4. Модельдеу кезеңдері.
Мақсаты: Оқушыларды модельдеу кезеңдерімен таныстыру.
Оқушы біліміне қойылатын талаптар: оқушылар модель құру кезеңдерін, құрылған модельді талдап, кезеңдерге бөліп, нәтижесін талқылай білуі қажет.
Оқушы білігі мен дағдысына қойылатын талаптар: модель құрудағы мақсатты анықтап, нәтижесін талдау дағдысын қалыптастыру.
Жоспары:
Модельдеудің негізгі кезеңдері. Оларға сипаттама беру.
Модельдеудің жалпы кезеңдері.
Модельдеудің әрбір кезеңіне жеке-жеке тоқталып, мысал арқылы түсіндіру.
Қысқаша мақзмұны:
Модельдеудің негізгі кезеңдері есептің қойылу шарты мен мақсатына қарай анықталады (3-сурет).
3-сурет. Модельдеудің кезеңдері.
Модельдеудің жалпы кезеңдерін 4-суреттегідей көрсетуге болады. Бірақ, модельдеу шығармашылық процесс болғандықтан, бұл кезеңдердің кейбір блоктары болмауы немесе жақсартылуы, ал бірқатары толықтырылуы мүмкін.
4-сурет. Модельдеу кезеңдері.
Тапсырмалар:
Мектеп оқулығы мен дидактикалық материалдар жинағын пайдалана отырып, келесі тапсырмаларды орында.
«Модельдеу» тақырыбы бойынша сабақ жоспарының үлгісін дайында.
Көрнекі – дидактикалық материалдарын дайында.
Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды анықта.
Достарыңызбен бөлісу: |