Дәріс №7
7. Көлік географиясы
7.1.Көліктің түрлері
7.2.Дүниежүзілік көлік жүйесі
1.Атқаратын функциясына байланысты транспорт екі түрге бөлінеді – жолаушы және жүк тасымалдаушы.Транспорт түрлері табиғи (жер, су, ауа) және жасанды (канал, темір және жолдар, құбырлар) қатынас жолдарын қолдануға байланысты бөлінеді. Жалпы транспорттың дамуына ҒТП, сауданың дамуы, аумақтық еңбек бөлісу әсер еткен.
Транспорттың маңызы. Ол материалды өндірістің жетекші саласы, себебі транспорт ел ішіндегі және халықаралық еңбек бөлісудің негізін құрайды. Транспорт - өндіру ауданы мен тауарды, қызметті тұтыну аудандарын байланыстырады, өндірістік кәсіпорындардың орналасуына әсер етеді, аудандар мен елдердің мамандануына, халықаралық интеграция үрдістерінің дамуына жағдай туғызады, халықаралық экономикалық, мәдени байланыстардың барлық түрін қамтамасыз етеді.Транспорттың түрлері; құрлықтағы т. – темір жол, құбырлар, автомобил жолдары, су т. – теңіз және өзен т., әуе жолдары.
Көлік-дүниежүзілік шаруашылық жүйесіндегі материалдық өндірістің үшінші бір жетекші саласы. Бүкіл қатынас жолдары, көлік кәсіпорындары мен көлік құралдары қосылып, дүниежүзілік көлік жүйесін құрайды. \
2. Дүниежүзілік көлік саласында 100 миллионнан астам адам жұмыс істейді. Көлік желісінің жалпы ұзындығы (теңіз жолын қоспағанда) 35 миллион км-ден асады. Жыл сайын дүние жүзінде көліктің барлық түрлерімен 100 миллиардтан астам жүк және 1 триллионнан астам жолаушы тасылынады. Бұл тасымалға бірнеше миллиондаған көлік құралдары қатынасады. Дүниежүзілік көлік желісі жалпы ұзындығының және дүниежүзілік жүк және жолаушылар айналымының 75 — 80%-і экономикасы дамыған елдердің үлесіне тиеді. Автомобиль жолдарының ұзындығы ұдайы өсуде, ол 20 ғасырдың соңында 25 миллион км-ге жетті. Оның шамамен 50%-і АҚШ, Үндістан, Ресей, Жапония, Қытайға тиесілі. Елді автомобильдендіру жөнінен АҚШ ең жоғарғы деңгейге жетті. Мұнда 1000 тұрғынға орта есеппен 600 автомобильден келеді. Темір жол көлігі тасымалдау үлесінің кемігеніне қарамастан, құрлықтағы көліктің маңызды түрі болып отыр.
Дүниежүзілік темір жол желісі, негізінен алғанда, 20 ғасырдың басында қалыптасқан. Оның жалпы ұзындығы 1,3 миллион км. Темір жол 140 елде болғанымен, оның жалпы ұзындығының 50%-тен астамы АҚШ, Ресей, Канада, Үндістан, Қытай, Австралия, Аргентина, Франция, Германия және Бразилия елдері үлесіне тиеді. Темір жол желісінің жиілігі жөнінен Еуропа алда келеді. Құбыр тасымалы ең алдымен мұнай мен табиғи газ өндірудің тез өсуі, оларды өндіретін және тұтынатын басты аудандар арасын байланыстыру нәтижесінде дамыды. Ұзындығы ондаған мың км-ге жететін құбырлар ТМД елдерінде, Канадада, АҚШ-та, Таяу Шығыс елдерінде салынған. Теңіз көлігі — дүниежүзілік көлік жүйесінің өте маңызды құрамдас бөлігі. Бүкіл халықаралық сауданың шамамен 80%-ін қамтамасыз етеді. Теңіз сауда флотының жалпы тоннажы (сыйымдылығы) 420 миллион тоннадан асады. 1970 жыл бұл тоннаждың 50%-ке жуығын танкерлер құраған. Кейінгі жылдары олардың үлесі айтарлықтай азайды. Кеме қатынасы 160-қа жуық елдерде бар. Әуе көлігі — көліктің ең жас түрі. Әуе көлігімен 1948 жыл бүкіл дүние жүзінде 20 миллионға жуық адам тасымалданған болса, 1990 жылы 1,2 миллиардтан астам тасылды. Тұрақты әуе жолдары желісі миллиондаған километрге созылған. Дүние жүзінде 5 мың әуежай бар. АҚШ, Ресей, Жапония, Ұлыбритания, Франция, Канада,
Германия — дүние жүзіндегі ең басты әуе державалары.
Достарыңызбен бөлісу: |