Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. М: Астрель,2007.-318с.
2. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.
3. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.
4. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.
№12 тақырыбы: ХХ ғасыр тіл біліміндегі бағыттар. Сөздер мен заттар.
Мақсаты: XX ғасыр тіл біліміндегі бағыттар мен мектептер. Сөздер мен заттарға толық түсініктеме беру.
Әдістемелік нұсқаулар: Сөздер мен заттар. Оның өкілдері 1909 жылдан бастап Рудольф Мерингердің (1859-1931) басқаруымен шыға бастаған (Австрияда) «Сөздер мен заттар» деп аталатын журнал төңірегінде топтасқандықтан, соның атымен аталған (журнал 20ғасырдың 40-жылдарына дейін шығып тұрды). Неолингвизм. (гр. neos – жаңа және лингвистика атауларының бірігуінен туған). Бұл мектеп Италияда қалыптасты. Оның негізін салушылар Маттео Джулио Бартоли (1873-1946), Джулиано Бонфанте (1904 ж.), В.Пизани (1899 ж) т.б.
Эстетизм. Оның қалыптастырушысы – неміс ғалымы, роман тілінің маманы, әрі әдебиетші, Мюнхен университетінің профессоры Карл Фосслер (1872-1949).
Социологиялық бағыттың Франциядағы көрнекті өкілдері – Поль Лафарг (1842-1911), Ф. Де Соссюр (1857-1913), А.Мейе (1866-1936), Ж.Вандриес (1875-1960), Э.Бенвенист (1902).
Бақылау сұрақтары: 1. Сөздер мен заттар мектебінің өкілдері кімдер?
2.Эстетизм немесе эстетикалық лингвистиканың қалыптастырушысы кімдер?
3. Неолингвизм қашан қалыптасты?
4. Дескриптивистер қандай салаларға бөлінеді?