Пәннің жұмыс бағдарламасы (syllabus)



бет23/34
Дата30.04.2020
өлшемі266,42 Kb.
#65251
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34
Байланысты:
zhusipbaeva r.s. umkd geografiya 2019

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) – халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтап, нығайту және мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында егемен мемлекеттерді ерікті негізде біріктіретін ең ықпалы халықаралық ұйым. «Біріккен Ұлттар» деген атты АҚШ-тың президенті Франклин Рузвельт екінші дүниежүзілік соғыс уақытында ұсынған болатын. Ал БҰҰ-ның құрылған ресми датасы 1945 жыл болып табылады, сол жылы оның Жарғысына қол қойған мемлекеттердің көпшілігі осы Жарғыны бекіткен болатын. Жарғыда Біріккен Ұлттар Ұйымы болашақ ұрпақтарды соғыс апаттарынан құтқару үшін, тең құқықтылық пен халықтардың өзін-өзі билеуі принципін құрметтеу негізінде ұлттар арасындағы достық қатынастарды дамыту үшін, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық сипаттағы халықаралық проблемаларды шешуге жәрдемдесу үшін құрылған деп жазылған. Біріккен Ұлттар Ұйымы оның Жарғысын мойындап, орындауға әзір, бейбітшілік сүйгіш барлық мемлекеттер мүше бола алады. Бүгінде оған дүние жүзінің 185-ке жуық елі мүше. БҰҰ-ның басты-басты органдары мыналар: Бас Ассамблея, Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес, Халықаралық сот және Секретариат. БҰҰ-ның орталық мекемелері Нью-Йорк қаласында.
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АТЭХА) – БҰҰ Бас Ассамблеясының шешіміне сәйкес құрылған халықаралық ұйым. Оның басты мақсаттары, біріншіден, дүние жүзі елдердінің ядролық қауіпсіздіктің тиісті нормаларын сақтай отырып атом энергиясын неғұрлым кеңінен қолдануына жету, екіншіден, атом энергиясын пайдалану соғыс мақсаттарына айналып кетпеуін қадағалау. АТЭХА атом энергиясының ұлттық бағдарламаларын жүзеге асыруда, сондай-ақ радиациялық апаттар болған жағдайда үкіметтердің өтініштері бойынша ақыл-кеңес беріп, көмектесіп отырады. АТЭХА кең көлемді қауіпсіздік бағдарламасын қабылдаған, онда ядролық қондырғылардың қауіпсіздігі, радиациялық қорғаныш, адамдардың денсаулығы, радиоактивті қалдықтар, ядролық отын және басқаларына қатысты шаралар көзделген. Штаб-пәтері Вена қаласында.

Біріккен Ұлттардың Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйыммы (ФАО ) – БҰҰ-ның бұл мамандандырылған мекемесінің міндеттері мыналар: дүние жүзінде ашаршылыққа қарсы күрес; адамдардың тамақтануын жақсартуға және тұрмыс деңгейін көтеруге жәрдемдесу; ауыл шаруашылығының, балық аулау мен орман шаруашылығының өнімділігін молайту; азық-түлік пен ауыл шаруашылығы өнімдерінің бөлінісі жүйесін жетілдіру. Штаб-пәтері Рим қаласында.

Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) – БҰҰ-ның мамандандырылған ұйымы ХЕҰ Жарғысына сәйкес оның мақсаттары адамдардың тұрмыс және еңбек жағдайларын жақсарту, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылыққа жетуге жәрдемдесу. ХЕҰ-да жалақы, жұмыс күні, жұмысқа жалдануға болатын жас шегі, әлеуметтік сақтандыру, еңбек жағдайлары және т.б. мәселелер бойынша халықаралық конвенциялар талдап белгіленеді. Штаб-пәтері Женева қаласында.

Біріккен Ұлттардың Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) – БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі. ЮНЕСКО-ның қызметінің ауқымы көптеген мәселелерді қамтиды, олар: сауатсыздыққа қарсы күрес; білімді қаржыландыру мен жоспарлау; дамушы елдерде инженер-техник кадрлар даярлайтын орталықтар құру; ғылым саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі шаралар; адам құқықтары саласындағы және бейбітшілікті нығайту проблемалары жөніндегі зерттеулер; ғарыштық байланысты білім беру мақсатына пайдалану. Штаб-пәтері Париж қаласында.

Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (БДС) – БҰҰ-ның мамандандарылған мекемесі, «барлық халықтардың барынша жоғары денсаулық деңгейіне жетуін» көздейді. БДС ауруларға қарсы, оларды жою жолындағы күресті ұйымдастырады (мысалы, безгек пен шешекті жою жолындағы халықаралық науқан), инфекциялық және басқа да ауруларға қарсы күресте дамушы елдерге көмек көрсетеді, карантин және эпидемиологиялық бақылау, дәрі-дәрмектің сапасын бақылау, есірткілерді бақылау салаларында халықаралық шаралар өткізеді. Штаб-пәтері Женева қаласында.
Еуропалық Одақ (ЕО, Ортақ рынок) – батыс еуропалық 12 елдің экономикалық топтасуы; бұл елдер: Франция, ГДР, Италия, Бельгия, Нидерланды, Люксембург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Португалия (1992 жылғы қалпы). Одаққа қатысушылардың арасындағы саудада кеден алымдарын жою, үшінші елдерге қатысты келісілген сауда саясатын жүргізу, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік салаларында шараларды бірлесіп өткізу, ортақ экономикалық және әлеуметтік саясатты үйлестіріп отыру арқылы тауарлардың, капиталдар мен жұмыс күшінің ортақ рыногын құру мақсатымен ұйымдастырылған. Көптеген елдердің ЕО-ның ассоциацияланған мүшесі деп аталатын мәртебесі бар. Одақтың шеңберінде оған кіретін елдердің салалық халықаралық ұйымдары: Еуропалық көмір мен болат бірлестігі (ЕКББ) және Атом энергиясы жөніндегі Еуропалық қоғамдастық (Еуратом) жұмыс істейді. Одақтың штаб-пәтері Брюссельде.

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК) – мұнай өндіру, экспорттау және сауда шарттары саласындағы іс қимылды үйлестіру үшін бір топ дамушы елдер құрған ұйым. ОПЕК-ке мүше елдер: Алжир, Біріккен Араб Әмірліктері, Венесуэла, Габон, Индонезия, Ирак, Иран, Қатар, Кувейт, Ливия, Нигерия, сауд Арабиясы, Эквадор. Дүние жүзінде өндірілген мұнайдың жартысына жуығы және экспорттың 90%-на жуығы осы елдердің үлесіне келеді. ОПЕК-тің штаб-пәтері Венада.
Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің ассоциациясы (АСЕАН) – аймақтық ұйым, құрамына Индонезия, Малайзия, Сингапур, Таиланд, Филиппин, Бруней кіреді. АСЕАН-ның көздеген мақсаты мүше елдердің экономикалық өсуін, әлеуметтік прогресі мен мәдени дамуын жеделдету және Оңтүстік-Шығыс Азияда бейбітшілік пен тұрақтылық орнату. Таяудағы кезге дейін артта қалып келген, ал қазір қауырт өрлеп келе жатқан бұл елдердің өте маңызды экономикалық серіктері АҚШ пен Жапония болып отыр. Штаб-пәтерлері Бангкок пен Джакартада.

Американ мемлекеттерінің ұйымы – батыс жарты шардағы мемлекеттердің аса ірі ассоциациясы. Оған Америка континентінің АҚШ-ты қоса 30-ға тарта елі кіреді. Ұйымның мақсаты – аймақта бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту, алауыздықтарға жол бермей, даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешу, агрессия болғандай жағдайда бірлесіп іс-қимыл жасау, америкалық елдердің саяси, экономикалық және құқықтық проблемаларының шешілуіне жәрдемдесу, ғылыми-техникалық және мәдени прогресс мақсатында күш-жігерді біріктіру.Штаб-пәтері Вашингтонда.
Африка бірлігі ұйымы (АБҰ) – Африканың тәуелсіз мемлекеттерінің аса ірі және неғұрлым ықпалды мемлекетаралық саяси ұйымы. Континенттің 50-ден аса мемлекетін біріктіреді. АБҰ-ның негізгі мақсаттары Африка елдерінің арасындағы жан-жақты саяси және экономикалық ынтымақтастықты дамыту, олардың халықаралық аренадағы ынтымағы мен бірлігін нығайту, континентте отаршылдықтың барлық түрлерін жою, елдердің тәуелсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау.АБҰ-ның штаб-пәтері Аддис-Абебада.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет