Лекция №12. Қоршаған ортаны антропогендік әсерлерден қорғау принциптері.
Жоспары:
1. Уытты қалдықтарды залалсыздандыру әдістері.
2. Полигон – қалдықтарды орналастыру және көму орны.
3. Қауіпті қалдықтар проблемасы.
1. Уытты қалдықтарды залалсыздандыру әдістері.
Зиянды заттектер биосфераның әр түрлі компоненттеріне әрқалай әсер етеді. Соған байланысты әр түрлі ортаға арналған зиянды заттектердің ШРК-ның шамалары белгіленген.
Ауадағы. Атмосфералық ауадағы зиянды заттарды нормалау үшін екі норматив белгіленген: бір жолдық және орташа тәуліктік.
Максимал бір жылдық шекті рауалы концентрация (ШРКмб) – бұл ауадағы зиянды заттардың сол ауамен 30 мин демалғанда адам ағзасында рефлекторлық реакция (иісін сезу, көздің жарықққа сезімталдығының өзгеруі және т.б.) туғызбайтын концентрация.
Орташа тәуліктік шекті рауалы концентрация (ШРКот) – бұл ауадағы зиянды заттардың ұзақ уақыт бойы адам ағзасына тура немесе жанама әсері болмайтын концентрациясы.
Бірнеше ластаушы зат ауада қосылып әсер ететін (синергизм) болса, мысалы, күкірт пен азоттың қостотығы; озон мен формальдегид, олардың концентрацияларының қосындысы бірден аспауы тиіс
ШРК1, ШРК2, ...., ШРКN – зиянды заттардың оқшауланған жеке әсері үшін белгіленген максимал бір жолдық шекті рауалы концентрациялары, мг/м3.
Топырақтағы зиянды заттардың шекті рауалы концентрациялары (ШРК, мг/кг) дегеніміз ортаға тура немесе жанама әсер етпейтін, топырақтың өздігінен тазару қабілетін бұзбайтын және адам денсаулығына кері әсерін тигізбейтін концентрация.
Судағы. Сулы орта үшін ластаушы заттардың шекті рауалы концентрациясы деп осы заттардың суды бір немесе бірнеше су пайдаланушыға жарамсыз ететіндей концентрациясын айтады. Ластаушы заттардың ШРК ішетін су үшін және балық шаруашылығының су қоймалары үшін бөлек белгіленеді, 5 кесте.
Балық шаруашылығы үшін пайдаланылатын су қоймаларына қойылатын талаптар шаруашылық-тұрмыстық пайдалануға арналған су нысандарына қойылатын талаптарға қарағанда қатаң болады. Балық шаруашылығының шекті рауалы концентрациясы жуатын заттардың санитарлық нормаларынан үш есе төмен, мұнай өнімдерінен – 6 есе, тіпті ауыр металдардан (мырыш) – 100 есе төмен болады. (К.П.Митрюшкин және басқалар, 1987 ж.).
Атмосфералық ауада анағұрлым жиі кездесетін ластаушылардың ШРК мәндері 4 кестеде көрсетілген.
Балық шаруашылығының су қоймаларына қойылатын талаптардың қатаңдығын түсіну қиын емес. Егер зиянды заттар азық (трофиктік) тізбек арқылы өтетін болса, онда ағзада оның өміріне қауіпті биологиялық жинақталу жүзеге асады.
ШРКс – шаруашылық ауыз су мен мәдени-тұрмыстық жағдайға қолданатын су қоймаларындағы заттектердің шектік рауалы концентрациясы, мг/л. Бұл концентрация адамның бүкіл ғұмыры ішінде оның мүшелеріне тікелей немесе жанама әсерін тигізбеуі, сонымен қатар келесі ұрпақтардың денсаулығына да және қолданатын суының гигиеналық жағдайын төмендетпеуі қажет;
ШРКб.с.- балық шаруашылығында қолданылатын суаттардың суындағы заттектердің шекті рауалы концентрациясы, мг/л;
Судың интегралдық көрсеткіштері:
ОБҚ – оттекке биологиялық қажеттілік – сынау инкубациясының белгілі уақыт ішінде (2, 5, 20, 120 тәулік) органикалық заттектердің биохимиялық тотығуы(ыдырау) процестеріне пайдаланылған оттегінің мөлшері, мг О2/л суға (ОБҚ5 – 5 тәулік, ОБҚ20 – 20 тәулік ішінде);
ОХҚ – оттекке химиялық қажеттілік – судағы барлық тотықсыздандырғыштарды жұмсалатын мөлшеріне эквиваленті, оттектің мөлшері (бихроматты әдіспен анықталады), мг О2/л суға.
ОБҚ/ОХҚ қатынастарына қарай отырып, заттектердің биохимиялық тотығуының тиімділігін айтады.
Су нысандарындағы судың құрамы мен қасиеті өзен жармасындағы немесе ақпайтын су қоймаларындағы су алатын нүктеден радиусы 1 км-дей жердегі нормативтерге сәйкес болуы керек.
Мәдени-тұрмыстық және шаруашылық ауыз суға арналған су нысандары токсикологиялық, жалпы санитарлық, органолептикалық шектеулерге, ал балық шаруашылығына бағытталған су нысандары токсикологиялық және аздап органолептикалық щектеулерге негізделіп нормаланады.
Топырақтағы. Топырақтағы ластағыш заттектер үш бағытта нормаланады:
• ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жердің егістік қабатындағы улы химикаттардың мөлшері;
• кәсіпорын территориясында улы заттектердің жинақталуы;
• елді мекендердің, көбінесе тұрмыстық қалдықтар жинақталған жер топырағының ластануы.
Топырақтың егістік қабатындағы улы химикаттарды нормалау екі көрсеткіш бойынша жүргізіледі: шекті рауалы концентрация (ШРКт) және уақытша рауалы концентрация (УРКт).
ШРКт – топырақтың егістік қабатындағы заттектердің шекті рауалы концентрациясы, мг/кг. Бұл концентрацияның адамның денсаулығына, сондай-ақ топырақтың өздігінен тазару қабілетіне тікелей немесе жанама түрде қолайсыз әсер тигізбейтін болуы шарт. ШРКт мәнін белгілеу үшін белгілі бір заттектің фондық концентрациясы, оның физика-химиялық қасиеттері (тұрақтылығы, улылығы және т.б.) туралы мәліметтер зерттеледі.
ШРКо (РМҚ) – азық-түлік өнімдеріндегі заттектердің шекті рауалы концентрациясы (рауалы қалған мөлшері), мг/кг.
ШРКТ мәнін белгілеу үшін қарастырылып отырған заттектің фондық концентрациясы, оның физика-химиялық қасиеті, тұрақтылығы, улылығы туралы мәліметтер қолданылады. Сонымен тәжірибе арқылы келесі мәліметтер анықталады:
• топырақтағы заттектің шектік рауалы концентрациясы, бұл зиянды заттектің тағамдық және жемдік өсімдіктерге өтетін көлемі рауалы қалдық мөлшерден аспауы қажет, басқаша айтқанда бұл тамақ өнімдеріндегі ШРКо;
• заттек топырақтан ауаға ұшқанда олардың мөлшері ауа үшін белгіленген ШРК-дан аспайтын рауалы концентрация (ұшатын заттектер үшін);
• микроағзаларға және топырақтың өздігінен тазару процесіне әсер етпейтін рауалы концентрация.
Топырақтың санитарлық жағдайы бірнеше гигиеналық көрсеткіштермен сипатталады, соның ішінде санитарлық сан деп аталатын, яғни белоктағы азот мөлшерінің жалпы органикалық азотқа қатынасымен; сонымен қатар ішектің таяқшы құртының (коли-титр), шыбынның балапан құртының, гельминттер жұмысртқаларының бар болуы ескеріледі. Топырақтың тазалығы немесе ластанғаны осындай көрсеткіштердің жиынтығымен бағаланады.
Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңына сәйкес қоршаған табиғи ортаның сапасын бағалау үшін зиянды заттектердің ШРК, сонымен қатар микроағзалардың және басқа да биологиялық заттектердің нормативтері белгіленеді.
Өндірісте қалдықтардың улылық немесе уыттылық (қауіптілік) сыныбын анықтау. Құрамында адам денсаулығына өте жиянды әсер ететін, сондай-ақ қоршаған ортаға қауіп туғызатын улылық қасиеті бар заттектердан тұратын қалдықтарды улы қалдықтар деп атайды. Ал қолданғанда немесе қатысу арқылы организмнің өмір тіршілігін бұзатын заттектердің қасиетін улылық не уыттылық дейді.
Шығарылатын уытты қалдықтардың жылдық көлемі АҚШ-та – 275 млн. т, Германияда – 6 млн. т, Ресейде – 20 млн .т, Қазақстанда 3 – млн. т. Адамның жан басына шаққанда мөлшер жағынан барлық елдердің ішінде алда тұрған Нидерландия. Дуние жузі бойынша әр адамның улесіне орта есеппен уытты қалдықтардың келетін көлемі 0,10 т, дамыған елдерде 0,5 т. Өндіріс қалдықтарының қауіптілік класы заттектедың улылығын негізге ала отырып есептеу әдәсі арқылы анықталады.Әр заттың улылық индексін (Кі) анықтау ушін оның топырақтағы (ШРК) негізге алынып
Кі=ШРКі/(S+C3)
Формуласымен анықталады.Бұл жерде ШРК – қалдықтың құрамындағы і-затының топырақтағы шектік рауалы мөлшері; S – і-затының суда ерігіштігін сипаттайтын өлшемсіз коэффициент, С3- бұл компоненттер қалдықтағы мөлшері,т/т.
Улылық индексі қалдық құрамындағы 3 негізгі компоненттер үшін анықталады,Содан кейін приритетті улы заттектер арқылы жалпы улылық индексі табылады;
Жалпы улылық индексті білгеннен кейін 10.1 –ші кестедегі мәліметтерді пайдаланып қауіптілік класын табады. Дүние жүзі деңгейінде өнерккәсіп қалдықтарының қауіптілігін бағалау үшін бірнеше әдістер қолданылып жүр.10.60-шы суретте келтірілген. 10.4.Улы өндіріс қалдықтарын зиянсыздандыру, өңдеу және көму. Халық шаруашылығының барлық салаларында пайда болған қалдықтарды бақылауда ұстап, тиісті жолдармен пайдалануды , сақтауды,т.б басқару үшін жұмыстар жиынтығы 10.7-ші суретте келтірілген.
Тікелей қоршаған ортаны қорғауға бағытталған биотехнология әдістері соңғы кезде қарқынды түрде дами бастады. Экологиялық биотехнологиялардың негізгі дамыған бағыттарына мыналар жатады; ақаба суларды биологиялық жолдармен тазарту; ауаны ароматты заттектерден биологиялық жолмен тазарту; қоршаған ортадағы ксенобиотиктерді биодеградациялау; органикалық химия қалдықтарымен және мұнаймен ластанған топырақты биологиялық жолмен рекультивациялау; аурулар мен ауыл шаруашылық мәдени дақылдарының зиянкестерімен күресуге химиялық пестицидтерге альтернативті қауіпті емес нәтижелі биологиялық шараларды жасау.
Соңғы жылдары кейбір ғылыми еңбектерде электр магнитті ракеталардың көмегімен қалдықтарды күн жүйесі маңының сытына тастау ұсыныстары кездесіп жүр. Осы жолмен АЭС қалдықтарын жоюды ұсынып жүрген АҚШ-тағы Массачусест технология инстутының ғалымдары.
2. Полигон - қалдықтарды орналастыру және көму орны
Тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстарды жоюдың бір жолы оларды орналастыру орындарын, яғни полигондарды ұйымдастыру. Полигондар – бұл пайдалануға жарамайтын қалдықтарды зиянсыздандыру мен көмуге бағытталған арнайы табиғат қорғау құрылыстары. Полигон құрудың негізгі мақсаты - қалдықтарды көмсуге бөлінген жерлерді экономикалық тұрғыдан тиімді түрде пайдалану арқылы топырақты, атмосфераны, жер асты мен бетіндегі суларды улы компоненттермен ластануды сақтау.
Полигондар ретінде пайдаланылатын жер 20-25 жылдай мерзімге бөлініп беріледі (бұл өнеркәсіптік қалдықтар үшін анықталған көрсеткіш). Олар халық орналасқан жерлерден қашығырақ, санитарлық қорғау аймағынан шамамен 3 км болғаны дұрыс деп ескеріледі. Полигонның орналасуы ауылшаруашылық егістік жерден және транзитті жолдардан 200 м-ден, орман алқабынан 50 м-ден кем болмауы ескеріледі.
Жергілікті суды қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мекемелерімен келісілген нұсқауларда полигонға қабылданатын және қабылдауға жатпайтын улы қалдықтардың түрлері анық көрсетіледі. Қалдықтардың құжаттандырылуы жүргізіледі. Осындай жұмыстардың барлығы қауіпсіздік ережесін сақтауға негізделеді.
Полигондар оңашалау, үйлер салынбаған, жақсы желденетін, жаңбыр жауғанда, қар ерігенде, су тасқыны болғанда судың астында қалмайтын жерлерге орналыстырылады. Полигонды жиі жел тұратын бағытты анықтап , ел тұратын жердің ық жағында, су алатын жерденуылдырық шашатын және балықтардың мекендейтін жерлерінен төмен, су жинауға арналған ашық қоймалардан тыс аймаққа орналастыру қажет. Полигон аймағында жер асты сулары 20 м-ден артық тереңдікте жатуға тиіс. Сонымен қатар, полигон орналасқан жерде топырақтың фильтрация коэффициенті 1 мкм/тәул. Артық болмауы керек. әсіресе ішуге қолданылатын жер астындағы сулардың үстінде қалдықтарды көмуге болмайды.
Полигондар елді мекендегі халық санына тәуелсіз салынады. Полигонды пайдаланатын ұйымның жасайтын іс-әрекеті:
1. Полигонның жұмыс істеу тәртібі және полигонға қойылатын шектеулер;
2. Тұрмыстық қалдықтарды қабылдау ережесі;
3. Полигонда жұмыс істейтін жұмысшылар үшін қауіпсіздік техникасы мен өндірісітк санитарлық талаптар бойынша ереженің болуы.
Келіп түсетін қалдықтардың құрамы бақыланады және мөлшері есепке алынады. Қалдықтарды таратып орналастыру және оларды оқшаулау үшін техникалық айналыстың қамтамасыз етілуі маңызды.
ҚТҚ полигонында тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың, сауда нысандарының, қоғамдық тамақтанатын орындардың, көшедегі, бақша-парктердің, құрылыс қалдықтары және кейбір өндірістік қатты қалдықтар (қауіптілігі III – V сыныптағы), сондай-ақ қауіптілік сыныбы тәжірибе негізінде анықталатын қауіпсіз қалдықтар қабылданады. Мұндай қалдықтардың тізімін жергілікті территорияның санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары белгілейді.
ҚТҚ-мен бірге көмілетін өндірістік қалдықтардың ылғалдылығы 85 -н аспауы керек. Қалдықтардың жарылғаш, өздігінен жанғыш болмауы шарт. Сұйық және қоймалжың қалдықтар ҚТҚ полигонына қабылданбайды. Қауіптілігі IV сыныптағы өндірістік қалдықтар полигонға есептеусіз қабылдана береді. Өйткені, олар оқшаулағыш материал ретінде пайдаланылады. Бұл қалдықтар оттегін биологиялық және химиялық тұтынуы – 1 л-ге 300-ден жоғары емес көрсеткіштермен және құрамындағы ұсақтығының өлшемі 250 мм-ден кем емес біртектілікпен сипатталуы тиіс.
Қауіптілігі IV және III сыныптағы өндірісітк қалдықтар шектелген мөлшерде қабылданады (ҚТҚ массасының 30 -н аспауы тиіс). Қауіптілігі IV және III сыныптағы өндірістік қалдықтарды территориялық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарымен келісім негізінде ғана қабылдауға болады.
Полигонда қызмет көрсететін мекемелердің және қалдықтардың түрі мен мөлшерінің тізімі болуы қажет. Полигонға әкелінетін өндірістік қалдықтардың әрқайсының санитарлық талаптарды қанағаттандыратын анықтамасы болады.
ҚТҚ полигонына химиялық қалдықтар мен эпидемиологиялық қауіп туғызатын қалдықтарды қабылдауға тиым салынады немес мұндай қалдықтар залалсыздандырылған деген ыдыстарымен келуі керек.
Радиоактивті қатты, сұйық және қоймалжың қалдықтарды залалсыздандыру арнайы, санитарлық-эпидемиологиялық жағынан қойылатын талаптарға сай нормативтік актілерді қанағаттандыратын, полигонда жүргізіледі.
Полигондарда өндірістік қалдықтарды уақытша сақтау және орналастыру, екінші рет пайдалану үшін жинап алуға рұқсат етілмейді.
ҚТҚ полигонының құрылысын салуға болатын учаскені таңдау барысында ол жердің климаты, географиялық, геологиялық, гидрологиялық жағдайлары және топырақ ерекшеліктері ескеріледі.
Полигондарды:
1. Су көздері және минерал көздерін санитарлық қорғау аймағының территорияларына салуға;
2. Барлық демалыс орындарының аймағына;
3. Халық жиі демалуға келетін және сауықтыру мекемелері территорияларына;
4. Жаныстардың жер бетіне шығып жатқан жерлеріне;
5. Жер асты суларына жақын жерлерге салуға болмайды.
Полигон салынатын жер бөлігі бас жобада немесе жоспарланған жобада болуы керек. Полигонды тегіс жерлерге орналастыру тиміді. Полигон учаскесінің ауданы 0,02-0,05 га-дан жылына 1000 т қалдық орналасатындай және 20 жыл пайдалануға жарайтындай есеппен салынады.
Полигон шекарасынан елді-мекен шекарасы 500 метрден кем болмауы міндетті.
ҚТҚ полигондарына қабылданатын өндірістік қалдықтар полигон зертханасында технологиялық бақылаудан өткізіледі. Зертхана полигонға келіп түсетін қалдықтарды фракциялық, морфологиялық және химиялық құрамы бойынша бақылайды. Жұмыстық аймақтағы контейнерлердің жуылу тәртібін, атмосфералық ауаның күйін, ашық сулардың құрамын, жер асты суларының жағдайын тексеруден өткізіп отырады.
Полигонның маңайындағы және оған жақын орналасқан аймақтардың ашық сулары, жер асты сулары, атмосфералық ауасы, топырағының құрамы белгіленген мерзім бойынша үнемі тексеруден өткізіледі. Топырақтың құрамындағы аммиак, нитриттер, нитраттар, гидрокарбонаттар, кальций, хлоридтер, темір, сульфаттар, литий, органикалық көміртегі, қышқылдық-сілтілік тепе-теңдік, магний, кадмий, хром, цианидтер, қорғасын, сынап, мыс, барий, құрғақ қалдықтардың мөлшері бақыланады.
Дүние жүзі бойынша қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) айналымы келесі жолдармен ұйымдастырылады:
• көму және жарым-жартылай өңдеу жұмыстарын жүргізуге арнайы полигондар салу;
• азот тыңайтқыштарын немесе биоотынды қордалау арқылы алу;
• сыпырынды жағатын зауыттарда қалдықтарды жағу;
• ферментациялау (мал шаруашылығының ағындарынан биогаз алу);
• бастапқы сорттау, пайдаға асыру және қалдықтардағы құнды компоненттерді пайдалану;
• қатты тұрмыстық қалдықты пиролиздеу – ауасыз жоғары температурада (шамамен 1700 0С) қыздыру.
Қалдықтарды орналастыру да өз кезегінде мұқият зерттеуді қажет ететін мәселе. Қалдықтарды орналастыру үшін ең алдымен оларды топтастыру жұмысын жүргізу қажет. Топтастыру экологиялық қауіпсіздікті сақтау негізінде жүргізіледі. Қалдықтардың қауіптілігін бағалау төмендегідей көрсеткіштер бойынша орындалады /1, 5, 6/:
• Қалдықтарда ШРК асатын мөлшердегі радиоактивті заттектер бар ма?
• Қалдықтарды қайта өңдеуге жата ма?
• Қалдықтардың өртену қауіпі бар ма?
• Қалдықтарда тірі ағзаларды өлтіретін қауіпті заттектер бар ма?
• Газ, тұман, шаң түрінде ингаляциялық улылығы болатын қалдыққа жата ма?
• Тері арқылы өткен жағдайда өлімге соқтаратын қауіпі бар ма?
• Теріні тітіркендіретін реакциясы бар ма?
• Генетикалық өзгерістер тудыруға қабілетті ме?
Қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) сақтайтын нысандары салар алдында геологиялық, гидрогеологиялық және басқа да барлау жұмыстары жүргізіледі, осыны негізге ала отырып, мемлекеттік экологиялық сараптау қорытындысы жасалып, полигонға рұқсат беріледі.
Қоршаған табиғи ортаны ластау деңгейін төмендету мақсатында бұрынғы бақылаусыз қоқыс тастайтын жерлердің орнына үлкен қалаларда полигондар салу кеңінен дамып келе жатыр. Полигондар салу үшін 20-25 не одан да көп жылдар уақытында қалдықтарды жинауға болатын сазды жерлер таңдап алынады. Таңдалған алаңның табанына фильтратты жинақтау үшін үлкен астауға ұқсастырып, тереңдігін 1,5 м немесе оданда тереңдеу етіп қазады. Егер сазды жер болмаса, бірақ су жақсы өтетін жерге полигон салу қажет болса, онда астаудың түбіне қалыңдығы 0,5 м сазды басқа жерлерден әкеліп салады. Қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигонның жобасын 5-суреттен көруге болады.
Тәулік ішінде полигонның бір алаңына қалдықтарды орналастырып, оларды әр 2 м биіктікте бульдозермен тығыздап отырады. Екінші тәулікте қалдықтарды басқа алаңға әкеліп орналастырады, ал алдыңғы алаң қалыңдығы 0,25 м жекелегіш қабатпен жабылады. Жекелегіш қабатпен жабу және тығыздау жұмыстарын жүргізу ауаның ластануы мен шыбын-шіркейлердің және кеміргіштердің таралуын шектейді.
Полигонның алатын жерінің көлемін азайту мақсатында қалдықтарды 60 м биіктікке дейін қабат-қабатпен орналастырады. Полигон толғаннан кейін оның соңғы беткі қабатын өсімдік егуге арналған қабатпен жабады.
Қатты тұрмыстық қалдықтарға (ҚТҚ) полигондарды орналастыру үшін ауыл шаруашылығына жарамсыз жерлер мен жыралар пайдаланылады. Полигондар толық толтырылып, беті өсімдіктерге арналған топырақпен жабылғаннан кейін оның үстінде саябақ, ойын алаңдарын ұйымдастыруға немесе тағы басқа мақсаттарға пайдалануға болады.
3. Қауіпті қалдықтар проблемасы.
Қауіпті қалдықтар деп құрамында зиянды заттектері бар, қауіпті қасиеттер тән немесе жұқпалы аурулардың қоздырғыштары бар, сонымен қатар өздігінен немесе басқа заттектермен қосылғанда адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға қауіп төндіретін қалдықтарды айтады.
Қалдықтардың қоршаған ортаға әсері сапалық және сандық құрамына баыланысты. Қалдықтардың химиялық құрамы әркелкі, себебі олар әртүрлі физикалық-химиялық қасиеттері бар күрделі поликомпонентті заттектердің қоспасынан тұрады. Осы қалдықтардың биосфераға тигізетін зияндылығы мен қауіптілігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер суретте көрсетілген.
Қоршаған орта мен адам денсаулығына өте қауіпті қалдықтарға шамамен 600-дей заттар мен қосылыстар жатады. Олардың құрамына кұрамына кіретіндер;
- пестицидтер және олардың құрамына кіретін химия өндірістерінің қалдықтары;
- радиоактивті қалдықтар;
- сынап және олардың қосылыстары,сынапты термометрлер;
- қорғасынның қосылыстары,көбіне олар мұнай өңдейтін және бояу өндіретін кәсіпорындардың қалдықтарында болады;
- пайдаланылмаған медикаменттер, улы химикаттар, синтетикалық желімдер, косметикалық заттар;
- тұрмыстық химия құралдарының қалдықтары.
Егерде өндіріс қалдықтары кейбір зиянды заттектердің табиғи ортаға отуіне себебін тигізетін болса,онда олардың осындай қабілеті артқан сайын қоршаған ортаға қатысты қауіптілігі де жоғарылап отырады, сурет.
Радиоактивті қалдықтар. Қоршаған ортаға және тұрғындарға ерекше қауіптілік туғызатын қалдықтарға радиоактивті қалдықтар жатады. Олар уран өндірістерінде,ядролық реактормен жұмыс істеген кезде, ядролық сынақтар өткізілгенде, радиоактивті изотоптарды қолданғанда, АЭС бөлшектеу және жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде, радиоактивті медициналық аспаптардығ бөлігі істен шыққанда пайда болады, т.б. радиоактивті заттармен қатынасты нысандар қызметкерлерінің жұмыс киімдері жатады.
Радиоактивті әртүрлі сәуле шығаратын көздерге жатады. Радиоактивті қалдықтар активтіктеріне және агрегаттық күйіне қарай топтастастырылады, сурет.
Қазақстанда қабылданған радиоактивті қалдықтардың жіктелуі 5 кестеде келтірілген.
Егер олардың меншікті белсенділігі -сәулелену көзі ретінде қарағанда 3,7102 бк/кг - 7103 Бк/кг аралығында; -сәулелену 7,4104 Бк/кг; - 10-7 г-экв.рад/кг болса, онда қатты қалдықтар радиоактивті деп есептеледі.
Адам үшін иондаушы сәулеленудің қауіпті дәрежесі сәулеленудің белсенділігіне ғана емес, жартылай ыдырауының физикалық кезеңіне де байланысты, себебі осы кезең өткеннен кейін заттектердің радиоактивтілігі де, мөлшері де төмендейді.
Өндірісте қалдықтардың улылық немесе уыттылық (қауіптілік) сыныбын анықтау. Құрамында адам денсаулығына өте жиянды әсер ететін, сондай-ақ қоршаған ортаға қауіп туғызатын улылық қасиеті бар заттектердан тұратын қалдықтарды улы қалдықтар деп атайды.Ал қолданғанда немесе қатысу арқылы организмнің өмір тіршілігін бұзатын заттектердің қасиетін улылық не уыттылық дейді.
Шығарылатын уытты қалдықтардың жылдық көлемі АҚШ-та – 275 млн. т, Германияда – 6 млн. т, Ресейде – 20 млн .т, Қазақстанда 3 – млн. т. Адамның жан басына шаққанда мөлшер жағынан барлық елдердің ішінде алда тұрған Нидерландия. Дуние жузі бойынша әр адамның улесіне орта есеппен уытты қалдықтардың келетін көлемі 0,10 т, дамыған елдерде 0,5 т. Өндіріс қалдықтарының қауіптілік класы заттектедың улылығын негізге ала отырып есептеу әдәсі арқылы анықталады.
Улылық индексі қалдық құрамындағы 3 негізгі компоненттер үшін анықталады,Содан кейін приритетті улы заттектер арқылы жалпы улылық индексі табылады;
Жалпы улылық индексті білгеннен кейін 10.1 –ші кестедегі мәліметтерді пайдаланып қауіптілік класын табады. Дүние жүзі деңгейінде өнерккәсіп қалдықтарының қауіптілігін бағалау үшін бірнеше әдістер қолданылып жүр.10.60-шы суретте келтірілген. 10.4.Улы өндіріс қалдықтарын зиянсыздандыру, өңдеу және көму. Халық шаруашылығының барлық салаларында пайда болған қалдықтарды бақылауда ұстап, тиісті жолдармен пайдалануды , сақтауды,т.б басқару үшін жұмыстар жиынтығы 10.7-ші суретте келтірілген.
Тікелей қоршаған ортаны қорғауға бағытталған биотехнология әдістері соңғы кезде қарқынды түрде дами бастады. Экологиялық биотехнологиялардың негізгі дамыған бағыттарына мыналар жатады;
ақаба суларды биологиялық жолдармен тазарту;
ауаны ароматты заттектерден биологиялық жолмен тазарту;
қоршаған ортадағы ксенобиотиктерді биодеградациялау;
органикалық химия қалдықтарымен және мұнаймен ластанған топырақты биологиялық жолмен рекультивациялау;
аурулар мен ауыл шаруашылық мәдени дақылдарының зиянкестерімен күресуге химиялық пестицидтерге альтернативті қауіпті емес нәтижелі биологиялық шараларды жасау.
Соңғы жылдары кейбір ғылыми еңбектерде электр магнитті ракеталардың көмегімен қалдықтарды күн жүйесі маңының сытына тастау ұсыныстары кездесіп жүр.Осы жолмен АЭС қалдықтарын жоюды ұсынып жүрген АҚШ – дағы Массачусест технология инстутының ғалымдары.
Достарыңызбен бөлісу: |