mmax ординатасына Е нүктесі сәйкес келеді. Бұл нүктеде t5 = tmax және суспензиядағы бөлшектер толық тұнбаға түседі. уақыт бойынша масса өзгермейді. (7) тендеу бойынша tmin және tmax сәйкес келетін ең кіші және ең үлкен бөлшектердің радлиусын есептейді. Одан соң радииустары rmin –нан rmax – қа дейін өзгеретін бөлшектерді бірнеше фракцияға топтайды:
r1-r2; r2-r3; r3-r4; және r4-r5;
Фракциялы болуды сидисентация қисығына жанама жүргізу арқылы да табуға болады. Мысалы, А, В, С, Д нүктелдері осы нүктелерден абцисса осіне перпиндукуляр түсіріп уақытты анықтайды. Одан соң радиусты есептейді. Жеке фракциялардың мөлшерін жанамалардың ордината осімен қиылысу нүктелері арқылы анықтайды ( m1, m2, m3, m4 нүктелері).
Сидиментация қисығын пайдаланып таралу қисығын сызатын болсақ, системадағы бөлшектердің таралуын радиустары бойынша айқын көруге болады. Ол үшін абцисса осі бойымен анықталған радиустардың орта мәнін rорташа, ал ордина осі бойымен m/алады (1 в суреті). Алынған қисық бойынша системада қай фракцияның көп не аз екендігін анықтайды.
IV. ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ:
Алдымен торзионды таразыны (2 сурет) жұмысқа даярлайды. Ол үшін столға тіреуіш винттердің (1) көмегімен горзонталь орналастырады. Ілгішке (2) таразының табақшасын (3) іледі. Онан соң арретирді (4) оңға (ашық белгісіне) жылжыту арқылы таразы иінін босатады. Иін (5) көмегімен стрелканы (6) нольге келтіреді. Таразы теңдігі көрсететін стрелканы (7) қозғалмайтын тілшемен (рискпен) (8) дәл теңестіру керек. егер олар теңеспесе, винтті (9) бұрап тенестіреді. Таразы жұмысқа даяр болған соң арретирді солға «жабық» белгісіне жылжытып таразы иінін бекітеді. Табақшаның салмағы (m) және оны суға батып тұрған (Н) биіктігін өлшеу үшін цилиндрге дистилденген су құйып, оған табақшаны батырады. Онан соң арретирді жылжытып иінді босатады да, иінмен (5) стрелканы (6) қозғап, таразы тендігін көрсететін стрелканы (7) тілшемен (8) теңестіреді. Арретирді жабады. Табақшаның массасын стрелкаға (6) қарсы тұрған шкаладан (10) анықтайды. Таразының өлшеу шегіне және әрбір бөліктің мөлшеріне көніл бөліндер. Сонымен қатар Н мәнін анықтайды. Ол судың беткі қабатымен табақшаның түбіне дейінгі аралыққа тең. Ол шамамен 10-12 см болу керек. табақша цилиндрда түбінен және бүйірінен 2-3 см алшақ орналасу керек.
Тәжірибені орындау үшін цилиндрден табақшаны алып, ондағы суға 3-5 г зерттелетін заттың ұнтағын салып, мұқият араластырып, суспензия дайындайды. Цилиндрге тезірек табақшаны батырып, арретирді ашады да, секундамирді іске қосады. Табақшаға жинала бастаған тұнбаның массасын (m) 15 сек, 30 сек, 1 мин, 2 мин, 5 мин, 10 мин сайын өлшейді. Масса тұрақталғанда жұмысты тоқтатады. Алынған сандық мәліметтерді пайдаланып есептеулер жүргізеді:
Әрбір t уақыттағы тұнбаның массасын анықтайды.
m t= mж - mт
мұндағы mt - t уақытта табақшаға жиналған тұнбаның салмағы, мг;
mж – табақша мен ондағы тұнбаның салмағы, мг;
mт – табақшаның салмағы, мг;
mt саны тәжірибе кезіндегі санына тең болады.
2. Әрбір t уақыттағы бөлінген тұнбаның салыстырмалы массасын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |