Лекция №11. Қоршаған ортаны антропогендік әсерлерден қорғау принциптері.
Жоспары:
1. Қалдықтардың анықтамасы, қалдықтар – қоршаған ортаны ластаушы көз.
2. Қалдықтардың жіктелуі және топтастырылуы.
3. Қалдықтар – потенциалды шикізат көзі.
4. Қоқыс-қалдықтар табыс көзі.
5. Қалдықтардың бағасы туралы.
1. Қалдықтардың анықтамасы, қалдықтар – қоршаған ортаны ластаушы көз.
Адамзат баласы өзінің бүкіл ғұмырында, тұрмыс тіршілігінде табиғат байлықтарын әр түрлі деңгейде, әр түрлі талаптармен, қолдан келгенінше игере отырып, өзінің қажетін қанағаттандыруға тырысады. Өз қажетін қанағаттандыру «алмақтың салмағы бар» деген қағида бойынша табиғатқа белгілі дәрежеде зиян келтіру, жапа шектірумен қабаттасып отыратынын бүгінде әркім біледі. Адамзат тарапынан табиғатқа болатын осындай зияндардың бірі - қоршаған ортаның тұрмыстық тұтыну қалдықтарымен ластауы.
Белгілі швед ғалымы Нильс Бордың «Адамзат атом бомбасынан жойылмайды, олар өз қалдығына тұншығуы мүмкін» деген қанатты сөзі бүгінгі күні де өзекті маңызын жойған жоқ. Сондықтан өркениетті елдерде коммуналдық қалдықтарды залалсыздандыру мәселесіне барынша көңіл бөлініп отыр. Коммуналды қалдықтарды өңдеу мен кәдеге асыру арқылы көлемін азайту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мысалы, Қаныш Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің мәліметі бойынша, Швецияда тұтыну қалдықтарының пайдалы құрамын бөлу арқылы, олардың 25 -і пайдалануға жіберіледі, Жапонияда ол 30 құрайды, Германияда 35 .
Қазақстанда коммуналдық қалдықтардың 2,5 -ы ғана кәдеге жаратылып, қалғаны 97,5 -ы компоненттерге бөлінбестен тасымалданып полигондарға немесе Қазақстан Республикасының табиғат қорғау және санитарлық заңнамасының талаптарына сай емес арнаулы орындарда жинақталып, ашық қоқыстарда қордаланады. Нәтижесінде өңірдің экологиялық жағдайының нашарлауына үлкен үлес қосады.
Қазіргі кезде елімізде барлығы 22 млрд. тонна қалдық жинақталған. Оның ішінде 16 млрд. тоннадан астамы – техногендік минералдық түзілімдер, 6 млрд. тоннаға жуығы – қауіпті, 96 миллион тоннасы тұрмыстық қатты қалдықтар. Тәуелсіз сарапшылардың мәліметтері бойынша осы тұтыну қалдықтарының құрамында 40-қа жуық қауіпті заттар бар көрінеді.
Республикамызда тұрмыстық қалдықтардың мониторингін, оларды сақтауды, ұқсатуды және кәдеге жаратуды қамтитын қалдықтарды басқарудың мемлекеттік жүйесі жоқ. Соған байланысты қазіргі таңда ҚР Үкіметінде «Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық туралы» заңның жобасы жасалуда.
2. Қалдықтардың жіктелуі және топтастырылуы.
Қалдықтардың қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту немесе болдырмау үшін оларды міндетті түрде жіктеуге, топтастыруға тура келеді. Қалдықтарды жіктеу және топтастыру аса күрделі де қиын мәселе. Қалдықтарды ең алдымен агрегаттық күйлеріне байланысты топтастыруға болады. Бұл кәдімгі қатты, сұйық және газ тәрізді деп жіктеу болып табылады. Сонан соң қалдықтар химиялық құрамына қарай органикалық және бейорганикалық деп бөлінеді. Қалдықтарды жалпы жіктеу 1 суретте көрсетілген.
Қалдықтар пайдаға асырылатын және пайдаға асырылмайтын болып бөлінеді. Пайдаға асырылатын және асырылмайтын қатты және сұйық қалдықтар жанатын және жанбайтын топтарға бөлінеді.
Жанбайтын пайдаға асырылатын қалдықтарға үй-жайды жөндеуден өткізу кезінде түзілетін қоқыстар, ыдыс-аяқтардың сынықтары, т.б. жатқызуға болады. Ыдыс-аяқ сынықтарын құрылыс материалдары ретінде, яғни қабырғаларға мозаика түрінде жапыстыруға, есік алдын, үй іргетасын әрлегенде пайдаланып жатады. Ал, мүлде пайдалануға жарамайтындары көмуге жіберіледі.
Жанатын пайдаға асырылатын қалдықтарға ағаш қалдықтарын, қағаз қалдықтары – макулатураны, құрамында резеңкесі бар қалдықтарды, түрлі майлар мен еріткіштерді жатқызуға болады. Бұл қалдықтарды зиянсыз түрге айналдыру үшін камералық цехтарда жағады. Бөлініп шыққан жылуды өндірістік айналымдарда немесе жанбайтын қалдықтарды зиянсыздандыру үшін пайдаланады. Ал жағу процесінің нәтижесінде шыққан қалдықтар көмуге жіберіледі. Кейбір қалдықтарды көму алдында жағу арқылы көлемін кішірейтуге болады.
Улы қалдықтарды көму, сақтау, жинақтау, тасымалдау туралы шешім қабылдау үшін олардың қауіптілік (уыттылық) сыныбын негізге алу маңызды.
Қалдықтар уыттылық сыныбы мен қоршаған ортаға келтіретін зиянына байланысты үш топқа бөлінеді:
• Ұзақ мерзімге сақтауға болмайтын қалдықтар;
• Сақтау көлемі мен мерзімі шектелген қалдықтар,
• Үш жылға дейінгі ұзақ мерзімге сақтауға рұқсат етілген қалдықтар.
Ұзақ мерзімге сақтауға болмайтын қалдықтардың уыттылық сыныбы жоғары болады.
Тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды негізгі түрлері келесі түрде топтастырылады:
• тамақ қалдықтары;
• макулатура;
• консерві қалбырлары;
• фольга;
• металл сынықтары;
• шыны ыдыстар;
• хлоры жоқ пластмасса заттар;
• хлоры бар пластмасса заттар;
• батарейкалар.
Бүгінгі күні тұрмыстық тұтыну қалдықтарына қолданыстан шығып қалған электронды-сәулелік түтікшелер негізінде жұмыс істейтін компьютерлер, телевизорлар және ұялы телефондар, түрлі салқындатқыштар сияқты т.б. электр құралдары жатады. Осы электр құралдарының компоненттері қоршаған ортаға салыстырмалы түрде көп зиян келтіреді. Мысалы, дербес компьютердің бөлшектерінде болатын қауіпті компоненттер:
• электронды-сәулелік түтікшеде болатын қорғасын;
• ескі электронды-сәулелік түтікшелерде болатын мышьяк;
• сурьманың үш тотығы өртке қауіптілікті күшейтеді;
• пластикпен қапталған бөліктер мен кабельдер өртке қауіпті;
• түзеткіштер сұлбасындағы селен;
• жартылай өткізгіштер және басып шығаратын құрылғыдағы кадмий;
• магниттік қасиеті бар кобальт;
• ауысырып-қосқыштардағы сынап;
• металдарды тотығудан сақтайтын хром.
Қорғасын, мышьяк, сурьма, кадмий, кобальт, сынап, хром және пластиктердің адам денсаулығына және қоршаған ортаға зияны көп. Сондай-ақ көптеген ұйымдарда әлі күнге электронды-сәулелік түтікше негізінде жұмыс істейтін компьютерлер бар. Олар қолданыстан шыққан күннің өзінде жұмыс бөлмесінде сақталып тұрған жағдайлар да кездесіп жатады.
ҚТҚ-дың құрамында болатын қалдықтар:
• Макулатура;
• Медициналық қалдықтары;
• Істен шыққан құрал-жабдықтар;
• Қолданыстан шығып қалған аккумуляторлар мен қоректену элементтері;
• Ағаш қалдықтары;
• Мұнай өнімдерінің қалдықтары;
• Азық-түлік өндірістерінің қалдықтары;
• Полимер қалдықтар, пластмассалар;
• Өндірістік қалдықтар;
• Радиоактивті қалдықтар;
• Шыны сынықтары мен қалдықтары;
• Құрылыс қалдықтары,
• Тоқыма қалдықтары және тері;
• Түсті металл сынықтары;
• Қара металл сынықтары;
• Дөңгелектер мен резеңке қалдықтар;
• Электрондық сынықтар.
ҚТҚ-дың құрамында болатын заттардың анағұрлым тиімді әрі толық топтастырылуы осы сияқты. Мұндай жоғарыда айтылған электр құралдарының қалдықтары бір ғана атаумен, яғни электрондық сынықтар деп берілген.
Тұрмыстық тұтыну қалдықтарының ішінде гигиеналық мақсаттарда пайдаланылатын заттардың қалдықтары да қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиянды әсер етеді.
Гигиеналық қалдықтар:
• Памперстер;
• Төсемдер;
• Тампондар;
• Мақтасы бар таяқшалар;
• Гигиеналық ылғал майлықтар.
Гигиеналық қалдықтардың құрамында болатын химиялық заттар:
1. Трибутилен (tributyltin);
2. Толуол (toluene);
3. Ксилол;
4. Стирол (styrene);
5. Этилбензол (ethylbenzen);
6. Изопропилбензол (isopropylbenzen);
7. Полиакрилат.
Барлық түзілетін қалдықтарды мамандардың өз бетінше топтастыруы қарастырылды. Дегенмен, ҚР-ның Қоршаған Ортаны Қорғау Министрлігі қалдықтардың толық сыныптамасын жасап, пайдалануға ұсынды.
Қалдықтар сыныптамасы ҚР Қоршаған Ортаны Қорғау Министрінің 2007 жылғы 31 мамырдағы №169-ө бұйрығы, Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылы 2 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №4775 болып енгізілді.
Сыныптама ҚР-ның Экологиялық кодексінің 17 бабының 29 тармақшасына сәйкес дайындалған және бекітілген.
Қауіпті қалдықтардың трансшекаралық тасымалдануын және оларды тасымалдау, кәдеге жарату, сақтау және көму мақсаттары үшін аластауды бақылау туралы Базель конвенциясына сәйкес қалдықтар қауіптілігінің 3 деңгейі белгіленді. Олар:
1. Жасыл – индекс G;
2. Янтарь түсті - индекс A;
3. Қызыл түсті – индекс R.
Қалдықтарды сыныптау, қалдықтарды дәйекті түрде қарау мен олардың басты белгілерін айқындауға негізделеді. Сыныптауға қалдықтардың орналасқан жері, құрамы, мөлшері, агрегаттық жай-күйі, сондай-ақ олардың токсикологиялық, экологиялық және басқа да қауіпті сипаттамалары жатады.
Үй шаруашылығындағы қалдықтар мен сауданың ұқсас қалдықтары:
- қатты тұрмыстық қалдықтар;
- қағаз және картон, жеке жинақталған жыртындылар;
- шыны, жеке жинақталған сынықтар;
- пластмасса, жеке бөліктері;
- үлкен емес металл қалдықтары, жеке бөліктері, сынықтары;
- нығыздайтын (компостирлейтін) қалдықтар, жеке жинақталған бөліктері;
- шүберектер;
- аралас кәдімгі тұрмыстық қалдықтар,
- бақ қалдықтары;
- қорда қалдықтары;
- топырақ және тастар (ластанбаған);
- көлемді қалдықтар мен соған ұқсас тұрмыстық жабдықтар,
- тоңазытқыштар (фреондары бар), жекелеген бөлшектері;
- басу машинкалары;
- электронды жабдық, жекелеген жинақтау бөлшектері.
Достарыңызбен бөлісу: |