Пәннің жұмыс бағдарламасы (syllabus)


Дәріс №12 12. Африка елдері



бет31/34
Дата30.04.2020
өлшемі266,42 Kb.
#65251
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
zhusipbaeva r.s. umkd geografiya 2019

Дәріс №12

12. Африка елдері.

12.1. Африка елдеріне жалпы сипаттама

12.2. Африка аймақтарының шаруашылық жағдайлары

Африка- Жердің, Евразиядан кейінгі көлемі жағынан екінші үлкен материгі. Оған қарасты аралдарды қоса есептегендегі ауданы -30,3 млн. км2, аралдарсыз -29,2 млн. км2.

Африкада халықтың орташа орналасу тығыздығы (1 км-ге 22 адам) шетелдік Еуропа мен Азиядағыға қарағанда бірнеше есе кем. Африкада халық өте әркелкі орналасқан. Африкада қала агломерациялары жаңадан қалыптаса бастады. Алайда мұндағы урбандалу қарқыны дүние жүзінде ең жoғары дәрежеде; кейбір қалалардың халқы әрбір 10 жыл сайын екі есе өсуде.

Пайдалы қазбалардың көптеген түрлерін өңдіру жөнінен Африка шетелдік дүниеде маңызды, кейде ерекше орын алады. Өндірілетін отын мен шикізаттың негізгі бөлігі дүниежүзілік нарыққа шығарылатындықтан, өндіруші өнеркәсіп ең алдымен Африканың халықаралық географиялық еңбек 6өлінісіндегі орнын айқындайды.

Африка елдері экономикалық және әлеуметтік даму дәрежесі жөнінен өзге аймақтағы елдерден әлдеқайда артта қалған (ОАР-дан басқасы). Басты эканомикалы көрсеткіштері бойынша Африканың көптеген елдері халықаралық аутсайдер (ағылшын тілінде ovtsider-бөтен,жат) жағдайында қалып отыр. Қазіргі таңдағы адамзат басына ауртпалық әкеліп отырған жағдайлардың барлығы дерлік Африка үшін шешімін таппаған мәселелер қатарына жатады.

Африка елдеріне дамушы елдердің сипатты белгілері тән болып келеді, әсіресе ХХ ғасырдың 60-70 жылдары аймақтық экономикалық және әлеуметтік дамуының кейбір бағыттары өте жоғары деңгейге көтерілді. Бірақ 1980-1990 жылдары экономикалық дамудың жылдамдығы кенет төмендеп, әлеуметтік дамуының жағдай ерекше нашарлады, тіпті терең дағдарыстық сипатқа ауысты. Азық –түлік өндіру мен оны халықтық тұтынуы арасындағы алшақтық артып, ол өз тарапынан астық импортының өсуіне себепші болды. Оның үстіне Африканы бұрын болып шарпып, тікелей 200 млн –ға жуық адамды қамтыды.


Сонымен қатар шетелдік қаржыгерлердің борыш қыспағы да күшейе түсті. Африка елдері экономикасының бір жақты аграрлы- шикізаттық бағытта дамуы және осы негізде ауыл шаруашылығының нашар дамуы, аймақ елдерінің әлеуметтік- экономикалық артта қалуының басты себептерінің бірі болып табылады. Көптеген елдерде бұл бір жақтылық бір ғана дақыл түрін өндіруге маманданудан айқын көрінеді. Бір дақыл түріне мамнданудың нәтижесінде ондаған елдер экспортқа шығаратын бір- екі тауардың дүниежүзілік сұранымына тәуелді болып қалуда. Сондықтан да бір дақылды елдер көп салалы шаруашылық құруға тырысуда, біақ әзірше бұл жолда аз ғана елдер табысқа жетуде.

Өңдеуші өнеркәсіп нашар дамығанымен, көптеген елдер кен өнеркәсібінің жақсы жолға қойылуымен ерекшеленеді. Көлік жүйесі де елдер арасындағы және олардың ішкі аудандарымен байланысты өз дәрежесінде жүзеге асыра алмай отыр. Білікті мамандар, техникалық қажеттілік және ұлттық қаржы – қаражат жетіспейді.Осы шаралар нәтижесінде елдердің даму қарқыны біршама жеделдеп, шаруашылықтық салалық және аумақтық құрылымы қайта қарастырыла бастады.

Африка елдерінде соңғы жылдары тау кен өнеркәсібі зор табыстарға қол жеткізді. Қазір пайдалы қазбалардың көптеген түрлерін өндіруден Африка дүние жүзінде маңызды, кейде тіпті жетекші орындарды да иеленуде. Мысалы, ОАР алтын өндіруден бірінші орынды; Нигер уран; ал Гвинея боксит өндіруден екінші орынды иеленеді.Замбия мыс өндіру мен оны экспортқа шығарудан әлемге әйгілі, бұл елді қызыл металл елі деп атайды. Сонымен қатар Конго мен Боствана алмас өндіру мен оны сыртқа шығарудан дүние жүзінде жетекші орынға шығып отыр. Африка елдеріндегі өндірілетін отын мен шикізаттың негізгі бөлігі сыртқа шығарылатындықтан, тау –кен өнеркәсібі Африканың халықаралық еңбек бөлінісіндегі орнын айқындайды. Бірақ та кен өндіру өнеркәсіптерінің көпшілік бөлігі шетел қаржыгерлерінің қолында шоғырланған.

Соңғы жылдары Африка елдерінде өңдеуші өнеркәсіп қарқынды дамуда. Бұл сала, ең алдымен жергілікті минералды шикізатқа негізделеді. Ең күшті дамыған сала – түсті металлургия, олар негізінен кен өндіретін өнеркәіп аудандарында шоғырланған. Оларға алғашқы және тазартылған мыс өндіретін (Замбия, Заир), металдық алюминий өндіру (Камерун, Египет), полиметалл кендерін байыту (Конго) кәсіпорындары жатады. Өнімнің басым көпшілігі сыртқа жөнелтіледі. Қара металлургия кәсіпорындары, керісінше өз қажеттерін өтейтін өнімді ған өндіреді. Машина жасау тек кейбір елдерде ғана бар, аз ғана кәсіпорындар сырттан әкелінген бөлшектерден автокөлік, велосипед, трактор және ауыл шаруашылығы машиналарын құрастырады. Химия өнеркәсібі Солтүстік және батыс Африканың көптеген елдерінде (Ливия, Алжир, Нигерияда мұнай айыру) мұнай кендерінің ашылуымен байланысты қарқынды дамуда. Сонымен қатар бұл аймақтарда азот және фосфор тыңайтқыштарын өндіретін кәсіпорындар да баршылық. Энергетикалық ресурстардың едәуір мол кездесетініне қарамастан отын – энергетика өнеркәсібі (мұнайдан басқасы) нашар дамыған. Әсіресе электр энергиясын өндіруден артта қалып отыр.

Жеңіл өнеркәсіп салалары арасынан тоқыма өнеркәсібінің алатын орны ерекше. Солтүстік Африка елдері өздерінің мақта матасына деген тұтыну талабын толығымен қанағаттандырылып, мақтадан иірілген жіптері мен тігін өнімдерін (Египет, Марокко, Тунис) сыртқа шығарады.

Тамақ өнеркәсібі салаларынан май шығару (зәйтүн, жержаңғақ, пальма майы), ұн тарту, қант және шарап жасау өнеркәсібі көзге түседі.

Африка елдеріндегі сыртқы сауда айналымының ¾ -і Еуропаның жоғары дамыған елдеріне және АҚШ пен Жапонияның үлесіне тиеді. Ал мемлекетаралық байланыстарды кеңейтуде Африкалық бірлік ұйымы ерекше орын алады. Бұл ұйым Африканың дамушы елдерін өзара байланыстыратын жаңа экономикалық және қоғамдық қатынастарды қалыптастырумен айналысады. Африка елдері үшін сыртқы экономикалық байланыстардың орны ерекше маңызды. Өйткені олардың экономикасы сыртқа шығаруға арналған шикізаттық және ауыл шаруашылығы өнімдеріне негізделеді. Мысалы, мұнайды Нигерия, Ливия, Алжир; мысты Замбия, Заир; темір кенін Либерия мен Мавритания; марганец пен уран кенін Габон; фосфоритті Марокко тұрақты түрде сыртқа шығарады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттағы үлесі жылдан –жылға төмендеуде. Дегенмен көптеген елдер әлі де халықаралық нарықтағы орнын жоғалтқан жоқ. Египет, Судан, Сад, Мали, Танзания – мақта, Эпиопия, Ангола, Руанда, Бурунди, Уганда, Кения –кофе, Кот-д-Ивуар, Гана, Нигерия – какао бұршағын; Сенегал, Гамбия, Судан –жержаңғақ; Тунис, Марокко – зәйтүн майын экспортқа шығарады. Сонымен қатар Африка елдері цитрус өнімдерін, жүзім шарабын, темекі, тропиктік ағаш сүректерін де сыртқа шығаруға маманданған.

Африка елдері тарихи кезеңдерден бері және қазіргі экономикалық – географиялық жағдайларына сәйкес бірнеше ірі аймақтарға бөлінеді. Олардың әрқайсысы ұқсас белгілеріне қарай топтастырылған бірнеше елдер жиынтығынан құралады. Аймақтар арасындағы шекаралар шартты түрде жүргізілген.

Солтүстік Африка елдері Жерорта теңізі жағалауында орналасқан елдерді топтастырады. Олардың экономикалық –географиялық жағдайлары өте тиімді. Еуропа, Азия, Аустралияға баратын маңызды теңіз жолдары бойында орналасуы, бұл елдердің жағалауларында ірі қалалардың пайда болуына және дамуына жағдай жасады. Ежелден – ақ сауда байланыстарын жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады. Солтүстік Африка – ежелгі өркениет бесігі, теңіз жағалауындағы көптеген қалалардың негізі Ежелгі Рим және Карфаген қоныстарынан басталады.VI- XII ғасырларда арабтардың отарлауы халықтың ұлттық құрамына. Оның мәдениетіне, діні мен өмір салтына зор ықпал етті. Солтүстік Африканы қазір де Араб Африкасы деп атайды, өйткені негізгі халқы арабтар; сондай –ақ берберлер мен туарегтер, француздар да көптеп тұрады.

Солтүстік Африка жерінің көпшілігі шөлдер болып табылады. Сондықтан да аймақтағы ең басты мәселе – тұрмыс пен өндірісті, ауыл шаруашылығын қажетті тұщы сумен қамтамасыз ету. Аймақтағы негізгі ірі өзен – Нілдің бойында кезінде кеңестер Одағы көмегімен салынған Асуан бөгеті арқасында көптеген шөлді аудандарды суландыруға мүмкіндік туды. Соңғы кезде Алжир Сахарасы мен Ливия шөлінен табылған тұщы су қорларының да маңызы артып отыр.

Ауыл шаруашылығы дақылдарынан бидай, арпа, жүгері, сондай –ақ ұзын талшықты мақта, зәйтүн, жүзім, цитрус өнімдері мен құрма пальмасы өсіріледі. Қой мен түйе өсіру мал шаруашылығының ең кең тараған саласы болып табылады.

Өндіріс ошақтары негізінен Жерорта теңізі жағалауында шоғырланған. Ірі орталықтары – Каир, Александрия, Алжир, Тунис, Рабат, Касабланка қалалары. Әсіресе Нілдің атырауы ерекше көзге түседі.

Ал неғұрлым ішкі аудандардағы өндіріс орталықтары мұнай мен газдың (Алжир, Ливия), фосфориттің (Марокко) ірі кен орындарының ашылуымен байланысты қалыптасқан. Бұл аймаққа кіретін елдер Африкадағы экономикалық жағынан біршама дамыған, халықаралық еңбек бөлінісінде өзіндік елеулі үлесі бар елдер қатарына жатады.

Батыс Африка жиырмаға жуық елді қамтитын, әр түрлі ресурстарға бай аймақ. Оның жер қойнауында темір рудасының, марганецтің, бокситтің, қалайының, алтынның, алмастың және басқа пайдалы қазбалардың мол қорлары бар.

Аймақтың өзіне тән бір ерекшелігі саяси жағынан бытыраңқы және ала –құла. Мысалы, мұнда халқының саны жөнінен Африканың ең ірі елі Нигерия және аралдағы Кабо – Верде сияқты кішкентай ғана ел бар. Этностық құрамының күрделілігі, халықтарының алуан тілде сөйлейтіні және жекелеген этностық топтардың шағын болуы аймақ елдерінің арасындағы қарым – қатынасты қиындатып отыр.

Континенттің басқа да аймақтарындағы сияқты Батыс Африканың экономикасында ауыл шаруашылығы басты рөл атқарады. Бұл орайда жалпы Африкаға тән монодақылдық мұнда ерекше айқын көрінеді. Дүниежүзілік жағдайда какао- бұршағын өндіруде Ганаға қоса Кот-д Ивуар мен Нигерия, жер жаңғағын өсірумен Сенегалға қоса Нигер мен Гамбия, пальма жаңғағының денін және пальма майын өндірумен Нигерия және басқалар шұғылданады.

Батыс Африканың көптеген елдері үшін кен өндіру өнеркәсібінің де тар өрісті мамандануы тән (темір рудасының кен орындары Мавританияда, Либерияда, боксит – Гвинеяда, уран – Нигерде және т.б.). Бұл аймақ елдерінің арасында кен өндіру өнеркәсібі Нигерияда дамыған, соңғы жылдары ол мұнайды экспортқа көп шығарушы елдердің қатарына қосылды.

Батыс Африкада өндірілген минерал шикізаттың басым көпшілігі сыртқа тасып әкетіледі, ал жергілікті ұқсатушы өнеркәсіп енді ғана қалыптасып келеді. Қазір мұнда қара және түсті металлургия, машина жасау және химия өнеркәсібі салаларын құру, заманға лайық көлік құралдарын дамыту мәселелері күн тәртібіне қойылып отыр.

Орталық (Экваторлық) Африка елдеріне атынас сәйкес материктің орта

сында орналасқан елдер кіреді. Атлант мұхитының Гвинея шығанағы жағалауындағы орны елдерінің сыртқы байланыстарды дамытуына ертеден –ақ жағдай жасаған. Жағалаудағы Еуропа отаршыларының алғашқы сауда орындары – факториялар, бүгінде үлкен порттарға айналған. Ал аймақтағы кейібр елдер материктің әлдеқайда қолайсыз, ішкі аудандарында орналасқан. Олардың сыртқы байланыстары көршілес елдер порттары мен әуежолдары арқылы жүзеге асырылады.

Орталық Африка минералды және су ресурстарына аса бай аудан болып есептеледі. Мұнда әлемге әйгілі мыс белдеуі орналасқан, сондай –ақ кобальт, қорғасын, мырыш, марганец, темір және уран кендерінің де қоры кездеседі. Аймақ қойнауы алтын мен алмасқа да аса бай болып келеді. Соңғы жылдары Гвинея шығанағы қайраңдарынан мұнайдың ірі кен орындары ашылды.

Отаршылық кезеңінде аса қуатты құлдыраған экономика, елдер тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін қайта жанданады. Бұрынғы ескі өндіріс негізінде кен өндіруден бастап, жоғары сапалы металл жасап шығаратын толық циклді өнеркәсіп орындары пайда болды. Бірақ көптеген елдер әлі де тек шикізат өндіріп, оны сыртқа шығарумен шектеліп отыр. Габон, Конго, Экваторлық африка сияқты елдер сыртқа аса бағалы тропиктік ағаш сүрегін шығарумен айналысады.

Ауыл шаруашылығы сыртқа шығаруға бағытталған кофе, какао, шай, темекі, каучук, мақта, жержаңғақ, банан, тропиктік жемістер өсіруге маманданған.

Шығыс Африка жерінің қойнауы бай аймақтар қатарына қосылмайды. Континенттің бұл бөлігінің елдері кейбір өнім түрлерін көп өндіруші және дүниежүзілік нарыққа жеткізуші елдер болып табылады. Эфиопия, Кения Уганда және басқалары кофе, Кения- шай, Танзания, Уганда, Кения сизаль мен мақта, Сомали, Джибути тірідей мал жөнелтуші елдер ретінде танылған.

Басқа да аймақтардағы секілді шығыс Африка елдерінде егіншілік пен мал шаруашылығының өнімдерін бастама ұқсататын кәсіпорындары бірталай. Алайда ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарының мүлдем жоқтығы көзге ұрады.

Континенттің нақ жүрегінде орналасқан Экваторлық (Орталық) Африка – дүние жүзінің ең бай минерал – шикізат қоймаларының бірі. Мұнда кеңінен мәлім мыс белдеуі бар (Заирдың оңтүстік –шығысы мен Замбияның іргелес ауданы); мұнда мыс рудасымен қатар кобальт, қорғасынғ мырыш және басқа да металл рудалары алынады. Экваторлық Африканың жер қойнауында сондай –ақ темір рудасы (Габон, Замбия), марганец (Габон, Заир), қалайы, алмас, уран рудалары (Заир) бар. Соңғы жылдары аймақ өңірінде мұнай кен орындары ашылып, өндірілуде (Габон, Конго).

Отаршылардан Орталық Африка елдеріне мұраға мешеу экономика қалды, тек Заир мен Замбияда ғана түсті металлургия болды. Тәуелсіздік жылдарында мұнда руда қазып шығарудан бастап жоғары сапалы металдар қорытуға дейін толық өндіріс циклы құрылды. Қазба шикізат өндіру бүгінде аймақтың басқа елдерінде де дамып келеді. Тропиктік ағаш сүрегін дайындаудың да маңызды экспорттық мәні бар( Габон, Конго, Экваторлық Гвинея).
Ауыл шаруашылығы кофе мен какао, пиретрум (эфирлі) мен шай, темекі мен каучук, мақта мен арахис, банан мен жесім сияқты дақылдарды өсіруге маманданған. Жекелеген елдерде ауылшаруашылық өінімі – сыртқа шығарылатын негізгі өнім.

Оңтүстік Африкада алуан түрлі табиғи ресурстар молынан бар, олардың арасында минерал ресурстар байлығы ерекше. Кен өндіру өнеркәсібі (алтын, хромиттер, темір рудасы, полиметалдар, көмір және басқа да пайдалы қазбалар өндіру) дамуының дәрежесі Оңтүстік Африка Республикасы мен Зимбабведе жоғары; бұларда қазбалы шикізатты ұқсату жөніндегі кәсіпорындар басқа көрші елдердің бәріндегіден кеңінен дамыған.

ОАР - өнеркәсібі дамыған бірден -бір ел. Оның үлесіне бүкіл континенттегі ЖІӨ- нің шамамен 25 пайызы және өнеркәсіп өндірісі көлемінің 40 пайызы келеді. Оның шаруашылық бейнесі ең алдымен кен өндіру өнеркәсібіне қарап анықталады (дүниежүзінде алтын өндіру жөнінен бірінші, алмас өндіруден- екінші, уран жентегін өндіру жөнінен үшінші орын). Машина жасау мен металлургия кемел дамыған. Ауыл шаруашылығының тауарлы өнімі негізінен ақ нәсілді фермерлердің шаруашылықтарында өндіріледі, ал африкалықтар көбіне заттық шаруашылық жүргізеді.

Африканың оңтүстігіндегі елдердің көпшіліндегі тұтынылатын және экспортқа шығарылатын ауыл шаруашылығы дақылдары негізінен сол континенттің басқа елдеріндегідей дақылдар. Мұнда тропиктік аймақтармен салыстырғанда жүгері мен бидайдың рөлі ғана біршама жоғары.

Аймақ елдерінің тағы бір айырмашылығы сол, жекелеген елдер (Зимбабве, Ботсвана, Лесото, Свазиленд және т.б.) мал шаруашылығы өнімдерін: жүн мен қаракөл елтірісі, тірі мал, тері өнімдерін өндіру мен шетке шығаруға маманданған.

Әлеуметтік – экономикалық тұрғыда Оңтүстік Африка континенттің басқа қай аймағынан болсын іштей анағұрлым әркелкі.

Сонымен, дамушы елдер тәуелсіздік алған жылдарда артта қалушылықты жою бағытында айтарлықтай күш жігер жұмсап келе жатқанына қарамастан. Африка дүние жүзілік шаруашылықтың перифериясы болып отыр: мұнда экономиканың отарлық салалық және аумақтық құрылымы сақталған. Шаруашылық және саяси ынтымақты нығайту – континент елдерінің басты міндеттерінің бірі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет