Бақылау сұрақтары:
Бөліну заңы (анықтамасы, формуласын қорту)
Бөліну заңынан туындайтын еріген заттың активтілігін анықтау
Ерітінділерді экстракциялау. Экстракцияның сатыларының соңын есептеу.
Зертханалық жұмыс №7
Дисперсті жүйлерді алу
Жұмыс мақсаты: коллоид ерітінділерін алу кезіндегі әрекеттесуші заттар крнцентрациясының әсерін зерттеу. Аспаптар мен ыдыстар:100мл бес стакан; 5мл бес тамызғыш (пипетка).
Реактивтер: 0,005М және 0,1М темір (III) хлоридінің ерітінділері; 0,005 М және 0,1М сары қан тұзы ерітіндісі - |Fe | ; таза су.
1-тапсырма. Коллоид ерітінділерін алу кезіндегі әрекеттесуші зат концентрациясының маңызы. Реакция нәтижесінде ерімейтін өнім, екі рет қайта алмасатын реакцияларға ұатынасты алынатын дисперсті бөлшек өлшем, әрекеттесетін зат концентрациясына тәуелді. Жоғары және төменгі концентрация кезінде коллоид жүйе алынады. Әуелгі жағдайда, яғни жоғарғы концентрация кезінде кристалдану ортасы бірлен көбейіп кететіндігімен байланысты . Мұндай әрекеттесуші заттар іріленіп , коллоид бөлшектерін түзеді. Сосын мұндай бөлшектердің ірілену мүмкіндігі шектелінеді. Ал екінші, яғни төменгі концентрация кезінде , кристалдану орталарының пайда болуы қиындағандықтан , қатты түйіршіктер - бөлшектер сирек түзіледі және ол шектеулі болады. Демек, бөлшек өлшемі өспейді, ол ірілене бермейді. Әрекеттесуші заттар концентрациясы орташа кезінде шөгіндіге түсетін өлшемдегі бөлшектер туындайды.
Жұмыс реті. 1-тәжірибе. Көлемі 100мл стаканға, 0,005М темір (III) хлоридінің ерітіндісін құяды да оның үстіне 5мл 0,005 М сары қанды тұздың |Fe | ерітіндісін қосады. Осылайша алынған ерітінді қоспасын 50 мл таза сумен сұйылтады . Нәтижесінде мөлдір түсті берлин лазурының |Fe | коллоид ерітіндісі пайда болады. 2-тәжірибе. Мұнда да 1-тәжірибедегі темір (III) хлориді мен сары қанды тұздардың 0,1М ерітінділерін сол көлемде алады. Пайда болатын лайлы ерітіндіден берлин лазурының шөгіндісі түседі. 3-тәжірибе. Көлемі 100мл стаканға 5мл темір (III) хлоридінің қаныққан ерітіндісін және 10мл сары қанды тұздың қаныққан ерітіндісін қосады. Ұйыма тәрізді шөгінді пайда болады. Мұның бір бөлігін екінші стаканға ауыстырып , 100мл таза сумен араластырады. Нәтижесінде тұрақты берлин лазурының золі пайда болады.
4-тәжірибе. Крахмал золі– ерітіндісі. Ол үшін 0,5г крахмалды фарфор келісінде мұқият ұнтақтап , фарфор қабықшасына ауыстырып , 10 мл таза сумен араластырады да сосын оған тағы да 90мл таза су қосады. Енді осы қоспаны үздіксіз қозғап , араластыра отырып , баяу қыздырып , қайнатады. Нәтижесінде 0,5 процентті крахмал золі пайда болады, яғни оның жарық сәулесіне шағылыстырып қарағанда ылайланыңқырап көрінеді.
5-тәжірибе. Желатин золі. Сыйымдылығы 200 мл стаканға 0,5г желатинді ұнтақтап салып, үстіне 50мл таза суды қосып ол ісіну үшін 30 минуттай қояды. Сосын оған тағы да 50мл су қосып, араластырады да оны стаканмен C шамасындағы жылы суға салып , толық ерітеді. Осылайша алынған желатин золін тұрақтандыру үшін оған формальдегид ерітіндісінің 2-3 тамшысын тамызады.
Бақылау сұрақтары:
1. Дисперсті жүйелер арасындағы коллоид ерітінділер қандай орын алады?
2. Коллоид ерітінділерді алудың қандай әдістері бар және олар неге негізделген?
3. Коллоид ерітіндісін алу үшін дисперстілікті жоғарылату жеткілікті ме?
4. Шекті концентрациялар заңының мәні не?
Лабараториялық жұмыс №8
Қатты дене-ерітінді арасындағы адсорбция
Жұмыс мақсаты: Белсенділенген көмірмен сірке қышқылының арасындағы адсорбцияны зерттеу және белсенділенген көмірдің беткі ауданын есептеу.
Аспаптар мен ыдыстар: Бюреткалар, сыйымдылығы 100 мл 12 колба, өлшеуіш ыдыс, құйғыш, сүзгіш қағаз.
Реактивтер: 0,4н сірке қышқылының ерітіндісі, белсенділенген көмір,0,1н натрий гидроксидінің ерітіндісі,фенолфталин.
Негізгі ілім. Екі фазааралық беткі қабатында жүретін құбылысты беткі құбылыстар деп атайды.Солардың бірі-адсорбция құбылысы.Адсорбция деп, 2фазаның жанасуы шегіндегі газ не еріген зат күйіндегі молекулаларының жинақталуын айтады.Фазалардағы жанасу шекке жинақталатын (концентрациясы жоғарлайтын), яғни адсорбциялайтын затты адсорбент деп аталады. Қатты адсорбент бетінде жүретін газдың немесе ерітіндідегі еріген заттың адсорбциясы,жеке қабатты адсорбцияның физикалық мәніне негізделе отырып, тұжырымдалған Ленгмюр теңдеуіне бағынады:
(1)
Мұндағы: А-адсорбция шамасы (мөлшері) моль/г; А∞-әр тектегі адсорбент үшін тұрақты шама болатын шеткі адсорбция шамасы, моль/г; b-заттың адсорбциялық қабілетін сипаттайтын тұрақты; С-адсорбцияланатын заттың тепе-теңдік концентрациясы, моль/г.
Бір молекулалық адсорбцияның изотермалық сызбасының түрі, мына суреттегідей :
Ондағы қисықты шартты түрде 3 бөлікке бөлуге болады. Оның бірінші (1) және үшінші (3)бөлігі тура, түзу сызықты да олардың арасы (2) қисықты сызық. Бұған басты себеп, әуелгі кездегі (бірінші бөлік ), адсорбент беті толмаған, бос және адсорбцияланатын молекулалар арсында бәсеке жоқ, ал келесі бөлікте (2) бұл керісінше. Үшіншіде (3) адсорбция өзінің шегіне жеткен, онда бос орын жоқ және ол өзгеріссіз қалғандықтан түзу сызықты. Демек Ленгмюр теңдеуі (1) изотермадағы үш бөлікті де жақсы мазмұндап, түсіндіреді екен. Тепе-теңдіктегі концентрация аз болған кезде, теңдеу басқаша өрнектеуге болады:
Достарыңызбен бөлісу: |