ӘЛЕМНІҢ АҚПАРАТТЫҚ БЕЙНЕСІ Тапсырмалар: Мектеп оқулығы мен дидактикалық материалдар жинағын пайдалана отырып, келесі тапсырмаларды орында.
«Ақпарат және информатика ғылымы» тақырыбы бойынша сабақ жоспарының үлгісін дайында.
Көрнекі – дидактикалық материалдарын дайында.
Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды анықта.
Бақылау сұрақтары: Ақпарат және информатика ғылымы тақырыбы мектептің қай сыныбында оқытылады?
Осы тақырыпқа бөлінген сағат көлемі қандай?
«Ақпарат және информатика ғылымы» тақырыбының мақсаты?
Осы сабақты қандай программалық және дидактикалық материалдармен қамтамасыз етуге болады?
Сабақ қандай типте өтеді?
Оқушылардың білімі мен біліктіліктеріне қойылатын талаптар.