Пәннің мақсаты мен міндеттері, оқу үрдісінде иеленетін орны Мақсаты


Күндізгі жалпы орта білім беру базасы негізінде



бет2/2
Дата31.07.2017
өлшемі346,03 Kb.
#22403
1   2

Күндізгі жалпы орта білім беру базасы негізінде



Тақырып 1. Аналықтың жыныс жүйесінің анатомиялық және физио-логиялық еркшеліктері. Жыныс мүшелерінің анатомиясы: ернеу, қынап, жатыр, жұмыртқатүтігі, жұмыртқалық. Жыныстық және физиологиялық жетілу, оның басталу уақыты. Жыныс циклі, оның сатылыры: қозу, тежелу, тнңгерілу. Көріністері: шырыш ағу, жыныстық қозу, күйлеу, жұмыртқы торшасы бөлініп шығу. Толық және толық емес жыныс циклі. Әр түлік малдың жыныс циклі. Оогенез.

Тақырып 2. Аталықтың жыныс жүйесінің анатомиялық және физиологиялық еркшеліктері. Жыныс мүшелерінің анатомиясы: ұма, ен, ен қосымшасы, шәует түтігі, шағылысу мүше, күпек, қосымша жыныс бездері. Спермиогенез. Жыныстық қатынас. Жыныс қатынасының түлік аралық ерекшеліктері.

Тақырып 3. Ауылшаруашылық жануарларын ұрықтандыру.

Ұрықтандырудың түрлері: қашыру және қолдан ұрықтандыру. Қашыру тәсілдері: қолдан, қашап, еркін, үйірлеп, таңдап, топтап.



Тақырып 4. Шәует, спермийдің құрылымы және қасиеттері.

Шәует, оның құрамы: спермий және плазма. Ауылшаруашылық жануарлары аталықтарының шәует көлемі. Шәуеттің химиялық құрамы. Спермийлердің құрылымы. Спермийлердің қасиеттері: қозғалыс, реотаксис, анабиоз, температура соққысы. Тыныс алу және фруктолиз. Спермийлерге сыртқы ортаның әсерлері: температура, жарық, қысым, рН, химиялық заттар.



Тақырып 5. Шәует алу және зерттеу тәсілдері.

Әртүрлі түліктен жасанды қынапқа шәует алу тәсілдері. Шәует алудың басқа тәсілдері: электроэякуляция, массаж, мастурбация. Шәует зерттеу тәсілдері: макроскопиялық және микроскопиялық.



Тақырып 6. Шәует сұйылту және сақтау.

Сұйылтқыш, оның артықшылығы. Сұйылтқыштың құрамына кіретін заттар: қант, цитрат натрий, хелатон, тауық жұмыртқасының асры уызы, глицерин т.б. Сұйылтқыш дайындау әдісі. Шәует сұйылту дәрежесі және сұйытылған шәуетті бағалау. Шәует сақтаудің негізі-анабиоз. Толық анабиоз: қышқылдық, температуралық, ингибиторлық. Толық анабиоз: қатыру. Қысқа уақыт сақтау. Ұзақ уақыт сақтау.



Тақырып 7. Малды қолдан ұрықтандыру.

Қолдан ұрықтандыру тәсілінің негізі. Сиырды қолдан ұрықтандыру тәсілдері: қынапқа, мойынға, жатырға. Қолдан ұрықтандыру тәсілдерінің артықшылығы мен кемшіліктері. Қойды қолдан ұрықтандыру. Мегежінді қолдан ұрықтандыру. Аналықтарды ұрықтандыратын шәуеттің мөлшері және ұрықтандырудың қайталанылуы.



Тақырып 8.Ұрықтоқтау және ұрықтың даму.

Спермийлер мен жұмыртқаның аналық жыныс жолында қозғалуы мен өміршеңдігі. Оциттің жетлкі, спермийдің капацитациясы. Ұрықтоқтау орны мен ұрдісі. Ұрықтоқтау сатылары: сперий сыртқы, ортаңғы, сарыуызды қабықтан өту, аталық пен аналық пронуклеус қосылу. Ұрықтың бөлшектенуі.


Тақырып 9.Буаздық, ұрық пен іштөлінің дамуы.

Буаздық және оның жіктелуі. Буаздықтың жалғасу уақыты. Буаздықтың кезеңдері: жұмыртқалық, ұрықтық және іштөлдік. Ұрық қабықтарының дамуы: хорион, аллантоис, амнион. Плацента, оның қызметі. Плацента түрлері. Плацента бөгеті. Іштөлдің қан айналымы.



Тақырып 10. Ауылшаруашылық жануарлары аналықтарының буаздығы мен бедеулігін анықтау.

Буаздықты анықтаудың маңыздылығы. Буаздықты анықтайтын тәсілдер: клиникалық, зертханалық, биофизикалық. Клиникалық тәсілдер: сыртқы және ішкі зерттеу. Зертханалық: гормоналдық, иммунологиялық, гистологиялық. Биофизикалық тәсілдер: рентгенграфикалық, ултрадыбыстық.



Тақырып 11. Буаз малдың аурулары.

Іштастау, оның жіктелкі. Жасырын іштастау, өлі төл туылу, мумификация, мацерация, іштөлінің шіріп бұзылуы. Буаздық ісуі. Уақытынан бұрын толғату. Буазкөтерем. Қынап айналу. Жатырдан қан кету. Остеодистрофия. Жатыр бұралу.



Тақырып 12. Төлдеу және төлдегеннен кейінгі кезең.

Төлдеу және оның сатылары: жатыр мойыны ашылу, іштөл шығу, шу түсу. Буаздықтың әр түлік малда жалғасуы. Төлдеу алдындағы белгілер: шандырлар босау, құйымшақ түсу, шырыш ағу, ернеу ісіну, желін үлкею, сүт түзілу, дене ыстығы төмендеу т.б. Төлдеудің өтуі. Жатыр жиырылу. Күшену. Төлдегеннен кейінгі кезең, оның түліктік сипаттары.

Тақырып 13. Мал төлдейалмау.


Төлдей алмаған малға көрсететін көмек. Күшті және босаң толғату. Жыныс жолы мен жамбас қуысының тарлығы. Құрғақ төлдеу. Үлкен төл. Іштөлінің дұрыс орналаспауы. Шу тоқтау. Жатыр айналу.

Тақырып 14. Төлдегеннен кейіңгі кезеңдегі аурулар.

Төлдеу салдануы. Жатыр субинволюциясы. Төлдеу жолының қабынулары: вестибуловагинит, цервицит, метрит, олардың алдын алу.



Тақырып 15. Ауылшаруашылық малдарының желін ауырулары (Мастит).

Мастит: этиология, патогенез. Маститтің Полянцев жіктелуі,1981, маститті анықтау. Сүт бездерінің қабыну түрлері: сероздық, катаралдық, іріңдік, флегмоноздық, фибриндік, геморрагиялық. Жасырын мастит Маститті емдеу және алдын алу.


Тақырып 16. Үй жануарларының гинекологиясы.

Бедеулік. Бедеуліктің түрлері: алиментарлық кемшілік, бағым-күтім және пайдаланудің жағымсыз жағдайлары, жыныс мүшелерінің аномалиясы, қолдан ұрықтандыру технологиясының бұзылуы, кәріліктен бедеулену, иммундық әсерлерден бедеулену. Гинекология аурулары: қабынған және қабынбаған үрдістер. Бедеуліктің алдын алу.



Тақырып 17. Андрологияның негіздері.

Ата мал ұрықсыздығының түрлері. Ата малдың жыныс мүшесінің аурулары, Әр түлік ата малдырдың ұрықсыздығының түрлері және олардың алдын алу.


Зертханалық сабақтар мазмұны


Күндізгі жалпы орта білім беру базасы негізінде
Тақырып 1. Аналықтың жыныс жүйесінің анатомиялық және физиологиялық еркшеліктері.

Мазиұны. Ұрғашы малдың жыныс мүшелерінің анатомиясы: ернеу, қынап, жатыр, жұмыртқа түтігшелері, жұмыртқалықтар.

Ұрғашы құстардың жыныс мүшелері. Әртүрлі ұрғашы малдың жыныс мүшелерін клиникалық әдістерімен зерттеу.



Тақырып 1. Аталықтың жыныс жүйесінің анатомиялық және физиологиялық еркшеліктері.

Мазмұны. Ата малдың жыныс мүшелерінің анатомиясы: ұма, ен, ен қосымшасы, шәуеттүтікшелері, шағылысу мүшесі, күпек және қосымша жыныс бездері. Аталық құстардың жыныс мүшелері. Әртүрлі ата малдың жыныс мүшелерін клиникалық әдістерімен зерттеу.

Тақырып 3. Шәует алу және зерттеу.

Мазмұны. Жасанды қынаптың түрлері (бұқа, қошқар, қабан және айғырға арналған). Жасанды қынапты шәует алуға дайындау. Жасанды қынаппен әр түрлі ата малдардан шәует алу. Шәуетті макроскопиялық әдістермен зерттеу: өң, иіс, тығыздық, көлем. Шәуетті микроскопиялық тәсілдермен зерттеу: спермийлердің қозғалыс екпінін, қою немесе сұйықтығын және санын анықтау.

Тақырып 4. Шәуетті сұйылту және сақтау.

Мазмұны. Әр түлік ата мал шәуетінің сұйылтқышының құамы. Сұйылтық дайындау технологиясы. Шәуетті сұйылту. Бұқа, қошқардың шәуеттін 2-5 градус жағдайда сақтау әдістері. Бұқаның шәуетін қатырып сақтау тәсілдері: түйіршік бейнесінде, қапталған түйіршік бейнесінде және пайетте.

Тақырып 5. Аналықты ұрықтандыру.

Мазмұны. Сиыр және құнажынды визоцервикалдық және ректоцервикалдық тәсілдермен ұрықтандыру. Қой мен ешкіні қынап және жатыр мойыны арқылы ұрықтандыру. Мегежінді фракциялық және фракциялық емсе тәсілмен ұрықтандыру. Биені ұрықтандыру.

Тақырып 6. Ұрғашы малдың буаздығы мен бедеулігін анықтау.

Мазмұны. Сиыр, бие, ұсақ мал және мегежінді клиникалық тәсілдермен зерттеу: рефлексологиялық, сыртынан және ултрадыбыс. Сиыр және биені тік ішек арқылы зерттеу.

Тақырып 7. Буаз мал аурулары.

Мазмұны. Қынап шығу, буаз көтерем, буаз ісік, уақытынан бұрын толғату, жатырдан қан кету, жатыр бұралу сияқты ауруларды емдеу және алдын алу.

Тақырып 8. Мал төлдей алмау.

Мазмұны. Акушерлік құрал, саймандар. Іштөлінің теріс орналасуы, теріс жайы және қалпының салдарынан мал төлдей алмағанда көрсететін акушерлік көмектер. Фетотомия.

Тақырып 9. Төлдегеннен кейіңгі кезеңдегі сырқаттар.

Мазмұны. Жатыр түсу, айналу, төлдегеннен кейіңгі салдану, жатыр субинволюциясы, эндометритті анықтау, емдеу және алдын алу.

Тақырып 10. Ауылшаруашылық жануарларының желін аурулары (Мастит).

Мазмұны. Желінді зерттеу тәсілдері. Маститті анықтау тәсілдері: клиникалық және зертханалық. Маститпен ауырған малды емдеу. Маститтің алдын алу.

Тақырып 11. Үй жануарларының гинекологиясы.

Мазмұны. Әр түлік ұрғашы малдардың гинекологиялық ауруларын анықтау, емдеу тәсілдері. Әр түлік ата малдардың андрологиялық ауруларын анықтау және емдеу тәсілдері.

Әдебиеттер: [1-3], [4-5].


Студенттің өздік жұмысының мазмұны

Күндізгі жалпы орта білім беру базасы негізінде





СӨЖ-нің түрі

Есеп беру түрі

Бақылау түрі

Сағат көлемі

1

Коллоквиумдарға дайындалу


коллоквиум

Жазбаша және аузша

13

2

СӨЖ-ге дайындалу

конспект

Дәптерге конспект жазу

20

3

Бақылау шараларына

дайынлалу



Коллоквиум,

тестлер


РК 1,2

12

Барлығы

45



Өздігінен оқып-білу тақырыптары
1. Ұрқашы малдардың жыныс жүйесінің анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктері. Жыныс циклін тудыратын әсерлер. Көбіршіктердің түзілуі мен дамуы. Сар дененің түзілуі мен дамуы. Оогенез. Әр түлік ұрғашы малдың жыныс циклі.

Әдебиет: [3] 28-40, [4] 20-29 бет.



2. Ата малдардың жыныс жүйесінің анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктері. Спермийлердің түзілуі (спермогенез). Күйсқайыратын, жылқы, шошқа, түйе және иттің жыныс қатынасының түрлік ерекшеліктері.

Әдебиет: [3] 41-44, 49-50 бет



3. Ауылшаруашылығы жануарларының аналықтарын ұрықтандыру. Ұрықтандыру пункті. Пунктте өтетін жұмысты ұйымдастыру.

Әдебиет: [3] 53-55 бет



4. Шәуетжәне спермийдің құрылымы мен қасиеттері. Спермиийлердің метаболизмі: тыныс алу және гликолиз.

Әдебиет: [4] 108-111 бет



5. Шәует алу және оны зерттеу тәсілдері. Шәует алатын басқа тәсілдер: фистульдық, тосу, электорэякуляция, губка, қынап т.б.

Әдебиет: [3] 79-82 бет



6. Ауылшаруашылығы жануарларының әртүрлі аталықтарының шәуетін сұйылту және сақтау. Шәует сұйылтудың маңыздылығы. Шәуеттің сұйылту дәрежесін анықтау. Шәуетті бөлме жылылығында, еріген мұзда сақтау (2-5 градус). Бұқаның шәуетін қатырып сақтаудың заманауи техникасы.

Әдебиет: [1] 80-91, (3) 88-91 бет.



7. Ауылшаруашылығы жануарларының аналықтарын ұрықтандыру. Айна және шприц-катетер қолданып жатыр мойынына ұрықтандыру және тік ішек арқылы жатыр мойынына ұрықтандыру. Бұл тәсілдердің артықшылығы мен кемшіліктері. Шошқаның жатырына ұрықтандыру.

Әдебиет: [1] 93-99, [5] 123-133



8. Ұрықтоқтау және ұрық даму. Ұрықтоқтау сатылары: денудация, тұнық қабықтан өту, сары уыз қабықтан өту, пронуклеустер бірігу.

Әдебиет: [3] 124-126 бет



9. Буаздық және ұрықтың дамуы. Плацента. Плацента тосқауылы. Плацентаның түрлік ерекшеліктері және жіктелуі.

Әдебиет: [3] 146-152 бет.



10. Ауылшаруашылығы жануарларының буаздығы мен бедеулігін анықтау.

Бие мен мегежіннің буаздығын тік ішек арқылы анықтау. Жануарлардың буаздығын зертханалық және биофизикалық тәсілдермен анықтау.

Әдебиет: [3] 149-152, [4] 244-249.

11. Буаз мал аурулары. Іштастау және оның жіктелуі. Жұқпасыз идиопатикалық іштастау. Симптоматикалық жұқпасыз іштастау.

Әдебиет: [3] 236-246 бет.



12. Төлдеу және төлдегеннен кейіңгі кезең. Әртүрлі мал, жануарлардың төлдеу және төлдегеннен кейіңгі кезеңінің ерекшеліктері.

Әдебиет: [3] 207-218 бет.



13. Мал төлдей алмау. Акушерлік көмек көрсетуге дайындалу. Акушерлік құрал, саймандар: көмекші, итеру және тарту, фетотомиялық. Іштөл денесін бөлшектеп кесу.

Әдебиет: [1] 183-200, [2] 133-135 бет.



14. Төлдегеннен кейіңгі кезеңдегі аурулар. Жатыр субинволюция. Төлдегеннен кейіңгі эндометрит.

Әдебиет: [3] 315-317, 326-330 бет



15. Ауылшаруашылығы жануарларының желін аурулары. Агалактия және гипоагалактия. Агалактия мен гиполактияның түрлері.

Әдебиет: [3] 352-357 бет



16. Үй жануарларының гинекологиясы. Бедеу сиыр мен құнажынды зерттейтін тәсілдер: қынап, тік ішек, пертубация және хромгтдротубация, биопсия. Зертханалық тәсілдер: агглютинация, микроскопия, бактериология, жатыр ауруларын анықтайтын экспресс тәсілдер.

Әдебиет: [1] 225-234, [5] 282-291.


17. Андрология негіздері. Симптоматикалық импотенция. Тері аурулары. Жарық, ұма шемені, периорхит, ен мен оның қосымшасының қабынуы және кистасы, фимоз, парафимоз.

Әдебиет: [3] 448-451 бет.



Мамандықтың оқу Ф СО ПГУ 7.18.1/11 жоспарынан көшірме



050802 - Зоотехния мамандығының оқу жоспарынан көшірме


Пән Мал акушерлігі және көбею биотехнологиясы




Оқу түрі

Бақылау түрлері

Студ. Жұмысын-ың мөлшері,

сағат


Курс, тоқсан бойынша сағаттың бөлінуі (сағат)

емт.

сын.

кжо.

кжұ.

РГЖ

Бақ.

жұм


Барлығы

дәр

пр.

зх

сөж

дәр

пр

зх

сөж

жалпы

ауд

сөж

1.

ЖОБ негізіндетура.


5















90


45


45


Семестр 5

Семестр

30



15

45















Әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиет:



1. Аятханұлы М. Мал акушерлігі және көбею биотехнологиясы. Павлодар: «Политрон», 2006.

  1. Студенцов А.П. и др. Акушерство, гинекология и биотехника размножения животных. М: «Колос», 2000 г.

  2. Никитин и др. Практикум по акушерству, гинекологии и биотехнике размножения животных. М.: «Колос», 2004 г.


Қосымша әдебиет:
4. Полянцев Н.И. и др. Ветеринарное акушерство, и биотехника репродукции

животных. « Феникс», Ростов на Дону, 2001 г.


5. ШипиловВ.С и др. Практикум по акушерству гинекологии и искусственному

осеменению сельскохозяйственных животных.М.: «Колос»,1986 г.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет