ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
СМЖ 3 дәрежелі құжаты
|
ПОӘК
|
|
ПОӘК
«Жалпы тіл білімі»
пәнінің оқу-әдістемелік материалдары
|
Баспа №2 9.09.2014
|
ПОӘК 042-18-28.1.3/03-2014
|
ПӘННІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Жалпы тіл білімі
5В012100 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі
«қазақ тілі мен әдебиеті»
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
СЕМЕЙ
2015
Мазмұны
1 Глоссарий
2 Дәріс
3 Тәжірибелік сабақтар
4 Білім алушылардың өздік жұмыстары
ГЛОССАРИЙ
Аморф - формасыз деген мағынаны білдіреді.
Ареалдық тіл білімі – (лат.аrea – кеңістік, аудан) – лингвистикалық география әдістері арқылы тіл құбылыстарының таралу жайын, тіларалық (диалектаралық) байланыстарды зерттейтін тіл білімінің саласы.
Әдеби тіл – жалпыхалықтық тіл маржанын жинақтап, сұрыпталған, екшелген, қызметке бай, әлеуметтік сипаты мен стильдік ерекшеліктері мол сала. Диалект - жалпыхалықтық, біртұтас ұлттық тілдің өзіндік дыбыстық, сөздік, грамматикалық ерекшеліктері бар саласы.
Билингвизм. Көп ұлтты мемлекеттерде әр түрлі ұлт өкілдері бір – бірімен қатынас жасау үшін, өзінің ана тілінен басқа тілді де, өзімен аралас – құралас халық тілін де білу қажеттігі туады. Сөйтіп, өздерінің күнделікті өмірінде олар екі немесе одан да көп тілдерді жарыстыра қолдана береді. Осыдан барып екітілдік немесе көптілділік пайда болады.Ол – тіл білімінде билингвизм деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |