Пәннің мақсаты және міндеттері



бет1/9
Дата16.09.2024
өлшемі144,5 Kb.
#204344
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Мектепке психологиялық- физиО


т, 2020
Дәріс №1
Дәріс тақырыбы: Кіріспе
Дәрістің мақсаты: Даярлық топтарды мектепке дайындау мәселесі туралы түсінік
беру.
Дәріс жоспары:

  1. Курстың мақсаты, міндеттері.

  2. Баланы мектепке дайындаудағы білім берудің мемлекеттік ресми құжаттарын талдау.

Дәріс барысы:
Егеменді еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеуге елеулі үлес қосып, сәбилерге ұлттық тәлім-тәрбие бере отырып, 5-6 жастағыларды мектепке дайындау ісі отбасылар мен балабақшаларда берілетін білім мазмұныны жаңарту, оның біртұтас жүйелілігін қамтамасыз етуді мақсат етеді. Сондықтан да 5-6 жасар балаларды мектепке даярлау мәселелері ата-аналар мен ұстаздар қауымын ерекше толғандырады. Бағдарлама мазмұнын іске асыруда білім беру міселесіне көп көңіл бөлінеді. Неге десеңіз мектеп қабырғасын аттаған балаларды байқағанда балабақшамен қамтылған балалар мен балабақшаға бармаған балалар арасындағылардың айырмашылығы бірден көзге түседі. Балабақшамен қамтылған балалар тәрбиешінің айтуы, нұсқауы бойынша жұмыс жасап, іс әрекетте белсенділік көрсетіп, өз құрдастарының арасында өзін-өзі еркін ұстап, әрі бақылай алатындығы байқалады. Ал үйден келген әр бір баланың психологиялық дамуына, жаңа ұжымға, күн тәртібіне үйренуінде мектепке деген қызығушылығында кемдік орын алады. Оларды мектеп жағдайында қалыптастыруға педагогтің шеберлігі үлкен рөл атқарады.
Баланы мектепке дайындаудың мақсаты – балалардың ынтасын қызықтырып, одан әрі дамыту, қоғамға сай өмір сүруге бейімдеу. Психологтардың айтуынша, 6 жасар балалар өте аңғарғыш, сенгіш, мұғалім айтқанын тез қабылдағыш келеді. Мұның өзі ұстаздың алға қойған мақсатын жүзеге асыруына мол септігін тигіізеді. Олай болса, бұл мүмкіндіктерді ұтымды пайдалану – абзал борыш.
Баланы мектепке оқуға даярлаудың міндеті – білімді, сауатты, өз халқының тарихын, тілін, ата-бабаның салт-дәстүрі, елді, жерді қастерлеу сияқты қасиеттерді қалыптастыру, айналадағы дүниені танытып, меңгерту, психикалық таным үрдістері (түйсік, ес, қабылдау, қиял, ойлау, зейін, тіл) одан әрі дамытып, жақсы іскерліктер мен дағдылар қалыптастыру болып табылады.
Бүгін мектеп табалдырығын аттаған әрбір бүлдіршін – ол ертеңгі қоғам иесі. Сондықтан да оқытудың алғашқы сатысынан бастап, оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру, халықтық педагогиканың нәрлі қайнарымен сусындату үшін болашақ ұстаз ғасырлар бойы қалыптасқан педагогикалық шеберліктің, тәжірибесінің негіздерін дұрыс пайдалана білуі тиіс.
Жалпы мектепалды дайындық – мектепке дейінгі және мектептегі білім берудің сабақтастығын қамтамасыз ететін аса маңызды қадам. Мектепалды оқыту мен тәрбиелеуді іске асыратын орталық міндеттер – дамыта оқытудың әдістері мен тәсілдерін меңгеруге қабілетті педагогикалық кадрларды іріктеу, даярлау және қайта даярлау.
Соңғы жылдары мектепке дейінгі тәрбиелеу орындарын қамтамасыз ету, талдау, мектепке дейінгі мекемелер мен мектепке дейінгі жастағы балалардың нәтижелі дамуын қамтамасыз ету, халықаралық мектепке дейінгі дәрежеде тәрбиелеуде тәжірибелер жинақтау және басқа мәселелер бойынша бірталай жұмыстар жасалынды. Мектепке дейінгі 5-6 жастағы балаларға арналған дайындық тесті және міндетті нормалары Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының шеңберінде жасалынды. Бұл норманың ерекшелігі мынаған байланысты жасалынды:
- Балалардың құқығы туралы конвенциялардың нұсқаулары негізінде мемлекеттің баланың өмір сүруі және білім алуы, дамуы үшін жағдай жасауы;
- 1998 ж. 28 қаңтардағы № 3834 «Қазақстанның 2030 ж.» даму стратегиясын дамыту шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен, барлық жергілікті тұрғындардың қол жеткізуіне мүмкіндік туғызатын мектепке дейінгі тәрбиені жақсарту;
Қай заманда болмасын, жас ұрпақты тәрбиелеу және білім беру ісі қоғам мүшелерінің, яғни жұртшылықтың назарынан тыс, бейтарап қалып көрген емес. Барлық ата-аналардың, педагогтардың алдында қайткен күнде де балаға терең білім, сапалы тәрбие беру деген мақсатты міндет тұрады. Өйткені, болашақтың бастауы – балаларды көзі ашық, көкірегі ояу, білімді, мәдениетті азамат етіп өсіру – ата-ана мен педагогтардың алға қойған негізгі мақстаы.
Оқыту мен білім берудің басты функциясы –ол адамның адам болып қалыптасуы, өмірдегі өз қабілетін танып білуі, т.б. Адамның жеке басының дамуы, қалыптасуы – мектепке дейінгі кезеңнен басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет