Грамматикалық мағына дегеніміз тілде қалыпты сипаты бар (стандартты) сөздер тобы мен сөз тұлғаларына, синтаксистік құрылымдарға тән жинақты, дерексіз тіддік мағына. Диахрониялық тіл білімі – тілдің тарихи уақыт ішінде өзгеруі мен дамуын зерттейтін тіл білімі
Жалпы тіл білімі – лингвистиканың жалпы тілдік теориясы.
Интра – латын тілінен ауысқан префикс «ішкі» мағынасын білдіреді.
Интеграция - өзіндік тілдік ерекшеліктері бар қауымдардың бір – бірімен жақындасуларының, араласып бірігулерінің нәтижесі.
Логикалық бағыт – тілді ойлауға және логика мен философиядағы әр түрлі ағымдар мен концепцияларға қатысты зерттейтін көзқарастар жиынтығы.