Формализациялау – нақты объектіні немесе процесті, оның формалды сипаттауымен, яғни ақпараттық моделімен ауыстыру.
Сонымен, ақпараттық модельдерді құру үшін әртүрлі тәсілдер және саймандар қолданылады. Мысалы, вербальді модельді құру үшін табиғи тілдермен суреттер қолданылады.
Вербальды (мәтіндік) модельдер объектілердің немесе қатынастардың шындығын сипаттау үшін формалданған табиғи тілдердің диалектілерінің сөйлемдерінің тізбегін қолданады (мұндай модельдердің мысалы ретінде жол жүру ережелерін, милиция хаттамысын айтуға болады).
Әйтсе де, вербальдік құралдар, күрделі зерттеулер жүргізуге жеткіліксіз. Сондықтан математиктер, физиктер, химиктер баяғыдан объектілердің, құбылыстардың және процестердің математикалық модельдерін жасауда.
Математикалық модельдер – объектінің немесе үрдістің мәнді жақтарын теңдеулермен немесе математикалық басқа құралдарының тілімен бейнелейді. Олар теориялық физика, механика, химия, биология және әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдарда зерттеудің дәстүрлі түрі болып қалыптасты.
Математикалық модельдерді сипаттау үшін арнайы – формалды тіл – математикалық ұғымдар, алгебралық формулалар, геометриялық функциялар, т.б. қолданылады. Оқушыларға белгілі химиялық формулалар, нота тілі, тіпті қалта телефонымен мәтіндік хабарды жіберуге қолданылатын смайликтер, бәрі формалды тілдердің мысалдары. Баяндалған мысалдардың бәрі «формализациялау» ұғымын айқындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |