмдiлiгiмен ерекшеленедi. Басты ерекшелiгi – күту шарттарын талғамайды, алыс жерлердi азық пен суды көп қажет етпей жүрiп өте алады. Денсаулығы мықты және ұзақ өмiр сүредi.

Түсi негiзiнен қызыл-сары, сұр, кейде сарғыш немесе күмiс түстес келедi.

Биелерiнiң орташа дене өлшемдерi: шоқтығының биiктiгi – 152 см, денесiнiң ұзындығы –150 см, кеудесiнiң орамы – 177 см, жiлiншiк орамы – 18,7 см.



Орлов желiстi тұқымы ХVIII ғасырдың аяғында ХIХ ғасырдың басында Ресейде граф А.Г.Орлов пен оның көмекшiсi В.И.Шишкин шығарған. Голланд пен даттың жылқыларын арабтың айғырларымен күрделi өнеркәсiптiк шағылыстыру жолымен шығарылған.

Қазiргi уақытта орлов жылқысы - әлемдегi ең жақсы тұқымдардың бiрi. Бұл тұқымның дене бiтiсi сымбатты, әрi келiстi, арбаға жеккенде өзiнiң жүрiсiмен көз тартатын жылқы болып табылады. Төлдегiштiгi жоғары, әрi шапшаң. Түстерi сұр, қара, қызыл-сары т.б.

Биелерiнiң орташа дене өлшемдерi: шоқтығының биiктiгi – 158-161 см, денесiнiң ұзындығы –160 см, кеудесiнiң орамы – 180-184 см, жiлiншiк орамы – 19,8-20 см.

Орыс желiгiш тұқымы орлов-американ жылқыларын “өз iшiнде” өсiру жолымен КСРО-ның жылқы зауыттарында шығарылған.

Орыстың желiстi тұқымы – iрi, қуаты мол, арбаға тез жегiлетiн, дене бiтiсiнiң гармониялығымен ерекшеленетiн, бұлшықетi жақсы дамыған, қозғалысы нық жылқы. Шапшаңдығы бойынша орловтың жылқыларынан асып түседi.

Ауыр жүк тартатындары аур жүктердi тартуға, әрi басқа да ауыл шаруашылық жұмыстарын орындауға арналады. Қазақстанда олар онша көп тарамаған, бiрақ басқа тұқымдармен шағылыстыру үшiн қолданылады.

Совет ауыр жүк тартқыш тұқымы. Жергiлiктi жылқыларды бельгиялық ауыр жүк тартқыш – брабансондармен жақсарту жолымен шығарылған.

Жылқылар тез жетiледi, 3 жастарында барлық жұмыстарды атқара алады. Бұл тұқымның Барс атты айғыры салмағы 23 т құрайтын жүктi тартқан. Өте iрi, салмақты, әрi сүйегi өте жақсы дамыған.

Биелерiнiң орташа дене өлшемдерi: шоқтығының биiктiгi – 158 см, денесiнiң ұзындығы –169 см, кеудесiнiң орамы – 204 см, жiлiншiк орамы – 24 см.

Орыс ауыр жүк тартқыш тұқымы – жергiлiктi жылқыларды арден (сонымен қатар брабансондар мен першерондармен) жылқыларымен күрделi шағылыстыру жолымен шығарылған.

Бұл жылқылардың бойы аласа, бiрақ дене тұлғасы ұзын, кең, әрi терең. Аяқтары түзу қойылған, буындары жақсы дамыған, дене бiтiмi мықты, қуаты мол. Өсiру шарттарын талғамайды, өте күштi, әрi төзiмдi жылқылар. Асыл тұқымды мақсатта 25 жыл пайдаланылады.

Биелерiнiң орташа дене өлшемдерi: шоқтығының биiктiгi – 148 см, денесiнiң ұзындығы –157 см, кеудесiнiң орамы – 188 см, жiлiншiк орамы – 21 см. Биелерi маусым iшiнде 3000 л сүт өндiредi.



Владимир ауыр жүк тартқыш тұқымы30-40 жылдары Ресейдiң Владимир және Иванов облыстарында жергiлiктi жылқы тұқымдарын ағылшын ауыр жүк тартқыш тұқымдары – клейдесдаль мен шайралармен сiңiре шағылыстыру жолымен шығарылған.

Бұл тұқымның дене тұлғасы iрi, салмақты, мықты, жалдары ұзын, желiгенде жақсы жүредi.

Биелерiнiң орташа дене өлшемдерi: шоқтығының биiктiгi – 161 см, денесiнiң ұзындығы –167 см, кеудесiнiң орамы – 196 см, жiлiншiк орамы – 23,3 см. тiрiлей салмағы 620-660 кг.

Жергiлiктi дала жылқылары. Қазақстанда өсiрiлетiн жылқылардың iшiнде жылқылардың жергiлiктi популяциясы жылқы шаруашылығында ерекше маңызға ие. Соның iшiнде жабы секiлдi қазақ жылқысы ет-сүт бағытындағы мұғалжар тұқымын шығаруға қатысты.

Ғалымдардың арасында жабы тұқымының пайда болуы туралы бiрдей пiкiр жоқ. Бiреулерi оларды монғол тұқымдарынан тарады десе, екiншiлерi бұл тип табиғи iрiктеу мен аз дәрежелi жасанды iрiктеудiң әсерiнен өз бетiнше қалыптасты деп санайды.

Өзiнiң биологиялық ерекшелiктерiне байланысты бұл малдар жыл бойы жайылымда өсiруге бейiм, төлдегiштiгi жоғары және еттiлiк сапалықтары өте жақсы. Олар шөлдi, шөлейт жерлердiң, сол сияқты таулы аудандардың жайылымдарын бiрдей пайдаланады.

Жабының дене бiтiмi мықты, басы дөрекi, мойны еттi, әрi қысқа. Бұрын жабылар аяңдап жүретiндiгiне байланысты, қазақ халқының арасында үлкен сұранысқа ие болмаған. Айғырлары 545 кг, биелерi 495 кг салмақ тартады. Биелерiнiң сүттiлiгiнiң арқасында құлыншақтары 6-7 айлық жастарында 190-210 кг салмаққа жетедi.


ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Ауылшаруашылық құстарының шаруашылықтық-биологиялық ерекшелiктерi және өнiмдiлiгi

Құстарда ұрықтың дамуы анасының ағзасынан бөлек, жұмыртқада пайда болады. Құстардың жыныстық жетiлуi жұмыртқа салғыштығының басталуына байланысты. Жыныстық жетiлуге құстардың түрi, нәсiлi, азықтандыру жағдайы және басқа да факторлар әсер етедi. Ауыл шаруашылық құстарының жұмыртқа салуы мынадай жастарында басталады: жұмыртқа бағытындағы тауықтар – 21-24 апталық жастарында, ет және ет-жұмыртқа бағытындағы тауықтар – 25-28, үйректер –25-30, күркетауықтар мен қаздар – 30-38. Жапон бөденелерi жұмыртқа салуды өте ерте 6-7 апталық жастарында бастайды.

Ауыл шаруашылық құстарының жұмыртқалағыштығы өте жоғары. Жылына тауық орта есеппен 230-250, ал ең жақсы будан тауықтар –270 және одан да жоғары, үйректер –120-160, күркетауықтар – 80-120, мысыр тауықтары – 80-150, бөденелер –200-300, қаздар – 40-60 жұмыртқа бередi.

Құс жұмыртқасыкүрделi биологиялық жиынтық. Оның құрамына тiрi ағзаның өмiрi үшiн өте маңызды қоректiк заттардың барлығы енедi. Тауық жұмыртқасының салмағы 45-75 гр, үйректер мен күркетауықтардiкi – 70-100 гр, қаздардiкi – 120-200 гр, бөденелердiкi – 8-12 гр тартады. Орташа салмақты 1 тауық жұмыртқасы қоректiлiгi бойынша 40 гр сапалы еттi немесе 200 гр сүттi ауыстыра алады. Жұмыртқаның негiзгi бөлiгiн (60%) құрылымы өте күрделi және бактерицидтiк қабiлетi бар ақуыз алып жатады.

Жұмыртқа қашыру уақытындағы ауылшаруашылық еркек малдарының жыныстық белсендiлiгiн және шәуетiнiң сапасын арттырады. Медицинада жұмыртқадан вакцина, сарысу және фармакологиялық препараттар дайындайды.

Тауықтардың тек сол жақ аналық безі ғана қызмет атқарады. Орта есеппен жұмыртқа 22-24 сағат iшiнде қалыптасады.

Құстың ет өнiмдiлiгi мен экономикалық тиiмдiлiгi балапандардың өсу қарқындылығына, құстың азықты пайдалану қабiлетiне (тiрiлей салмағына, салмақтың өсуi мен азықты өнiммен қайтаруы), балапандар мен сақа құстардың тiршiлiк қабiлетiне, тауықтардың жұмыртқалағыштығына байланысты. Ауыл шаруашылық құстарының өсу қарқыны өте жоғары. Балапандардың өсу қарқыны олардың қауырсындану шапшаңдығына байланысты.

Құс етiнің құрамында оның дәмiн жақсартатын экстрактивтi заттардың болуымен ерекшеленедi.

Соңғы жылдарда Қазақстанда түйеқұстарды өсiру iсiне ерекше көңiл бөлiнуде. Мамандардың болжамы бойынша түйеқұстардың ХХI ғасырдың құсы аталуына мүмкiндiгi әбден мол.

Бiр түйеқұстың жанұясы 70 жыл өмiр сүре алады: 1 аталығы және 2 ұрғашысы. Бойының ұзындығы 2 м, ал бiр жастағы құстың тiрiлей салмағы 100 кг жетедi. Бiр түйеқұс жылына 60-80 дана жұмыртқа немесе 60-70 балапан бере алады. Бұл 6-7 т. сапалы еттiң салмағы. Құстың ешбiр түрi осынша қысқа аралықта мұнша ет көлемiн бере алмайды. Жұмыртқасының орташа салмағы 1,5 кг тартады, одан 15-20 адамға арналған бір реттік тағам дайындауға болады.

Түйеқұс жұмыртқаларының инкубация ұзақтығы – 40 күн. Аналықтары екi жастарында, ал аталықтары үш жастарында жыныстық жетiледi. Бiрақ аналығы 12-18 жұмыртқа ғана баса алады.

Инкубациялау цехы. Инкубациялау цехының қуаты фабриканың барлық технологиялық сызбанұсқасының жұмысына байланысты. Жылына 3 млн. бройлер өндіретін фабрика әрқайсысы 14-15 мың жұмыртқадан тұратын 300-ге жуық басуды салады. Бройлер өндірудің тиімділігі биологиялық жағынан толық құнды жұмыртқалардың бір уақытта келіп түсуіне байланысты.

Толықтырғыш жас құстарды өсіру цехы. Оларды әдетте 19 апталық жасқа дейін қалың төсеніште өсіреді. 1-63 күндік жастағы 8-9 балапандарды бір шаршы метр ауданға отырғызып, кейін отырғызу тығыздығын 5 балапанға дейін азайтады. 8 аптаға дейінгі жас құстардың сақталғыштығы 95% кем емес, ал 9-19 аптаға дейін - 98% болуы тиіс.

Бройлерлерді клеткалық батареяларда өсіру. Клеткаларда құстарға қолайлы мал-дәрігерлік, санитарлық және зоотехникалық жағдайлар жасау әлдеқайда оңай. Оларды клеткада өсірудің кемшілігі – төс сүйегі килінің алғы шет жағындағы тері астында эксудат жиналуы салдарынан ұшаның тауарлық сапасы төмендейді. Алайда, қазіргі уақытта бройлерлерді өсіру мерзімі 49 күнге қысқартылғандықтан, жоғарыда аталған дертке құс шалдықпайды екен. Клеткалы батареяларда өсірілетін құстардың арасында кокцидиоз ауруына, саңғырық арқылы жұғатын ауруларға шалдығу қаупі азаяды.

Клеткалы батареялардың барлық қабаттары мен қатарларындағы ауа температурасы бірдей болуы үшін батарея жанындағы дәлізді бойлай еденнен 10-15 см биіктікте ауа беретін құбыр тартылады.



Үйрек етiн өндiру.

Үйректiң балапандары 7 апталық жастарында 3 кг және одан да жоғары салмақ тартады. Салмақтың 1 кг өсiмiне 3 кг-ға жетер-жетпес құрама жем жұмсалынады. Қазiргi уақыттың дамыған технологиясы үйректерден жыл бойы, сонымен қатар маусым сайын ет өндiрудi қамтамасыз етедi.

Үйректер жұмыртқа салуды 6-7 айлық жастарында бастап, оның алғашқы циклында (7-8 ай) 140-160 жұмыртқа табады. Содан соң олар түлейдi. Түлеу 3-4 айға созылады. Түлеу аяқталғаннан кейiн жұмыртқалаудың екiншi циклы (7-9 ай) басталады. Сөйтiп, шаруашылықта пайдаланудың бiрiншi және екiншi жылдарында әр ұрғашы үйректен 290 дана жұмыртқа алып, жалпы салмағы 600 кг-нан асатын 200 балапан өсiруге болады.

Күрке тауық етiн өндiру. Күрке тауықтар – ауыл шаруашылық құстарының iшiндегi ең iрiсi. Ересек күрке тауықтар 15-18 кг, ал 6-7 айлықтары 9-12 кг салмақ тартады. Күрке тауықтың етiнде басқа құстармен салыстырғанда ақуыз мөлшерi (28-35% дейiн) жоғары, ал май (2-5%) мен холестерин мөлшерi өте аз болады. Күрке тауықтың 1 тонна ұшасынан 780-800 кг таза ет алынады. Құстың жасына қарай тiрiлей салмағының 1 кг өсiмiне 3,5-5 азық өлшемi жұмсалынады. Күрке тауық етiн үдемелi түрде өндiрген уақытта 1 күрке тауықтан жылына 400 кг және одан да жоғары салмақ тартатын 100 балапан өсiруге болады.

Күрке тауықтың балапандары серуенсiз де жақсы өседi. Оларды едендiк, клеткалық немесе аралас әдiспен өсiредi.

Күрке тауық өсiретiн шаруашылықтардың өндiрiстiк циклi аяқталған түрде ұйымдастырылады.

ТҮЙЕ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Қазақстанның түйе шаруашылығы мал шаруашылығының дәстүрлi саласы болып табылады. 2004 жылы Республика бойынша түйелердiң жалпы саны 115 мың басты құрап, оның 7668 басы асыл тұқымды түйелерден тұрды, ал 2005 жылы 127 мың басты құрап, соның iшiндегi 8883 басы асыл тұқымды түйелер болды.

Үй түйесiнiң екi түрi бар. Мұның бiреуi - қосөркештi, екiншiсi - бiрөркештi түйелер. Қосөркештi түйенiң таза қандысын - бактриан, бiрөркештi түйенiң таза қандысын -дромедар деп атайды.

Түйелердiң шығу-тегi, шаруашылық және биологиялықтық ерекшелiктерi

Түйелер - бұл түйелердiң тұқымдасына, сүйелаяқтылар отрядына жататын сүтқоректi жануарлар. Табандарының үстiңгi бетi эластикалық мозольдi төмпешiк тәрiздес болып тұрады. Түйелер тұқымдасы 2 түрге бөлiнедi: түйелер және ламалар. Ламалардың өркешi болмайды, Оңтүстiк Американың таулы аудандарында кездеседi. Жүк тасымалдау үшiн қолданылады.

Ламалар 4 түрге бөлiнедi:



  1. альпака;

  2. гуанно;

  3. вигонь;

  4. лама.

Түйелер екiөркештi түйелер - бактриандарға және бiрөркештi түйелер - дромедарларға бөлiнедi.

Екi өркештi түйелер туралы ең алғашқы деректер ежелгi Қытай жазбаларында кездеседi.

Түйелердiң отаны – Солтүстiк Америка. Олар Аляска мен Чукотканың арасында өмiр сүре жүрiп, Солтүстiк Азияға қоныс аударған, онда қатал, суық ауа-райы мен мұздануға төзе алмай Қытай мен Үндiстанға, одан Азия, Араб және қиыр Шығыс елдерiне қоныс аударған. Бактриан (ежелгi грекше) Орта Азияның жер өңдеу мәдениетiнiң орталығы болған Бактрин атауынан шыққан.

Жабайы екi өркештi түйелер анда-санда ғана кездеседi. Жабайы түйелер Монғол және Жоңғар Алатауларында осы кезге дейiн өмiр сүредi дейтiн пiкiр бар. Мүмкiн олар әлi де Гоби шөлiнiң адам аяғы баспайтын жерлерiнде мекендейтiн болар.

Бiрөркештi түйелердiң жабайы ата-тектерi тарихи кезеңнiң қалыптасуынан бұрын жоғалып кеткен.

Жұмыс күшi, көлiктiк қасиетiнен басқа, түйенiң беретiн өнiмдерiнiң маңызы да аз емес. Түйе 15-16 ай сауылады. Сол уақыттың iшiнде аруаналар 3-4 мың литрге дейiн, ал айыр iнгендерi 1500-2000 литрге дейiн сүт бередi. Түйе сүтi өте құнарлы, өйткенi ол майлылығы мен ақуызы жөнiнен сиыр сүтiнен артық (майлылығы 6-7%, ақуызы 4-4,5%) болады. Жаңа сауылған түйе сүтi шайды жақсы үйiредi. Ал түйенiң шұбаты – қазақ халқының ең сүйiктi, дертке шипа тағамының бiрi. Түйе сүтiнiң тағы бiр қасиетi – оның iшiнде жас балалардың сүйегiн дұрыс жетiлдiретiн түрлi тұздар болады. Түйе сүтi, әсiресе, мұнай кәсiпшiлiктерiндегi жұмысшы-қызметкерлердiң денсаулығын сақтауда маңызы өте зор.

Түйенiң ерекше қасиетi – шөл және шөлейт жерлердiң қатаң жағдайларына төзiмдiлiгi. Ол шөл өсiмдiктерiн талғамай жеп, ащы су iше бередi. Соның нәтижесiнде жаз айларында қыстық май қорын iшiне, өркешiне жинап алады да, қиын-қыстау кезде ұзақ уақыт азықсыз, сусыз жүре алады. Түйенiң бұл ерекшелiгi оның қатаң табиғат құбылыстарына жауабы. Мал ағзасының мұндай ерекшелiктерi “ксерофит” деп аталады. Жазда-күзде жайылым жағдайының жеткiлiктi кезiнде жинап алған қорын азық жеткiлiксiз кезде денесiнен үнемдеп жұмсау малдың өмiрiн, ұрпағын сақтап қалудан шыққан генетикалық инстинкт. Сондай қиын-қыстау кезеңде түйенiң несеп, нәжiс шығаруы азаяды, тыныс алуы сиреп, өкпеден бу аз шығады. Түйеде терi бездерi сирек болады. Түйенiң бұл қасиеттерi оны алыс жайылымда жаюға, ұзақ жолға шыдауына мүмкiндiк бередi. Түйе iрi, күштi, әрi төзiмдi жануар.

Түйелер ауа температурасының тез ауытқуларына жақсы бейiмделедi, бiрақ жоғары ылғалдылыққа сезiмтал келедi. Климаты өте ылғалды аудандарда түйелер инвазиялардың нәтижесiнде қансызданудан өледi.

Түйенiң терiсi iрi қарамалмен салыстырғанда қалыңдау, өркешiнiң терiсi жоғары икемдiлiгiмен ерекшеленедi, иiрiмдер түзбей созылуға және жиырылуға бейiм. Түйелер ағзасындағы терi бездерiнiң аздығына байланысты аз терлейдi.

Құлақтарының кiшiлiгiне қарамастан, олар өте сақ жануарлар. Құлағының жүнi құмнан қорғайтындай етiп жаратылған.



Түйе тұқымдары

Қазақстанда қос өркештi түйелердiң тұқымы – қалмақ, қазақ, монғол, ал сыңар өркештiден аруана тұқымдары өсiрiледi. Сонымен бiрге бұл тұқымдардың будандары да көбейiп келедi.



Қалмақ тұқымы – қос өркештi түйелердiң арасында айырықша орын алады. Түйелердiң бұл тұқымы Ресей елiне ХVII ғасырдың басында, қалмақтардың батыс Қытай провинциясынан Волга өзенiнiң оң жағалауына қоныс аударған кезеңдерде әкелiндi. Гоби шөлiнiң жұмсақ ауа райы түйелер үшiн қолайлы климат болды. Бұл тұқым өте iрi, дене бiтiмi келiскен, бұлшық еттерi қуатты, әрi серпiмдi. Басы кiшкене, мойны сiңiрлi, етсiз, тарамыстары жақсы жетiлген. Түсi қоңыр және қара-қоңыр болып келедi, бiрақ кейде қуқылсары және ақ түстiлерi де кездеседi.

Қалмақ түйелерiнiң бураларының тiрiлей салмағы 650-700 кг, iнгендерi 600-650 кг салмақ тартады. Ең жақсылары 1000 кг дейiн жетедi. Бураларының биiктiгi (өркештерiмен бірге) 191 см, тұқымының ұзындығы165 см, кеуде орамы 241 см, жiлiншiгiнiң орамы – 25,4 см. Ал iнгендердiң өлшемдерi тиiсiнше 181; 172; 255; 20,9см.



Өнiмдiлiгi. 18 айлық сауым маусымы iшiнде орта есеппен 1245л сүт сауылады. Майлылығы жоғары – 6,9%.

Жаз, күз кезiнде тез семiредi, осы кезде салмағы 30% дейiн артады. Орташа тәулiктiк өсiмдерi 1145 гр жетедi. Қоңды түйелердiң өркештерiнде 100 кг астам май жиналады. Жүнi сапалы, бiркелкi жақсы өседi.



Төлдегiштiгi. 2 жасында жыныстық жетiледi, қашыруға 3-4 жасынан бастап жiберіледi. Iнгендерi шаруашылықта 20 жыл, ал буралары 25 және одан да көп жыл бойы пайдаланылады. Жаңа туған ботаның салмағы 51 кг немесе анасының салмағының 7 % ғана тең болса да, ол бiр жылдың iшiнде 5 есе көбейiп 250-260 кг жетедi. Екi жарым жылда сақа түйенiң 85% дейiн жете алады. Осындай жақсы өнiмдiк көрсеткiштерiнiң арқасында қалмақ тұқымы басқа қос өркештi түйелердiң тұқымын жақсартушы болып табылады. Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында қалмақ түйесiнiң бураларын қазақы iнгендермен шағылыстыру әдiсi кеңiнен қолданылады. Мұның өзi түйенiң салмағы мен жүнiн жоғарылатуда жақсы нәтижелер берiп келедi.

Қазақ бактрианы. Қазақтың қос өркештi түйесi барлық түйе тұқымдарының iшiнде көп тарағаны. Бұл тұқымның малдары Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан Республикаларында, Қытай Халық Республикасының батысында, Қазақстанның Мойынқұм, Қарақұм, Каспий маңы, Сырдария өзенiнiң оң және сол жақ жағалауларында және басқа да шөлдi аудандарында өсiрiледi. Қазiргi кезде бұл тұқым Қазақстанда жұмыс көлiгi ретiнде ғана емес, негiзiнен өнiм малы (ет, сүт, жүн) ретiнде кеңiнен пайдаланылады.

Жүн қырқымы: өндiрушi-буралардан – 10,-11,5 кг; iнгендерден – 5,4-5,7; 4 жастағыларынан – 4,6-5,5; 3 жастағыларынан – 4,7-4,9; 2 жастағыларынан – 4,3-4,8; 1 жастағыларынан – 3,2-4,1 кг жүн қырқылады. Жүн талшықтарының ұзындығы 7,03-9,24 см, ал таза талшық шығымы – 67,8-95,3%.

Лактацияның алғашқы 7 айындағы сүт өнiмдiлiгi 1200 л құрайды. Майлылығы – 6,12%, ақуызы – 3,82%, сүт қанты – 4,98%, күлi – 0,95%.

Монғол бактрианы түйесiнiң шыққан жерi – Монғолия елі. Сол жақтан олар Ресейге әкелiнiп таралған. Қазiргi кезде бұл түйе тұқымының денi Монғолияда, сонымен бiрге Тува, Бурят республикаларында, Чита облысында, Орта Азияның шөлдi аудандарында өсiрiледi. Монғолия түйелерi суыққа өте төзiмдi.

Бұл тұқым онша iрi емес, денесi тығыз, тұлғасы ұзындау, басы жеңiл, мойны тiк, көкiрегi кең, сүйегi мықты, бұлшық еттерi жақсы дамыған, табандары жалпақ және күстi келедi. Тең артып, жүк тасуға ойлы-қырлы жерде жүруге бейiмделген көлiк.

Буралары 550-580 кг, iнгендерi 450-500кг, кейбiреулерi 750 кг дейiн салмақ тартады. Боталарының туғандағы салмағы орта есеппен 41,5 кг болады, үш жарым жасқа толғанда олар енесiнiң салмағының 85% жетедi. Монғолдың қос өркештi түйесiнiң жүнi қою және өте жұмсақ болып келедi. Әр бурадан 8,1 кг, iнгеннен 5,2 кг жүн алынады. Чита облысында өсiрiлетiн түйелер бұдан көбiрек жүн бередi.

Өнiмдiлiгi. Сүттiлiгi басқа түйе тұқымдарына қарағанда төмен. 18 айлық сауым маусымы iшiнде әр iнгеннен 350 кг сүт сауылады. Майлылығы – 5,65%. Бұл түйелердiң еттiлiгi жақсы. Гоби шөлiнде көктем-жаз айларында пiштiрiлген атаншалар тәулiгiне 240 г, ал күз айларында – 434-658 г салмақ қосады. Түйенiң қоңдылығына сәйкес сойыс шығымы салмағының 51,9-64,1% дейiн құрайды.

Дромедарлар. Бiр өркештi түйе тұқымы аруана деп аталады. Бұл түйелер ғасырлар бойы халықтық селекция жолымен өсiрiлген тұқымдар. Жаздың аңызақ ыстығы мен құрғақшылық жағдайына көнбiс. Оның басқа да пайдалы қасиеттерi көп. ТМД елдерiндегi өсiрiлетiн түйелердiң үштен бiрi осы аруана тұқымы. Көбiрек өсiрiлетiн жерлерi: Түрікменстан, Өзбекстан, Әзiрбайжан және Қазақстан.

Аруана iрi, мүсiндi, конституциясы берiк, өте жақсы жетiлген, басы етсiз, жеңiл, еттi, ширақ және үстiңгi ернi ортасынан жырық болып бiткен, мұрны дөңес, мойны ұзын, қуатты, бұлшық еттерi жақсы дамыған, кеудесi биiк және кең, тұрқы ұзын және жұмыр, жалғыз өркеш тұтасып бiткен, артқа қарай сәл шығыңқы, алдыңғы аяқтарының табандары артқы аяқтарына қарағанда жалпақтау, терiсi жұқа, созылмалы, жеңiл. Түсi көбiнесе ақшыл және қара-қоңыр болып келедi. Басқа түстерi де болады. Бураларының салмағы орта есеппен 680-720 кг, ал iнгендерiнiң орташа салмағы 550-660 кг тартады.



Өнiмдiлiгi. Аруана iнгендерi 365 күндiк I-II лактацияда майлылығы 4,32% шамасындағы 1502 кг сүт сауымын берген. 3-8 лактацияда майлылығы 4,18% құрайтын 1718 кг сүт алынған. Iнгендердi боталағаннан соң 2-3 айдан кейiн сауа бастайды. Iнгендерiнен 2-4 кг, бураларынан 4-6 кг дейiн жүн алынады.

Аруана - өсiмтал. Олардың төлi 3 жасқа толғанда енесiнiң салмағының 75% жетiп, 350-400 кг тартады. 2-3 жастағы түйелердiң ет шығымы - 54,2%; ондағы еттiң көлемi – 69,1%, майы – 5,2%, сүйек – 21,1%, шандыр – 4,2%.

Қоңы жоғары аруана түйелерiнiң өркешiндегi майының салмағы 100-150 кг жетедi және 1 кг май жинау үшiн олар 7,4 кг азық өлшемiн жұмсайды.

Төлдегiштiгi. Үлектерiн түйе тұқымын асылдандыру үшiн 4 жасынан бастап 14-16 жыл бойы аталық ретiнде пайдалануға болады. Осы уақыт iшiнде әр үлектен 200-300 бота алады. Iнгендердi 3 жасынан 18-20 жасқа дейiн, ал жекелеген түйелердi одан да көп жылдар пайдалануға болады. Бұл уақыт iшiнде әрбiр iнгеннен 8-9 бота алынады. Боталардың негiзгi саны ақпан-сәуiр айларында туады.

Түраралық будандар. Қазақстанның бактриандар көп тараған аудандарында, оларды жұту жұмыстары жүргiзiлуде; дромедарлар көп тараған аудандарда ұрғашы будандар ұрпақтан-ұрпақ бойы өндiрушi-дромедарлармен шағылыстырылады.

Қазақ халқының арасында ертеден берi будандарды атаудың қалыптасқан терминологиясы қолданылады. Мысалы, бiрiншi ұрпақтың будан бурасын қазақтар нар, iнгенiн - мая немесе нар-мая (енесi-айыр iнген, атасы-үлек) деп атайды, тағы кезнар (енесi-қоспақ, атасы-үлек) және күрт-нар (енесi-күрт, атасы-бура) деп бөлiнедi.

Түрiкмендер бiрiншi ұрпақтың будан бурасын инэр, iнгенiн – мая немесе инэр-мая деп атайды.

Сiңiре будандастыру жолымен алынған бактриандар әр түрлi аталады: екiншi ұрпақтың будандарын бал-қоспақ (енесi-нар-мая, атасы-бура), ал келесi ұрпақтың будандарын қоспақтар деп атайды.

Сiңiре будандастыру жолымен алынған дромедарлар: екiншi ұрпақтың буралары кохэрт, iнгендерi – кердари, ал келесi ұрпақтың будандары сапалдырық деп аталады.

Бақылау сұрақтары:

1. Қандай жылқы тұқымдарын бiлесiндер? 2. Биелердiң сүт өнiмдiлiктерi? 3. Кросс дегенiмiз не? 4. Ауылшаруашылық құстарының негiзгi тұқымдары мен кростарын атаңдар? 5. Түйелердiң өнiмдiлiктерi?



Тәжірибелік сабақтардың жоспарлары:

Тақырып 1 – Ауылшаруашылық малдарының конституциясы және экстерьерi

Сабақтың мақсаты: Ауылшаруашылық малдарының конституциялық және экстерьерлiк ерекшелiктерiн оқып-зерттеу,

Әдебиет:

1. Вахитова Р.З., Найманов Д.К., Тулеубаев Т.Т. Животноводство. Учебное

пособие для начинающих курс «Животноводство».- Костанай, 2005г. 220 с.


  1. Найманов Д.Қ., Мустафин М.К., Вахитова Р.З., Аубакиров Ж.Қ. Мал шаруашылығы. Қостанай, 2007 ж. 239 б.

  2. Животноводство. Учебное пособие. – М.: Колос, 1978.

Бақылау сұрақтары: 1. Конституция дегенiмiз не? 2. П.Н. Кулешов бойынша конституция типтерiн атаңдар. 3. Қандай кондиция түрлерi бар? 4. Экстерьер дегенiмiз не? 5. Дене мүшелерiнiң индексi дегенiмiз не? 6. Интерьер дегенiмiз не?
Тақырып 2 – Ауылшаруашылық малдарының жеке дамуы

Сабақтың мақсаты: Студенттердi ауылшаруашылық малдарының жеке даму қасиеттерiмен таныстыру.

Әдебиет:

1. Найманов Д.Қ., Мустафин М.К., Вахитова Р.З., Аубакиров Ж.Қ. Мал шаруашылығы. Қостанай, 2007 ж. 239 б.

2. Александров А.Ф. и др. Практикум по животноводству.- М.: Колос, 1984. –

256с.


3. Красота В.Ф. и др. Разведение сельскохозяйственных животных.- М.: Агропромиздат, 1990.

Бақылау сұрақтары:

1. Онтогенез дегенiмiз не? 2. Өсу дамудан немен ерекшеленедi? 3. Дамымай қалудың қандай түрлерi болады? 4. Малдардың өсуi мен дамуына не әсер етедi?

5. Малдардың ағзасының дамымай қалуы. 6.Малдардың өсуi мен дамуына әсер ететiн факторлар. 4. Малдардың өмiр сүру және шаруашылыққа пайдалану ұзақтығы.
Тақырып 3 – Мал шаруашылығындағы iрiктеу және жұптау

Сабақтың мақсаты: Студенттердi мал шаруашылығындағы iрiктеуге және жұптаумен таныстыру. Iрiктеудiң сатылары. Гомогендi және гетерогендi жұптау.

Әдебиет:

1. Найманов Д.Қ., Мустафин М.К., Вахитова Р.З., Аубакиров Ж.Қ. Мал шаруашылығы. Қостанай, 2007 ж. 239 б.

2. Александров А.Ф. и др. Практикум по животноводству.- М.: Колос, 1984. –

256с.


3. Животноводство. Учебное пособие. – М.: Колос, 1978.

Бақылау сұрақтары: 1. Малдарды iрiктеу әдiстерiн атаңдар? 2. Бонитировка дегенiмiз не? 3. Жұптау дегенiмiз не? 4. Мал шаруашылығында жұптаудың қандай түрлерiн қолданады?
Тақырып 4 – Мал өсiру әдiстерi

Сабақтың мақсаты: Студенттердi мал өсiрудiң негiзгi әдiстерiмен таныстыру. Әдiстердiң ерекшелiктерiн оқып-үйрену.

Әдебиет:

1. Отарбаев А. Қолда мал өсiру. – Алматы: Қайнар, 1995 ж. 352 б.



  1. Найманов Д.Қ., Мустафин М.К., Вахитова Р.З., Аубакиров Ж.Қ. Мал шаруашылығы. Қостанай, 2007 ж. 239 б.

3. Вахитова Р.З., Найманов Д.К., Тулеубаев Т.Т. Животноводство. Учебное

пособие для начинающих курс «Животноводство».- Костанай, 2005г. 220 с.

4. Александров А.Ф. и др. Практикум по животноводству.- М.: Колос, 1984. –

256с.


Бақылау сұрақтары: 1. Мал өсiрудiң негiзiгi әдiстерi қандай? 2.Таза қанды мал өсiру дегенiмiз не? 3. Будандастыру дегенiмiз не? 4. Гибридтеу дегенiмiз не?

5. Асылдандыру жұмысы қайда жүргiзiледi?


Тақырып 5 – Азықтаңдырудың теориялық негiздерi

Сабақтың мақсаты: Студенттердi азықтандырудың теориялық негiздерiмен таныстыру.

Әдебиет:

1. Нормы и рационы кормления сельскохозяйственных животных. Справочное пособие. А.П. Калашников и др.- М.: Агропромиздат, 1985 –352 с.



  1. Петрухин И.В. Корма и кормовые добавки. Справочник.- М.: Агропромиздат, 1989г.

  2. Хохрин С.Н. Кормление крупного рогатого скота, овец, коз и лошадей. Справочное пособие.- С-Петербург, 2003.

Бақылау сұрақтары: 1.Азықтардың классификациясы дегенiмiз не?2. Жайылымдар және оларды пайдалану ерекшелiктерi? 3. Жануар тектес азықтар дегенiмiз не? 4. Нормалы азықтандырудың негiздерiң атңдар?
Тақырып 6 – IҚМ-дың биологиялық ерекшелiктерi, тұқымдары, өнiмдiлiктерi

Сабақтың мақсаты: Студенттердi IҚМ-дың биологиялық ерекшелiктерiмен, негiзгi тұқымдарымен, өнiмдiлiктерiмен таныстыру. Өнiмдiлiктерiн есептеу жолдарын игеру.

Әдебиет:

1. Найманов Д.Қ., Мустафин М.К., Вахитова Р.З., Аубакиров Ж.Қ. Мал шаруашылығы. Қостанай, 2007 ж. 239 б.

2. Төреханов А.Ә., Каримов Ж.К., Даленов Ш.Д., Найманов Д.Қ., Жазылбеков Н.Ә.Оқулық. Iрi қара шаруашылығы. – Алматы: Триумф “Т”, 2006 ж. – 408 б.


  1. Кәрiмов Ж.К., Дәленов Ш.Д., Найманов Д.Қ. Iрi қарамал шаруашылығы. Қостанай, 1996 ж. – 259 б.

Бақылау сұрақтары: 1. IҚМ-дың биологиялық ерекшелiктерi. 2. IҚМ-дың өз төлi есебiнен ұдайы өсуi. 3. IҚМ-дың өнiмдiлiктерi.
Тақырып 7 – Қойлардың биологиялық ерекшелiктерi, тұқымдары, өнiмдiлiктерi

Сабақтың мақсаты: Студенттердi қойлардың биологиялық ерекшелiктерiмен, негiзгi тұқымдарымен, өнiмдiлiктерiмен таныстыру. Өнiмдiлiктерiн есептеу жолдарын игеру.

Әдебиет:

1. Найманов Д.Қ., Мустафин М.К., Вахитова Р.З., Аубакиров Ж.Қ. Мал шаруашылығы. Қостанай, 2007 ж. 239 б.

2. Төреханов А.Ә., Каримов Ж.К., Даленов Ш.Д., Найманов Д.Қ., Жазылбеков Н.Ә.Оқулық. Iрi қара шаруашылығы. – Алматы: Триумф “Т”, 2006 ж. – 408 б.


  1. Кәрiмов Ж.К., Дәленов Ш.Д., Найманов Д.Қ. Iрi қарамал шаруашылығы. Қостанай, 1996 ж. – 259 б.

  2. Сәбденов Қ.С., Құлатаев Б.Т. Қой шаруашылығы және жүн, қаракөл мен қой етiн өндiру технологиялары. – Оқу құралы. – Алматы, “Агроуниверситет” баспасы, 2006. – 324 б.

  3. Қарабаев Ж.А., Нартбаев А.Н., Спиваков В.А. Қой шаруашылығының негiздерi.- Оқу құралы. – Алматы, 1993 ж. – 163 б.

Бақылау сұрақтары: 1. Қойлардың биологиялық ерекшелiктерi. 2. Қойлардың өз төлi есебiнен ұдайы өсуi. 3. Қойлардың өнiмдiлiктерi.


Тақырып 8 - Шошқалардың биологиялық ерекшелiктерi, тұқымдары, өнiмдiлiктерi

Сабақтың мақсаты: Студенттердi шошқалардың биологиялық ерекшелiктерiмен, негiзгi тұқымдарымен, өнiмдiлiктерiмен таныстыру. Өнiмдiлiктерiн есептеу жолдарын игеру.

Әдебиет:

1. Найманов Д.Қ., Мустафин М.К., Вахитова Р.З., Аубакиров Ж.Қ. Мал шаруашылығы. Қостанай, 2007 ж. 239 б.

2. Төреханов А.Ә., Каримов Ж.К., Даленов Ш.Д., Найманов Д.Қ., Жазылбеков Н.Ә.Оқулық. Iрi қара шаруашылығы. – Алматы: Триумф “Т”, 2006 ж. – 408 б.

3. Кәрiмов Ж.К., Дәленов Ш.Д., Найманов Д.Қ. Iрi қарамал шаруашылығы. Қостанай, 1996 ж. – 259 б.

4. Кабанов В.Д. Свиноводство. – М.: Колос, 2001.

Бақылау сұрақтары: 1. Шошқалардың биологиялық ерекшелiктерi. 2. Шошқалардың өз төлi есебiнен ұдайы өсуi. 3. Шошқалардың өнiмдiлiктерi.
Тақырып 9 – Жылқылардың, түйелердiң биологиялық ерекшелiктерi, тұқымдары, өнiмдiлiктерi

Сабақтың мақсаты: Студенттердi жылқылардың, түйелердiң биологиялық ерекшелiктерiмен, тұқымдарымен, өнiмдiлiктерiмен таныстыру. Өнiмдiлiктерiн есептеу жолдарын игеру.

Әдебиет: 1. Әкiмбеков Б.Р., Мүслiмов Б.М., Әкiмбеков А.Р., Дәленов Ш.Д. Жылқы шаруашылығы. – Оқулық. – Қостанай., “Қостанайполиграфия”, 2007 ж. – 256 бет.


  1. Муслимов Б.М. / Содержание спортивных лошадей в Костанайском конном заводе.// Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана 2004 №4, 38-39 с.

  2. Мұсаев З., Төреханов А., Сейдалиев Б. Түйе шаруашылығы.Алматы. – Бастау, 2007 ж. – 136 б.

Бақылау сұрақтары:

1. Жылқылардың өнiмдiлiгiн қалай анықтайды? 2. Жылқылардың негiзгi биологиялық ерекшелiктерi? 3. Түйе өнімділігі? 4. Түйе өмiр сүру және шаруашылыққа пайдалану ұзақтығы қанша?


Тақырып 10 – Құстардың биологиялық ерекшелiктерi, тұқымдары, өнiмдiлiктерi

Сабақтың мақсаты: Студенттердi құстардың биологиялық ерекшелiктерiмен, тұқымдарымен, өнiмдiлiктерiмен таныстыру. Өнiмдiлiктерiн есептеу жолдарын игеру.

Әдебиет: 1. Фисинин и др. Промышленное птицеводство.- М.: Агропромиздат, 1991.

2. Найманов Д.Қ., Мустафин М.К., Вахитова Р.З., Аубакиров Ж.Қ. Мал шаруашылығы. Қостанай, 2007 ж. 239 б.



Бақылау сұрақтары:

1. Құстардың өнiмдiлiгiн қалай анықтайды? 2. Құстардың негiзгi биологиялық ерекшелiктерi? 3. Жұмыртқа бағытындағы құсфабрикасындағы негiзгi цехтардың процесстер. 4. Ет бағытындағы құсфабрикасындағы процесстер атаңдар?



Шектік бақылаудың сұрақтары:

1 Малдарды қолға ұйрету қашан басталды?

2 Қолға үйрету орындары

3 Малдардың жабайы ата-тектерi

4 Қолға үйрету кезiнде пайда болған өзгерiстер

5 Қолға үйретудiң болашағы

6 IҚМ-дың ата-тегi

7 Экстерьер дегенiмiз не?

8 Экстерьердi бағалау әдiстерi

9 Малдардың дене өлшемдерiн алуға арналған құрал-саймандар

10 Малдардаң неше дене өлшемiн алады?

11 Интерьер дегенiмiз не?

12 Конституция дегенiмiз не?

13 Конституцияның типтерi

14 Кондиция немесе кемелдену дегенiмiз не?

15 .Конституцияның типтерi?

16 Онтогенез дегенiмiз не?

17 Онтогенез қашан басталып қашан аяқталады?

18 Өсу мен дамудың заңдылықтары

19 Өсу мен дамудың кезеңдерi

20 Өсу мен дамуға әсер ететiң факторлар

21 Дамымай қалу формалары

22 Эмбиондық даму кезеңiнiң ұзақтығы

23 Сүттi кезеңнiң ұзақтығы

24 Ауылшаруашылық малдарының өмiр сүру және шаруашылыққа пайдалану ұзақтығы

25 Салыстырмалы өсiм ненi көрсетедi?

26 Лактация дегенiмiз не?

27 Ауылшаруашылық малдарының лактациясының ұзақтығы

28 Сүттiң құрамына неше компонент кiредi?

29 Рекордтық сүт сауымдарын атаңдар

30 Сиыр сүтiнiң сүт майының ең жоғарғы мөлшерi қандай?

31 Сиырлардың ең жоғарғы тәулiктiк сүт сауымы

32 Лактацияда сауылған сүт мөлшерiн қалай табады?

33 Сүт майының абсолюттiк саның қалай табады?

34 Лактациядағы орташа % майлылығын қалай табады?

35 Сойыс салмағы дегенiмiз не?

36 Сойыс шығымы дегенiмiз не?

37 Еттiлiк коэффициентi дегенiмiз не?

38 Жүн өнiмдiлiгiн бағалау

39 Жұмыртқа өнiмдiлiгiн бағалау

40 Жұмыс өнiмдiлiгiн бағалау

41 Iрiктеу дегенiмiз не?

42 Iрiктеу қандай болады?

43 Iрiктеу этаптары

44 Өндiрушi-аталықты ұрпақтарының сапасы бойынша бағалау әдiстерi

45 Гетерозис дегенiмiз не?

46 Жұптаудың формалары мен әдiстерi

47 Инбридинг дегенiмiз не?

48 Туыстас шағылыстырудың дәрежелерi

49 Таза қанды мал өсiру

50 Шағылыстыру

51 Гибридтеу


52 Гибридтеу мысалдары
53 Тұқым - бұл ….
54 Тұқымдарды классификациялау
55 Өндiрiстiк классификация
56 Тұқымның құрылымы дегенiмiз не?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет