Жоғары кәсіптік-педагогикалық білім беру жүйесі Кәзіргі уақытта көп деңгейлі кәсіптік педагогикалық білім алу жүйесі бар. Көп деңгейлі педагогикалық білім алу мазмұны және уақыты бойынша кәсіби білім беру бағдарламаларына сабақтас болып әртүрлі жүзеге асады.
Жоғары оқу орнында (ЖОО) білім берудің бакалавр (оқу мерзімі 4 жыл), маман (оқу мерзімі 5 жыл), білімділік дәрежесін алу қарастырылған. Бастапқы кәсіптік білім беру жүйесіндегі еңбек нарығында неғұрлым сұранысқа ие болып отырған - мамандар. Бастапқы кәсіптік білім беру жүйесінде бакалаврлар мен магистрлер төмен деңгейде сұраныс тауып отыр.
ЖОО білім беру бағдарламаларының мазмұны төрт айналымға (цикл) (жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер; жалпы математикалық және жаратылыстану ғылыми пәндер; кәсіптік дайындық және факультативті пәндер) біріктірілген, олар өз кезегінде блоктарға бөлінеді. Кәсіптік дайындық пәндер айналымы вариативті болып табылады және екі блоктан тұрады - кәсіптік дайындықтың жалпы пәндері және кәсіптік дайындықтың арнайы пәндері. Өз кезегінде бұл блоктардың әрқайсысы екі модулді қамтиды (жалпы психологиялық-педагогикалық пәндер және жалпы салалық пәндер; арнайы психологиялық-педагогикалық пәндер және арнайы салалық пәндер).
Магистратура (жоғары кәсіптік білімнің сатысы) екі траекторияда іске асады: кәсіптік магистратура 3 триместрді қамтиды – 1 жыл; ғылыми магистратура – 2 жыл.
Докторлық бағдарлама-жоғары кәсіптік білімнен кейінгі докторлық бағдарлама екі траекторияда іске асады:
кәсіптік магистратурадан кейін – 3 жыл,
ғылыми магистратурадан кейін – 2 жыл.
Халықаралық ұлттық білім беру жүйесінің бағдарламасына сәйкес жоғары және жоғары кәсіптік білімнен кейінгі білім берудің кредиттік технология негізінде үш деңгейлі академиялық дәрежелер енгізіледі: «бакалавр», «магистр», «доктор».
Жоғары және жоғары кәсіптік білім беру білімдік кәсіптік бағдарламаның негізгі мазмұны – Мемлекеттік білім стандарты және оқу жоспарлары негізінде іске асады.
Оқу жоспары үш түрлі формада қамтылады:
1. типтік оқу жоспары;
2. жұмыс оқу жоспары;
3. жекелей оқу жоспары - әрбір жеке студенттің білім траекторяисын анықтайды.
Типтік оқу жоспарларын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты оқу-әдістемелік бірлестіктер жасайды.
Жұмыс оқу жоспары- Қазақстан Республикасы Білім стандарты және типтік оқу жоспары негізінде жасалады.
Жеке оқу жоспары – жұмыс оқу жоспары негізінде студенттің 1 жылға жасайтын жеке оқу жоспары. Жеке оқу жоспарында оқу пәндері, кредит саны және студент қалаған профессор, доцент, ассисенттердің аты-жөні жазылады.
Дәріс №3 Дәрістің тақырыбы: Баланы мектепке дайындау ҚР білім берудің алғашқы баспалдағы
Дәрістің мақсаты: ҚР білім берудің алғашқы баспалдығы баланы мектепке дайындаудың ерекшеліктерін, оқу іс-әрекетін анатомиялық-физиологиялық тұрғыдан жүзеге асырудың алғы шарттарын меңгерту.