Пәннің ОҚу- әдістемелік кешені жалпы тіл білімі



бет7/57
Дата06.02.2022
өлшемі148,13 Kb.
#80303
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   57
Байланысты:
c2d4837c-54b9-11e5-884b-f6d299da70eeУМКД оқу-әдістемелік матер. 2015-2015

Бақылау сұрақтары:
1. Орта ғасырдың өзіндік бір ерекшелігі қандай ?
2. Тіл ғылымындағы  канондық тіл дегеніміз не?
3. Реалистер мен  номиналистер дегеніміз кімдер?
4. Араб тіл білімі қай дәуірде дамыды?
5. Араб тіл білімінің өкілдері?
6. Махмұт Қашқари сөздігінің маңызы?
7. Қайта өркендеу дәуірінің тіл ғылымы үшін маңызы қандай?
8. Универсал грамматика қай жылы жарияланған ?
9. Рационалды жалпы грамматика дегеніміз не ?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. М: Астрель,2007.-318с.
2. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.
3. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.
4. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.

4 дәріс тақырыбы: Салыстырмалы-тарихи тіл білімі




1. Тіл білімі тарихында салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушы Ф.Боптың , Раск, Якоб Гримм т.б. еңбектері
2.Тіл философиясының алға қойған мақсаты
3. Типологиялық зерттеудің кеңірек етек алып, қалыптасуы туралы


Салыстырмалы-тарихи тіл білімі. Еуропалық тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп танудан, тілдер өзара туыстас, төркіндес болады деп біліп, сол заңдылықтарды ашуға, зерттеуге салыстырмалы-тарихи әдісті қолданудан басталады. Тіл туралы ғылым тарихында үлкен бетбұрыс болған бұл жайт19ғасырдың алғашқы он жылдығында орныға бастайды. Әрине, жаңа әдістің қалыптасуы – ежелгі заманнан басталатын лингвистикалық ой-пікір дамуының заңды, табиғи нәтижесі. 18 ғасырдың соңғы жартысы мен 19 ғасырдың алғашқы жылдарында тіл ғылымының даму қарқыны, бағыты жаңа зерттеу әдісінің қажеттігін айқын көрсетті.
Тілдердің бір-біріне жақын, өзара туыстас болатындығы туралы пікір салыстырмалы-тарихи тіл білімінен, яғни XIX ғасырдан көп бұрын белгілі болған. Түркі тілдерінің өзара туыстас, бір негізден тараған тіл екендігін түркі нәсілді Махмуд Қашқари XI ғасырдың өзінде айқындады.
1538 жылы Француз гуманисі Гвилсльм Постеллустың "Тілдер туыстастығы туралы" деген еңбегі жарияланады.
Ф.Боптың ең басты еңбегі – «Санскрит, зенд, армян, грек, латын, литва, көне славян, гот, неміс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы». Расмус Расктің тілдер фактілерін салыстырудан туған ең көрнекті еңбегі «Ежелгі солтүстік тілдері және неміс, ислан тілдерінің шығуы туралы зерттеулер» деп аталады. Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің тағы бір көрнекті өкілі – неміс ғалымы Я.Гримм. Бұл ғалымның төрт томнан тұратын «Неміс грамматикасы» атты еңбегінің бірінші кітабы 1819 жылы басылады.
Дүниеге келу тарихының көнелігіне қарамастан, тіл философиясы осы атауға XIX ғасырда ғана ие болды. Бұл дәуірдегі тіл философиясының алға қойған мақсаты - тілдің табиғаты мен мәнін, оның қоғам өмірінде алатын орны мен қызметін айқындау болды. Бұл мәселемен сол дәуірдің көрнекті ойшылдары - Гердер, Шлегель, Гумбольдт, Шлейхер, Штейнталь сияқты ғалымдар айналысты. Бұлардың ішінде өз дәуірі үшін де, кейінгі заман үшін де ең беделдісі В.Гумбольдт болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет