Пәнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет5/7
Дата30.11.2016
өлшемі5,82 Mb.
#2872
1   2   3   4   5   6   7

26.Сурет.Калыпты проекция жағдайындағы меридиандар мен параллельдер түрлері:А-цилиндрлік; Б-конустық; Вазимутальдық; Г-жартылай конустық; Д-жалған цилиндрлік; Е-жалған конустық(Т.С.Комиссарова бойынша)

Дәріс № 8 Картографиялық генерализация.
Географиялық объектілерді картада кескіндеудің толықтығы, дәлдігі масштабқа байланысты.Тіпті ірі масштабты карталардың өзінде де жер бетін екжей-текжейіне дейін түгел кескіндеу мүмкін емес.Өйткені,картадағы мөлшері диаметрінде 2 мм дөңгелекшенің өзі жер бетінде едәуір учаскені алады. Мәселен, 1:100 000 масштабты картадағы мұндай дөңгелекшеге жер бетінде 3 га артық аудан; мектеп атласында

1:25 000 000 масштабта 2 мың км2, яғни бірнеше ірі қала сыйып кететін территория сәйкес келеді. Мәселен, Москва 900 км2 ауданды қамтиды. Демек, картаның масштабы неғұрым ұсақ болған сайын, онда жер бетінің екжей-текжейі соғұрлым аз көрсетіледі. Карта жасағанда, біріншіден, сол картаның масштабында көрсетуге болатын объектілерді,екіншіден,жер жағдайын сипаттай алатын ең маңызды объектілерді таңдап алады. Геогрфиялық объектілер мен олардың пішіндері ірі масштабты карталарда барынша толық және екжей-текжейлі кескінделеді. Масштабты кішірейткенде жер бетіндегі екжей-текжейлерді қалдырып, жинақтауға тура келеді.Бұл қосымшадағы топографиялық карталардың үлгілерінен Баратоево поселкесі мен оның төңірегіндегі жер бетінің екжей-текжейін-объектілер мен әр түрлі құбылыстарды кескіндеудегі өзгерістерді қараңдар. Геогрфиялық объектілерді картада кескіндеу үшін іріктеп және жинақтап алуды картографиялық генерализация (жинақтау) дейді.



Шартты белгілер. Жалпы географиялық карталарда әр түрлі географиялық объектілерді кескіндеу үшін арнаулы шартты белгілер қолданылады.Олардың карта масштабында көрсетуге келмейтіндері масштабтан тыс шартты белгілер деп аталады. Ірі және орта масштабты карталарда ондай шартты белгілермен заводтар, фабрикалар, диірмендер, электр станциялар, аэродромдар, ескерткіштер, сондай-ақ құдықтар, жеке-жеке ағаштар, жол көрсеткіштері және басқа объектілер белгіленеді.Олар пішіні кескіндейтін затына ұқсас келетін жай суреттер немесе геометриялық фигуралар түрінде болады (оқулықтың соңындағы топографиялық картадан шартты белгілерін қара).Ал аудандары мен ұзындықтарын картаның масштабында кескіндеуге болатын объектілерді белгілеу үшін аудандық (контурлық)және сызықты деп аталатын ерекше шартты белгілер қолданылады. Аудандық белгілермен орман алқаптары, шалғын, көл, батпақ, және басқа объектілер көрсетіледі.Сызықты белгілер өзен, жол, труба құбырларын белгілеу үшін пайдаланылады. Масштабта сызықты белгілер осы объектілердің ұзындығын ғана көрсете алады. Ал объектілердің ені үлкейтіліп беріледі, сондықтан оны картадан өлшеуге болмайды. Мәселен,

1 : 100 000 масштабтағы картада көрсетілген темір жолдың ені оның нақтылы енінен 10 еседен асып түседі. Сол себептен де ұсақ масштабты картадан тіпті Волга сияқты ірі өзендердің де енін өлшеуге болмайды. Бұлардан басқа түсініктеме шартты белгілер де болады.Олар объектінің сипаттамасын толықтырып тұрады.Мәселен, өзендегі стрелка ағыстың бағытын көрсетеді, орманның контурындағы ағаштың (жапырақты немесе қылқанды) суреті белгілі бір ағаш тұқымының басым екендігін білдіреді.

Топографиялық карталарда көрсетілген обьектілерге қосымша анықтама беру үшін түсіндірме шартты белгілер қолданылады. Мысалы, көпірлердің ұзындықтарымен жүк көтерімділігі, өзендердің ағыс жылдамдықтары, өткелдің тереңдігі мен түбі, елді қоныстағы үй саны, ормандағы ағаштардың орта биіктіктері мен жуандықтары және түрі т.б. Түсіндірме шартты белгілер түрлі жазулар мен цифрлармен көрсетіледі.


Дәріс № 9 .Физикалық (жалпы географиялық) карталар
9.1. Географиялық карталардың маңызы.

Географиялық карталарда жер беті кішірейтілген түрінде картографиялық проекциялар мен шартты белгілердің көмегімен кескінделеді. Карта бойынша жер беті немесе оның бөлігі туралы дұрыс түсінік алуға болады.Халық шаруашылығының көптеген ғылыми және практикалық мәселелері солардың жәрдемімен шешіледі.Оның үстіне карта соғыс ісінде кеңіне қолданылады.Олар сонымен қатар құрылысты жоспарлағанда және жобалағанда,геологиялық зерттеулер жүргізгенде,жол ісінде,теңіз және әуе навигациясына,космосқа ұшқанда қажет.Географиялық карталар сан алуан мақсатта қолданылатындықтан,оларды әр түрлі масштабта және әр түрлі мазмұнмен дайындайды.



9.2.Картаны масштабына қарай айыру.

Масштабына қарай карталар ірі,орта және ұсақ масштабты деп бөлінеді.



Ірі масштабты карталарға масштабы 1:200 000-нан ірі ( 1:10 000, 1:25 000, 1:50 000, 1:100 000) карталар жатады.

Оларда жер беті екжей-текжейлі кескінделеді,өйткені олар территорияны жете зерттеуге,жер бетінде бағдарлауға,өлшеулер мен есептеулерді масштабтың мүмкіндігінше барынша дәл жүргізуге арналған.Ірі масштабы жалпы географиялық карталар топографиялық карталар деп аталады.



Орта масштабты карталарға масштабы 1:200 000-нан 1:1 000 000 дейінгі

(1:1 000 000 қоса) карталар жатады. Олар көлемі едәуір территрияларды жалпы зерттеуге және ерекше дәлдікті талап етпейтін өлшеулер мен есептеулер үшін қолданылады. Мұндай карталарды топографиялық шолу карталары деп атайды. Жер бетін миллион еседен артық кішірейтіп кескіндейтін карталар ұсақ масштабты географиялық карталар деп есептелінеді.Олар көлемді территорияларды зерттеуге арналады.




Дәріс № 10.Тақырыптық карталар
10.1.Тақырыптық немесе арнайы карталар деп физико-географиялық, әлеуметті-экономикалық немесе басқа сипаттағы құбылыстарды бейнелеуге арналған карталарды айтамыз.

Олар жалпы географиялық картаның мазмұнына кіретін белгілі бір элементті (мыс, жер бедерін) өте толық және жан-жақты баяндайды немесе жалпы географиялық картада жоқ құбылыстарды (белгілі бір жердің геоллгиялық құрылысын, климат жағдайын т. б.) көрсетеді.

Арнаулы карталардың графикалық образы екі «қабаттан» тұрады: географиялық негіз және арнайы жүктемелер.

Географиялық негіз – территорияның географиялық жағдайын бейнелеу. Географиялық негіз жалпы герграфиялық карта мазмұнының кейбір элементтерінен тұрады, олар- гидрографиялық жүйе, елді мекен, саяси-әкімшілік рубеж, дегенмен олар бағынышты маңыздылықта болғандықтан генерализацияланған. Тақырыптық карталардың географиялық негіз мазмұны арнайы жүктемелермен байланыстырылған. Геологиялық карталарда, мысалы, гидрография элементтері, экономикалық карталарда –елді-қоныстар, жолдар желісі т.б. толығымен көрсетілген.

Арнаулы жүктемелер құбылыстарды түрлі әдістер көмегімен көрсетеді.

Тақырыптық карталар классификациясы.

1.Тақырыбы бойынша:

Физико-географиялық;

әлеуметтік-географиялық;

техникалық (инженерлік, жерге орналастыру, теңіздік, навигациялық).

2.Толық сипаттама белгілері бойынша:

жалпы (мысалы, геологиялық карталарда құбылыстар тұтас көрсетіледі);

жекеше (құбылыстар бір жақты көрсетіледі, мысалы төрттік шөгінділер).

3.Сипаттамалар мен көрсеткіштерді қорытындылау дәрежесіне:

аналитикалық (карталар нақтылы көрсеткіштері бойынша құрылады, мысалы: жауын-шашын, қар жамылғысы биіктігі);

синтетикалық (құбылыстар тұжырымдау көрсеткіштері бойынша сипатталады, мысалы: климаттық карталарда)

кешенді (белгілі бір байланыстағы құбылыстар көрсетіледі, мысалы: ландшафтық және экономикалық).

10.2.Құбылысты бейнелеу әдісі

Картадағы әрбір құбылыстарда белгілі бір сапалық және сандық көрсеткіштері бойынша бейнеленеді, олар сапалық сипатта немесе карта аңызында түсініктеме ретінде көрсетіледі.

Құбылыстардың сапалық сипаты 2 тұрғыдан қарастырылуы мүмкін

1.Карталаудың критерийі болып құбылыстар арасындағы әртүрлі сапалық жағдайдың ұқсастық белгілері алынады.(Мысалы, гидрологиялық карталарда бассейндер бойынша бөлу бар, олар өз кезегінде гидрологиялық режимнің ұқсастық дәрежесіне қарай сәйкес типтерге бөлінеді.

2.Критерий болып әртұрлі сандық жағдайдың түрліше болуы немесе ұқсастық емес белгілері алынады. (Мысалы, этнографиялық карталар)

Сандық сипаттамалар жиынтық шамалары (халық саны), немесе салыстырмалы (халықтар тығыздығы), немесе нақтылы сандық көрсеткіштер арқылы көрсетіледі.Сонымен тақырыптық карталарда түрлі құбылыстар мен олардың орналасу ерекшелігі көрсетіледі. Бұл құбылыстар нүкте, сызықтар, аудандарбойынша таралуы немесе тұтас, шашыраңқы түрде болуы мүмкін.Карталарда оларды бейнеленудің арнайы әдістері болады.



10.3. Белгілік(таңбалық) әдіс.

Бұл әдіс өзінің қарапайымдылығы және графикалық дәлділігі жағынан тақырыптық карталарда жиі қолданылады. Белгілі бір пунктерге шоғырланған құбылыстарды, мысалы жеке кәсіпорындар, пайдалы қазбалардың кен орындарын көрсету үшін қолданылады.

Шартты белгілер формасы, түсі, мөлшері бойынша ажыратылады. Түс пен форма сапалық сипатты, ал мөлшері сандық сипатты көрсетеді (30-сурет)

Формаларына қарай төменгідей түрлерге бөлінеді:



1.Геометриялық белгілер, геометриялық фигуралар түрінде көрсетіледі.Бұл бейнелеу әдісі қарапайым және көрнекі, олар геометриялық орталығы бар жергілікті жерде орналасқан обьектілердің орнына сәйкес келеді, дегенмен мұндай фигуралар шектеулі ғана.

2.Әріптік белгілер.Бұлай бейнелеудің қиындығы, бір әріп бірнеше обьектілерді көрсетуі мүмкін. Адамдар баспадан шыққан карта тілін білмегендіктен бұл белгілер түсініксіз болуы мүмкін (мысалы, «темір» қазақша, «железо» орысша, «зелизо» украиншша). Әріптер әр түрлі аумақты алуы мүмкін, сондықтан бейнеленетін құбылысты бұрмаландыруы мүмкін.

3.Символикалық белгілер. Обьектілердің өзіндік сипатын білдіреді.: мысалы, ас тұзы -тұз кристаллдары; мұнай кен орындары- мұнай құбыры түрінде. Бірақ, барлық обьектілер үшін мұндай символдар қолдану мүмкін емес.

3.Көркемді белгілер ұсақ суреттер түрінде көрсетіледі.Мұндай белгілер мектеп карталары мен карта-плакаттарда қолданылады.Белгі аумағы құбылыс санына пропорциональды болса, яғни құбылыстың абсолюттік масштабы туралы айтуға болады.

Құбылыс көрсеткіш санына пропорциональды болатын белгі мөлшерін анықтау үшін, алдымен масштаб негізін анықтап алу керек.

Масштаб негізі дегеніміз 1 мм белгі аумағына сәйкес келетін құбылыс саны. Масштаб негізіне үшбұрыш биіктігі, квадрат жақтары, шеңбер диаметрі алынады.

Мысалы, электостанцияны қуатының күштілігіне сәйкес дөңгелек түрінде бейнелеу қажет делік. Шартты түрде диаметрі 1 мм дөңгелек 500кВт қуатты электростанцияны көрсетеді. Бұл болашақта бейнеленетін электростанциялар аумағын анықтауға сәйкес алынатын масштаб негізі( дәл осылай квадрат жақтары мен үшбұрыш биіктіктері де 1 мм болуы мүмкін). Белгі ауданы құбылыс шамасы көрсеткіштеріне пропорционал болуы керек.

Белгі шамасы бір элемент шамасы анықталғанан кейін, 1 мм элементке ұқсас төменгідей формула бойынша анықталады:

а=
мұндағы, А-құбылыс шамасы; М- масштаб негізі; а-сызықтық белгі мөлшері.

Мысалы, Қала тұрғындары картасын құру қажет. Масштаб негізіне 5000 тұрғынға сәйкес белгі ретінде квадрат алынады. Егер қалада тұрғылықты халық саны 846 393 болса, квадрат қабырғалары (а) неге тең екенін анықтау қажет. Есептулер бойынша ол картада квадрат қабырғалары 13 мм тең етіп белгіленеді:

а=

Карта аңызында міндетті түрде масштаб негізі шамасы көрсетіледі: мысалы, дөңгелек диаметрінің 1 мм құбылыстың белгілі бір өлшемін көрсетеді.



Абсолюттік масштабтың құндылығы оның дәлділігі, бірақ ол картаның тез қартаюына себеп болады.

Бұл жағдайды болдырмаудың жолы- графикалық шартты шкаланы қолдану (еркін масштаб). Графикалық шартты шкаланы құру үшін шартты белгінің ең үлкен және ең кіші мөлшері анықталады, ал қалған шамалар осылардың араларында қалады.

Көп жағдайларда сандық көрсеткіштердің интервалдары қолданылады; әр интервалға белгілі бір шама белгісі сәйкес келеді.

Интервалдар әр түрлі болады:

1.Тең интервалдар.

2.Қайталанатын интервалдар.

3.Интервалдар сәйкестігі.

Белгілер қарапайым және құрылымды болады (обьект құрылымына пропорциональды бөліктерге бөлінеді). Мысылы, шеңбер обьектіні толық көрсетсе, ал оның ауданы 100% сәйкес келеді. Ол радиус бойынша бөлінеді: 1%- сектор ауданы, ол 3,6° доғаға негізделеді. Квадрат белгілер 10х10=100% сәкес келеді (31ші сурет).

Белгілік әдіспен құбылыстар динамикасын нақтылы жағдайын көрсетуге болады (орталығы бар өсінділер, 32- ші сурет).

Локальды диаграммалар. Бұл диаграммалар белгілі бір пункт, нүкте, аудандарға арналған. Бұл әдіс маусымдық және кезеңдік құбылыстар сипатын көрсету үшін қолданылады. Көбінесе, температураның жылдық жүрісі, ай сайынғы жауын-шашын мөлшері, қар жамылғысы динамикасы, өзеннің жылдық ағысының таралуы, желдің күші мен жылдамдығын көрсету үшін қолданылады.

Картодиаграмма. Бұл картадағы құбылыстар шамасын диаграммалық фигуралар көмегімен көрсету әдісі- территорияға бөлінген торларда орналасқан еркін белгілер. Картодиаграммалық әдіспен территорияны әкімшіліктерге бөлуде қолданылады. Белгілік әдістен диаграммалық фигуралардың айырмашылығы, олар тек жеке обьектіні емес, белгілі бір аудандағы құбылыстар шамасының жиынтығын- дөңгелек, квадрат, үшбұрыш белгілері түрінде көрсетеді. Бұл әдіс экономикалық географияда жиі қолданылады, себебі белгілер жеңіл есептелінеді, диаграмма құрастыруға болады, көрнекі және нақтылы (35-ші сурет).

Картограмма.Картада құбылыстар шамасы абсолюттік емес салыстырмалы түрде бейнеленеді (мысалы, халықтар тығыздығы). Бұл әдістің маңыздылығы, территориялық бөліну торында аудан шегіндегі құбылыс сипатамасының географиялық өзгешелігі қарқынды бояу немесе штрих түрінде көрсетіледі.Шартты түрде бұл аудан біртекті болып қабылданады (36-ші сурет).

Құбылыстардың сандық дәрежелері сатыланып көрсетіледі. Әр сатыға өзіндік бояу немесе штрих сәйкес алынады. Картадағы саты саны 8-10-нан артық болмауы керек. Шкала әртүрлі болуы мүмкін (37-ші сурет).Құбылыстың салыстырмалы шамасы көп болған сайын, бояу түсі де қарқынды болады.



Картограмма әдісін қолданғандағы басты шарт- картадағы аудандарды бейнелеуде боядың тек бір түрін қолданы (қарқындылығы әртүрлі).

Аралдар әдісі (латын тілінен аударғанда area-аудан).Бұл әдіс арқылы картада кескінделенетін құбылыстардың таралу ауданы көрсетіледі. Аудан контур немесе бояу және штрих түрінде суретті пайдалану арқылы көрсетіледі.Аралдар әдісі карталарда маңызды құбылыстар аудандарын карта масштабына сәйкес көрсетуде қолданылады. Бұл әдіс өзінің қарапайымдылығы және айқындылығына байланысты кеңінен қолданылады. Белгілік әдістен айырмашылығы белгілі бір нүкте емес бүтіндей территорияны көрсетеді, мысалы, ауыл шаруашылық жерлер, дәрілік өсімдіктер ареалы т.б. Ареалдар абсолюттік- құбылыстар контуры шектеулі тек осы ареал ішінде және салыстырмалы- құбылыстардың ең көп шоғырланған жерлері.

Әр түсті немесе сапалық фон әдісі кескінделетін територияны тек белгілі бір көрсеткіші немесе сапалық сипаттағы біртекті көрсеткіштері жиынтығы арқылы жеке бөліктерге бөлгенде қолданылады. Барлық бөліктер не әр түрлі түске боялады немесе штрихтау арқылы ерекшелінеді. Мәселен, саяси карталарда әр түрлі түспен мемлекеттердің территориялары, ал ТМД-ның саяси-әкімшілік карталарында-одақтас республикалардың территориялары боялады. Тақырыптық карталарда сапалық фон әдісімен өсімдік, топырақ зоналары, тау жыныстарының жасы, ауыл шаруашылығына пайданылатын жерлер көрсетіледі.

Қозғалыс сызықтары. Мұндай сызықтармен, көбінесе стрелкалармен, карталарда ауысу бағытын, мәселен, жүктердің темір жол, тас жол және басқа жолдармен тасылуын, теңіз қатынас жолдарын, авиа жолдарды және т.б. көрсетеді. Қалыңдығы және түсі әр түрлі сызықтармен қозғалыстың сандық және сапалық сипаттамалары беріледі. Мәселен, қызыл және көк сызықтармен және стрелкалармен теңіздер мен мұхиттардағы жылы және суық ағыстар кескінделеді, жыл мезгілдеріндегі желдердің бағыты көрсетіледі.

Стрелкалар әр түрлі жағдайларда қолданылады. Стрелкалар экономикалық карталарда тасымалдау бағытын, синоптикалық карталарда желдің бағыты мен күшін көрсетеді Егер стрелкалар жолақтардағы қозғалыстарды көрсетсе, оларды бірнеше қатар етіп көрсетеді (мысалы, теңіз ағыстары).

Сызықтармен картадағы саяхатшылар маршрутын, темір және теңіз қатынас жолдарын көрсетеді. Сызықтар сапалық көрсеткіштерді сипаттауда қолданылады, олар сандық мазмұн бергенде масштабты анықтап оны сақтау қажет. Мысалы, тасымалдануды белгілегенде 2 мм қалыңдықтағы сызықтарға 100 тонна тасымалданатын жүк сәйкес келеді, ал 0,5 мм –ге 10 тонна т.с.)-(38-шы сурет).

Эпюра –ленталық картодиаграмма , оның көмегімен тасымалданатын және тасымалданып әкелінетін жүктер ағыны шамасы мен құрамы кескінделеді (көлемі, саны).Эпюра қалыңдығы тасымалданатын құбылыс санын көрсетеді. Аңыздар құрастырылғанда кез-келген шкала түрі қолданылады. Эпюра өз осімен траектория қозғалысына орналасады. Масштабта орналасқан эпюра қалыңдығы бойынша түрлі штрих түрінде тасымалданған көлем құрылымын кескіндеуге болады.

Изосызықтар әдісі. Изосызықтар деп жер бетіндегі қандай да болмасын бір құбылысты сипаттайтын мөлшерлік мәні бірдей нүктелерді картада қосатын бір қалыпты қисық сызықтарды айтады. Мәселен, изосызықтарға өздерің 5 класстан білетін горизонтальдар жатады. Бұлар жер бетіндегі теңіз деңгейінен биіктігі бірдей нүктелерді қосатын қисық сызықтар.

Изосызықтар мысалы-изогипстер мен изотермалар. Изосызықтар әдісі мен көрсетілу үшін құбылыстардың бірқатар ерекшеліктері болуы керек:

1)барлық жерлерде таралуы керек, яғни барлық жерлерде болуы (мысалы, рельф);

2) сандық жиынтық көрсеткіштерінің қолдану мүмкінділігі;

3)бір-бірінен алшақ орналасқан түрлі нүктелер құбылыстарының біркелкі болмауы;

4)құбылыстар қозғалысы өзгерісінің бір нүктеден екінші нүктеге өтуі баяу және

сылбыр.

Изосызықтар көбінесе табиғат құбылыстары карталарында жиі қолданылады. Бұл әдістің дәлділігі жоғары. Изосызықтар жүргізу үшін интерполяциялау әдісі қолданылады (біркелкі кесінділерге бөлу). Яғни, карталарда құбылыстардың шамасы белгілі нүктелері болуы және бөлу мөлшері анықталуы қажет- көрші изосызықтар арасындағы саты (жүріс шамасы).


10.4..Тақырыптық карталардың негізгі түрлері

Табиғат карталары. Геологиялық карталар территорияның геологиялық құрылымының сипаттамасын жан-жақты және толығымен көрсетеді.Геологиялық карталарда жастық принцтері бойынша біріктірілген тау жыныстары комплекстері берілген. Тау жыныстары фондық әдіс бойынша стандарттық түске сай көрсетілген.

Рельфке арналған карталар арасында кеңінен таралғандары гипсометриялық және геоморфологиялық карталар. Гипсометриялық карталарда биіктіктер дәлділікпен анықталған, рельефтің типі мен формасы көрсетілген. Рельеф формаларының шығу тегі туралы геоморфологиялық карталар көрсетеді.

Климаттық карталарда белгілі территорияның климатерекшелігі туралы толық мағлұматтар беріледі. Жекешеленген карталардың түрлеріне климаттың аудандастыру карталары жатады.

Синоптикалық карталар локальдық диаграммалық әдіс және цифрлар түрінде метеостанциялардың бақылаулар нәтижелерін көрсетеді. Изобаралармен қысым, сызықтық белгілермен-атмосфералық фронттар немесе түрлі ауа масса облыстары шекаралары көрсетіледі.

Топырақ карталарында әртүрлі топырақтар сапалық фондық әдіспен көрсетіледі, индекспен белгіленеді, топырақтың механикалық құрамы штрихпен көрсетіледі.

Ландшафттық карталар түрлі рангтегі табиғи кешендерді -ландшафттар, жергілікті жерлер, қоныстарды көрсетеді. Табиғи кешендерді түрлі штрихтар, сапалық фон әдісімен бейнелейді.



Әлеуметтік-экономикалық карталар. Әлеуметтік-географиялық және тұрғындар картасы тұрғындардың саны, орналасу ерекшелігі, ұлты, жастық құрамы негізінде жалпы тұжырымдалған сипаттамаларды көрсетеді. Бейнелеу әдісі әртүрлі, негізінен нүкткелік, аралдар әдісі қолданылады.Халықтар тығыздығын картограмма әдісімен, орналасуын (елді қонысты) белгілік әдіспен бейнелейді.

Саяси және саяси-әкімшілік карталар сапалық фон әдісімен құрастырылып, территорияның қай мемлекетке жататынын, дүние жүзінің саяси құрылымын, жеке региондарды көрсетеді.

Экономикалық карталар шаруашылықтың жағдай мен ерекшелігін көрсетеді. Құбылыстар фондық әдіспен стандарттық бояу қолдану арқылы көрсетіледі.

Дәріс № 11. Карта мен атластарды құрастыру көздері
11.1.Картаны құрастыру көздері түрлері

Картография өз өнімдерімен шаруашылықтың көптеген салаларын, ғылымды, мәдениетті, білімді және қоғамның қызмет көрсету сфераларын қамтамасыз етеді.Өз кезегінде картография қажетті мәліметтерді алу үшін түрлі көздерді қолданады –олар картаны құрастыруға пайдаланылатын әртүрлі құжаттар.

Мәлімет жинақтаушы көздер:

* астрономия-геодезиялық мәліметтер;

* жалпы географиялық және тақырыптық карталар;

* кадастрлық мәліметтер, жоспар және карта;

* дистанциялық зондпен тексерілу материалдары

* тікелей өлшеу мен бақылау мәліметтері;

* гидрометеорологиялық бақылау мәліметтері;

* экологиялық және басқа да мониторинг мәліметтері;

* экономика-стстистикалық мәліметтер;

* сандық модельдер;

* лабораториялық талдау нәтижелері;

* әдебиеттер (мәтіндік) көздер;

* теориялық және импирикалық заңдылықтар.

Құрастырылатын карталық өнімнің қолданылу мақсатымен тақырыбына байланысты бұл мәліметтер көзі негізі, қосымша және көмекші құрал ретінде пайдаланылады. Мысалы, экономикалық-географиялық карталар үшін негізгі көздер болып статистикалық есеп мәліметтері, ал фотогеоглогиялық карталар үшін- далалық геологиялық түсірім материалдары саналады.

Мәлімет жинақтау көздері картографиялық обьектінің қазіргі жағдайын көрсететін және ескірген, оның өткен немесе ертеректе зерттелген сатысын көрсететін болып бөлінеді. Кей жағдайларда, мысалы, тарихи карталар, палеографиялық конструкциялар және құбылыс динамикаларын көрсету қажет болған жағдайда ескі мәліметтер өте құнды болып есептеледі.

Сонымен қатар, картографияға қажет мәлімет көздерін алғашқы- тікелей өлшеу және бақылау жүргізілуден алынған мәліметтер және соңғы –алғашқы материалдарды өңдеу және өзгерту нәтижелерін пайдаланудан алынған мәлімет көздері деп екіге бөлінеді. Алғашқы және соңғы мәлімет көздері өңдеу процесі кездерінде өздерінің нақтылығы, дәлділігі, тұжырымдалу деңгейі, генерализациялану дәрежесіне және тағы басқа сипаттамалырына қарай енгізіледі.


11.2.Астрономия-геодезиялық мәліметтер

Бұл мәлімет көздеріне астрономиялық бақылау, гравиметриялық өлшемдер, триангуляция және трилатерация, полигономерия, жергілікті нивелирлеу нәтижелері жатады. Бұл мәліметтер жоспарлық жағдайы мен теңіз деңгейінен салыстырмалы биіктігі анықталған картаның координаталық (жоспарлық және биіктік) негізін, яғни пунктер желісін және Жердің фигурасын есептеу, эллипсоиды параметрлерін есептеу үшін қажет.

Әртүрлі класты геодезиялық желілер пунктері жергілікті жерлерде орталықтары арқылы жерлерге бекітіледі. Жерге бекітілген геодезиялық желілер пунктерінің үстіне танымдық белгі орнатылады, олар металл немеме бетон бағаналарға отырғызылған пирамидалар немесе сигналдар.

Соңғы кездері геодезиялық желілерді құру үшін кеңінен позициялаудың глобальдық жүйесі қолданылуда (ПГЖ). Сонымен қатар, оларды позициялаудың спутниктік жүйесі деп те атайды. Позициялаудың спутниктік жүйесі Жерге радиосигналдар беріп тұратын биік орбиталарға жіберілген жасанды спутниктер негізінде құрылған. Спутниктерді тәуліктің кез келген уақытында Жер бетінің кез келген нүктесінен көрінетіндей (естілетіндей) етіп орналастырады. Оларды жұлдыздар сияқты астрономо-геодезиялық өлшемдер жүргізген кезде де бақылауға болады. Позициялаудың глобальдық жүйесі жер бетінде жүргізілетін геодезиялық өлшемдер мен триангуляциялық пунктер арасына жүрістік жолдар орнатпай-ақ автономды түрде жергілікті жердің кез келген нүктелерінің координаталарын анықтауға болады.

Позициялаудың глобальдық жүйесінің ашылуы геодезиялық өлшемдер жүйесінің революциялық өзгеруіне және картографияның ақпараттық жабдықталуының жаңаша принпиальдық мүмкіндіктеріне жол ашты. Жергілікті жерде бақыланатын координаталық байланыс өнімділігі 10-15 рет артып, ең басты жеңістік - барлық өлшемдер триангуляция желілеріне бағынышты болмай автономды түрде жүргізіледі. Геодезиялық пирамидалар желісін қысқартуға мүмкіндік берді, мысалы, Ресейде қызмет көрсететін 370 мың ПГЖ саны 20 мыңға дейін қысқартылды.

Астроно-геодезиялық мәліметтер барлық топографиялық және тақырыптық түсірімдерді байланыстыруға қажет болса, геодезиялық пунктер желісі- карталардың математикалық негізінің басты элеметтерінің бірі.


11.3.Картографиялық мәліметтер көзі

Жалпы географиялық карталар кез келген тақырыптық карталарды құрудың сапалық мәлімет көзі болып саналады. Олар тақырыптық карталардың мазмұнын түсірудің негізі болып саналады. Топографиялық, көрнекілік-топографиялық және көрнекілік карталар- мемлекеттік инструкциялар, дәлділік талапты қатаң сақтайтын стандарттық жүйенің шартты белгілері арқылы құрылатын сенімді де нақтылы көздер. Рессей территориясының барлығы

1:25 000 және одан кішірек топографиялық карталармен жамыған. Жеке териториялар үшін одан ірірек масштабты карталарға арналған.Салыстырмалы түрдегі аумағы кішірек мемлекеттер ірі масштабты карталарға түсіріледі , мысалы Ұлыбритания бүтіндей 1:2 500 картаға түсірілген.Бүкіл планетаны 1:1 000 000 (1 000 парақты) және 1:2 500 000 масштабты (262 парақты) карталар қамтиды.

Жалпы географиялық карталарды тек тақырыптық карталар мазмұнын байланыстыруда ғана пайдаланбайды, сонымен қатар ол картографиялаудың географиялық нақтылығын қамтамасыз ете отырып, оның қаңқасының негізі болады, яғни осыған сәйкес түсіріліп, құрылатын картаның тақырыптық мазмұны байланыстырылып, әртүрлі тақырыптағы карталар өзара келісіледі.

Тақырыптық картографиялық материалдар - тақырыптық карталарды құрудың негізгі көзі. Оларға далалық тақырыптық түсіріс нәтижелері (ірімасштабты пландар, схемалар, абристар, маршруттық және станционарлық түсірімдер т.б.), пайдалану мақсаты мен масштабы әртүрлі тақырыптық карталардың өзі , арнаулы материалдар-жерді пайдалану схемалары, орманды орналастыру жоспарлары т.б.

Ірі масштабты карталар әрдайым ұсақ масштабты карталардың негізі болады, басты маңыздылығы бір тақырыпты карталар аралас тақырыпты карталар құруда пайдаланылады. Мысалы, топырақты картографиялауда өсімдік жамылғысы және геоморфологиялық, геоморфологиялық карталарда- геологиялық және тектоникалық, транспорттық карталарда орналастыру т.с.с карталар пайдаланылады. Аудандастырудың синтетикалық карталарын құрастыруда мәліметтік көздер болып әртүрлі тақырыпты карталар сериялары пайдаланылады. Қазіргі кездегі тақырыптық карталардың молдылығы оларды кез-келген картаны құрастыруда тиімді пайдалану жолдарын қарастыруды және картографтан терең географиялық білімді қажет етеді.

Мәлімет көздерінің ерекше бір түрі- кадастрлық карта және пландар. Бұл мәліметтер табиғи ресурстар мен құбылыстардың сапалық, сандық сипатын, орналасу жағдайын құжаттық дәлділікпен көрсетеді де, оларға экономикалық және әлеуметтік-экономикалық баға береді, тиімді пайдалану және қорғау жайындағы ұсыныстар көрсетіледі. Осындай карталарға жер, қала, пайдалы қазбалар, орман, су, кәсіптік кадастрлар жатады.

11.4.Дистанциялық зондпен тексерілу материалдары

Дистанциялық зондпен тексерілу материалдарын ауада ұшатын және космостық аппараттар, кемелер, жер асты қайықтары, жер беті фототеодолиттік станциялдардың жанаспай түсіру нәтижесі арқылы алынады. Кейбір дистанциялық зондттаудың схемалық бейнелері суретте көрсетілген (-ші сурет.). Картографияда жиі қоланылатын материалдарға–космостық түсірімдержатады, олар, экономикалық тиімді бола отырып, мәліметтері аэротүсірімдерге жуық болады. Бұл материалдар масштабы, қамтуы, қолдануға рұқсат етілуі т.б. қасиеттеріне қарай алуан түрлі болады.


Дистанциялық зондттау мәліметтері басқа карта құру көздеріне қарағанда бірқатар артықшылықтары бар:

* космостық бейнеленідің көрнекілігі- детальдық түсірімдерде ондаған километрлік ғаламдық қамтудан - ауқымды кеңістіктердің экономикалық картографиялануын қамтамасыз етеді

* космостан түсірілген бір территорияның рұқсат етілуі мен генерализациялығының түрліше болуымен қатар, қосымша әлтүрлі масштабты карталарды қайтадан өңдеумен құруға мүмкіндік бере отырып, картографиялау процесі ұзаққа созылатын ірі масштабты карталардан ұсақ масштабты құру қажеттілігінен босатады.

* жобалау центрінің биіктік жағдайында бейнелеуді құрудың орталық проекциясы ортогональдыға жақындау болатындықтан, карта құрудағы фотограметриялық өңдеуді жеңілдетеді.

* кезеңдік тапсырысты қайталау түсірімдер, динамикалық картографиялауды және уақыт барысында тез өзгеріп отыратын құбылыстар мен процестер мониторингін қамтамасыз етеді.

* қиын аудандарды - шөлейт, марштар, биік таулы жерлер, полярлық аудандар, Антарктиданы картографиялауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, басқа планеталар мен олардың серіктерін түсіру проблемаларын шешеді.



* космостық түсірімдердің көрнекілігі мен айқындылығы картографиялық өнімдердің жаңа түрлерінің – фотокарталар мен жер бетінің биофизикалық сипаттамасыының спутниктік карталарының пайда болын қамтамасыз етті.

Ғарыштықтық түсірімдер классификациясы
Масштабы бойынша

Өте ұсақ масштабты

1:10 000 000-1:100 000 000

Ұсақ масштабты

1:1 000 000- 1: 10 000 000

Орташа масштабты

1:100 000-1:1 000 000

Ірі масштабты

1:10 000-1: 100 000



Көрнекілігі бойынша

Ғаламдық (планета)

S =n10 8 км L=10 000 км

Ірірегиональды

S=n10 6 км 2 L=500-3000 км

Региональды

S=n 10 4 км 2L=50-500 км

Локальды

S=n 10 2 км 2 L=10-50 км

Кеңістікте рұксат етілуіне

Төменгі рұқсат етілі түсірімдері

R m n 1000м

Орташа рұқсат етілі түсірімдері

R m= n 100 м

Биік рұқсат етілі түсірімдері

R m= n 10 м

0-100 м- салыстырмалы биік

10-30-биік

Өте биік рұқсат етілі түсірімдері

R m= n 1 м


Аса биікрұқсат етілі түсірімдері

R m= n 1 м кіші

S- түсірім қамтығын аудан

L- қамтыған жолақ кеңдігі

n- 1+9

R m –жергілікті рұқсат етілуі



* Жер ландшафтысы компонентерін бір түсірімде кешенді бейнелеу картаграфияланатын обьектілердің кеңістіктегі байланыстарын дұрыс берілуін камтамасыз етеді.

Осыған байланысты аэрокосмостық түсірімдер, картографияда топографиялық карталарды жедел жаңарту, тақырыптық және фотокарталарды құру және аз зерттелген, түсірілуі қиын аудандарды картографиялауда қолданыс тапты.

Түсірілімдер ультракүлгін, көрінетін және жақын қызылкүлгін, орташа қызылкүлгін, жылылық қызылкүлгін спектрдің радиотолқындарында жүргізіледі. Көрінетін және жақын қызылкүлгін диапазондар, обьектілердің шағылыстыру қабылетіне сәйкес шағыстырылатын күн сәулелерін тіркейді.Түсірілімдерде обьектілердің оптикалық сипаттары бейнеленеді- олардың спектралды жарықтығы.Түсірілімдер тек жарық жағдайларда ғана жүргізіледі. Жылылық қызылкүлгін спектр диапазондары, Жердің өзіндік шағыстырылуы мен обьектілердің температуралық сипаттарын тіркейді. Бұл диапазондағы түсірілімдер жарыққа тәуелді емес кез-келген кездерде тіпті түндеде жүргізіле береді, дегенмен бұлттылық кедергілік жасайды. Радиодиапазонды түсірілімдерде, радиотолқындар шағылыспай тұман мен бұллттардан еркін өтетін болғандықтан түсірілімдер тәуліктің кез-келген уақытында, ауа райы жағдайына карамастан жүргізіле береді. Суреттерден жер беті рельефі мен кедір-бұдырлары, ылғалдылығы, жер асты құрылымдарын көруге болады. Әртүрлі спектральды диапазондардағы түсірілімдерде түрлі технологиялар қолданылып, түрлі типтегі суреттер алынады.

Көрінетін және жақын

инфрақызыл (жарық) диапазондардағы түсірілімдер




Жылулық инфроқызыл

Дипазондар

дағы


түсірілімдер




Радио


диапазондағы түсірілімдер








Жылулық инфроқызыл радиометрлік түсірілімдер

Фото





ЗҚБ

(ПЗС)







Радиолокациялық


Сканерлік

Микро

толқынды радиометрліікк



40-сурет.Спектральды диапазондар бойынша аэрокосмостық түсірілімдер классификациясы және түсірілімдертехнологиясы (А.М.Берлянт бойынша)

Фотографиялық түсірімдер –жер обьектілері шағылыстырған күн сәулелерін фотопленкаларға кадрлар арқылы тіркеу нәтижелері. Аэрофототүсірілімдерді ұшақтар мен тік ұшақтар, космостық түсірілімдерді- спутниктер, космостық кемелер мен орбитальдық станциялар, суасты түсірілімдерді- тереңге түсірілген фотокамералар, жерасты түсірілімдерді-фотодеодолитер көмегімен түсіру арқылы алады.

Жеке жоспарлық түсірілімдерден басқа, картографиялық мәліметтер көзі болып стереопаралар, фотосхемалар және фотопландар, фронтальдық (вертикальды) фотосуреттер т.б. саналады.

Космостық фототүсірілімдер жақсы геометриялық қасиеттері және аса сапалы бейнелілігімен ерекшеленеді. 2 м-ге дейін рұқсат етілген азаматтық пайдалануға болатын түсірілімдер -(барлау спутниктері арқылы 0,2 м-ге дейінгі рұқсат етілген түсірілімдер), масштабы 1:50 000, биіктігі бойынша дәлділігі 10 м ,планда 15 м топографиялық карта құруға мүмкіндік береді.Бұл түсірілімнің кемшілігі –түсірілген пленканы өңдеу үшін Жерге жеткізу қажет.

Негізгі ауқымды ақпарат көлемін сканерлік түсірімдер береді – жер беті обьектілерінің сәуле шашуын, элементтер және жолақтар бойынша тіркеу нәтижелері және оларды радиоканалдар арқылы ақпараттау. «Сканерлеу» деген сөздің өзі кез-келген участкені жүйелі бақылау үшін жарық сәулелерінің орын ауыстыруын басқару. Спутник немесе ұшақ арқылы түсірілімдер жүргізгенде сканерлік қондырғы (қозғалмалы айна) жергілікті жерді әр жолағын бірінен соң –бірін жүйелепсақтаушы қозғалысына көлбеу бақылап отырады. Фотоэлектр қабылдағышқа жарық сигналы түседіде, электрлікке қайта айналады, радиоканалдар бойынша жер беті қабылдағыш қондырғыларға цифрлар түрінде беріледі, беріледі, соңынан бейнелеу түрінде жазылады. Нәтижесінде жолды құрылымды суреттер алынады, жолдар кішкене элементтерден түзіледі- пикселдер, санерлік бейнелеудің элементарлық ұйымдары. Әрбір пиксел сканер көруінің шапшаң бұрыштық алаңына сәйкес келедін жергілікті жердің интегральдық жарықтығын қайтарады (шағылыстырады), участке ішіндегі бөлшектер айқын көрінбейді..

Ұшу кезінде жергілікті жердің кең үздіксіз жолақтарын үнемі түсіріп отырады. Сканерлік бейнеленудің сапасы фототүсірілімдерге қарағанда төменірек, дегенмен шапшаңдылығы және уақыттың нақты тәртібінде сандық формада түсірімдерді тапсыруы бұл әдістің баға жетпес құндылығын көрсетеді.
ЗҚБ (ПЗС-прибор зарядовой связи) Зарядты құрал байланысы 1980 жылдардан бастап механикалық сканерлеумен қатар, жаңа сканерлеу түрлерін пайдалана бастады, ол сәулеленуді қабылдағыш ретінде кішкене қабылдағыштар жиынтығынан тұратын зарядты құрал байланысы негізіндегі сызғыштар еді.Бұл бүтіндей жол бейнелерін , ал сақтаушы аппарат қозғалысы- жолдарды жинақтайды. Конструкцияның қозғалмалы элементтерінің болмауы , жақсы сапалы геометриялық бейнелеуді қамтамасыз етеді, ал қабылдағыштардың шамалы мөлшері- өте биік құрсат етілген бейнелеуді қабылдауға мүмкіндік береді.

Жылулық инфроқызыл радиометрлік түсірілімдер (суреттер. Суреттерді жылулық инфрақызыл диапазонында түсіру нәтижесінде алады..Инфрақызыл радиометрлер, механикалық жолмен Жердің өзіндік жылу шығаруын снанерлейді. Түсірілімдердің рұқсат етілуі жоғары емес, он метрден аспайды.

Микротолқынды радиометрлік түсірілімдер механикалық сканерлеу принцпін пайдалана отырып, қысқатолқынды (өте жоғары жиілік) радиодиапозондарда алынады. Сәулеленуді қабылдаушы қызметін антенналар атқарады., рұқсат етілу бірнеше километрге дейін шектелген.

Радиолакациялық түсірілімдер түсірілімдердің белсенді әдісі арқылы алынады, түсірілімдік жүйенің антенналары радиосәулешашуды реттген уақытта, ол беттен сәуле қайтарылады, оларды тіркеу аппаратуралары қабылдайды. Сигналдардың шағылысуы жер бетінің рельефіне, оның кедір-бұдырлығына, аналық жыныстың құрамы мен құрылымына, өсімдік жамылғысы сипаты мен топырақ ылғалдылығына байланысты болады. Белгілі бір радиотолқын ұзындықтарында, олар жер бетіне еніп, қайтадан шағылысуға қабылетті, мысалы, жер асты суларының линзалары. Түсірілімдердің рұқсат етілуі антеннаның мөлшеріне байланысты, антенна ұзындығы бірнеше метр болғанда 1-2 км құрайды.Антеннаны жасанды ұзартқанда (жасалған апература құрастырады), 20 м дейінгі рұқсат етілу түсірілімдерін жүргізеді. Ұшақтар мен космостық сақтаушылар,бүйіржақ шолу радиолакаторларын пайдаланады, олар

түсірілімдерді сақтаушы қозғалысының бағытына көлденең жүргізеді. Сондықтан ойлы-қырлы рельеф радиокөлеңке береді де, мәнерлі бейнелейді. Радиолақациялық түсірілімдердің негізі ерекшелігі – ауа райын талғамауы: мұхиттарды зерттеуге өте ыңғайлы- толқу, ластану. Радиолакацияны планеталарды зерттеу ( Венераны үнемі бұлт торлап жатады) үшін қолданады.

Бүйір жақ шолу принцпін гидролакациялық түсірілімдер үшін де пайдаланады, оны дыбысты толқындарды тіркеуші аппаратуралар көмегімен жүргізеді. Жаңа локациялық бейнелеу түрлеріне , лазерлік локаторлар –лидарлер көмегімен алынатын түсірілімдерді жатқызуға болады.

Көпзональды түсірілімдедің маңыздылығы ерекше, себебі, спектрлердің бірнеше аймақтарында территория біруақытта фотографияға түсіріледі және сканерленеді. Аймақтық түсірілімдерді қосып, синтезделген түсті суреттер алынады, мысалы, түрлі типті ормандар, ауыл шаруашылық жерлер, ылғалданған териториялар т.б. Көпзональды түсірілімдер материалдары-тақырыптық карталарды құрастыруда аса құнды мәліметтер көзі.

Соңғы кезде тағы бір түсірілім түрлері – гиперспектральды түсірім қолданылады, сәулелер, тар көп сандық (10 нм) спектральдық аймақтарда тіркеледі- бірнеше ондаған және жүздеген. Ол тау жыныстарының минерологиялық құрамын анықтауға, мұхиттар мен атмосфераның ластануын зерттеуге мүмкіндік береді. Гиперспектральды түсірілімдер материалдары эклогиялық мониторинг және картографиялау үшін аса құнды болып саналады.



11.5. Табиғи бақылаулар және өлшеулер

Табиғи бақылаулар және өлшеулердің кез-келген тақырыптық карталар үшін маңызы ерекше. Ешқандай жанама және дистанциялық әдістер, табиғи бақылауларды ауыстыра алмайды.

Табиғи бақылау формалары әртүрлі. Гидрогафиялық бақылаулар – бұл өлшемдер нәтижелері журналдар мен кестелерге енгізіледі, физико-географиялық зерттеулерде – сипаттамалар, фотографиялар, суреттер есеп пен күнделіктерде көрсетіледі, геология-геоморфологиялық зерттеулер – кескіндер, скважиналардың бұрғылау мәліметтері, шурфтардың суреттелуі т.б.түрде, геофизикалық түсірілімдерде- физикалық параметрлер бақылау мәндері жазылады.

Табиғи бақылаулар мәліметтерін локализациялау (жайылтпаушылық) нүктелік- жеке пунктер, скважиналар, ашылған жыныстар т.б.; маршруттық- таңдалып алынған бағыт бойынша (профиль, жол, өзен, т.б.) және аудандық – бүкіл зерттелетін территорияны қамтитын. Ерекше, стационарлық бақылау түрі ажыратылады, мысалы геофизикалық полигон, биостанция, экологиялық мониторинг пунктері т.б. Стационарлық бақылау орындары тұрақты, бақылаулар ұзақ уақыт бойы жүргізіледі. Бақылаудың ұзақ қатарлары құбылыстар мен процестер динамикасын картографиялау үшін қажет.

Сонымен қатар, маңызды зерттеу материалдары болады, олар бір немесе бірнеше квадрат километрді алып жатқан кіші участкелерді ірі масштабпен өте жғары дәлділікпен жекелеп көрсетеді. Маңызды зерттеулер, кең ауқымды территорияларды бүтіндей қамту мүмкіндігі болмаған жағдайларда қолданылады. Ауқымды, бір типті территорияларға заңдылықты түрде таралған, типтік қатыс бар маңызды, эталонды участкелер зерттеледі

11.6. Гидрометеорлогиялық баұқылаулар

Метеорологиялық, гидрологиялық, океонологиялық станциялар мен посттарда бақылау нәтижесінде алынған мәліметтер картографиялаудың көптеген түрлерінде кеңінен қолданылады. Бұл мәліметтер жүйелі түрде жүргізілетін өлшемдер арқылы алынады, мысалы, атмосфераны , атмосфералық процесстер, жеке метеорологиялық элементтер (температура, қысым, жауын-шашын, күннің нұр шашуы, жел, бұлттылық т.б.), өзендер, көлдердің, су қоймаларының гидрологиялық режимдері, теңіз және мұхит суларының физико-химиялық сипатамалары және т.б. көрсеткіштер өлшемдері. Өлшемдердің орташа тәуліктік, айлық, маусымдық, жылдық мәндері және атмосфераның түрлі биіктік деңгейлері мен көлдер, теңіздер, мұхиттардың стандарттық горизонттарының және басқа да туынды көрсеткіштері анықталады.

Бақылаулар гидрометеорологиялық желі пунктері мен жер шарына біркелкі таратылып орналастырылған кемелер борттарында жүргізіледі.

Гидрометеорологиялық және окенологиялық мәліметтерді жинау, өңдеу, сақтау жұмыстарын үйлестіру үшін халықаралық ұйымдар – Дүниежүзілік ауа райы қызметі және Океандық станциялардың ғаламдық біріккен жүйелері құрылған. Алынған ақпараттар өңделіп, бақыланып ақпарат сақтауларларында жинастырылады.


11.7.Экономика-статистикалық мәліметтер

Әлеуметтік-экономикалық тақырыптағы карталар мен атластарды құруда негізігі мәліметтер көзі болып бұқаралық мәліметтер: өндіріс ресурстарының динамикасы мен жағдайы, оларды пайдалану, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуы, транспорт, энергетика, финанс және халық шаруашылығының басқа да салаларының , халық, білім, мәдениет, қызмет көрсету сфералары т.б. туралы сандық мәлімдемелер саналады.

Негізгі әлеуметтік-экономикалық мәліметтер көзіне мемлекеттік статистикалық және халықаралық ұйымдар жариалаған, мысалы БҰҰ мәлімдемелер жатады. Мемлекеттік статистиканы біріңғай әдістеме бойынша бекітілген бағдарламаға және мерзімге сәйкес жүйелі түрде барлық мемлекеттерде орталық және жергілікті (аймақтық, аудандық, муниципальды) органдар жинайды. Мемлекеттік статистикалық мәлімдемелерді арнайы автоматтанған жүйелер жинақтайды, сақтайды, өңдейді және таратады.

Тұрғындар, мәдениет және қызмет көрсету карталардың мәліметтер көзі болып, кезеңді жүргізілетін халық санағы материалдары жатады, санақ барысында мемлекет және жеке территория тұрғындары туралы демографиялық, әлеуметтік-экономикалық мәлімдемелер жинақталады. Халық санағы біріңғай әдістеме және бағдарлама негізінде барлық территорияларда бір уақытта жүргізіледі де, біркелкі ақпаратпен қамсыздандырады.

Әлеуметтік –экономикалық мәлімдемелер тек картаға түсіру үшін ғана емес, сонымен қатар өндірістік көрсеткіштерді есептеуге, құрамалар сипаттамалары және синтетикалық бағалаулар үшін қолданылады.Өз кезегінде бұл мәліметтер синтетикалық әлеуметтік –экономикалық карталар құру үшін пайдаланылады.
11.8.Мәтіндік мәліметтер көзі

Мәтіндік немесе әдеби-географиялық көздерге, табиғи бақылау немесе теориялық зерттеу процесстері барысында жиналған, әртүрлі географиялық суреттеулер (геологиялық, тарихи т.б) жатады. Әдетте олар белгілі бір формаға келтірілмеген, координаттық байланыс нүктесі болмайды, дегенмен бейнелік және көрнекілігімен ерекшелініп, карталанатын обьект туралы түсінік бере алады. Картографиялауға қолданылатын көптеген мәліметтік көздерді талқылауға, экспедиция есептері, монографиялық еңбектер, мақалалардағы теориялық және нақтылы материалдар пайдаланылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет