ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка елдерінің тарихы»



бет4/17
Дата15.11.2016
өлшемі3,83 Mb.
#1783
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Мемлекет ішіндегі өзара тартыс пайдаланбақ болған қидандықтар 1010 жылы тағыда Корё мемлекетіне шабуыл жасады. 1011 жылы қидандықтар корёнің астанасы Кэгёнды талқандады. Жаулап алынған территорияларда қидандықтар жергілікті халықтың қақтығыстарына тап болды. Үстемдікке иойын ұсынбаған корё халқының қарсылығын баса алмаған қидандықтарға шегінуге тура келді. 1014 жылы Корё мемлекетін тағы да қолбасшылардан құралған топ басып алды. 1018 жылы қидандықтар үшінші рет мемлекетке тарпа бас салады. Хынхванджина аралығында болған қақтығыстан кейін Кэгёге қарай бет алады. Онда сәтсіздікке ұшырайды. Шегіністен кейін Куджу түбінде толықтай жеңіліске ұшырайды. Үнемі сәтсіздіктен жалғаса бергендіктен қидандықтар шарасыздан Корё мемлекетімен дипломатиялық байланыс орнатуға мәжбүр болады.


ХІ ғасыр Корё мемлекетінің гүлдену кезеңі болып табылады. Мемлекет билеуші ван Мунджоне 1047-1082 ж.ж. аралығында билік етіп, екі ғасырлық тарихы бар мемлекетті басқарудың әкімщілік жүйесін қалыптастырады. Мемлекет үшін бұл кезең жерге деген жеке меншіктің орталықтанған мемлекеттік меншік түріне айналуына принципиальды түрде жағдай туғызған кезең болды. Әр мемлекеттің гүлдену және күйреу кезеңі болады деген сиқты, ХІІ ғасырдың бас кезінде мемлекеттің ішкі бытыраңқылығы , жер қорының азаюы елдің прогрессивті дамуына кедергеі туғызды. Жерді үлестіру саясатындағы әлеуметтік теңсіздік үстем етуші таптар арасындағы өзара түсініспеушіліктің қалыптасуына әкеп соқты. Сонымен қатар әскери және жергілікті азаматтар арасында да өзара келіспеушілік пайда болды. Салықтың шектен тыс енгізілуі, шаруалардың шектен тыс қанауға түсуі мемлекет ішіндегі жағдайды шиеленісе түсірді. Мемлекет ішінде қарапайым халық арасынан шыққан ауқатты адамдардың қатары көбейе бастады және олар саяси дәрежеге көтеріле бастады. Көптеген жерлер монастырлардың иелігінде болды. ХІ-ХІІ ғ.ғ. аралығында ірі жереге деген жеке меншігі бар топтар қалыптаса бастады. Ірі жериеленушілердің қатарын әскери адамдар құрды.

ХІІ ғасырдың басында Корё мемлекеті чжурчжэндықтармен қақтығысады. 1104 жылы Чонпхён қамалының түбінде болған шайқаста корёлық әскер жеңіліске ұшырайды. 1107 жылы чжурчжэндықтар екінші мәрте шабуыл жасайды, бірақта сәтсіздікке ұшырайды. Корё мемлекетінің әскерлері қарсылас жаулардың территориясын баса көктеп кіреді, шамасы тек екі жыл ғана созылады. Кейіннен Қытайда чжэндық Цзинь империясы құрылғаннан соң Корё мемлекеті вассалдықты қабылдады. Мемлкеттегі үстемдік ету құзыры Ли Джагемудың қолына шоғырланды. Ли ван Инджонды өзінің екі қызына үйлендіріп, мемлекетті екі жақты билеудің жеңіл жолын шешіп алды. Әскери министр иен шенеуліктер министрі таза өз құзырында болды. 1126 жылы Ван Инджон оны биліктен аластатуға тырысып бақты, бірақта ақыр соңында өзі бостандығынан айырылып қала жаздады. Тек қана бір жылдан соң Согён сановниктері мен буддистік монах Мёчхонның қолдауымен Инджон Лиді мемлекеттегі биліктен толықтай аластатады. Мемлекеттің астанасын Согён қаласына алмастыру қажет деген шешім қабылдады. 1135 жылы Согён қаласында бүлікшілер бас көтере бастады. Оның ұйымдастырушысы Мёчхон болды. 1136 жылы мемлекеттік қайраткер Ким Бусиктің арқасында Согёндегі бүлік толықтай басып- жаншылды.

ХІІ ғасырда қарама-қарсы топтар арасында қақтығыс үдей түсті. 1170 жылы вн Ыйджон әскери төңкеріс нәтижесінде тақтан құлатылады. Чон Джунбу бастаған қолбасшылардың көмегімен билікке Мёнджон келеді. Мемлекетте басқару жұмысын қадағалап отыратын Чунбан атты әскери орган жүргізіп отырды.

ХІІ ғасырдың ортасынан 1162 жылы және 1166 жылдар аралығында шаруалар көтерілісі үдей түсті. 1176 жылы Мани атты шаруаның басқаруымен шаруалар соғысы кеңінен етек алды. Көтеріліске қатысушылардың құрамы ноби атты мемлекеттің шаруалардан және өзге де шаруалардан тұрды. Шаруалар елуге жуық қалалы аймақтарды жаулап алды. Тек қана 1178 жылы шаруалар соғысы жеңіліске ұшырап, оның жетекшісі Мани қатаң жазаға тартылды. 1193-1194 ж.ж. Кёнсан провинциясында Ким сами, Хё Сима және т.б. өкілдердің жетекшілігімен ірі шаруалар көтеріліс болды.

1196 жылы мемлекеттің билігі қолбасшы Чхве Чхунхонның қолына өтеді. 1258 жылғы монғол шапқыншылығына дейінгі аралықта мемлекет осы қолбасшының өзі және оның ұрпақтары билігін жүргізді. Чхве Чхунхон мемлекеттің дамуы мүддесінде ішкі саяси тұрақтылықты сақтау мақсатында көптеген еңбектер атқарды. 1198 жылы мемлекеттің солтүстік- шығысында шаруалар көтеріліс тағы да бас көтереді. 1200 жылы Кёнсан провинциясында мемлекеттік шаруалар ноби мен шаруалар көтеріліс бұрқ етті. 1201 жылы көтеріліс басып жаншылды. 1203 жылғы аруалар көтеріліс ұзақ уақытқа созылып кетті.

ХІІІ ғасырдың басында Корё мемлекетіне қидандықтармен келесі кезекте қақтығысуға тура келді. 1216-1218 жылдары болған бірнеше соқтығысулар мемлекетті тағы да күйзелтті. Ендігі кезекте Корё мемлекетіне қауіп төндіруші монғолдар болды. Қай уақытта болсын азаптан құтылмаған халыққа тағы бір рет ең мықты бақаталстарымен күш сынастыруға тура келді.

Корё мемлекетінің әкімшілік жүйесі екі жақты жүйе бойынша, біріншісі- тхэбондық, ал екіншісі силлалық дәстүр негізінде қалыптасты. Корё мемле кетіндегі шенеулік жүйесінің принципиальды жаңалығы болмады. Тіпті шенеулік дәрежелері болмады деп айтуға да болады. Қытайдағы тоғыз рангктық жүйе енгізілді. Қоғамда белгілі бір дәрежеге ие болу мансапқа айналды. Әр мансапқа тиесілі дәреже тағайындалды. Хун- ерекше үлестері үшін берілетін атақ, чак құрметке ие тұлғалар, мунсанге - қызметке аралас пайтын азаматтық шенеуліктер, мусанге-қызметке араласпайтын әскери шенеуліктер.

Орталық басқару аппараты әртүрлі бөлімдерден құралған; жоғары өкіметтік бөлім, жекеленген министрліктер, негізгі ғылыми-оқу және басқа да басқару бөлімдері -си, кеңсе бөлімі- со, қоймалар- чхан, ко, сарайлық бөлім меңгеру шілері тогамдар деп аталды. Корё мемлекетінің тарихындағы басқару жүйесіндегі өзгерістер мен толықтырулар жылдар өте өз алдына маңызды мәселерді мақсат етіп қойған.

ХІ ғасырдың ортасында 1047-1082 жылдары аралығында әкімшілік жүйеде түбегейлі өзгерістер жасаланды. Шенеулік аппарат құрылыды, жекеленген штататр бір жүйеге келтірілді. Ммелекеттегі барлық шенеуліктердің дәрежелері күні бұрын белгіленіп қойылған. Ванның кезіндегі кеңесетін органның атауы Тобёнмаса деп белгіленді. Корё орталық аппаратында 150-170 астам бөлімше лерден құралған. 500 ден аса қызметте 2.5 мыңнана аса шенеуліктер қызмет еткен.

Корё мемлекетінің әкімшіліктерриториялық бөлігі провинциялардан тұрған, оны то деп атаған. То ұсақ әкімшілік бөліктерден құралған. Провинциялардың саны тұрақсыз болған. ХІ-ХІІ ғ.ғ. Солтүстік және Оңтүстік шекаралық аймқтардан, ал олардың әрқайсысы екі провинциядан құралған. Ірі провинциялардың қатарына жататындар; Пхеньян (Когурёның бұрынғы астанасы), Кёнджу (Силланың бұрынғы астанасы) және Янджу (Пэкченің бұрынғы астанасы), олардың атауы Согён, Тонгён және Намгён («солтүстік», «шығыс», «оңтүстік» астаналары). Провинцияларды басқаратын арнаулы органдар бар.

Корё армиясын басқаратын және штатты ұйымдастырушы чангун болды. Мемлекетті жалпылама басқаратын коллегиалды орган – Чунбан, ол ірі командирлер мен оның орынбасрларынан құралды. Әскери шенеуліктердің қатары 4 мыңнан аса болды. Корёде шенеуліктердің саны жалпы 10 мың адамнан тұрды. 1076 жылы еңбегң ақы төлеу бидай ретінде жүзеге асырылды.

Корёдегі шенеуліктер, яғни янбандар билеуші тап болып есептелді. Мемлекеттік шенеулік қызметке адамдарды мемлекеттік маңызы бар емтихан дарды тапсырған уақытта ғана берілді. Тіпті 958 жылдары емтихандарға қарапайым шаруалар да қатысу құқығына ие болған. Корёде Силла мемлекетіндегі сияқты пайда табудың негізгі көзі шаруалардың еңбегін қанау. Еңбеке жарамды барлық шаруалар әскери қызметке тартылған. Көпестік әрекеттілік мемлекеттің қазына толтыру мақсатында жұмыс жасады. Негізгі көзі бай, ауқатты шаруалар. Деректер сүйенсек көпестердің мансабы шаруа лардың жағдайына қарағанда төмен дәрежеде тұрды. Керісінше шаруалардың кәсібі жоғары мәртебеде болды. Тұрмысына деген қажеттілікті қанағаттан дыруға тырысқан ауқатты шаруалар өз көрсеткіштерін одан ары жоғарылатуға тырысып бақты.

Корё мемлекетіндегі жағдайдың тұрақтануы жерге деген жеке меншікті қалпына келтіріп, оны жоғары дәрежеде ұстап қалуды ұстанды. Чонсиква бөліктері мемлекеттік салық жинаумен айналысты. Кон, ху, пэк, нам және ча титулын ұстанған тұлғалар үшін сигып тағайндалды. Сыйға тартылатын жер саджон, мұрагерлік жолмен ұрпақтан- ұрпаққа берілді. Мараптталған жерлер- конымджонси. Шаруалардың жері – минджон, шаруаның құзырында болғанымен, мемлекеттік меншікте болды. Шаруалардың қанаудың көзі жер салығы болды. Ван Гонның кезінде жер салығы астықтың 1/10 бөлігін құрады. Х ғасырда салықтың көлемі төрт еселенді. Корё мемлекетінде жерге деген меншікке салынған салықтан басқа, кіріптарлық болды. Оның құны еңбекпен және әскери міндетпен алынып отырды.

ХІІІ ғасыр тарихта талй шайқастар мен шапқыншылықтар толастаған ғасыр болып табылады. Бұл шапқыншылықтардың Қиыр Шығыс пен Оңтүстік- Шығыс Азия елдеріне де тиген кесірі де бар. 1218 жылы моңғолдар қидандықтарды талқандаймыз деп Корё мемлекетінің территориясына баса көктеп кіреді. Корё мемлекетінің ваны моңғолдармен достық байланыс жасауға мәжбүр болады. Достық байланыс жасау моңғолдардың вассалына айналды деген мағынаны білдірді. 1225 жылы моңғол елшілерінің біреуі өлтрілген соң вассалдықтан құтылдық деп үміт артқан корёлықтардың қуанышы ұзаққа бармады. 1231 жылы моңғолдар қытай мемлекетіне қарсы шапқыншылыққа шығады. Ал біз аталып өткен деректерден білеміз, қытай мемлекеті корё мемлекетінің территорясын өзіне кепілдікке алғаннын, бұл дегеніміз қытайға төнген қауіп, корё мемлекетіне төнген қауіппен бірдей болды. Моңғол қолбасшыларының бірі Сарытай моңғол әскерлерімен Амноккан өзенінен қарай бойлай Хамчинсонды басып алады. Куджуды қоршау бір айға жуық уақытқа созылды.

1231 жылыдың жазында Корёге моңғолдар кезекті шабуылға шықты. Корё мемлекетінің Сохэ провинциясы моңғолдарға тойтара қарсылық көрсетті. 1231 жылдың соңғы кезеңдерңнде моңғолдар Корё мемлекетінің астанасын басып алады. Сөйтіп мемлекеттер арасында келісім шарт жасасу туралы мәселе қозғала бастайды. Корейдің «Корёса» атты деректерінің бірінде былай деп айтылған; «Талқандалмаған ешбір жер қалмады, моңғолдар жолында кезедескеннің барлығын күл- талқан етті.»

1232 жылы Корё мемлекеті мен моңғолдар арасында келісімге қол қойылады. Келісім шартының мәні бойынша корёлықтар моңғолдарға көп мөлшерде салық төледі. Бірнеше айдан соң Корё мемлекетінің шенеуліктер екі ел арасында жасалынған келісім шартты бұзуға бел байлайды. Моңғол өкілдері территориядан қуылды. 1232 жылдың жазында моңғолдар екінші мәрте жорыққа шығады. Өкінішке орай сәтсіздікпен аяқталады. Моңғолдардың шегінуіне тура келді.

1235 жылы моңғолдардың құрылтай жиналысында қабылданған шешім; Батысқа, Орталық Азияға, Қытайды және Корё мемлекетін бағындыруға байланысты әскери қимылдардың жоспарын жасақтау. 1236 жылы Корё мемлекетіне моңғолдар тағы да шабуыл жасады. 1239 жылы моңғолдар мен корёлықтар арасында тағы да бір келісім шар жасалынды. Келісім бойынша жасалынған шартты корёлықтьар орындауға мойын ұсынбады. 1247 жылы моңғолдар Корё мемлекетіне төртінші рет шабуыл жасайды. 1254 жылдарға дейін моңңолдар корёлықтарға тыныштық бермеді. 1257 жылы моңғолдар өздерінің барлық күшін Корё территориясына кезекті қауіп төндірумен жалғастырды. 1258 жылы Корё мемлекеті моңғолдардың билігін толықтай мойындауға мәжбүр болды. Жаңа ван Вонджно моңғолдардың үстемдігіне бас иеді. 1260 жылы Хубилай өзін ұлы ван деп жариялайды. Астанасы Пекин қаласы болды. Әскери жорықтардың негізгі көзі – қытай армиясы мен теңіз флоты.

Моңғол императорларының бірі Хубилай Кореяны Жапонияны жаулап алу базасына айналдырмақ болды. Көптеген кемелер құрылысын салумен, азық – түлікті жабықтаумен, солдаттарды мобилизациялау әбден күйзелген Корея үшін өте ауыр болды. 1274 жылғы жорыққа 8000 корей жаяу әскері және 6700 теңізшілер қатынасты. 1281жылғы жасалынған екінші жорықта моңғолдар 900 кеме мен көп мөлшерде азық – түлік талап етті.

Моңғол феодалдары «шығыс жорығын бақару» тәсілін сақтап қалуға тырысты. Корей король тек негізіг органның басныда болғанымен, барлық шешімді оның орынбасарлары ретінде тағайындалған моңғол наместниктері басқарып отырды. Мемлекеттің әкімшілік басқару жүйесін толықтай бақылауға лаып отырған да осы адамдар болды.

Моңғолдардың езгісі феодалдық қатынастарды одан әрі күшнйте түсті. Корей халқына көрсетілген қорлық ұшан теңіз болды. Мәселен, моңғолдар жергілікті халықтан 150 мың мөшек астық талап етті. Өз екркімен келісіп бермеген, талап еткен сұраныстар өтелмеген жағдайда күштеу саясаты қолданылды. Моңғол шенеуліктерінің бірінің күнделігінде былай көрсетілген; «Тұтқындыққа, құлдыққа тартып алынып кеткен әйелдердің ата- аналары қатты мұңға салынды. Тіпті есінен танып құлап жатқандарда болды».

Моңғолдар Корей мемлекетінен екі аймақты, яғни біріншісі, солтүстік- батыста Тоннёнбу, ал екіншісі - солтүстік- шығыста Ссансон чхвонгванбу өз үстемдіктерінде ұстап отырды. Егерде корейліктер моңғолдардың билігіне қарсылық білдірген жағдайда моңғолдар жекеленген феодалдардың арасында от салып, бүлік шығаруға дейін дайын тұрды. Корейдің феодалдық өкілдері моңғолдарға күн өткен сайын тәуелді бола бастады. Оның дәлелі моңғол феодалдары мен корей феодалдары арасында неке байланысы жүзеге асырылып, ұзақ уақытқа Юань империясының астанасы Пекин қаласында тіршілік етті. Қарап отырғанымыздай Силла мемлекетінен кейін Корей түбекында саяси тұрақтылық орнатпақ болған Коре мемлекетінің(бүгінгі атауы Корей мемлекеті) тағдыры да аянышты халде болды. Корей мемлекетінің ішкі саясатындағы тұрақсыздық мемлекетті шет елдік басқыншылардың талан- таражға салуына әбден мүмкіндік туғызып отырды.

Әдебиеттер:

Бутин Ю.В. От древнего Чосона к Трем государствам. Новосибирск, 1984.-458

Ванин Ю.В. Феодальная Корея в Х11-Х1У вв. Москва, 1962. -520 б.

Ванин Ю.В. Аграрный строй феодальной Кореи ХУ-ХУ1 вв. М,1981.-346 б.

Васильев Л.С. Курс лекций по средневековому Востоку (Ближний, Средний, Дальний Восток и Юго- Восточная Азия). М., 1987.-480 б.

Волков С.В. Раняя история буддизма в Корее. М., 1985.-460 б.

Волков С.В. Чиновничество и аристократия в ранней истории Кореи. М., 1987.-376 б.

Гордон А.В. Крестьянство Востока: Исторический субъект, культурная традиция, социальная общность. М., 1989.-380 б.

История Кореи. Москва.1978.- 356 б.

История Кореи( с древнейших времен до наших дней). Т.1. М.,1974.-469б.

Ланьков А.Н. Политическая борьба в Корее ХУ1-ХУ111 вв. М., 1995.-397 б.

Пак М.Н. Очерки ранней истории Кореи. М., 1979.-580 б


Тақырып 9. Индонезия, Малайзия

Мақсаты:

1.Малай архипелагі мен Малака түбегіндегі алғашқы мемлекеттік бірлестіктер.

2.Матарамның дәуірлеуі, жаулаушылықтар, феодалдық қатынастар.

3.Индонезиядағы жаңа мемлекеттер.

4.Еуропалықтардың ене бастауы.

Индонезия. Кейбір тарихшылардың пікірінше Индонезия архипела гының аралдарына көшіп қону жүрістері Азия метеригінің оңтүстік бөлігінен біздің заманымыздан бұрынғы XXV ғасырда басталған. Бірінші мемлекеттік құрылымдар біздің заманымыздағы II - V ғасырлар аралығында теңіз жағалау аудандарында пайда болған. Индонезияның теңізшілері мен саудагерлері сол кездегі Шығыста сауда бітістірушілердің басты топтарына кіретін. VII ғасырдың ортасында Шривиджая деген құатты Суматриялық империя пайда болды.

VIII ғасырдың бірінші жартысында Ява аралының орталығында шиваист династиясы басқарған Матарам мемлекеті құрылды. XI ғасырдың ортасында Матарам мемлекеті Ява аралындадағы сауда қалаларын өз қол астына біріктірді. XI ғасырдан бастап Ява аралы Индонезияның экономикалық, мәдени және саяси орталығына айналды. Индонезияны Ява аралығының аясында біріктіру процессы барысында Маджапахит мемлекетінің 1328-1364 жж. басшысы болып Гаджа Мади басқарған. XIV ғасырда Индонезияға ислам дінінің енуі күшейе түсті (Үндістан мен Малаккадан). XVI ғасырда Маджапахит империясы бірнеше мұсылман мемлекеттеріне бөлініп кетті. XVII ғасырдың басында Нидерландияның Ост-Инд компаниясы Молук аралдарынан португалдықтарды ығыстырды. Компания Индонезия тауарларын, оның ішінде көбінесе татымды заттардың тасымалдауын қамтамасыз етіп отырды. XVIII ғасырда компанияның құлдырауы басталды.

1780-84 жылдары болған ағылшың-голланд соғысынан кейін аталмыш компания толығымен жойылды. Компания қарамағында болған дүние-мүлігі Голландия мемлекетіне ауысты. Ұлы Шығыс Азия (Taihoa senso) үшін болған соғыстың басты себебі Суматра аралындағы мұнай қорлары болған. 1941 жылдың желтоқсан айында жапон десанты (жапон-индонезия қос жалауымен) Ява аралына түсті. Батавия қаласының атауы қайтадан Джакарта деп ауыстырылды, және голландия әкімшілігі жойылып индонезия әкімшілігі құрылды. 1945 жылғы 17 тамызда Индонезия мемлекетінің тәуелсіздігі жарияланды, алайда Нидерландия оны теқ 1949 жылы ғана мойындады. Индонезияның Ұлттық партиясы лидерлерінің бірі болған елдің бірінші Президенті Сукарно (1945-1968жж. Президент болған) 1950 жылы Индонезяны унитарлық мемлекет деп жария етті. 1976 жылы Индонезия Шығыс Тиморды (португалияның бұрыңғы провинциясы) осы елге кіретін провинция деп жария етті. 2002 жылы Шығыс Тимор Индонезия құрамынан шығып тәуелсіздігін қайта алды. Елдегі экономикалық ахуалының нашарлауы 1998 жылы жаппай тәртіпсіздікке әкеліп, оның нәтижесінде генерал Сухартоның (1968 – 1998жж. Президент болған) режимі құлады. 1970 жылдардағы ислам фундаменталистер ықпалдарының өсуі 70-ші жылдардың ортасында және XXI ғасырдың басында өкімет күштерімен ашық қақтығыстарға әкелді
Тақырып 10. Вьетнам.

Мақсаты:

1.Вьет мемлекеті.

2.Ұлы Вьет (Дайвьет).

3.Сыртқы саясат.


Тақырып 11. Иран.

Мақсаты:

1.Сасанидтер әулиеті.

2.Феодалдық қатынастардың дамуы.

3.І Хосровтың реформалары.

4.Дін және діни қозғалыстар.
Б.з.б. үшінші мыңжылдықта қазіргі Иранның оңтүстік батысында алғашқы мемлекеттер құрыла бастады. Б.з.б. екінші мыңжылдықта бұл аймаққа Орталық Азиядан арий тайпалары келіп қоныстанды. Б.з.б. 673-672 жж. қазіргі Иранның солтүстік батысында Мидия мемлекеті құрылып, 615-605 жж. Ассирияны талқандап, ірі мемлекетке айналды. Б.з.б. 550 жж. өкімет билігі Ахемен әулетінің қолына көшті. Шекарасы Үнді өзенінен бастап, батыста Эгей теңізіне дейін, солтүстікте Армениядан оңтүстікте Ніл өзендеріне дейін жетті.

224 жылы Иранда билік басына Сасанидтер әулеті келді. Саснидтер әулетінің негізін салушы Ардашир (226-241) болды. Олардың тұсында яғни 224-651 жылы Иранның халықаралық аренада шоқтығы биік болды. Иран бұл кезде Риммен, IV-VII ғасырларда Византиямен қырқысқан соғыстар жүргізді. Феодалдық құрылыстар осы Сасанидтер әулеті кезінде дами бастаған болатын. Сасанидтер бір орталыққа бағынған мемелекет болды. Ел олардың тұсында 18 сатраптыққа бөлінді.Әр сатрап басында губернатор тұрды. Әулеттің астанасы – Персеполь болды. X-XI ғасырларда Иранның экнаомикалық көтеріліс пен өндірістік күштердің өсуін бастан кешірді. Тауарлық кәсіпорындардың дамуы қалалардың өсуіне себебін тигізді. Халықаралық сауданың жолында тұрған ірі ескі қалалардың арқасында жаңа қалалар пайда болды. Орта ғасырларда Иран ірі базалардың орталығы болды, мұнда тек сауда ғана емес, сондай-ақ қолөнер өнімдерінің жері болып табылды. VII ғасырда Иран араб тіліне көшті. X ғасырдың аяғында жергілікті ислам діні таратыла бастады, тұрғындардың көпшілігі бұл дінді қолдады. XI ғасырда вакфтық иелік көп тарай бастады. 1040-1050 жылдары Иранда Селжуктер билігі орнады. 1220 жылы Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Шыңғыс хан Иранға бер алды. 1253-1256 жылдары Шыңғыс ханның немересі Хулагу тұсында Иранды толығымен басып алды. Монғол билігінің тұрақтануы ежелгі жергілікті мәдениеттің, қолөнердің дамуын және кәсіби күшін төмендетті. Материалдық бағалы кәсіпорындарды монғол басқыншылары жойды. Осылайша Иран шаруашылығының күйреуі халықтар арасында наразылық тудырды. Осы жағдайға байланысты билеушілер және ильхандардың өзара реформа шығару керектігін түсінді. Газан-ханның атымен 1295-1304 жылдары реформалар жүргізілді. XV ғасырдың басында Иран өзінің мемлекеттік жеке құрылымын жасай алмады. Ол Тимурдың державасының бір провинциясы ғана болды. Тимудың өлімінен кейін оның ұрпақтары Ирандағы Орта Азиядағы билікке таласып күресе бастады. Антифеодалдық халықтық көтеріліс Иранда белсенді түрде жүрді. 1502 жылы Тебризді Исмайыл басып алды да өзін Иранның шахы етіп жариялады. Тебризді астана етті. Сөйтіп Иран мемлекетінде Сефевидтер мемлекетінің басқы іргетасы қаланып, Сефевид мемлекеті жарияланды.

ІІІ ғасырда қалыптасқан Сасанидтер мемлекеті Парфян державасының орнына келді. Оның құрамына Иранның кең аумағы, Месопотамия, Үндістанның батыс аймағы, Хузистан және Шығыстың таулы аудандары кірді. Елдің әр аймағындағы экономикалық даму әр түрлі болып қалыптасты.

Сасанидтер мемлекетінің халқы көбінесе жер шаруашылығымен айналысты. Таулы өлкені мекендейтін тайпалар көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан белгілі қалалары елдің батыс бөлігінде орналасқан. Сол қалалардың ең белгісі – Ктесифон. Ктесифон Сасанидтер мемлекетінің астанасы болған. Сасанидтік қалалардың көбі қолөнершілердің шығарған өнімдерімен белгілі болған. Олардың дайындаған өнімдері, маталар мен қару-жарақтары өте сапалы, әрі керемет әдемі болған. Ежелгі сауда жолдары Батыстан Орта Азия мен Қытайға Иран территориясы арқылы өткен.

Иранның біршама аудандарында құл иеленушілік құрылыс, құлдық қарым-қатынас дамыған. Көбінесе құлдар туралы деректер «Матиган-и хазардадестан» атты сасанидтік судебникте кездеседі. Құлдарды сол уақытта сатып жіберіп, сатып алуға құқылы болған. Құлдарды орташа бағасы 500 драхм. Көбінесе қылмыс жасаған азаматтарды құлдыққа сатып отырған. Сол уақытта еркіндіктің күрделі жүйесі болған. Құлдар кей жағдайда өздеріне тиесілі заттарға және келісім шарт жасауға құқылы болды. Ендігі жерде құлдарға өздері жасаған өнімдерін пайдалануға құқық берілді.

Құлдар көбінесе жер өңдеу ісінде еңбек етті. Уақыт өте келе құлдардың жерді өңдеу ісіндегі еңбегі, егін шаруашылығында атқарған еңбегі тиімсіз бола бастады. Өйткені егін шаруашылығы жоғары интенсивті еңбекті қажет етті. Билеуші топ өкілдері эксплуатацияның жаңа формаларын іздей бастады.



Деректерде жер иеленудің түрі – дасткрад жиі кездеседі. Құлдар бір жерге орналасқаннан кейін басқа жерге ауыса алмаған және өз мекенінде бөтен болмаған. Дасткард ірі және ұсақ иеліктерге сонымен қатар тәуелсіз шаруаларға тиесілі болған. Белгілі адамдардың жерінде құлдарға біраз еркіндік және өздері дайындаған өнімді пайдалануға рұқсат берілді.

Еңбек өнімінің дамуына байланысты билік басындағылар салық көлемін ұлғайта бастады. ІІІ – Ү ғасырларды Иран аристократтары шаруаларды эксплуатациялау жүйесін күшейту мәселесін қолға алды. Бірақ бұны іске асыру қиынға соқты, өйткені шаруалар, қауым адамдары бұған қарсы болды. Көп уақыт бойы Иран шаруаларын эксплуатациялау салық алу арқылы жүргізді. Ү ғасырдың ІІ жартысында ақсүйектер салықтың ортақ жүйесін енгізді. Сол уақытта салықтың хараг, гезид түрлері пайда болды. Олар жер салықтары болып табылады.

Шаруалар қауымын эксплуатациялау күшейгенімен, иран шаруашылығы әлі де тәуелсіз болып табылды. Ауыл тұрғындары арасында үлкен жанұялы қауым маңызды роль атқарды. Одан да маңыздырақ ауылдық көршілес қауым болды. Ол бірнеше үлкен жанұялардан құрылған. Үлкен жанұя қауымын кед-худа басқарды. Кед-худа билеушісі болып табылады. Сонымен қатар ауыл старостасы өзіне көптеген міндеттерді алды. Мысалы администраторлық және финанстық кызметтер. Сондай ақ олар құлдарға да праволы болды. Кейбір Иран аудандарында жанұялық қауым ҮІІ ғасырдың соңына дейін сақталып қалды.

«Азат» деп тәуелсіз қауым мүшелерін атаған. Кейін келе «Азат» деп өз еркімен еңбек істейтін басты қадамдарды, өзін-өзі қамтамасыз ете алатын, соғысқа қару-жарағымен, атымен аттана алатын адамды айтады. Осы ұғымға Ү ғасырда кед-худа және дикхане түсініктері кірді. Декхан деген термин азат, тәуелсіз жер иесі, шаруа деген мағынаны білдіреді. Декхандар құлдардың көмегімен жерді өңдеген.

Тұрғындардың көп бөлігі қолөнершілерді құрады. Көптеген Иран өнімдері сол кездегі қолөнершілердің іскерлігін көрсетеді. Деректерде қолөнершілердің бірлестіктері болғандығын айтады. Сонымен қатар Сасанидтер мемлекетінде қолөнершілердің жағдайы онша болмаған, олардың жасаған өнімдері төмен саналып, еңбегі бағаланбаған, яғни қолөнершілердің қызметі төмен саналған. Сасанидтер мемлекеті сословиеге бөлінген. Олар: жауынгерлер, духовенство және чиновниктер, шаруалар, қолөнершілер, саудагерлер. Төменге сасловиеден жоғарғы сасловиеге көтерілу мүмкін болмаған.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет