Пәннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені


Информатика курсындағы формалды тілдер



бет18/159
Дата26.05.2020
өлшемі255,57 Kb.
#71213
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   159
Байланысты:
П нні электронды О У- дістемелік кешені

Информатика курсындағы формалды тілдер

Қарастырылатын сұрақтар:

-ішкі және сыртқы тілдер;

-деректерді ұсыну тілдері;

-деректермен әрекеттерді ұсыну тілдері.

Бұл бөлімде ЭЕМ-де жұмыс істегенде және компьютерлік ақпараттық технологияларда қолданылатын тілдер туралы сөз қозғалады.

Компьютердің ішінде айналып жүретін ақпаратты екіге бөлуге болады: өнделетін ақпарат (деректер) және компьютердің жұмысын басқарушы ақпарат (бұйрықтар, бағдарламалар, операторлар).

Компьютермен сақтау, тасымалдау және өндеу үшін жарамды түрде ұсынылған ақпаратты деректер деп атайды. Мысалы: математикалық есепті шешуге енгізілетін сандар; мәтінді өңдеудегі символдар тізбегі; өңдеуге арналған сканермен компьютерге енгізілген бейне, т.с.с.

Деректерді компьютерде ұсыну тәсілі – деректерді ұсыну тілдері дейді. Әртүрлі типті деректер үшін сыртқы және ішкі ұсынылу болады.

Деректерді сыртқа ұсыну – шығару құрылғыларына (баспаға, экранға) берілетін деректердің түрін анықтайды.

Деректердің сыртқа ұсыну тілдері – деректерді адамға үйреншікті пішімде: сандар ондық санау жүйесінде, мәтін табиғи тіл алфавитінде, дәстүрлі математикалық символдар және т.б. ұсынады. Құрылымды деректерді ұсынуға ыңғайлы кестелік пішім (деректердің реляциялық қорлары) қолданылады. Бірақ бұл жағайда тілдің белгілі синтаксисі және семантикасы болады, символдардың мүмкін болу шектеулі жиыны қолданылады.

Деректердің ішкі ұсынылуы – компьютер ішіндегі ақпаратты тасымалдауыштарда, яғни жадыда және ақпаратты жіберу желілерінде ұсынылу пішімі. Компьютер ақпаратпен амалдарды тікелей ішкі ұсынылымда жасайды, ал сыртқы ұсыну адаммен байланыс үшін қолданылады.

Ескерту: жалпылап айтқанда, деректердің компьютердегі ішкі ұсынымы - екілік кодтау тілі. Әртүрлі типті деректердің бәріне жалпы тіл: 0 және 1 алфавиті. Әйтсе де, әртүрлі типті (сан, символ) деректер үшін олардың ішкі ұсыну тілінің сиинтаксисі мен семантикалық ережелері өзгеше болады. Мысалы, «0100000100101011» екілік коды: бүтін санын ұсыну тілінде – ондық жүйдегі 16683 санын, ал символдық ұсыну тілінде – «А+» сиволдарын береді. ЭЕМ процессорының командалық тілі – деректермен жасалған әрекеттерді ұсынудың ішкі (компьютердің жұмысын басқару) тіліне жатады.

Деректермен әрекеттерді ұсынудың сыртқы тілдеріне – жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдері, қолданбалы бағдарламалар пакетінің енгізу тілдері, операциялық жүйелердің командалық тілдері, деректер қорын басқару жүйесінде (ДҚБЖ) жұмыс жасау тілдері және т.б.

Кез келген жоғары деңгейлі бағдарламалау тілінде деректерді ұсыну құралымен қатар (деректер бөлімі), деректермен әрекеттерді ұсыну құралдарының (операторлар бөлімі) болатынын ескеру қажет. Бұл басқа да жоғарыда аталған компьютерлік типті тілдердің бәріне қатысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет