Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
|
Құжат СМЖ 3 дәрежелі
|
ПОӘК
|
ПОӘК
042-18-18.13/03-2014
|
ПОӘК
«Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
бойынша бағдарлама
|
баспа №1
11.09.2014 ж.
|
ПӘННІҢ ОҚУ – ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
5В020300 «тарих» мамандығы үшін
СЕМЕЙ 2014
1 ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН
Құрастырушы _______ «_03_» __09____ 2014 ж.
Қазақстан тарихы кафедрасының доцент м.а., т.ғ.к. Т.А. Кариева
ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1 Қазақстан тарихы кафедрасының мәжілісінде
Хаттама №_1_ «_04»__09_____ 2014 жыл
Кафедра меңгерушісі ____________ Н.А. Мухаметжанова
ЭҚжГҒФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында қарастырылды
Хаттама №_01_ «_09_»_09___ 2014 жыл
ОӘБ төрағасы_________ С.Х. Тойкин
БЕКІТІЛГЕН
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде қаралып, баспаға ұсынылды
Хаттама №_1_ «_11_»__09__ 2014 жыл
ОӘК төрайымы _________ Г.Искакова
Мазмұны :
Глоссарий.................................................................................................
Қысқаша дәрістер мәтіні...................................................................
Практикалық (семинар) сабақтар ...............................................
4. Білім алушылардың өздік жұмыстары......................................................
6.3.1 ГЛОСАРИЙ
АЛЬТЕРНАТИВА –бір-бірімен сыйыспайтын екі мүмкіншіліктің тек
біреуін таңдап алу.
АНИМИЗМ – жандыгыға деген наным.
АНТОЛОГИЯ – (грек сөзінен «гул шоғы» дегенді береді.) таңдаулы
АПОКАЛИПСИС – христиан дініндегі ақыр заманы.
АТЕИЗМ (ГР.А – ЖОҚ, NHEOS) – Құдайдың жоқтыгын дәлелдейтін
ілім.
БАРЩИНА – еңбекпен өтеу салығы дегенді білдіреді.
БИБЛИЯ – киелі кітап.
БОГОВОПЛОЩЕНИЕ – Иса пайфғамбардын адамға айналуы.
БОГОВОСКРЕСЕНИЕ – Иса пайғамбардын өліп тірілгені.
БУДДИЗМ – монотеистік әлемдік діндердің бір түрі.
БУРЖУАЗИЯ – капиталистік қоғамның үстем табы.
БУСИ –Жапониядағы әскери-поместьелік дворяндар.
ВАНДАЛДАР –Римді талан-таражға салған герман тайпасы.
ВАТИКАН –(латынның «Төбе, қырқа» деген сөздері) Рим қаласы ішіндегі діни мемлекет-қала. Рим папасының мекені.
ВЕНЧАНИЕ – некелесу рәсімі.
ВЕТХИЙ ЗАВЕТ – көне бітім.
ГИЛЬДИЯЛАР- (немістің «бірлестік» деген сөзі) көпестер бірлестігі.
ГИПОТЕЗА –(грек сөзі «болжам») ойлау мен ғылыми білімнің даму формасы.
ҒИБАДАТ – адамның Алламен сыртқы қатынасын реттеуйді.
ҒЫЛЫИМ ЗЕРТТЕУ – теория мен гипотезаның мәліметке айқын анализ ережелерін қолдану жолы арқылы тексеру методы.
ДАО – ана, жол, өзгеріс.
ДАОСИЗМ – қытай халықының діні.
ДВОРЯНДАР – мұрагерлік артықшылықты пайдаланған жер иеленуші ақсүйектер сословиесі.
ДЕДУКЦИЯ –алғашқы ойдан логикалық жолмен туған жаңа пікірді білдіретін ойлау формасы. Жалпыдан ерекшеге, одан жекеге апаратын ой қорытындысының бір түрі.
ДЕРЕКТЕМЕ – адамдардың өткен өмірі туралы жазба деректер.
ДЖИХАД – кәпірлергі қарсы соғыс, ислам дінің алтыншы парызы.
ДЗЭН – буддизм – буддизме кірген басқа діндердің окілдері.
ДИАГРАММА – сурет, әр түрлі шамалар арасындағы тәуелділікті графиктік әдіспен бейнелеудің түрі.
ДИНАМИКАЛЫҚ МОДЕЛЬ –уақыттағы процесс дамуын бейнедлейтін математикалық модель
ДХАРМА – рухани большектерінің жиынтығы.
ДІН – адамзат санасынң бір формасы.
ЕВАНГЕЛИЕ – ізгі хабар.
ЕРЕТИКТЕР шіркеуге қарсы шығушылар
ЖАМАҒАТ – топ, қоғам, жыин.
ЗЕКЕТ БЕРУ – міндетті салы –ислам дінің бесінші парызы.
ЗИНА, ЗИНАҚОР –некесіз қосылу.
ИДУИЗМ – Үндістанда кең тараған дін.
ИКОНА – христиан дінің Қудайының суреті.
ИМАН (АРАБ.СЕНІМ) – ислам дінің бірінші парызы.
ИНДИВИД Адам тегінің нақты өкілі, яғни жеке адам
ИНДУИЗМ – үнді халықының діні.
ИНДУКЦИЯ –ғылыми теория базасы.
ИНИЦИАЦИЯ – ұл баланы сүндетке отыргызу.
ИНКВИЗИЦИЯ – (латынның « кешірімділік, мейрімділік» деген сөзін білдіреді) Рим папасының ХІІІ ғасырда күнәлілер күресі үшін құрған арнаулы соты.
ИНФАКСОНДАР –феодалдық қызметті атқарушылар
ИРРИГАЦИЯ – қолмен суландыру жүйесі
ИСЛӘМ - Құдайға бағыну.
ИУДАИЗМ – еврей халықының діні,
КАНОНИЗАЦИЯ – кейбір адамдарды әулие деп санау.
КАРМА – тағдыр, заң, маңдайга жазылған шимақ.
КАТОЛИЦИЗМ – христиан дінің бағыты, құдай анасына сыйынатын.
КЛЕРИКАЛИЗАЦИЯ – қоғамдық идеологиясының шіркеуге бағынуы.
КОНТЕНТ АНАЛИЗІ- бұқаралық ақпарат мәліметтеріне таңдау жасау. Ақпарат дерегінің мазмұны мен формасын интерпретациялау жүйесі.
КРЕАЦИОНИЗМ (CREATIO) – жаратылу туралы ілім.
КРЕЩЕНИЕ – христиандардың шоқыну рәсімі.
ҚАЖЫҒА БАРУ – ислам дінің төртінші парызы.
ҚҰРАН – қайталап оқу.
ЛАМАИЗМ – тірі ламаларды Құдай деп санау.
ЛОРД- ортағасырлық Англиядағы жер иеленуші феодал.
МАВРИТТЕР – арабтар ісін жақтаушы.
МАХАЯНА – кең өмірлік шеңбер.
МӘЛІМЕТТЕР –зерттеу барысындағы шындықтағы ақпараттар мен бақылау нәтижесіү.
МЕТОДОЛОГИЯ – грек сөзінен шыққан «метод» және «логос» деген. әріптік аудармада «таным жолы» дегенді береді. Таным методтарын оқытатын немесе ғылыми зерттеу әдістерінің жиынтығын оқытатын ғылым.
МЕССИЯ – Құдай таңдаған халық.
МОНАРХИЯ –мемлекеттегі жоғарғы формалды жеке дара мемлекет түрі
МОНОТЕИЗМ – бір Құдайшылық ілімі.
МУАМАЛӘТ – адамдардың бір бірімен қарым-қатнасы реттейді.
МУТАЗИЛИТТЕР– исламдық рациональдық бағыттағы теологиялық жүйесі.
МУТАКАЛИМДЕР – мұсылман теолог ғалымы.
МҮСІЛІМ – дінді ұстаушы.
НАМАЗ (АРАБ.САЛӘТ) – ислам дінің екінші парызы.
НОВЫЙ ЗАВЕТ –жаңа бітім.
ОБЬЕКТИВТІ ПРИНЦИП – фактілерге сүйене отырып оқиғалардың, құбылыстардың жағымды, жағымсыз түрлерін ашу.
ОРАЗА (АРАБ.САУМ) – ислам дінің үшінші парызы.
ОРДОНАНС –(французша «бұйрық» дегенді білдіреді) патшалық нұсқау.
ПАКТ- лат.-халықаралық келісім
ПАНИСЛАМИЗМ – «Алланың алдында» түгел мұсылмандардың бірігуі.
ПАНТЕИЗМ – Құдай бүкіл табиғатқа жайлғанын мойындайтын бағыт.
ПАРАМЕТР – жиынтықтың кез-келген нышаны.
ПАРЛАМЕНТ – Англиядағы жоғарғы заң мекемесі.
ПАСХА – Иса пайгамбардың қайтыс болып тірілгеніне арналган мейрам
ПОЛИТЕИЗМ – көп Құдайшылыктық ілімі.
ПРАВОСЛАВИЕ – христиан дінің бағыты, құдай ұлына сыйынатын.
ПРОТЕСТАНТИЗМ – христиан дінің бағыты, шіркеуге қарсы шығатын.
РАВВИН – еврей дінінде ұстаз.
РАМАДАН (РАМАЗАН) –мұсылман календарының тоғызыншы айы.
РЕЗЮМЕ –есеп немесе баяндаманың қысқаша түрі.
РЕКОНКИСТА – Испаниядағы арабтарға қарсы болған қозғалыс.
РЕСПОНДЕНТ –сауалнамаға немесе сұхбатқа жауап беруші.
РЕАЛИСТЕР Басқа адамдар алдында өздерін айырықша көрсетіп, халыққа деген жауапкершілікті көрсетуге тырысып, өздерін тәрбиелі адам ретінде танытатындар
РЕФОРМА-жаңа заң актілері арқылы , сол қоғам шеңберінде өзгерістер жасау
РИККОС ОМБРЕСС – корольге берілген ең жоғарғы атақ.
РОЖДЕСТВО ХРИСТОВО – Иса пайгамбардың түғанына арналга мейрам.
САКРАЛИЗАЦИЯ – дін дамуының қоғамдық санаға ықпал етуі
САНСАРА – буддизмдегі өмірлік шеңбер.
САНСКРИТ – ежелгі және орта ғасырлардағы үнділіктердің әдеби тілі.
СЕНТА –(латынша « үйрету, бағыт беру»дегенді білдіреді) шіркеу ішіндегі діни топ.
СИНАГОГА – діншіл еврейлер мен раввиндердің ұйымы.
СИПАТТАМАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ –шындық аспектісінің даму жолында немесе бірнеше теория тексерулерінде орын алған зерттеулерді айтамыз.
СОСЛОВИЯ –құқық міндеттері бірдей атадан балаға мирас болып қалатын адамдардың үлкен тобы.
СТАТИСТИКА – белгілі мәліметтерді геометриялық фигураларда суреттеу жүйесі.
СУННИЗМ –исламның бір тармағы (сунналық адамдар).
ТАЛМУД - әулие білім.
ТАНАҚ - әулие жазу.
ТАРИХ-адамзат қоғамының өткені, қоғамдық өмірдің даму заңдылығы туралы зерттейтін ғылым. Табиғат пен қоғамдағы қандай да болмасын даму просеці.
ТАРИХИ МАТЕРИАЛИЗМ –маркстік-лениндік философияның бір саласы, қоғам дамуының жалпы заңдарымен қозғаушы күштерін материалистік көзқарас тұрғысынан зерттейтін ғылым.
ТАРИХИ ПРИНЦИП – барлық тарихи фактілер-құбылыстарды нақты тарихи жағдайға сай өзара байланыста оқыту.
ТАРИХИ ПРОЦЕСС – үзіліссіз, мінсіз формадағы процесс. Үзіліссіз деструктурация, ескі формаларды қалпына келтіру. Тарихты әмбебап шындықта қалыптастыру.
ТАРИХИ САНА – қоғамдық сананың бір бөлігі, яғни адамзат тарихындағы көзқарастар жиынтығы.
ТАРИХИ ТАНЫМ – адам дамуын тану, баға беру, тарих туралы жекеленген көзқарастар қалыптастыру.
ТАРИХИЛЫҚ ПРИНЦИП – қоғамдық танымның қажетті шарты, қоғамдық өмір құбылыстарының айқын анализі. Жалпы ғылыми шындықты қолдану мүмкіндігі.
ТАРИХНАМА- тарихи еңбектердің жиынтығы.
ТЕОРИЯ – бақыланған әрекеттің мүмкіншілік түсінігі.
ТЕОДИЦИЯ (ГР.THTEOS – DIKE) – Құдайдың әдлетілілігі туралы ілім.
ТЕОЛОГИЯ ( ГР. ТHTEOS) - Құдай туралы ілім.
ТЕОСОФИЯ (ГР.THEOS – SOPHIA) – Құдайдың даналығы туралы ілім.
ТОТЕМИЗМ – жануарлармен тұыстық деген наным.
ТРИМУРТИ – үш Құдай: Брахма, Шива, Вишну.
ТРОИЦА – христиан дінің Құдайының үш бейнелігі.
ТҮСІНДІРМЕЛІ ЗЕРТТЕУ –бақылау нәтижелері арқылы теория шындығын тексеруде қолданылатын зерттеудің түрі
ТҮСІНІК - әр түрлі көрініс пен әрекеттерді бейнелейтін жай сөз, симвло, фраза. Олар бізқұратын инструменттер.
УҚУБАТ – қандай жаза берілетінін анықтайды.
ФАБЛИО –Франциядағы қысқа әзілді тақпақ түріндегі повесть
Фатиха – Құрандағы бірінші сүре.
ФЕОДАЛИЗМ -өндірістік қатынастардың негізін феодалдар тобының жерге жеке меншіктігін құрайтын қоғамдық-экономикалық формация.
ФЕТИШИЗМ - өлі дүниеге деген наным.
ФУНДАМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ –бастапқы немесе ғылыми теорияларды дамыту, тексеру болып табылатын зерттеудің түрі.
ХАОС – мәнгі қаранғы бастама.
ХАРАМ – тыйым салынған, заңсыз.
ХИНАЯНА – тар өмірлік шеңбер.
ХЛЕБОПРЕЛОМЛЕНИЕ – құдайға беріктігін көрсету.
ЦЕЛИБАТ – діни кызметкелерлерінің некелесүден бас тарту.
ШАБАТ – еврей дінінде сенбі.
ШАРИҒАТ – мұсылман заңдалақтарының ережелері.
ШИИЗМ – исламның бір тармағы (Али пайгамбардың ұрпағы).
ШЫНАЙЫЛЫҚ ПРИНЦИПІ – тарихи таным принципі.
ІЗДЕНІСТІ ЗЕРТТЕУ – берілген зат мәліметі теориясы санатына жататын фактілерді зерттеу.
ЭКЗЕГЕТИКА (ГР. EXEQETIKE) – Құран мен Библияны түсіндретін ілім.
ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ – бақылау мәлімет стимулына бағынып, оқиғаларды белгілеріне қарай зерттеу.
ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ – шындық жөніндегі сұрақтарға жауап алу әдісі.
ЭРИ –ақсүйектер, король туыстары.
ЭСХАТОЛОГИЯ – ақыр заман туралы ілім.
6.3.2 Қысқаша дәрістер
Тақырып №1. Орта ғасыр кезеңіндегі Азия және Африка елдері тарихы, міндеттері, уақыт шегі, категориялары.
1.Орта ғасыр кезеңіндегі Азия және Африка елдері тарихы, міндеттері.
2. Шығыс өркениеттерінің хронологиялық және географиялық шектері.
3. Дәстүрлі Шығыс қоғамы және оның қуатты мүмкіндіктері. Шығыс феомені.
4. Діни нанымдар.
Адамзат дамуның жалпы үрдісі ғаламдануға бағыт алып отырған қазіргі таңда әлемдік тарихтың маңызы күн өткен сайын арта түсуде. Соған қарамастан әлемдік тарихтың әсіресе шығыс тарихы саласы әлі күнге дейін кенже қалып отырғанын ешкім жоұұа шығара алмас. Бұл әсіресе теориялық-методологиялық мәселелерге қатысты. Ал теориясыз, методологиясыз қандайда болмасын тарихы материалды талдау, оған баға беру, оны типтеу, жүйелеу мүмкін емес.
Орта ғасырлардағы Азия-Африка елдеріндегі феодалдық қатынастардың дамып, жетілуінің өзіне тән ерекшеліктері болды. Ол елдерде қауым ұзаұ уақыт бойы сақталды. Қауымдардың өзін-өзі басқаруы автономиялығы, патриархальдық қатынастар өміршең болды. Мемлекет қауымның сақталуына мүдделі болды. Оның нығайуына қолдау көрсетіп отырды. Азия-Африка елдеріндегі ерекшеліктің бірі – үкіметтің жеке меншікке қарсы тұруы болды. Жер негізінен мемлекеттің меншігі болды. Келес бір ерекшелік мемлекеттік биліктің деспотиялық болуы еді. Азия-Африка елдерінде қай кезеңде болмасын құлдар шаруашылықта шешуші роль атқармады.
Шығыс елдердің қалалары феодалдық Европадағыдай жекелеген феодалдарға емес, мемлекет басшысына бағынды. Шығыс елдерінде дін мемлекеттік деңгейге көтерілді.
Әдебиеттер:
1. История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987
2. Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.
3. Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.
4. Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.
5. История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995
6. История Востока В 3-х томах/ ІІІ-том Восток на рубеже средних веков и нового времени. М.,РАН-1998.
7. Средневековый Восток: история, культура, источниковедение. М.,1980.
8. История средних веков (под ред. Сказкина) М.,88
9. С.А.Тортаев. Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы А.1998ж.
10. Феномен восточного деспотизма. Структура управления и власти. М.,1993.
11.История стран зарубежной Азии. Л.,1970
Тақырып: 2. Деректер, тарихнамасы.
Орта ғасырлық Шығыс елдерінің деректемесі.
Тарихнамасы.
– орта ғасырлар кезеңінің негізгі деректерін, олардың түрлерін, алатын орнын білу, медиевист тарихышлардың еңбектерінде ғылыми көзқараспен қарап баға бере білу.
Орта ғасырлар тарихының негізгі деректерін білу;
Тарихи деректерді топтарға бөліп, олардың ерекшеліктерін, құндылықтарын бағалай білу, сын тұрғысынан пайдалану;
Орта ғасырлық деректердің жалпы сипаттамасын, оларды оқу әдістерін игеру; (деректердің хронологиялық шектерін қай жерге тән екендігін, тарихи процесті бейнелеуін);
Орта ғасыр тарихы тарихнамасынын қалыптасып, дамуын білу;
Еуропалық феодализм проблемаларының орыс тарихшыларының еңбектерінде зерттеуін білу;
Еуропалық феодализм проблемаларын шетел тарихышыларының еңбектерінде зерттелуін білу;
Орта ғасырлар тарихи деректемесі мен тарихнамасының қазіргі кездегі зерттелу жағдайын білу;
Орта ғасырлар тарихының әр кезеңіне тән деректерді зерттеулерді білу;
Жалпы алғанда, мәмлүк дәуіріне қатысты өте бай архивтік мәліметтер бар екендігін айта кету керек. Сирек қолжазбалар Таяу Шығыс елдерінің Каир, Дамаск, Бағдат және т.б. қалаларында ғана емес, Еуропа елдерінің кітапханаларында да сақталған.Каирде орналасқан Мысыр кітап үйінің өзінде ғана 70 мыңдай қолжазба, сирек темір шақалар бар.Оның басым көпшілігі мәмлүк дәуіріне қатысты материалдар болып табылады.
Ал жалпы алғанда мәмлүк тарихы, атап айтқанда, Бейбарыс жайлы Ибн Уасил (1223-1229), Ибн Шаддад (1217-1285), Ибн Абдузахир (1223-1292), Ибн Йиас (1448-1524) , Ан- Нуайри (1331 қайтыс болған), Ибн Тәңірберді,Ибн Айбек, Абул-Фида(1273-1331), Ибн Шакир(1362 жылы қ.б), әл-Айни(1361-1451) секілді мұсылман тарихшылар жазған.
Ислам тарихнамасында Бейбарыс туралы «сира» - өмірбаян жанрында жазылған бар болғаны үш шығарма бар. Тарихшы Ибн Уасил өзінің ауқымды еңбегінің бір томын Бейбарыс сұлтандығын баяндауға арнаған.
Бейбарыс заманында өмір сүріп сұлтанның өмірбаянын жазған, мәмлүк мемлекеттік жүйесінде қызмет еткен Ибн Абдузаһир, Ибн Шаддад және Ибн Уасил. Бізге жеткен деректердің бірі Беркеханның құнды шығармаларының бірі «Тарих ал-малик аз-заһир» (Нағыз патша тарихы). Ибн Уасил, Джамалуддин Абу Абдулла Мухамед бен Салим бин Насрулла ал-Хамауи аш- Шафағи. Ең маңызды шығармасы «Муфарридж ал-куруб фи ахбар бени айуб» ( Аюп әулеттер туралы шер тарқату).
Сонымен қатар мәмлүктер және Бейбарыс Сұлтан тарихын қазақстандық ғалымдар да зерттеуде. Атап айтқанда Қайрат Сәки өзінің «Пирамида үстіндегі киіз үй немесе Бейбарыс туралы» еңбегінде Бейбарыстың омір жолы,ол құрған мемлекет тарихы жайлы баяндалған.
Батыршаұлы Бақытты «Мысыр Мәмлүк мемлекетінің Дешті-Қыпшақпен байланыстары» атты еңбегінде Мысыр елінің Дешті-Қыпшақпен байланыстары туралы айтады.
Т.Сұлтановтың «Алтын Орда хандарының хаттары»деген жинағында Сұлтан Бейбарыстың Берке ханға жазылған хаттары көрсетілген.Сондай-ақ Бейбарыс сұлтанды зерттеп жүрген ғалымдардың бірі Б.Көмеков.Оның еңбектерінің бірі –«Бейбарыс Сұлтан.Тарих. Тұлға. Уақыт» Жоғарыда айтылғандардың тұрғысынан шығып, зерттегелі отырған тақырыбымыз мәмлүк мемлекетінің негізін салушы қыпшақ сұлтан Бейбарыс жайлы
Кейбір дерек көздерінде Әл-Фарабидің еңбектерінің тек азы ғана аталады. Тарихшы Ибн-Надим (хижра бойынша 385жылы қайтыс болған) өзінің «Әдебиеттер тізімі» атты кітабында Әл-Фарабидің тек жеті еңбегін ғана келтіреді. Ал, Саид Әл-Әндалуси (462жылы қайтыс болған) «Табақат Әл-Умам» (Ұлыстар) атты еңбегінде ғұламаның төрт кітабын ғана енгізген. Заттардың шығу тегін зерттеуші Әл-Қифти «Билеушілер тарихы» атты еңбегінде Әл-Фарабидің жетпіс төрт (74) шығармасын атаса, Ибн Әби Усейба «Тәуіптер жайлы дерек көздер» атты еңбегінде Әл-Фарабидің жүз он үш (113) қолжазбасын анықтаған. [19;124] Әл-Бәйхақидің «Мұсылман билеушілерінің тарихы» атты зерттеуінде: «Әл-Фарабидің еңбектері Ирактан тыс жатқан Парсы елінде көп таралған»-дей келе, өзінің Рәй шахарының бір ірі ғалымының кітапханасынан Әл-Фарабиге тиесілі бұрын аты шықпаған, көбісі ғұламаның өз қолымен және оның шәкірті Яхья бин Аданың қолымен жазылған шығармаларды көргенін әңгімелейді.[28;3] Абу Ибраһим Исхак ибн Ибраһимнің «Диуан әл-әдаб» («Әдеби жинақ») атты еңбегінде Әл-Фараби туралы деректер келтіреді: «Ол жерден Әбу Насыр Мухаммед ибн Мухаммад Әл-Фараби Әл-Хаким Әл-Файласуф шыққан. Ол философия ғылымына арналған шығармалардың авторы. Ол 339жыл Дамаскіде қайтыс болған. Йуханна бин Хайланның шәкірті болған. Йуханна халифа Әл-Фараби Муқтадирдің тұсында өмір сүрген». Йақұттың «Му джам Әл-Булдан» еңбегінде Әбу Насыр Әл-Фараби Бағдад, Дамас, Мысырда оқып білім алған және қызмет істеген деп жазған.[28;4] Ибн Халликанның «Уфиат ат аль-аиан фи аз-Заман» («Ғалымдар өмірінен ескерткіш») атты еңбегінде Әбу Насыр Әл-Фарабидің арғы аталарының аттары (Тархан, Ұзлағ) таза түркі тілінде келтірілген.[16;24] Атақты ғалым-географ Ибн –Хаукал өзінің «Китаб Масалик уа мамалик» аталатын географиялық еңбегінде Түркістан аймағының сипатын берген, қалаларын картаға түсірген. Ол Отырарды жазғанда: «Бұл жер атақты ғұлама, асқан философ Әл-Фарабидің туған жері»-деп жазған. [16;23] Түріктің атақты ғалымы Хажы Халифа Мустафа Челеби өзінің «Кашаф ал-Зунун», «Куман айру» атты еңбегінде Әл-Фарабиға көп орын берген. Осылардың бәрінде де Әл-Фараби түркі нәсілді, Түркістандық екені айтылады.[8;13]
Немістің көрнекті ғалымы Фридрих Диатерци 1888-1904ж.ж. «Әл-Фарабидің философиялық трактаттары» деп аталатын жинақты жарыққа шығарған. Оған Әл-Фарабидің біпсыпыра философиялық шығармаларының арабша текстері мен олардың неміс тіліне аударылған нұсқалары енген. Неміс ғалымы Карл Брокельман 1886-1937ж.ж. арасында «Араб әдебиетінің тарихы» деп аталатын көп томды биобиблиографиялық еңбегінде Әл-Фараби шығармашылығына едәуір орын берген.[8;14] Н. Решер ұзақ ізденіс нәтижесінде 1962жылы ағылшын тілінде «Фараби. Аннотацияланған библиография» деп аталатын аса құнды еңбегін жариялаған. Мұнда мың жыл бойында Әл-Фараби жөнінде кім не жазады, Әл-Фараби шығармалары қай тілдерге аударылды деген мәселелерге баса назар аударылған.[8;15] Француздің ғалымы Рудольф Эрланже 1930-1935ж.ж. Әл-Фарабидің аса үлкен, әрі терең мағыналы «Әуездің үлкен кітабы» атты трактатын француз тіліне аударған. [4;58]1974жылы Лейденде Ланд «Араб музыкасы» деген атпен «Музыканың үлкен кітабының» тарауларынан аударылған аударманы жарыққа шығарды. 1935жылы ағылшын тілінде Фармер «Ғылымдар классификациясын» аударған. [4;59] Белгілі ғалым А.Машанов «Әл-Фараби және Абай» деген еңбегінде: «Әл-Фарабидің жас жігіт кезінде Отырар елінде сүйгені болуы да мүмкін. Бәлкім, баласыда болған шығар деген ой келеді. Өйткені, оның есімі - Әбунасыр. Арабшадан аударғанда ол Насырдың әкесі деген сөз»-деп жазған. [7;91] А. Көбесов «Сөнбес жұлдыздар» еңбегінде Әл-Фарабидің 150 астам ғылыми туындылары болғанын айтады.[7;92] 2002жылы Қазақстанда С.Даукеева «Әбу Насыр Мұхаммед Әл-Фараби музыкасының философиясы» деген монографиялық жинағын басып шығарды. Бұл еңбекте «Музыканың үлкен кітабының» жазылуына әсер еткен факторлар, оның тарихы жөнінде айтылған және Фараби еңбегінен аудармалар жасаған. Әл-Фарабидің музыкалық мұрасын В.М.Беляев, И.Раджабова, Т.Вызго, Д.Рашидова, А.Джумаев секілді ғалымдар зерттеген болатын. Ғұламаның музыкалық-теориялық көзқарасы ғылымның философия және математика салаларында еңбек етушілер С.Н.Григорян, М.М.Хайруллаев, А.К.Көбесов, О.Матякубов, А.Х.Қасымжановтың еңбектерінде орын тапқан.[5;54] Немістің белгілі ориенталисы Диатерци 1890-1895жылдары Лейденде Әл-Фараби жөнінде еңбектер шығарған және Әл-Фараби кітаптарының бірнешеуін арабша бастырған.
В. Ян «Шыңғыс хан» кітабында Шыңғыс ханның Хорезмге жасаған жорықтарын жазды. Марко Поло «Монғолдың құпия тарихы» деген жазылымында Шыңғысхан, оның әулеті туралы жырланады. Майкл Х. Харт «Шыңғыс хан» деген мақаласында Шыңғыс ханның өмірлік жолына тоқталып өтті.
Шыңғыс хан жөнінде 1929 жылы Белград университетінің профессоры Э. Хара-Даван «Шыңғысхан қолбасшы және оның мұралары» деген тарихи кітап жазды. 1929 жылы Эренжен Хара – Даван «Қолбасшы Шыңғысхан және оның мұрасы» деген еңбегін жазды.
Қазіргі кездегі зерттеулер: Тарих ғылымының докторы Зардыхан Қинаятұлы «Шыңғыс хаған кім?» деген мақаласында ұлы тұлғаның өмір жолының кейбір тұстарына қысқаша тоқталып өтті. Сондай-ақ «Қазақ заңдары және Шыңғыс ханның «Ұлы жасағы» деген мақаласында Шыңғыс ханның жүргізген мемлекет реформасына тоқталды. Жұмахан Қожамқұл Жалайыр «Шығыстың көкжалы – Шыңғыс хан» деген мақаласында Шыңғыс ханның қазаққа орны толмас қасірет-қайғысы туралы жазады.
Араб халифатының тарихына қатысты деректер мен зерттеулер мөлшері тым шектеулі. Деректер негізінен орыс тіліне аударылып, көпшілікке тараған. Тақырып бойынша арнайы монографиялардың жұтаңдығы мен қазақша оқулықтардың жоқтығы көбіне Араб елдерінің тарихын оқып үйренумен қатар терең танысуға кедергі жасайды.
Маңызды деректерге «Құран», мұсылман ренессансының көрнекті ғалымдарының еңбектері жатады. Тағы бір дерек көзі ретінде Абу-ль-Фарадж аль-Исфаханидың [1] деректерін атап өткен жөн. Көрнекті ғалым В.В. Бартольдтың [2] шығармаларының 9-томы біздің нысанамызға алынып отырған Араб халифатына қатысты зерттеу еңбектері топтастырылған. Е.А. Беляевтың [3]еңбегін арабтардың өмірі, діні және ерте ортағасырлық кезеңдегі тарихына ден қойып, жан-жақты зерттелген монографиялық еңбек ретінде қарастыруға болады. Халифат тарихына қатысты жазылған іргелі еңбектер қатарына О.Г. Большаковтың [4] зерттеуін жатқызамыз. К.Э. Босфорт [5] мұсылман әулетінің билеушілерінің генеологиясы мен хронологиясы жөнінде жүйелеу жұмыстарын жүргізе отырып, анықтамалық жасаған. Қарастырып отырған кезеңдегі шығыс қоғамындағы шаруаны тарихи субъект ретінде қарастырған Гордон А.В. [6], Азиядағы мемлекет ерекшеліктері [7], Таяу және Орта Шығыстағы дін иелері мен саяси өмір туралы [8] еңбектер қарастыры потырған кезеңнің тынысымен танысуға мүмкіндік береді. Арабтардың көрші елдерге жорықтарына дейінгі ерте феодалдық қатынастардың қалыптасуын шығыстанушы тарихышалар Жюльен Ш.А. [9], Ю.В Качановский [10] атап көрсетеді. Б.Н. Заходер [11] және Петрушевский И.Л [12] араб мемлекетінің қоғамдық-экономикалық құрылыс мәселелері, мемлекеттің құрылуы, ерекшеліктері, басқа елдердің дамуына ықпалын аша түскен, Омейя дәне Аббас әулеттерін сипаттап жазған. Араб мәдениетінің дамуы, оның көрнекті өкілдері, араб-мұсылман мәдениетінің дүние жүзілік өркениетке қосқан үлесі жайлы мәліметтер осы Конрад Н.И. [13], Мец А. [14] еңбектерінде және де зерттеулеріндеерекше аталып көрсетіледі.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987
2. Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.
3. Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.
4. Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.
5. История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995
6. История Востока В 3-х томах/ ІІІ-том Восток на рубеже средних веков и нового времени. М.,РАН-1998.
7. Средневековый Восток: история, культура, источниковедение. М.,1980.
8. История средних веков (под ред. Сказкина) М.,88
9. С.А.Тортаев. Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы А.1998ж.
10. Феномен восточного деспотизма. Структура управления и власти. М.,1993.