Пәннің мақсаты және міндеттері



бет8/9
Дата16.09.2024
өлшемі144,5 Kb.
#204344
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Мектепке психологиялық- физиО

Дәрістің жоспары:
1. Мектепке дейінгі балалардың жас ерекшеліктері. Оқу іс-әрекетін анатомиялық-физиологиялық тұрғыдан жүзеге асырудың алғы шарттары.
2. Мектепке дейінгілердің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері: зейін мен ес; көрнекілік ойлау; тілге тән ерекшелік; еріктік-сезімдік орта; мұғалімнің іс-әрекетіне сипаттама.
3. Мектепке дейінгілермен оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктері мен міндеттері.
Дәріс барысы:
Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін реформалау барысында әрбір баланы мектептегі оқу және әлеуметтік ортаға еркін бейімделе алатындай жағдай жасау аса маңызды міндет. Демек, қазіргі талап бойынша мектептің бірінші сыныбына келетін балалардың физиологиялық жағынан мықты, адамгершілік, мәдениеттілік, еңбексүйгіштік қасиеттері мол, ерік-жігері күшті, жұмыс қабілеттеріне ие, білімге қызығушылық сипаттары мол болуы қажет. Сондықтан да мектеп пен мектепке дейінгі ұйымның, ата-аналардың басты міндеті - баланы мектептегі оқуға, мектеп өміріне даярлау.
Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін реформалау барысында әрбір баланы мектептегі оқу және әлеуметтік ортаға еркін бейімделе алатындай жағдай жасау аса маңызды міндет. Демек, қазіргі талап бойынша мектептің бірінші сыныбына келетін балалардың физиологиялық жағынан мықты, адамгершілік, мәдениеттілік, еңбексүйгіштік қасиеттері мол, ерік-жігері күшті, жұмыс қабілеттеріне ие, білімге қызығушылық сипаттары мол болуы қажет. Сондықтан да мектеп пен мектепке дейінгі мекеменің, ата-аналардың басты міндеті - баланы мектептегі оқуға, мектеп өміріне даярлау.
Бүгінгі күнде «мектептегі оқуға дайындық» ұғымы комплексті және баланың барлық өмірінің сферасын қамтиды.
Мектепке дейінгі баланың өмірінде әлеуметтік, психологиялық жағынан және физиологиялық жағынан да қиын кезең.Бұл кезеңде мектеп өмірімен танысады, әлеуметтік ортасы өзгеріп және оқушының жаңа әлеуметтік рөлін меңгере бастайды.
Белгілі орыс психологтары А.Н. Леонтьев, А.В. Запорожец, А.А. Люблинская мектепке даярлау ұғымына баланың оқу тапсырмаларын түсінуін,әрекеттерді орындау тәсілдерін меңгеруін, ерік қасиеттерінің дамуын, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау дағдыларын, мұғалімді тыңдау, материалды еске сақтау біліктілігін жатқызады.
Е.Е. Кравцова мектептегі оқуға психологиялық даярлығы бұл баланың дамуында «қарым-қатынас» негізгі ролді атқарады деген тұжырымға келді. Ал Л.И. Божович мектепке келетін баланың таным қызығушылықтары дамыған, әлеуметтік ортаға ене алу біліктілігі және оқуға деген ынтасы болу қажет деген пікірге келді. Р.В. Овчарова тұжырымдамасында, мектептегі оқуға дайын бала өзінің әрекеттерін жоспарлап және бақылай алады,қоршаған дүниенің заңдылықтарын,заттардың жасырын қасиетін бағдарлайды,оларды өз әрекеттерінде қолдана алады,басқа адамды тыңдай біледі және логикалық ойлау тәсілдерін орындай алу біліктілігін жатқызады.
Алайда, мектепке даярлау мәселесі Қазақстан ғалымдары Б. Баймұратова, Қ. Сейсенбаев, Н. Айғабылов, Б. Дабылова еңбектерінде біршама зерттелгені белгілі. Дегенмен, мектептегі оқуға даярлау мәселесі әліде өзекті мәселелердің бірі болып қала бермек. Мектепке психологиялық даярлықты жүзеге асыру ісін ғалымдар түрліше жіктейді. И. Шванцар, Л.И. Божович зерттеулеріне сүйене отырып, мектепке даярлықты жүзеге асыру ісін үш бағытта жүргізу қажет деп тұжырымдайды. Ал Е.Е. Кравцова мектепке даярлықтың төрт бағытын қарастырды:
1 бағыт - балаларды мектептегі оқуға қажетті нақты іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру;
2 бағыт – мектеп жасына дейінгі кезеңнің аяғында байқалатын жаңа құрылымдар мен бала психикасындағы өзгерістерді зерттеу;
3 бағыт - оқу әрекеттерінің алғы шарттары;
4 бағыт - баланың берілген ережелер мен ересектер талабына саналы түрде бағыну іскерлігі.
Қазіргі замандағы ғылым мен техниканың шарықтап дамуы, ғылымның ғажайып жаңалықтары, әдебиет пен мәдениеттің құлаш жая өркендеуі балалардың сана-сезіміне әсер етпей қойған жоқ. Түрліше жүргізілген психологиялық зерттеулер осы заманғы балалардың өсу, даму дәрежесі бұдан бұрынғыдан әлдеқайда жоғары екенін дәләлдеп отыр. Осының бәрі мектеп өміріне елеулі жаңалықтар енгізуді талап еткені сөзсіз.
Мектеп өміріндегі жаңалықтар мектеп жасына дейінгі мекемелеріне қозғау салып, 6 жастағы балалардың білім дағдыларын 1-ші сынып оқушыларына берілетін материалдар көлеміне жеткізу мәселесін қарастыруды қажет етеді. Сол себепті, мектепке дейінгі ұйымдарда қолданылатын балама бағдарламаларында көптеген жаңалықтар енгізілген. Бұл бағдарламаларда баланы сәби кезінен баптап, мектепке барғанға дейінгі берілетін тәрбие жұмысы жүйелі түрде, әр жастағы балаға лайықты көрсетілген. Ол тәрбие жұмысында мына мәселелерге баса көңіл бөлінген.

  1. Баланың дене тәрбиесі.

  2. Ақыл –ой тәрбиесі

  3. Еңбекке баулу.

  4. Сауат ашу жұмыстары (мектепке даярлық топтарда)

  5. Ойын және оның түрлері



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет