Пәннің ОҚу- әдістемелік кешені жалпы тіл білімі



бет11/57
Дата06.02.2022
өлшемі148,13 Kb.
#80303
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   57
Байланысты:
c2d4837c-54b9-11e5-884b-f6d299da70eeУМКД оқу-әдістемелік матер. 2015-2015

Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. М: Астрель,2007.-318с.
2. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.
3. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.
4. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.
8 дәріс тақырыбы: Ареалды (кеңістіктік мектеп) лингвистика. Неолингвистика.

1. Ареалды (кеңістіктік мектеп) лингвистика.


2. Неолингвистиканың ұарастыратын мәселелері
3. М.Д.Бартоли жазған «Неолингвистиканың қосымша очеркі»еңбегі


Ареалды лингвистика (лат. area – аудан, кеңістік) – лингвистикалық география тәсілдері көмегімен тіл құбылыстарының кеңістікте тарауын және тіларалық (диалектаралық) қарым-қатынастарды зерттейтін тіл білімінің бөлімі. «Тіл-территория» қатынастарын зерттейді. Ареалды лингвистиканың негізгі мақсаты – тіл ерекшеліктерінің жергілікті тарауы мен изоглосстардың түсіндірілуі (географиялық картадағы белгілі бір тілдің таралу аймағын көрсететін сызықтар). Соның нәтижесінде тілдер мен диалектілердің өзара байланыс аймақтары (ареалдар) айқындалады. Ареалды лингвистика термині 1925 ж. пайда болды. Оны лингвистикаға енгізген М.Бартоли. Ареалды лингвистика лингвистикалық география, диалектология пәндерімен тығыз байланысты. Ареалды лингвистиканың негізгі ұғымы – тілдік немесе диалектілік ареал, яғни бөлек тіл құбылыстарының өріс алу шекаралары мен олардың жиынтығы (мыс.: түркі, славян, үндіеуропалық ареал);Ареалды (кеңістік) лингвистика. Неолингвистика. Диалектология және лингвистикалық география. Лингвистикалық үздіксіздік теориясы. Изоглоссия. Итальян неолингвистерінің еңбектеріндегі лингвистикалық география мәселелері: М. Бартоли, В. Пизани, Дж. Бонфанте. Субстрат туралы ілім: И. Асколи. В. Пизанидің ареалды лингвистика және тілдік одақтар лингвистикасын салыстырмалы тарихи зерттеулерінде қолдануы.
Неолингвизм. (гр. neos – жаңа және лингвистика атауларының бірігуінен туған). Неолингвизм де жас граматизм бағытына қарсы 20 ғасырдың бас кезінде қалыптасқан лингвистикалық мектеп. Неолингвистика деген атауды бұл мектеп өкілдері өздерін жас грамматизм бағытынан мейлінше бөлек етіп көрсету үшін қолданған. Бұл мектеп Италияда қалыптасты. Оның негізін салушылар Маттео Джулио Бартоли (1873-1946), Джулиано Бонфанте (1904 ж.), В.Пизани (1899 ж) т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет