5. Қалдықтардың бағасы туралы. Алматы қалалық қоршаған орта басқармасының мәліметі бойынша Алматының тұрғындары 500 мың т қалдықты кәдеге жаратады. Оның құрамында екінші рет өңдеуге болатын компоненттер бар. Қалдықтың жалпы массасының 110 мың т қағаз, 20 мың т шыны, 30 мың т пластмасса, 20 мың т металл. Жуықтап жасалған есеп бойынша жәшіктерге тасталынған екінші ретті шикізаттың бағасы 3 млрд. тг. Қоқыстар жинақтайтын полигондардың қожайындары және кейбір бизнесмендер осы мүмкіндікті пайдаланады.
Бүгінде қоқысты сұрыптаумен барлық Алматы үйінділерінде айналысады. Сұрыптау қолмен жасалады. Бизнесмендер жұмыссыз, күйзелісте не қаңғып жүрген адамдардан бригада жасақтап, оларға қоқыс үйінділерінің полигонында жұмыс істетеді. Үйінділер территориясында жұмыс істегендер үшін жалақы беріледі. Пластик бөтелкелерді және орталық қалалық полигонда макулатураны сұрыптауға қатысқан әр 100 адам «Тәртіп» АҚ-на салынатын экологиялық салықтың 10 -н жауып отыратын көрінеді. Бұл Алматы салық комитетінің мәліметі бойныша жылына 30 миллион тг. Адамдардың жинаған екінші ретті шикізаты мұқият өлшеніп, өңдеуші фирма өкілдеріне өткізіледі. Қазақстанда, тіпті Алматының өзінде екінші ретті шикізатты өңдейтін жер бар болса да, кейде қалдықтар Қытайға жөнелтіліп жатады. Еліміздегі екінші ретті шикізатты өңдейтін мекемелерді атап өтетін болсақ, олар «Қазақстан қағазы», «Қазвтросырье», «Қазавторесурстар», «Қазвторчетмет», «Саф» АҚ-ы. Бұл мекемелерде екінші ретті шикізаттар қабылдауға шектеу қойылмаған. Мекемелер платик бөтелкенің 1 кг-на 35 тг, түсі бойынша сұрыпталғанына – 1 кг-на 2-3 тг береді.
Үйінділердегі жұмысшылардың табысы туралы. Қарасай ауданының қоқыс қабылдайтын орнында жинап әкелінген және басқарманың ұйымдастырған бригадалары жұмыс істейді. Жұмысшылар үшін вагон қойылған, монша тұрғызылған. Жұмысшылар негізінен Өзбекстан азаматтары (Қарақалпақтан да бар), олар өз еліндегіден жақсырақ өмір, күн көріс іздеп шыққандар. Жұмысшылар өз елінде денсаулығы жақсы, бірақ бір тілім нан тауып жейтін жұмыс көзінің жоқтығын алға тартады. Қоқыс үйіндісінде жұмыс істейтіндеріне намыстанбайтын көрінеді. Өйткені мұнда оларға ақша төлейді. Жұмысшылар аптасына 20 мың тг жалақы алып тұрады. Кейбір орталық полигондардағы жұмысшылардың орташа айлық жалақысы 150 мың құрайды. Бұл көрсеткіш қалдықтардан кәсіпкерлердің жақсы пайда табатыны білдіреді.