Пәннің ОҚу- әдістемелік кешені жалпы тіл білімі



бет10/57
Дата06.02.2022
өлшемі148,13 Kb.
#80303
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   57
Байланысты:
c2d4837c-54b9-11e5-884b-f6d299da70eeУМКД оқу-әдістемелік матер. 2015-2015

Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. М: Астрель,2007.-318с.
2. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.
3. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.
4. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.
7 дәріс тақырыбы: Мәскеу мектебі. Қазан мектебі. Эстетикалық мектеп. «Сөздер мен заттар мектебі».
1. Мәскеу лингвистикалық мектебі. Қазан лингвистикалық мектебі.
2. ХХ ғасыр тіл біліміндегі бағыттар мен мектептер.
3. Эстетикалық мектеп. Сөздер мен заттар мектебі

Мәскеу лингвистикалық мектебін 19ғасырдың 70-80жылдарында Мәскеу университетінің ғалымдары қалыптастырды. Оны басқарған сол кездегі орыс тілі білімінің көрнекті ғалымдарының бірі – академик Филипп Федорович Фортунатов (1848-1914). Ол Германияда, Францияда, Англияда болып, жас грамматикалық бағыттағы көрнекті ғалымдардың лекциясын тыңдаған, өзі де осы бағытты қуаттаған, компаративистиканың Россиядағы көрнекті өкілі болған, Үндіеуропа тілдерінің фонетикасын, морфологиясын зерттеп, бұл салада біраз еңбектер берген.


Бұл мектеп құрамында орыс тілі білімінің көрнекті өкілдері академик Алексей Александрович Шахматов (1864-1920), Александр Матвеевич Пешковский (1878-1933), т.б. болды.
Қазан лингвистикалық мектебі. Бұл Қазан қаласындағы университетте 19 ғасырдың аяқ кезінде қалыптасты. Оған дем беруші – поляк-орыс тіл ғалымы, Қазан университетінің профессоры Иван Александрович Бодуэн де Куртенэ (1845-1929). Ол жалпы тілдік теориялық мәселелермен көбірек айналысқан.
Қазіргі заман тіл білімі жас грамматистерге қарсы күресте туып қалыптасты. 19ғасырдың соңғы он жылы мен 20ғасырдың бас кезінен бастап Батыс Еуропа тіл білімінде жас грамматистік бағыт қатты сынға алынды, зерттеудің жаңа әдісі, бұрынғыдан өзгеше амал-тәсілдері іздестірілді. Әр елде, әр жерде жас грамматизмге қарсы лингвистикалық мектептер пайда болды. Олардың қатарына «Сөздер мен заттар», «Эстетизм», «Социологизм» деп аталатын мектептерді жатқызуға болады. Жас грамматизм бағытын сынауда бұлардың өкілдері бірауызды болғандарымен, тілдің өзіндік сипатын, мәнін айқындауға келгенде, әрқайсысының өзіндік көзқарастары, ұстаған жолдары болды.
Сөздер мен заттар. Бұл - тіл білімі тарихында жас грамматикалық бағыттан біржола және үзілді-кесілді бас тарту ұранын тұңғыш көтерген мектеп. Оның өкілдері 1909 жылдан бастап Рудольф Мерингердің (1859-1931) басқаруымен шыға бастаған (Австрияда) «Сөздер мен заттар» деп аталатын журнал төңірегінде топтасқандықтан, соның атымен аталған (журнал 20ғасырдың 40-жылдарына дейін шығып тұрды). Бұл мектептің ең көрнекті өкілі – роман тілдері мен жалпы тіл білімінің маманы Австрия тіл ғалымы Гуго Шухардт (1842-1927).
Бақылау сұрақтары:
1.Мәскеу лингвистикалық мектебі. Қазан лингвистикалық мектебіне тән өзгешеліктер қандай?
2. Сөздер мен заттар мектебінің өкілдері кімдер?
3.Эстетизм немесе эстетикалық лингвистиканың қалыптастырушысы кімдер?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет