Интернетте ақпаратты іздеу. Интернет желісі шапшаң өсуде, сондықтан жүздеген миллиард Веб-беттердің арасынан керек ақпаратты табу барған сайын қиындап барады.
Ақпаратты іздеу үшін арнайы бірқатар іздеу бағдарламалары жұмыс жасауда. Оларды іздеу жүйелері, іздеу серверлері, іздеу машиналары деп те атайды. Бұл іздеу жүйелері Web-беттердің және жүздеген миллион серверлердегі файлдардың тұрған жері туралы ақпаратты үнемі жаңғыртып отырады.
Іздеу жүйелерінде Дүниежүзілік тордың ресурстары туралы, деректер қорында тақырыппен топталған ақпарат сақталады. Арнайы бағдарлама-роботтар дамыл-дамыл Web-серверлерді «аралайды», кезіккен барлық құжаттарды оқиды, олардың ішінен түйінді сөздерді ерекшелейді және деректер қорына құжаттардың Интернет-адрестерін енгізеді.
Осындай аралаудың нәтижесінде, айқындалған түйінді сөздерімен құжаттары нұсқалған индекстік тізімдер және анықтамалар ұйымдастылады. Кейін бұл тізімдер бойынша пайдаланушының ақпарат іздеу сұраныстарына қызмет көрсетіледі. Іздеу жүйесі пайдаланушыға оның нұсқаған түйінді сөздерімен қоса құжаттардың адрестерінің тізімін шығарып береді.
Қазіргі уақытта Интернеттің орыс тілді бөлігінде мына іздеу серверлері танымал: Яндекс (yandex.ru), Google (google.ru) және Rambler (rambler.ru). Басқа да іздеу жүйелері бар. Мысалы, тиімді іздеу mail.ru жүйесі, пошталық қызмет серверінде жүзеге асырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |