Бақылау сұрақтары:
1. Ресей тіл білімінің өкілдері кімдер?
2. Ресей тіл білімінің негізін салушылар кімдер?
Ұсынылатын әдебиеттер:
Амирова Т.А. Олбховиков Б.А., Рождественский Ю.В. Очерки по истории лингвистики.М., 1975
Ахманова О.С. Основные направления лингвистического структурализма. М., 1985
Березин Ф.М. История лингвистических учении. М., 1978
Березин Ф.М., Головин Б.Н. Общее языкознание. М., 1979
Гумбольдт В.А. Избранные труды по языкознанию. М., 1984
Бодуэн де Крутенэ Избранные труды по языкознанию. М., 1984
Звегинцев В.А. Внутренные законы развития языка. М., 1985
Кодухов В.И. Общее языкознани. М., 1974
Қордабаев Т.Р., Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі, А., 2004
№16 дәріс тақырыбы: Қазақстан тіл білімі
1. Қазақ тіл білімі жалпы түркітанудың құрамдас бөлігі.
2. А.Байтұрсынов, Қ.Жұбановтардың жалпы лингвистикалық ілімдері.
3. Қазақ графикасы мәселелері
Жалпы тіл біліміндегі ғылымдар арасындағы интеграция процесінің негізінде туындаған когнитивті лингвистика ғылымы соңғы жылдары қазақ тіл білімін зерттеуші ғалымдардың да назарын өзіне аударуда. Бұл сала бойынша қазақ тіл білімінде соңғы кездері когнитивтік лингвистика мәселелеріне ерекше көңіл бөліп зерттеу нысанына айналдырған Р. Сыздық, Ә. Қайдар, Е. Жанпейісов, Г. Гиздатов, Қ. Жаманбаева, Ж. Манкеева, Э. Сүлейменова, Г. Смағұлова, Б. Момынова, А. Салқынбай, К. Күркебаев, Г. Снасапова, Ф. Қожахметова, Н. Айтова, А. Әмірбековалар секілді зерттеушілер бұл мәселені лексикология, этнолингвистика, когнитология, лингвомәдениеттану салалары тұрғысынан қарастырып зерттеу үстінде. Қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистикаға қатысты зерттеулер соңғы он жылдықта ғана қолға алына бастады. Академик Ә.Қайдардың этнолингвистика саласына қатысты ойлары қазақ тіл біліміндегі жағңа ғылыми бағыттардың қалыптасуына негіз болды./10/ Дәлірек айтсақ когнитивтік бағыттағы зерттеу еңбектерінде ретінде Г.Гиздатовтың еңбегін атауға болады. Зерттеушінің «Сөйлеу қызметіндегі когитивтік модельдер: типологиясы мен динамикасы» атты докторлық диссертациясы осы бағыттағы қазақ тіліндегі алғашқы зерттеу болып табылады. Докторлық диссертацияда адам санасындағы білімнің көріну деңгейі, берілу тәсілдері, құрылымы мен динамикасы қарастырылған. Когнитивтік модельдер универсумдар ретінде қарастырылады.
Және осы бағыттағы іргелі еңбектердің бірі ретінде Қ.Жаманбаеваның «Тіл қолданысының когнитивтік негіздері»/11 / атты монографиясын атауға болады. Бұл еңбекте зерттеуші тілдік сананың құрылымын анықтап, гештальт теориясынның негізін жан жақты ашып көрсетеді. Қазақ тіл біліміндегі когнитивтік лингвистика ғылымның қалыптасуына негіз болған аталмыш еңбектер тіл қолданысындағы когнитивтік негіздердің зерттелуіне айтарлықтай өз үлесін қосу үстінде. Когнитивтік құрылымның концептуалды көрінісі, күрделі жүйе тудыру ерекшеліктері де бүгінгі күні жан жақты қарастырылуда.
Профессор Ж.Манкеева «Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері»/12 / атты ғылыми мақаласында когнитивтік лингвистикадағы тілдің бейнелеушілік қызметінің зор екендігін атап көрсете келе, негізгі үш ұстанымдарын айқындап береді. Сол секілді ғалым Б.Момынова Қазақ тіліндегі қоғамдық саяси лексика (әлеуметтік-бағалауыштық, сөзжасам)»/13/ атты еңбегінде когнитивтік бірліктердің көріністену (репрезентациялану) ерекшеліктеріне тоқталып, бағалауыштық сипатын қарастырса, профессор А.Ислам өз мақалаларындағы когнитивтік лингвистикадағы «тілдік тұлға» мәселесін көтереді. С.И.Жапақовтың жұмысында этикалық фразеологизмдердегі ақиқат пен бейақиқат, дүние фрагменттерінің тілдік бейнесі мен когнитивтік лингвистиканың басқа да мәселелері туралы сөз етеді./14 / С.Ақаев «Сөздің когнитологиялық сипаттары» атты мақаласында когнитологиялық талдаудың тәсілдеріне тоқталып, ойлау ой түю, қабылдау, қорыту сияқты абстрактілік құбылыстарды зерттеу әдісі ретінде қарастыру жайлы мәселені көтереді. Сонымен қатар жас зерттеушілер Г.Снасапова /15 /, Ш. Елемесова, А.Әмірбековалар көркем мәтінге концептуалдық талдау жасаудың үлгілерін ұсынады. Ал А.Сыбанбаева/16 /, Н.Зайсанбаевалар /17 / метафораның танымдық сипаты туралы пікірлерін ортаға сала отырып, диссертациялық жұмыстарын осы бағытқа арнайды.
Бақылау сұрақтары:
1. Қазақстан тіл білімінің өкілдері кімдер?
2. Қазақстан тіл білімінің негізін салушылар кімдер?
Ұсынылатын әдебиеттер:
Амирова Т.А. Олбховиков Б.А., Рождественский Ю.В. Очерки по истории лингвистики.М., 1975
Ахманова О.С. Основные направления лингвистического структурализма. М., 1985
Березин Ф.М. История лингвистических учении. М., 1978
Березин Ф.М., Головин Б.Н. Общее языкознание. М., 1979
Гумбольдт В.А. Избранные труды по языкознанию. М., 1984
Бодуэн де Крутенэ Избранные труды по языкознанию. М., 1984
Звегинцев В.А. Внутренные законы развития языка. М., 1985
Кодухов В.И. Общее языкознани. М., 1974
Қордабаев Т.Р., Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі, А., 2004
Лингвистический энциклопедичесуий словарь. М., 1990
№17 дәріс тақырыбы: Тіл ерекше сипаттағы таңбалық жүйе, тіл жүйелік-құрылымдық жасалым ретінде
1.Тілдің таңбалық сипаты
2.Тілдің құрылымдық және жүйелік сипаты
1.Тіл таңбалар жүйесінен тұрады. Таңбаның екі түрі: тілдік таңба, шартты таңба. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Тілдік таңбаның екі негізгі қасиеті дыбыстардың көмегімен кез келген сөздік белгіні жеткізу. Тілдік таңбалар: фонема, морфема, сөз тіркесі, сөйлем.Тілдік таңбаның белгілері: 1)еріктілік, 2) шарттылық.
Еріктілік, шарттылық дегеніміз – таңба мен сол таңба арқылы белгіленген заттың немесе ұғымның арасында ешқандай табиғи байланыстың жоқтығы. Сондықтан бір зат әр түрлі тілдерде әр түрлі аталады. Тілдің таңбалық теориялары. Семиотика - хабарды сақтап басқаға жеткізе алатын әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылыми пән.
2. Құрылым дегеніміз-бүтін нәрсенің элементтерінің арасындағы қатынастар схемасы.Тіл бүтіннің әр тектес элементтердің ара қатынасынан және бірлігінен тұрады. Тілдің құрылымы тілдік бірліктер дыбыс, морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем. Фонема - тілдің ең кішкене дыбыстық бірлігі. Морфема – ары қарай бөлшектеуге келмейтін тілдің грамматикалық, лексикалық мағынасы бар тілдік бірлік.Сөз – болмыс құбылыстарын, заттарын , олардың қасиетерін атайтын негізгі құрылыстық-семантикалық тіл бірлігі. Сөйлем – тиянақты ойды білдіріп, бір нәрсені хабарлайтын тіл бірлігі.
Жүйе дегеніміз - өзара байланысты бір тектес элементтердің бірлігі. Жүйе дегенді өзін тән айырықшақұрылымы бар кіші жүйелердің жиынтығы деуге болады. Тіл құрылымының жеке салаларының жүйелері бір-бірімен қарым-қатынасында, өзара байланысында тілдің жалпы жүйесін құрайды. Тілдің жүйелік сипаты тіл білімінің барлық саласында көрінеді.Мысалы дауысты дыбыстар жүйесі, дауыссыз дыбыстар жүйесі.
3.Тіл білімі тілдің белгілі бір дәуірдегі қалпын және оның өзгеруін зерттейді. Бұл екеуі бір нәрсе емес.Синхрония - тіл дамуындағы өзгеріссіз кезең, диахрония-тіл жүйесіннің тарихи дамуын зерттейтін тіл білімінің қыры.Синхрония мен диохрония бір-біріне қарама-қарсы қойылып қарастырылады.Тіл, тілдік құрылым уақыт озған сайын дамып, жетіліп отырады. Сондықтан да, оны зерттегенде оған тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан қарау жеткіліксіз. Бұған қоса тілге оның шығу тегі, дамуы тұрғысынан да қарау қажет. Демек, тілді зерттеуде ғалымдардың, біріншіден, оны құрастырушы элементтердің байланысы тұрғысынан, екішіден, олардың шығуы, тарихи дамуы, өзгеруі тұрғысынан қарастырған жөн.
Бақылау сұрақтары:
1. Тілдің таңбалық сипаты дегеніміз не ?
2. Тілдің құрылымдық және жүйелік сипатын неден көреміз?
3.Тіл мен ойлаудың арақатынасы қандай?
4. Синхрония және диахрония дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы, 2011
2. Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. -Алматы: Арыс, 2007.
3. Невченко В.Н. Введение в языкознание. -Москва: Дрофа., 2008.
4. Исаев.С. Қазақ тіл білімінің мәселелері// Вопросы казахского языкознания .- Алматы, 2011
5. Попова З.Д.Общее языкознание. -Москва: Восток-Запад, 2007
6. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. -Алматы: Өлке, 2010.
7. Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі.- Алматы, 2001
8. Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. -Алматы., 2004
9. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту.
-Алматы,1985
10. Қордабаев Т.Р. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. -Алматы., 2004
№18 дәріс тақырыбы: Тіл және ойлау. Психолингвистика
1.Тіл және ойлау туралы түсінік
2. Тіл және сананың арақатынасы
1. Тілдің ой – санамен қарым – қатысы. Тіл мен ой – сананың бір – бірімен қарым – қатынасы жөніндегі мәселе – біздің дәуірден көп бұрын басталған көне тақырып. Қазір бұл мәселені филосовтар да, тіл ғалымдары да, логиктер де, психологтар да зерттейді.Бұл саладағы пікірлерді былайша топтуға болады.
1) Тіл мен ойлау тепе-теңдік бірлікте, ешқандай өзгешеліктері жоқ дейтін көзқарас.Бұл – менталистік бағыт деп аталады (неміс ғалымдары Ф.Э.Д.Шлейермахер, И.Г.Гаман, 18-19 ғ.).
2) Тіл мен ойлау арасында ешқандай бірлік, ұқсастық жоқ, екеуі екі бөлек дүние дейтін көзқарас (неміс ғылымы Ф.Э.Бенеке,19 ғ.). Бұл екі көзқарастың екеуі де тіл мен ойлаудың қарым – қатынасы жөніндегі мәселені жоққа шығарады, оны проблема етіп көтеруді қажетсіз деп санайды.
3) Тілдің рөлін асыра бағалап, тіл мен ойлауды өте жақын деген көзқарас (неміс ғалымы В.Гумбольдт, француз ғалымы Л.Леви – Брюль, 18, 19 ғ.).Бұл бихевиористік бағыт деп аталады.
4) Тіл мен ой – сана өзара тығыз байланысты, бірінсіз бірі өмір сүре алмайды.Бірақ бұлардағы бірлік абсолюттік, тепе – теңдік бірлік емес, әрқайсысының өзіндік дербестіктері, қайшылықтары бар дейтін көзқарас.Тіл мен ой – сананың арақатысы жөніндегі бірден – бір дұрыс шешім де осы соңғы бағыт деп есептеуге болады.
Тіл мен сөйлеу бір – бірінен ажырамас бірлікте.Тілсіз сөйлеу жоқ, сөйлеу жоқ жерде тіл жоқ.Сөйлеу – тілдің тіршілік ету, өмір сүру формасы.
Сөйлеу дегеніміз – тілді қатынас процесінде, өз ойын басқаларға білдіру, басқаның ойын білу мақсатында қолдану деген сөз.
Сөйлеу дегеніміз психологиялық көзқарас бойынша нені білдіреді? Сөйлеу мен тілдің байланысы неде? Бұл сұрақтарға мамандар әр түрлі жауап береді. Кейбіреулері олардың арасында ешқандай айырмашылық жоқ ,- дейді. Келесілері «Сөйлеу – тіл жұптағы түсінікті тек сөйлеу – индивидуалды табиғаттың феномені, ал тіл психологиялық құбылыс емес, сондықтан ол әлеуметтік, оны зерттейтін психолингвистика болып табылады ,-дейді.
Бақылау сұрақтары:
1. Тілдің ой – санамен қарым – қатысы қандай?
1.Сөйлеу дегеніміз психологиялық көзқарас бойынша нені білдіреді?
3. Тіл және сананың байланысы қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. М: Астрель,2007.-318с.
2. Шаяхметұлы.Қ. Қазіргі қазақ тілі. Сөзжасам-дериватология, сөзөзгерім-морфология. Семей; Новосібір: Талер-Пресс, 2007.- 334б.
3. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.
4. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.
№19 дәріс тақырыбы: Тіл және мәдениет. Лингвомәдениеттану
Тіл және мәдениет туралы түсінік беру
Тіл және мәдениетке қатысты зерттеулер
Тіл білімі мен оның салаларын тілші қауым бірнеше ғасырлардан бері фонетика, лексикология, грамматика, семантика, диалектология, салыстырмалы лингвистика, тарихи лингвистика,сипаттамалық (компаративтік) лингвистика, құрылымдық (структуралық) лингвистика, жалпы теориялық лингвистика, т.б. тармақтарға таратып, таза тілдік тұрғыда қарастырып келді, яғни тілдің қолданыс табатын әлеуметтік орта, тарих, мәдениет пен танымдық процестермен байланыста зерттеу мәселесі тасада қалып келді.
Тіл білімінде тіл мен мәдениеттің өзара байланысы мәселесін алғаш рет ғылыми-теориялық деңгейде В.фон Гумбольдт зерттеді.Оның материалды және рухани мәдениеттің ұлттық сипатының тілде көрініс табатыны, тілдік белгіге ішкі форманың тән екендігі және тілдің адам мен қоршаған орта арасын байланыстыратын дәнекерші қызметі туралы басты ғылыми негіздемелері мен ұстанымдары А.Потебня, Ш.Балли, Ж.Бандриес, Р.Якобсон еңбектерінде өз жалғасын тапты .
В.фон Гумбольдт идеясының актуализациялануы, яғни адамды адам ететін тіл, тілді адам санасымен, ойлауымен, рухани тәжірибиелік әрекетімен тығыз байланыста зерттеу В.фон Гумбольдт идеясының өзектілігін білдіреді. Осыған орай түрлі лингвомәдени қауымдастықтағы ұғымдарды салғастыру заман талабы болып отыр. Тіл білімінің қазіргі дамуы кезінде лингвистика ғылымы тілді салғастырмалы зерттеуге баса көңіл бөледі. Осындай салғастырмалы зерттеулерде маңызды орын алатын қазіргі лингвистиканың лингвомәдениеттану саласы.
Қазіргі лингвистиканың құрылымдық, яғни тілді өз ішінде ғана зерттеу парадигмасын мүлдем жоққа шығаруға болмайды. Тілді мәдениетпен өзара тығыз байланыста-антропоцентристік қағида негізінде зерттеу бүгінгі таңда өзекті болып отыр.
Тілдік мәселелерді басқа ғылым салаларымен байланыстыра қарастыру ауқымы кең зерттеулерге жол ашып, ғылыми нәтижелерге қол жеткізді. Осындай интегративті, пәнаралық бағыттың бірі- ХХғасырдың екінші жартысында пайда болған лингвомәдениеттану ғылымы. Жалпы тіл мен мәдениет арақытынасы мәселелері түрлі деңгейлерде философтардың Платон, И.Гердер, Э.Кант, т.б.еңбектерінде қарастырылған. Бертін келе В.фон Гумбольдт, Э.Сепир, Б.Уорф, Кассирер, Л.Вайсгербер зерттеулерінде ғылыми іздніс дәрежесінде көрініс тапты. Кеңестік дәуірде орыс ғалымдары: А.Потебня, Н.Топоров, В.В.Иванов, А.Толстой еңбектерінде, қазақстандық ғалымдар академик Ә.Қайдаров, Р.Сыздық (салыстырмалы диахроникалық (мәтіндік), Е.Жанұзақов, Ж.Манкеева т.б. ғылыми еңбектерінде этнолингвистикалық бағытта зерделенді.
ХХІ ғасырда лингвистика тілді тек қарым-қатынас құралы ғана емес, сол сияқты ұлттың мәдени коды ретінде қарастырып келеді. Мұндай бағыттың фундаментальды негізі В. фон Гумбольдт , А.А. Потебня және т.б. еңбектерінде көрініс тапқан. Мысалы В.Гумбольдт «Менің ұлтымның тілінің шекарасы менің дүниетанымымның шекарасы» деген. Тіл тек ақиқат шындықты білдіріп қоймай, адамның өмір сүру ортасын жасайды, түсіндіреді.Тіл туралы ғылым лингвистика кез-келген гуманитарлық білімдер жүйесінде зор методологиялық ұстанымға ие және мұнсыз мәдениетті зерттеу мүмкін емес. Мәдени ақпаратты тасымалдаушы, тіл мен мәдениетті өзара байланыстырып қолданатын адам болып есептеледі. Тіл мен мәдениетті адам ұстанады. Адам болмаса тіл де, мәдениет те болмайды .
Бақылау сұрақтары:
1. Тілдің ой – санамен қарым – қатысы қандай?
1.Сөйлеу дегеніміз психологиялық көзқарас бойынша нені білдіреді?
3. Тіл және сананың байланысы қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Ислам А. Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті. Филол. ғыл. док. ... автореф.- Алматы, 2004.-50б.
2. Гумбольдт В.фон. Язык и философия культуры.-М., 1985-254с.
3. Красных В.В.Культурное проостранство: система координат (к вопросу о когнитивной науке) // Respectus philologicus. 2005.№7.-20с.
№20 дәріс тақырыбы: Тіл және қоғам. Әлеуметтік лингвистика
Тіл және қоғам. Әлеуметтік лингвистика
Әлеуметтік лингвистикаға қатысты көзқарастар
Тіл маманын даярлауда, олардың лингвистикалық дүниетанымын кеңейту мен тереңдетуде «Тіл біліміне кіріспе», «Жалпы тіл білімі» атты жалпылингвистикалық пәндерге үлкен мән беріледі. Бұлар тіл, оның табиғаты, тарихы мен даму заңдылықтары, лингвистикалық талдау, зерттеу әдіс-тәсілдері, тіл білімінің салалары, олардың өзіндік бағыттары бойынша барынша толық теориялық мәліметтер береді. Тіл біліміндегі осындай іргелі бағыттардың бірі – қазіргі тіл ғылымында өзіндік зерттеу нысаны мен әдіс-тәсілдері қалыптасқан саласы – әлеуметтік лингвистика болып табылады. Оның бүгінгі таңдағы қол жеткен табыстары мен нәтижелері де ұлан-ғайыр.
Алайда еліміздегі жоғары оқу орындарындағы жоғарыда аталған жалпылингвистикалық пәндер оқулықтарында әлеуметтік лингвистиканы қазіргі тіл білімінің бір бағыты ретінде жалпылама ғана қарастырылады. Оның өзіндік зерттеу проблемалары ұғымдық-терминалогиялық аппараты ашылып көрсетілмейді. Ал кейбір негізгі мамандық топтамасындағы оқулықтарда тілдік материалды әлеуметтік лингвистикалық тұрғыдан қарау, талдау жағы мүлдем жоқ. Бұларда тілді оқыту мен меңгертудің дәстүрлі әдістері сөздіктер мен грамматикаға негізделіп, ол тілдің ішкі жүйесіне, сөзді дұрыс пайдалану мен синтаксистік құрылысқа ғана байланысытырылады. Шындығында тілді пайдалану мен қолдану сөйлеушілердің әлеуметтік сипаттамасына және сөйлеу жағдаятына байланысты болатыны белгілі. Демек, тілді оқытудың барынша тиімділігі сол – оны оқыту әдістемелерінде, оқу құралдарында тек дәстүрлі лингвистикалық ережежер мен ұсыныстар ғана қамтылмай, әр түрлі мәндегі «сыртқы» факторлар да ескерілуі керек. Ал мұндай сыртқы факторлармен, яғни тілдің қоғамдық мәні, дамуы мен қызмет етуі, қоғамның тілге, тілдің қоғамға әсер ету мәселелерімен айналысатын бірден-бір пән – әлеуметтік лингвистика.
Қандай бір ғылымның объективті шындықты сипаттайтын өзіндік ұғымдар жиынтығы болады, бұл оның пәні деп аталады. Мысалы, тіл білімі тілдің дыбыстық жүйесін, сөздік қоры мен грамматикалық құрылысын қарастырады. Тілдің осы жүйелерін фонетика, лексикология және грамматика салаларында қарастырылып, өз ішінде алуан түрлі ұғым-түсініктермен, оларға қатысты терминдермен түсіндірілетіні мектеп қабырғасынан белгілі. Ал әлеуметтік лингвистиканың пәні не, ол тілді қалай зерттейді? Қарапайым тілмен айтқанда, адамның тіліне, оның күнделікті сөйлеу дағдысына әлеуметтік ортаның көптеген әсерлері болады. Міне, осыны әлеуметтік лингвистика қарастырады. Егер мұны бізге жете таныс «дәстүрлі» лингвистикамен салыстыратын болсақ, ол тілдік таңбаны (дыбыс, сөз, морфема, аффикс, сөз тіркесі, сөйлем) айтылым, жазылым түрлеріне, мағынасына, бір-бірімен қатынасына, олардың уақыт бойында өзгеруіне талдау жасаса, әлеуметтік лингвистика сол тілдік таңбаларды адамдар жасына, жынысына, әлеуметтік жағдайына, ортасына, білім деңгейіне, мәдени ұстанымсына т.с.с. байланысты қалай пайдаланады: бәрі бірдей ме, әлде әр түрлі қолдана ма дегенге баса назар аударады.
Бақылау сұрақтары:
1. Тіл және қоғамның қатысы қандай?
1.Әлеуметтік лингвистика нені білдіреді?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Ислам А. Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті. Филол. ғыл. док. ... автореф.- Алматы, 2004.-50б.
2. Гумбольдт В.фон. Язык и философия культуры.-М., 1985-254с.
3. Красных В.В.Культурное проостранство: система координат (к вопросу о когнитивной науке) // Respectus philologicus. 2005.№7.-20с.
№21 дәріс тақырыбы: Тіл типтері. Лингвистикалық типология
1.Тіл типтері. Типология ұғымы туралы
2. Лингвистикалық типология туралы мәліметтер
Типология (лингвистикалық) (гр. typos - таңба, форма, үлгі, logos сөз, ілім), типология лингвистическая — туыстық тегіне байланыссыз, тілдердін құрылымдық және функционалдық қасиеттерін салыстырып зерттеу. Типология үшін екі жақты сәйкестік (форма мен мағына түрінде) болуы міндетті емес, салыстырылатын тіл бірліктерінің не формасымен, не мағынасымен шектеледі. Әдетте типологиямен және салыстырмалы- тарихи тіл білімімен бірге аймақтық тіл білімі қарастырылады. Типология жеке тілдердін зерттелуіне сүйене отырып, тілдің құрылымы мен қызметі туралы жалпы тіл білімінде жасалған тұжырымдарды пайдаланады.
Зерттеу объектісіне байланысты типология функционалды типология (әлеуметтік тіл білімі) және құрылымдық типология болып бөлінеді. Функционалды типологияның қарастыратыны тілдің әлеуметтік салада қолданылу қызметі. Құрылымдық типологияның қарастыратыны — тілдін ішкі жүйелік құрылымы типологияның ең басты ұғымы — тілдердін типтерін түсіндіруге байланысты әр түрлі болады. Мәселен, грамматикалык формалардын күрылымдык белгілеріне карап, а м о р ф т ы (даралаушы), агглютинативті, флективті сиякты дәстүрлі типологиялық топтастырулар бар. Тұтас тіл жүйесіне емес, оның шағын жүйелеріне, категорияларына арналған бұл сияқты көптеген топтастырулар бір тілдің өзін әр түрлі топтарға жатқызуға себепші болды.
Тілдің типтік белгілерінің уақыт ішінде түгелдей езгеру эволюциясың зерттейтін т а р и х и Типологияның мәні де зор. Кез келген тілде әр түрлі типтін белгілері бар, таза типті тілдер жоқ. Таксономиялық тұрғыда накты тілдін белгілі бір типологияға қатыстылығы абсолюттік болған емес, басым типтік белгілердін негізінде тек қатыстық сипатта болып келеді. Осыған байланысты тілдін сапалық қасиеттерін емес, сапалық белгілердін статистикалық (сандық) қалпын анықтайтын квантативтік типологияның тиімділігі байқалады.
Глобалды сипатта тілдерді қамту жағынан типология тілдін универсалдық сипатымен үндесіп жатыр. Сонымен бірге тіл белгілі тілдер семьясының типологиялық генетикалық белгілерін анықтау мақсатымен, оларды талдауға да мән береді. Осылайша дербес типологиялық пән — характерология (В. Матезиустің термині) қалыптасқан. Типология салыстырмалы-тарихи тіл білімімен қатар дамыған, пайда болған кезі 19 ғасырдың басы (Германияда), бірақ оның негізі 18 ғасырда тіл білімінде тіл философиясы (Р. Декарт, Г. В. Лейбниц, И. Г. Гердер) мен әмбебап (универсал) грамматикада салынған. типологияның шыққан тегінде Ф. А.-В. Шлегельдер мен В. Гумбольдт тұрған. 19 ғасырдағы алғашқы типологиялық ізденістерде тілдердін морфологиялық типін анықтауға көніл бөлінді. Типология мәселелеріорыс тіл білімінде елеулі орын алды (Ф. Ф. Фортунатов, А. А. Потебня). 20 ғасырда типологияның жаңаша дамуы Э. Сепирдің есімімен байланысты. Сепирдін типологиясынан инвентаризациялық типология басталады. Еуропа тіл білімінде казіргі типологияның дамуында Прага тіл үйірмесі зор рөл атқарды (Н. С. Трубецкой, Матезиус, В. Скаличка). 20 ғасырдың ортасында әр елде типологияның басқа да бірқатар түрлері дами бастады. 20 ғасырдың 2 жартысындағы типологияға тән ерекшелік оның салыстырмалы-тарихи тіл білімімен жақындасуы болып табылады.[1][2]
Бақылау сұрақтары:
1. Типология ұғымы туралы не білесіз ?
1.Тіл типтері ұғымы нені білдіреді?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. М: Астрель,2007.-318с.
2. Шаяхметұлы.Қ. Қазіргі қазақ тілі. Сөзжасам-дериватология, сөзөзгерім-морфология. Семей; Новосібір: Талер-Пресс, 2007.- 334б.
3. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.
4. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.
№22 дәріс тақырыбы: Тілдік қатынас теориясы
1. Тіл және этникалық бірлік
2. Тілдердің бөліну, бірігу үдерістері
3. Тілдік жағдаят. Билингвизм
4. Тілдік одақтың пайда болу себептері
5. Ностратикалық тілдер семьясының пайда болу жолы, зерттелу кезеңдері.
Тіл бірлігі – бір қалыптан өзгермейтін, қатып қалған құбылыс емес, өзгеріске ұшырап отыратын тарихи құбылыс. Белгілі бір тіл бір ғана этникалық бірліктің тілі болуы да, араласып кеткен бірнеше этникалық топтың ортақ тілі болу да мүмкін.Соған қрай тілдік бірліктің географиялық көлемі де әр түрлі.
Негізінен алғанда, тайпалық бірліктің бірнеше рулардың, халықтық бірліктің бірнеше тайпалардың бірігуінен барып қалыптасатын ғылым бекер демейді.Этникалық топтардың бұлай күрделене шоғырлануы олардың тілдерінің де бірігіп, күрделенуін туғызады.Бұлай шоғырлануда тайпа құрамына немесе халықтық бірлік құрамына енген белгілі бір этникалық топтың тілі басқалар арасына кеңірек тарап, бара – бара бірлік құрамына енгендердің барлығына ортақ тілге айналады да, өзге тілдер бірте – бірте соның құрамына еніп сіңеді.Бұл жағдай қоғамның этникалық бірліктерінің ұсақтан іріге қарай күрделене дамитындығы сияқты тілдің де көптеген ағза күрделене дамитындығын байқатады.
Адамдардың қоғамдық бірліктері сияқты олардың тілдері де бір – бірінен ажырап бөлшектену, қосылып бірігу жолынан өткен. Тілдің қай – қайсысы да осы күнгі дәрежесінде пайда бола қалмаған.
Адам қоғамының алғашқы рулық бірліктен ұлттық бірлікке қарай дамитыны сияқты, тіл де ру тілінен тайпа, халық, ұлт тіліне ауысып күрделене дамиды.
Ертедегі шағын қауымдастықтар тілінен кейінгі замандардағы күрделі қауымдар тіліне қарай даму жолында тілдер дамуында екі түрлі процесс болды.Оның біріншісі – белгілі бір дәуірдегі біртұтас тілдің өз ішінен ыдырап, жеке диалектілерге, тілдерге бөлшектену процесі.Бұл процесс – тіл білімінде дифференциация деп аталады.Екіншісі – жеке диалектілердің, тілдердің бір – бірімен жақындасу, бірігу процесі.Бұл процесс тіл білімінде интеграция деп аталады.
Тіл дамуында болатын дифференциациялық процесс басқа қоғамдардан гөрі ру қоғамында молырақ болады.Өйткені адамдардың жеке – жеке ұсақ қауым болып өмір сүруі – алғашқы қауымдық бірліктің негізгі белгілерінің бірі.
Интеграция – дифференциацияға тура қарама – қарсы процесс. Интеграция - өзіндік тілдік ерекшеліктері бар қауымдардың бір – бірімен жақындасуларының, араласып бірігулерінің нәтижесі.
Тілдік жағдаят (ситуация). Бір тілдің немесе бір территориялық - әлеуметтік ортада қызмет ететін тілдер тобының белгілі географиялық аймақ, болмаса саяси - әкімшілік құрылым шегінде өмір сүру формасының жиынтығы тілдік жағдаят деп аталады.
Билингвизм. Көп ұлтты мемлекеттерде әр түрлі ұлт өкілдері бір – бірімен қатынас жасау үшін, өзінің ана тілінен басқа тілді де, өзімен аралас – құралас халық тілін де білу қажеттігі туады.Сөйтіп, өздерінің күнделікті өмірінде олар екі немесе одан да көп тілдерді жарыстыра қолдана береді.Осыдан барып екітілдік немесе көптілділік пайда болады.Ол – тіл білімінде билингвизм деп аталады.
Екі немесе одан да көп тілді қолданушылар жеке адамдар болуы да, бүкіл этникалық қауым болуы да мүмкін.Кеңестер Одағы – көп ұлтты мемлекет болды.Мұндағы әр түрлі ұлттар бір – бірімен қарым – қатынас жасау үшін, орыс тілін пайдаланды.Сөйтіп, орыс тілі – орыс ұлтының ана тілі болуымен қатар, екінші жағынан, Кеңес заманында халықтардың ұлтаралық тіліне де айналды.
Креол тілдер. Африка, Оңтүстік – Шығыс Азия, Океания, Латын Америкасы жеріндегі Испания, Португалия, Франция отаршыларының ұрпағы – креолдардың тілдері. Креол тілдердің пайда болуы тілдердің пиджинделу процесімен, яғни пиджин (ағылшынның бұрмаланған business іс сөзінен) тілдердің қалыптасуымен байланысты.
Тілдік одақ дегеніміз – шыққан тегіндегі жақындық бойынша емес, біртұтас географиялық кеңістікте б»р-б»р»мен ұзақ уақыт бойы қарым-қатынаста болған тілдердің белгілі дәрежеде құрылымдық және материалдық ұқсастығына негізделген тілдердің тарихи бірлігі. Тілдік одақ және тіл семьясы деген ұғымдар бірдей емес.
Достарыңызбен бөлісу: |