Пәннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені


Компьютердегі кестелік есептеулер



бет107/133
Дата07.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#91672
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   133
Байланысты:
5a98e65d-32bb-11e3-9d7d-f6d299da70eeУМКД материал Т-243у МПИ

Компьютердегі кестелік есептеулер

23 – сабақ

Сабақ тақырыбы

Деректерді кескіндеудің кестелік түрі. Электрондық кестелерде деректерді өңдеу. Деректердің типтері. Формула жазу ережесі. Компьютерде кестелік есептеулерді өңдеу технологиясы.

Программалық- дидактикалық қамтылуы

Оқу есептеуіш техника кешені
Оқулық.
Жұмыс дәптері.

Сабақ мақсаты

Оқушылардың тіктөртбұрышты кестелер туралы түсінігін қалыптастыру. Оларды электрондық кесте ұғымымен таныстыру. Электрондық кесте ұяшығының, ұяшықтар диапазонының ұғымын беру. Оқушыларды электрондық кестедегі жолдарды, бағандарды және ұяшықтарды белгілеуге үйрету. Оларды электрондық кестелерде деректерді өңдеумен таныстыру. Дерек типтері туралы түсінік беру. Формула және оларды электрондық кестеде жазу ережесі ұғымдарын қалыптастыру. Компьютерде кестелік еспетеулерді өңдеу технологиясымен таныстыру.

Сабақтың типі

Практикум элементтері бар түсіндірмелі – көрнекілікті.

Білім мен білікке қойылатын талаптар

Оқушы білуі тиіс:
кестенің не екенін;
қандай кесте тіктөртбұрышты деп аталатынын;
электрондық кестенің не екенін;
электрондық кестелерді, олардың міндеттерін, типтері мен негізгі мүмкіндіктерін;
электронды кестенің ұяшығы деп нені атайтынын;
ұяшықтар диапазонының не екенін;
электрондық кестелердегі формулалар деп нені атайтынын;
формулада, электрондық кестеде, ұяшықтарға жазу ережелерін;
абсолюттік және салыстырмалы адрес айырмашылықтарын
Оқушының меңгеруі тиіс білігі:
тіктөртбұрышты кестеге мысал келтіруді;
көрсетілген ұяшықтардың адресін анықтауды;
бөліп алынған ұяшықтар диапазоны адресін анықтауды;
электрондық кестелерге мысал келтіруді;
мәтіндік деректерді, сандық мәндерді, ормулаларды жазуға мысал келтіруді;
мәтіндік деректерді, сандық мәндерді, формулаларды жазуға мысал келтіруді;
күнді, уақытты жазуға мысал келтіруді;
формуланы абсолюттік және салыстырмалы адрестерде жазуды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   133




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет