Пәннің жұмыс бағдарламасы (syllabus)


Дәріс №9 9.Батыс Еуропа елдері. Жалпы сипаттама



бет28/34
Дата30.04.2020
өлшемі266,42 Kb.
#65251
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34
Байланысты:
zhusipbaeva r.s. umkd geografiya 2019

Дәріс №9

9.Батыс Еуропа елдері. Жалпы сипаттама

9.1.Аумағы. Халқы.

9.2. Аймақтың экономикалық жағдайы

Батыс Европаның құрaмына көлемі, мемлекеттік құрылымы және әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан бір-бірінен айырмашылығы бар 26 мемлекет кіреді. Батыс Европа - әлемдік капиталистік жүйеге кіретін негізгі үш орталықтың бірі. Көлемі - 3,7 млн. Км2. Халқы - 370 млн.

Батыс Европа дүниежүзілік шаруашылықта және саясатта, ДжГЕБ-де үлкен роль атқарады, дүниежүзілік мәдениет ошағы, ұлы географиялық ашулардың, өнеркәсiптiк төңкерiстің, қалалық агломерациялардың отаны болыпр келеді.

Солтүстік бөлігінде пайдалы қазбалар, сонымен қатар отын кен орындары да кең таралған. Оңтүстік бөлігінде рудалы кенорындар көп таралған, ал отын қоры аз. ФРГ-да қоңыр көмір, Греция мен Францияда боксит, ФРГ, Ирландия, Италияда мырыш - қорғасын кендерi, ФРГ және Франциядағы калий тұздар, Франциядағы уран, Солтүстік теңіз түбіндегі мұнай және газ қорларының маңызы зор.

Батыс Европа күрделi және қолайсыз демографиялық жағдаймен ерекшеленеді. Біріншіден, бала туу және табиғи өсудің төмендігі. Ең төмен бала туу саны Греция, Испания, Италия, ФРГ-да (10%-ға дейін). ФРГ-да қазіргі кезде халық санының азаюуы байқалады.

Бірұлтты мемлекеттер (Исландия, Ирландия, Норвегия, Швеция, Дания, ФРГ, Австрия, Италия), бiр ұлттың басымдылығымен (Великобритания, Франция, Испания), екі ұлтты (Бельгия), күрделiрек ұлттық құрамымен (Швейцария).

Батыс Европаның барлық елдерінде негізгі дін – христиан діні. Оңтүстік европада католицизм, Солтүстікте - протестанство басым.

Батыс Европа – әлемнің ең тығыз орналасқан аймақтардың бірі, халықтың орналасуы қалалар географиясымен анықталады. урбанизация деңгейі - 70-90%.

2.Аймақтың экономикалық қуатын «үлкен жетілік» мүшелері айқындайды. Олар: ФРГ, Франция, Ұлыбритания және Италия. Батыс Европаның басқа елдерінің ішінде экономикалық салмағы жоғары Испания, Нидерланды, Швейцария, Бельгия, Швеция елдері. Ашық экономиканың жоғары деңгейіне Бельгия және Нидерланды, Батыс Европаның шағын мемлекеттері (Андорре, Мальте, Лихтенштейне, Сан-Марино, Монако, Ватикане) жетті. Ең төменгі экономикалық даму деңгейі Исландия, Ирландия, Португалия, Грецияда.

Отын-энергетикалық баланстағы мұнай мен газ үлесі – шамамен 45%. ЖЭС 50%-дан астам, СЭС - 15%-дан астам электр энергиясын шығарады. Электро энергетика құрылымында маңызды орынды АЭС алады, әсіресе, Франция, Бельгия, ФРГ, Ұлыбританияда.

Қара металлургия ең алдымен металлургиялық отын немесе шикізат бар елдерде дамыған. Олар: ФРГ, Великобритания, Франция, Испания, Бельгия, Люксембург. Түсті металлургия, оның ішінде алюминий қорыту -Франция, Италия, Греция, Норвегия, Швейцария, ФРГ, Австрияда, мыс қорыту - ФРГ, Франция, Великобритания, Италия, Бельгияда дамыған.

Машина жасау және металл өңдеу – Батыс Европа өнеркәсібінің жетекші саласы, оған өнеркәсiптiк өнiмiнiң 1/3 көлемi және 2/3 оның экспортына келедi.

Химия өнеркәсібі машина жасаудан кейінгі екінші орында тұр. Iрi мұнай және химия орталықтары Рейн, Темза, Сена, Эльба, Рона эстуарийларында орналасқан; бұл аймақтарда бұл сала мұңай өңдеумен қатар жүреді.

Ауыл шаруашылығы жақсы дамыған, дүниежүзілік ауыл шаруашылығында жоғары орында, мұнда астықтың 15%, еттің 15% және сүттің 30% өндіріледі. Батыс Европа елдерінің көп бөлігі ауыл шаруашылығының негізгі өнімдерімен өз қажеттіліктерін толығыменқамтамасыз етедi және бір бөлігін экспортқа шығарады.

Балық шаруашылығы Норвегия, Дания, Исландияда халықаралық маманданудың саласы болып табылады; барлық теңiз жағалауындағы мемлекеттерде дамыған.

Батыс Европаның көлік магистралі бірыңғай аймақтық көлік жүйесін құрайды. Бұл жерде қозғалыс тығыздығы өте биік, халықаралық және транзиттiк тасымалдардың ролі үлкен. Жүк тасымалдауда автомобиль көлігі басты роль атқарады. Жаяу және ішкі су жолдарының қиылысуында ірі көлік торабтары пайда болған. Iрi теңiз порттары портты - өнеркәсiптiк кешендерге айналып кеттi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет