ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3-деңгейлі СМЖ құжаты
|
ОӘК
|
ПОӘК
042-14-4-03.01.20.48/03-2011
|
ПОӘК
«Санитариялық микробиология» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары
|
Басылым № 1 |
« САНИТАРИЯЛЫҚ МИКРОБИОЛОГИЯ »
пәнінің
051202 -«Ветеринариялық санитария» мамандығына арналған
ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ПӘННІҢ ОҚУ -ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
Семей
2011
Мазмұны
Глоссарий
Дәрістер
Тәжірибелік сабақ
Студенттердің өзіндік жұмысы
1. ГЛОССАРИЙ
Бұл оқу-әдістемелік материалда мына төмендегі терминдердің түсініктемесі берілген:
Санитарлы-көрсеткіш микроорганизмдер –адам және мал организмдерінде тұрақты тіршілік ететін микроорганизмдер (тоғышекте, жоғарғы тыныс жолдарында)
Коли-титр –судың немесе зерттеліп отырған субстраттың ішек таяқшасы табылған ең аз мөлшері.
Коли-индекс – зерттеліп отырған субстраттың белгілі бір мөлшерінде табылған микроб саны , мысалы 1 литрдегі суда, 1 г топырақта, 1 г тамақ өнімдерінде
Жалпы микробтық сан- бір көлем бірлігіндегі (1г, 1мл, )микробтар саны. Петри табақшасында (ЕПА) 24-48 сағатта өсіп-өнген микробтар колониясы.
Зооантропоноздар – жануарлар мен адамға бірдей инфекциялық аурулар
Тағамдық улану – аурудың пайда болуында негізгі рөлді тағамның атқаруы .
Токсиндер – организмде белгілі бір өзгерістер туғызатын, микроорганизмдер түзетін улы белоктік заттар.
Экзотоксиндер – миркобтардың сыртқы ортаға бөліп шығаратын не олар өлгеннен кейін босап шығатын тіршілік әрекетінң өнімдері.
Эндотоксиндер - микроб клеткасының денесімен тығыз байланысты.Бұл клетка бұзылғаннан кейін ғана босап шығады.
10.Тағамдық токсикоздар – тікелей микроорганизмдердің токсиндерінен туындаған улану
11.Тағамдық токсикоинфекциялар – бактериялармен көлемді ластанған тағамдарды пайдаланғаннан туындаған ауру
12.Лизоцим –анибактериальді қасиеті бар, табиғи иммунитеттің спецификалық емес факторына жататын қорғаныш зат
13.Пастеризация – залалсыздандыру үшін сүтті және т.б. 100о-тан төмен температурада қыздыру
14.ІТТБ-ішек таяқшасы тобының бактериялары
15.ИМАЦ – энтеробактерияларды (Escherichia, Enterobacter, Citrobacter)анықтауға қолданылатын тест(индол түзуі, метил-қызыл реакциясы, ацетилметил-карбинол түзілуі, цитратты тест –Симонс ортасында)
2.ДӘРІСТЕР
Рет
№
|
Дәрістер, қарастырылатын сұрақтар
|
1
|
Санитариялық микробиологияның мақсаты.
Сыртқы орта объектілерін санитарлы-гигиеналық бағалаудың микробиологиялық көрсеткіштері
А).Объектінің жалпы миикробтық ластануы.
Б).Санитарлы-көрсеткіш микроорганизмдер
|
2
|
Зооантропонозды инфекциялардың қоздырғыштары.
Топалаң,лептоспироз, туляремия, эризипелоид,листериоз, бруцеллез, маңқа, туберкулез, аусыл, орнитоз.
Қысқаша сипаттамасы, морфологиялық, культуральдік, биохимиялық қасиеттері. Диагностикасы, профилактикасы.
|
3
|
Тағамдық токсикоинфекциялар
А)Тамақ токсикоинфекциясының қоздырғыштары.(сальмонеллалар,эшерихиялар, протейлар-Токсин түзуі, антигендік құрылысы, патогендігі.Диагностикасы. Профилактикасы.
|
4
|
Тамақ тосикоздарының қоздырғыштары (патогенді стафилококкалар, стрептококкалар, ботулизм қоздырғышы- Токсин түзуі, антигендік құрылысы, патогендігі.Диагностикасы. Профилактикасы.
|
5
|
Ет микробиологиясы
Еттің микроорганизмдермен ластану көзі және жолдары.
Тоңазытқышта сақтаған еттің микрофлорасы.
Еттің ақаулықтары (кілегейленуі, шіруі, қышқылдық ашуы,пигменттенуі,көгеруі, жарқырауы).
Мұздатылған ет микробиологиясы.
Етті тұздағанда микрофлорасының өзгеруі
|
6
|
Шұжық микробиологиясы
Тартылған еттің микроорганизмдермен ластану көзі және жолдары.
Пісірілген,жартылай ысталған және ысталған шұжықтың микрофлорасы.
Шұжықтардың ақаулықтары (шіру, қышқылдану көгеру)
|
7
|
Ет консервілерінің микробиологиясы
Консервленетін өнімдердің микрофлоралар көзі.
Өнімнің сапасына консервлегенде қалған микробтардың әсері.
Консервілердің ақаулықтары (ісінуі, қышқылдануы,сульфиттік бүліну)
|
8
|
Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерінің микробиологиясы
Жұмыртқаның микроорганизмдермен ластану көзі және жолдары.
Жұмыртқаны сақтағанда ондағы микроорганизмдердің өсуі.
Тоңазытылған жұмыртқа ұнтағындағы микроорганизмдер.
|
9
|
Сүт микробиологиясы
Сүттің алғашқы микрофлорасының көзі.
Сүтті сақтағандағы микроорганизмдердің өсу фазалары.
Сүттегі микробтар санын азайту әдістері.
Сүт ақаулықтары.
|
10
|
Сүт өнімдерінің микробиологиясы
Сүтқышқылды өнімдердің алғашқы микрофлоралар көзі. Сүтқышқылды өнімдердің ақаулары.
Майдың, сырдың, сүт консервілерінің, балмұздақтың микролоралары. Ақаулары.
|
11
|
Балық және балық өнімдерінің микробиологиясы.
Балық микрофлорасы.
Балықты саkтағанда және өңдегенде ондағы микроорганизмдердің өзгеруі.
Балықты зерттеу әдістері. Балық ақаулықтары.
|
12
|
Ет-сүт өнімдерін өдіруді санитарлық микробиологиялық бақылау
Өндірісті санитарлық-гигиеналық бақылау.
Дайын өнім мен техникалық процесті бақылау.
|
13
|
Тері-былғары шикізатының және жүннің микробиологиясы.
Жас терінің микроорганизмдермен ластану көзі.
Теріні консервілеу тәсілдері.Ақаулықтары.
Жүн микрофлорасы.
Тері-былғары шикізаты- адам, жануарлар ауруларының көзі.
|
14
|
Қи микробиологиясы
Қи сақтаудың әдістері.Қидағы микробтар санын соның ішінде инфекциялық аурулар қоздырғыштарының санын кеміту жолдары. Қиды биотермиялық залалсыздандыру.
|
15
|
Тамақ өнімдерін бактериологиялық талдау әдістері(ет, сүт,
балық, су, ауа, топырақ-МЕСТ). Шолу дәрісі.
|
3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР
Рет
№
|
Тақырыбы
|
1
|
Санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдердің негізгі қасиеттері
|
2
|
Зооантопоноздар қоздырғыштары
|
3
|
Тамақ өнімдерінің ақаулықтарын тудыратын қоздырғыштардың қасиеттерін қарастыру
|
4
|
Тағамдық токсикоздар мен токсикоинфекция қоздырғыштарының қасиеттерін қарастыру
|
5
|
Еттің балғындығын анықтау. Етті бактериологиялық зерттеу.
|
6
|
Шұжық өнімдерін микробиологиялық зерттеу
|
7
|
Ет консервілерін микробиологиялық зерттеу
|
8
|
Аралық бақылау
|
9
|
Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерін микробиологиялық зерттеу
|
10
|
Сүтті микробиологиялық зерттеу
|
11
|
Сүт өнімдерін микробиологиялық зерттеу
|
12
|
Балық және балық өнімдерін микробиологиялық зерттеу
|
13
|
Өндірісте қолданылатын құрал-жабдықтарды, ыдыстарды және жұмысшылардың қолын санитарлы-микробиологиялық бақылау
|
14
|
Дезинфекцияның сапасын бақылау
|
15
|
Қорытынды бақылау
|
1 –сабақ
Тақырыбы: Санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдердің
негізгі қасиеттері
Мақсаты: санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдердің (ішек таяқшасы, гемолитикалық стрептококк, алтын түсті стафилококк) культуралдық-биохимиялық қасиеттерін қарастыру. ІТТБ ажырату әдістерін меңгеру.
Құралдар мен жабдықтар: микроскоптар, иммерсиялық май, бактериологиялық ілмек, заттық шыны, спиртовкалар, сірінке, сорғыш қағаз, шыныға арналған карандаш, бояу ерітінділері. ЕПА, ЕПС, Эндо, Гисса қоректік орталарында санитарлық-көрсеткіш микробтардың өсуі.
Қарастырылатын сұрақтар:
Санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдер. Оларға қойылатын талаптар.
Санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдердің культуралдық-биохимиялық қасиеттері (ішек таяқшасы, гемолитикалық стрептококк).
3. ІТТБ және ИМАЦ ажырату
4. ЖМС, коли-титрді, коли-индексті анықтау
5. Судың, топырақтың және ауаның санитарлық-бактериологиялық бағалау әдістері.
6. 1мл судағы,1г топырақтағы,1 м³ ауадағы микробтардын қалыпты саны. Судың, топырақтың коли-индексі, коли-титрі. 1 м³ ауадағы гемолитикалық стрептококкалар саны.
Сабақтың мазмұны: кезекші тағайындау, теориялық материалды пысыктау, тақырыптын негізгі сұрақтарын және сыртқы орта объектілерін (су,ауа,топырақ) санитарлық-бактериологиялық бағалау әдістері бойынша студенттермен әңгімелесу.
Студенттер өздік жұмыстарын атқарады және хаттама толтырады. Жағынды дайындап, оны Грам әдісімен бояп, микроскоппен қарап, сүретін салады.
Студенттердің өзіндік жұмысы, орындау жолы.
1.Санитарлық-көрсеткіш микробтардың культуралдық-биохимиялық қасиеттерін қарастыру.
2. Колониядан жағынды дайындау, Грам әдісімен бояу, микроскоппен қарау, сүретін салу.
2 –сабақ
Тақырыбы: Зооантопоноздар қоздырғыштары
Мақсаты: зооантропонозды ауруларының кейбір қоздырғыштардың морфологиясымен, культуралдық және биохимиялық қасиеттерімен танысу.
Құралдар мен жабдықтар: сібір жарасы, шошқа тілмесі, листериоз, бруцеллез және туберкулез қоздырғыштарының вакциналық штаммдарының дайын жағыңдысы, кестелер, микроскоптар, иммерсиялық май, қоздырғыштардын таза өсіндісі.
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Зооантропоноз аурулардың қоздырғыш түрлерінің аттары.
2.Кандай аурулар зооантропонозды ауру деп аталынады?
3.Зооантропоноздар қоздырғыштарының (сібір жарасы, шошқа тілмесі, листериоз, бруцеллез және туберкулез қоздырғыштарының) морфологиялық және культуралдық қасиеттері.
4.Зооантропонозды аурулардың қысқаша сипаттамасы, бактериологиялық диагностикасының негізі.
Сабақтың мазмұны: Түгелдеу және сабақты ұйымдастыру, студенттердің білімін тексеру (тест және аузша сұрау),оқытушының түсіндіруі, студенттердің өзіндік жұмысы, қорытынды.
Студенттердің өзіндік жұмысы:
1-тапсырма. Зооантропонозды аурулардың қоздырғыштарының морфологиясын қарастыру. Әрбір студент 5 жағынды алып , оны микроскоппен қарап, сүретін салады.
2-тапсырма.. Зооантропонозды аурулардың қоздырғыштарының культуралдық қасиеттерін қарастыру. Оқытушымен бірге студенттер сұйық және тығыз қоректі ортада микроорганизмдердің өсуін қарастырады.
3-тапсырма. Зооантропонозды аурулардың қоздырғыштарының морфологиялық, культуралдық және биохимиялық қасиеттерін кестеге салады.
Қоздырғыштарының атауы
|
Морфологиялық қасиеттері
|
Культуралдық қасиеттері
|
Биохимиялық қасиеттері
|
1.Bac.anthracis
|
|
|
|
2.Erysipelothrix rhusiopathiae
|
|
|
|
3.Listeria monocytogenes
|
|
|
|
4.Leptospira
|
|
|
|
5.Francisella tularensis
|
|
|
|
6.Brucella
|
|
|
|
7.Mycobacterium tuberculosis
|
|
|
|
8.Yersinia pestis
|
|
|
|
9.Aphtae epizooticae
|
|
|
|
10.Ornitosis, psittacosis
|
|
|
|
11.Pseudomonas mallei
|
|
|
|
12.Rhabdoviridae
|
|
|
|
Оқытушы тапсырмалардың орындалу жолдарын қадағалайды. Сабақтың қорытындысың шығарады. Тақырып бойынша студенттердің білімі тестпен және аузша бағаланады.
3 –сабақ
Тақырыбы: Тамақ өнімдерінің ақаулықтарын тудыратын қоздырғыштардың қасиеттерін қарастыру
Мақсаты: тамақ өнімдерінің ақаулықтарын тудыратын қоздырғыштардың морфологиясымен, культуралдық және биохимиялық қасиеттерімен танысу.
Құралдар мен жабдықтар: желатинде, сүтте, ЕПС,ЕПА өсірілген тамақ өнімдерінің ақаулықтарын тудыратын қоздырғыштардың өсінділері, микроскоптар, заттық шыны, бактериологиялық ілмек , Грам әдісімен бояуға арналған бояулар жиынтығы, иммерсиялық май, спиртовкалар.
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Ақаулықтарды тудыратын аэробты спора түзетін бактериялардың (Bac.mycoides, Bac. subtilis, Bac.sereus, Bac.megatherium, Bac.mesentericus)морфологиялық және культуралдық қасиеттері.
2.Ақаулықтарды тудыратын аэробты спора түзбейтін бактериялардың (Pseudomonas fluorescens, Ps. aeruginosa - синегнойная-көк ірің таяқшасы, Serracia marcescens – чудесная-ғажап таяқша) морфологиялық және культуралдық қасиеттері.
3.Ақаулық тудыратын анаэробты спора түзетін бактериялардың (Cl.sporogenes, Cl.putrificum), факультативно-анаэробты спорасыз бактериялардың (Proteus, Escherichia), микроскопты саңырауқұлақтардың, дрожжылардың, актиномицеттердің морфологиялық және культуралдық қасиеттері.
4.Энтерококктардың, майқышқылы және сіркеқышқылы бактериялардың қаңдай түрлері тамақ өніміне ақаулық тудырады.
Сабақтың мазмұны: : Түгелдеу және сабақты ұйымдастыру, студенттердің білімін тексеру (тест және аузша сұрау),оқытушының түсіндіруі, студенттердің өзіндік жұмысы, қорытынды.
Студенттердің өзіндік жұмысы:
1-тапсырма: Тамақ өнімдерінің ақаулықтарын тудыратын қоздырғыштардың морфологиялық қасиеттерін қарастыру.Өсінділерден жағынды дайындап, Грам әдісімен бояу, сүретін салу.
2-тапсырма:Тығыз және сүйық қоректі орталарда өсірілген тамақ өнімінің ақаулықтарын тудыратын қоздырғыштардың культуралды қасиеттерін қарастыру.
3-тапсырма:Тамақ өнімдерінің ақаулықтарын тудыратын қоздырғыштардың морфологиялық және культуралдық қасиеттерін келесі кестеге толтыру.
Қоздырғыштардың атауы
|
Морфологиялық қасиеттері
|
Культуралдық қасиеттері
|
Bac.mycoides ....
|
|
|
Bac.megatherium
|
|
|
Bac. mycoides
|
|
|
Bac. mesentericus
|
|
|
Bac. cereus
|
|
|
Pseudomonas Ps. fluorescens
|
|
|
Ps. aeruginosa
|
|
|
Serrata marcescens
|
|
|
Clostridium sporogenes
|
|
|
Clostridium putrificum
|
|
|
Proteus
|
|
|
Escherichia
|
|
|
Str.liquefaciens-Mammacoccus
|
|
|
Str. faecalis
|
|
|
Str. faecium
|
|
|
Str. durans
|
|
|
Str. bovis
|
|
|
Оқытушы осы тапсырмалардың орындалуын қадағалайды. Сабақтың
қорытындысын шығарады. Осы тақырып бойынша студенттердің білімін аузша және тестілеу арқылы бағалайды.
4-сабақ
Тақырыбы: Тағамдық токсикоздар мен токсикоинфекция қоздырғыштарының қасиеттерін қарастыру
Мақсаты: Энтеротоксигенді стафилококктардың, стрептококктардың, ботулизм қоздырғыштарының, токсикоинфекция қоздырғыштарының морфологиясы, культуралды және биохимиялық қасиеттерімен танысу. (сальмонеллалар, ІТТБ, Proteus, Cl. perfringens, Bac. Sereus бактериялары)
Құралдар мен жабдықтар: 1.Стафилококктар мен стрептококкалардың ЕПА,ЕПС, ЕПЖ өсінділері; Грам әдісімен боялған Cl. botulinum жағындылары (көрсету); сальмонелла өсіндісі, ІТТБ, Bacillus sereus, Рroteus –тер. ЕПА,ЕПС; дифференциалды – диагностикалық Эндо ортасындағы сальмонелла мен эшерихия өсінділері; Гисса ортасындағы сальмонелла мен эшерихия өсінділері
2. Микроскоптар, заттық шыны, Грам әдісімен бояуға арналған реактивтер мен бояулар, бактериологиялық ілмектер, стерильді физиологиялық ертінді, пастерлік пипеткалар.
3.Сальмонеллездің поливалентті және монорецепторлы агглютинирлеуші қан сарысулары.( S. Enteritidis –рецептор 9);S. cholerae suis (рец.7); S. Typhimurium- (рец.4).
Cl.perfringens –ті көрсету.
Кесте: Ішек таяқшалары мен сальмонеллалардың биохимиялық және антигендік құрамы; E. coli, Cl. botulinum, стафилококк, стрептококк, Bac.sereus морфологиясы.
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Стафилококктардың, стрептококктардың, Cl. botulinum, Cl. perfringens, сальмонеллалардың морфологиялық және культуралдық қасиеттері қандай?
2. ІТТБ, ТИМАЦ, оксидаздық тестер бойынша ажыратудың ерекшіліктері?
3. Токсигенді стафилококктарды сапрофиттерден қалай ажыратады?
Сабақтың мазмұны: Түгелдеу және сабақты ұйымдастыру, студенттердің білімін тексеру (тест және аузша сұрау),оқытушының түсіндіруі, студенттердің өзіндік жұмысы, қорытынды.
Студенттердің өзіндік жұмысы:
1- тапсырма. Стафилокок, стрептококк культурасынан жағынды дайындау, Грам әдісімен бояу, микроскоптау, сүретін салу.
2-тапсырма. Токсигенді стафилококктардың және стрептококктардың культуралдық қасиетін қарастыру (ЕПС,ЕПА, ЕПҚА өсуі) Нәтижесін дәптерге жазу.
3- тапсырма. Сальмонелла және эшерихия культураларынан дайын жағындыларды Грам әдісімен бояу, микроскоптау және сүретін салу.
4-тапсырма. Сальмонелла, ішек таяқшасы, протейлердің культуралдық (ЕПС,ЕПА) және ферментативтік (Гисса ортасы) қасиеттерін қарастыру. Нәтіжесін дәптерге жазу.
5-тапсырма. Сальмонеллаларды идентификациялау үшін заттық шыныда агглютинация реакциясын қою.
Орындалған тапсырмалардың нәтижелерін студенттер кестеге енгізеді (кесте формасы - Лабораторный практикум по микробиологии пищевых продуктов животного происхождения, Нецепляев С.В. 168 б. берілген).
Оқытушы тапсырманың орындау жолын қадағалайды. Сабақтың қорытындысын шығарады. Студенттердің білімі тестпен және ауызша бағаланады. Тестер келтірілген.
5-сабақ
Тақырыбы: Еттің балғындығын анықтау.
Етті бактериологиялық зерттеу.
Мақсаты: етті микроскопиялық және бактериологиялық зерттеу әдісімен танысу
Құралдар мен жабдықтар: еттің үлгілері, стерилизатор, тампондар, 1,5 мл пипеткалар, ступкалар, пестиктар, спирт-эфир, Эндо, Плоскирев ортасы, пробиркадағы қиғаш ЕПА, Петри табақшасындағы ЕПА, Китт-Тароцци ортасы, Кесслер ортасы, заттық шыны, 9 мл физиологиялық ертіндісі құйылған пробиркалар, таразы, бояулар, иммерсиялық май, микроскоптар, термостаттар.
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Еттің бактериологиялық зерттеуің қандай жағдайда өткізеді?
2.Етті бактериологиялық зерттегенде қандай көрсеткіштерді аңықтайды?
3.Микроскопия әдісімен еттің балғындығын анықтау.
Сабақтың мазмұны: Түгелдеу және сабақты ұйымдастыру, студенттердің білімін тексеру (тест және аузша сұрау),оқытушының түсіндіруі, студенттердің өзіндік жұмысы, қорытынды.
Студенттердің өзіндік жұмысы :
Тапсырма: еттің балғындығын микроскопия әдісімен анықтау:бұл үшін 2 жағынды дайындау керек. Біреуін –беткі қабатынан, екіншісін – терең қабатынан. Оны Грам әдісімен бояп, 25 көру аймағын микроскоптап - кокктар, таяқшалар, дрожжылар санын есептеп, одан арифметикалық орта санын анықтап ол арқылы еттің балғындығы туралы қорытынды жасау.
Егер еттің терең қабатынан дайындалған жағындыда микробтар жоқ болса, онда ол балғын (жас) ет деп саналады:; егер микробтар саны 10-нан 30-ға дейін болса – ет күмәнді; ал, 30-дан жоғары болса, онда – бұзылған етдеп тұжырымдайды.
6-сабақ
Тақырыбы: Шұжық өнімдерін микробиологиялық зерттеу
Мақсаты: : шұжықтын микроскопиялық және бактериологиялық талдаумен танысу
Құралдар мен жабдықтар: шұжықтың үлгілері, стерилизатор, тампондар, 1,5 мл пипеткалар, ступкалар, пестиктар, спирт-эфир, Эндо, Плоскирев ортасы, пробиркадағы қиғаш ЕПА, Петри табақшасындағы ЕПА, Китт-Тароцци ортасы, Кесслер ортасы, заттық шыны, 9 мл физиологиялық ертіндісі құйылған пробиркалар, таразы, бояулар, иммерсиялық май, микроскоптар, термостаттар.
Қарастырылатын сұрақтар:
Шұжықтын сынамасын алу әдістемесі.
ІТТБ, сальмонелла, протей, стафилококктар, клостридий табу үшін шұжықты зерттеу әдісі
Шикі қақталған шұжықтарды бағалау үшін қандай микробиологиялық көрсеткіштер саналады?
Сабақтың мазмұны: Түгелдеу және сабақты ұйымдастыру, студенттердің білімін тексеру (тест және аузша сұрау),оқытушының түсіндіруі, студенттердің өзіндік жұмысы, қорытынды.
Студенттердің өзіндік жұмысы:
Тапсырма. Шұжықтын ЖМС анықтау. Ол үшін 1 мл-да 0,1;0,01; 0,001 г өнім бар сұйылтуын дайындау. Петри табақшасындағы ЕПА-ға әрбір сұйылтудан себінді жасау. Себілген ортаны термостатқа орналастыру.Келесі сабақта агарда өскен колонияның санын сұйылтылту дәрежесіне көбейтіп микробтардың жалпы санын анықтайды.
Тапсырма нәтижесінің бағалауын келесі сабақта өткізеді.
7-сабақ
Тақырыбы: консервілерді микробиологиялық зерттеу
Мақсаты: Консервілерді стерилизациялау алдында және одан кейін микробиологиялық зерттеу әдісімен танысу
Құралдар мен жабдықтар: ет, сүт, өсімдік консервілерінің үлгісі,спирт, тескіш, мақта тампоны, стерильді шыны түтіктер, пинцеттер, ЕПС, Китт-Тароцци ортасы.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Консервінің сынамасын алу.
2. Консервілерді стерилизациялау алдында бактериологиялық зерттеу.
3. Консервілерді стерилизациядан кейін бактериологиялық зерттеу әдісі мен мақсаты
4. Ет, сүт, өсімдік консервілерінің зақымдану жолдары мен көздері.
Сабақтың мазмұны: Түгелдеу және сабақты ұйымдастыру, студенттердің білімін тексеру (тест және аузша сұрау),оқытушының түсіндіруі, студенттердің өзіндік жұмысы, қорытынды.
Студенттердің өзіндік жұмысы:
1. Мезофильді анаэробты табу үшін Китт-Тароцци ортасына 0,5 г өнімді себу.
2. Өнімнің 1:10,нан 1: 10000 деін сұйылтуын дайындау және оларды ЖМС анықтау үшін ЕПА -ға себу. Өскен колониянын саны сұйылтуына көбейту.
3. Консервілердің ботулизм қоздырғышы барын анықтау. Ол үшін 4 флаконға Китт-Тароцци ортасына себу жасау. Бірінші флаконды 30 минут 80ºС жылыту, екінші флаконды жылтпай, сол күйінде қалдыру, үшінші флаконды 60ºС 15 минут жылыту, төртінші флаконды жылтпай, сол күйінде қалдыру. Бірінші мен екінші флаконды 37ºС термостатқа орналастыру. Үшінші мен төртінші флаконды 30 ºС 10 тәулікке кою. Зерттеген нәтіжені дәптерге енгізу.
Оқытушы тапсырманың орындалу жолын қадағалайды. Сабақтың қорытындысың өткізеді.
8-сабақ
Тақырыбы: Аралық бақылау.Коллоквиум
Бірінші коллоквиумның сұрақтары:
1.Қандай микроорганизмдерді санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдер деп атайды?
2.Санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдердің (ІТТБ, гемолитикалық стрептококк) сипаттамасы – морфологиялық, культуралдық, биохимиялық қасиеттері
3.Санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдерге қойылатын талаптар
4.ЖМС, коли-титр, коли-индекс дегеніміз не?
5. Зооантропоноз аурулардың қоздырғыш түрлерінің аттары.
6.Кандай аурулар зооантропонозды ауру деп аталынады?
7.Зооантропоноздар қоздырғыштарының (сібір жарасы, шошқа тілмесі, листериоз, бруцеллез және туберкулез қоздырғыштарының) морфологиялық және культуралдық қасиеттері.
8.Зооантропонозды аурулардың қысқаша сипаттамасы, бактериологиялық диагностикасының негізі.
9Ақаулықтарды тудыратын аэробты спора түзетін бактериялардың (Bac.mycoides, Bac. subtilis, Bac.sereus, Bac.megatherium, Bac.mesentericus)морфологиялық және культуралдық қасиеттері.
10.Ақаулықтарды тудыратын аэробты спора түзбейтін бактериялардың (Pseudomonas fluorescens, Ps. aeruginosa - синегнойная-көк ірің таяқшасы, Serracia marcescens – чудесная-ғажап таяқша) морфологиялық және культуралдық қасиеттері.
11.Ақаулық тудыратын анаэробты спора түзетін бактериялардың (Cl.sporogenes, Cl.putrificum), факультативно-анаэробты спорасыз бактериялардың (Proteus, Escherichia), микроскопты саңырауқұлақтардың, дрожжылардың, актиномицеттердің морфологиялық және культуралдық қасиеттері.
12.Энтерококктардың, майқышқылы және сіркеқышқылы бактериялардың қаңдай түрлері тамақ өніміне ақаулық тудырады.
13.Токсикоз деген не?
14.Токсикоинфекция деген не?
15.Стафилококктардың, стрептококктардың, Cl. botulinum, Cl. perfringens, сальмонеллалардың морфологиялық және культуралдық қасиеттері қандай?
16.ІТТБ, ТИМАЦ, оксидаздық тестер бойынша ажыратудың ерекшіліктері?
17.Токсигенді стафилококктарды сапрофиттерден қалай ажыратады?
18.Ет сынамасың алу әдісі.
19.Еттің бактериологиялық зерттеуің қандай жағдайда өткізеді?
20.Еттің бактериологиялық зерттеу кезінде қандай көрсеткіштерді анықтайды?
21.Микроскопия әдісімен еттің балғындығын анықтау.
22.Еттің ақаулықтары.
23.Шұжықтың сынамасын алу әдістемесі.
24.ІТТБ, сальмонелла, протей, стафилококктар, клостридий табу үшін шұжықты зерттеу әдісі
25.Шикі қақталған шұжықтарды бағалау үшін қандай микробиологиялық көрсеткіштер алынады?
26. Дұрыс сақталмаған шұжықтың ақаулықтарының түрлері
27 Консервінің сынамасын алу.
28.Консервілерді стерилизациялау алдында бактериологиялық зерттеу.
29. Консервілерді стерилизациядан кейін бактериологиялық зерттеу әдісі мен мақсаты
30.Ет, сүт, өсімдік консервілерінің зақымдану жолдары мен көздері. 31.Консервілердің ақаулықтарының түрлері
Оқытушы коллоквиум қорытындысын өткізгенде ауызша және тест бойынша тапсырылған нәтіжені есепке алады.
9 –сабақ
Тақырыбы: Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерін микробиологиялық зерттеу
Мақсаты: жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерін сынамасың алу ережесімен және микробиологиялық қадағалау әдістерімен танысу.
Құралдар мен жабдықтар: жұмыртқа, жұмыртқаның ұнтағы және меланж сынамасы, стерилді заттар (қайшы, пинцеттер, скальпельдер), спирттелген мақта тампоны, заттық шыны, Грам әдісімен бояйтын бояулардың ерітіндісі, ЕПА, Эндо ортасы, 9 мл-ден стерилді физиологиялық ертіндісі құйылған пробиркалар, 1-2 мл-лік пипеткалар.
1.Қарастырылатын сұрақтар:
1.Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерінің зақымдану жолдары мен көздері .
2.Микробиологиялық зерттеу үшін жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерінің сынамасын алу ережесі.
3.Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерін микробиологиялық зерттеу әдістері. Коли-титр, сальмонелла, протей, микроскопиялық санырауқұлақтарды анықтау.
4.Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерінің ақаулықтары.
Сабақтың мазмұны: Түгелдеу және сабақты ұйымдастыру, студенттердің білімін тексеру (тест және аузша сұрау),оқытушының түсіндіруі, студенттердің өзіндік жұмысы, қорытынды.
Студенттердің өзіндік жұмысы:
1-тапсырма. Жұмыртқа өнімдерінің коли-титрін анықтау. Ол үшін 10еселі сұйылту дайындау және әр сұйылтудан жұмыртқа өнімін (1мл; 0,1; 0,01; 0,001мл) Кесслер ортасына егу,43-44ºС, 24-48 сағатта өсіру. Газ пайда болса, Эндо ортасына қайталап егу. Шие- қызыл түсті колония пайда болса және микроскопияда грам-теріс бактериялар көрінсе, ол ішек таяқшасының бар екенін дәлелдейді. Коли-титр 0,1 мл төмен болмау керек.
2-тапсырма. Жұмыртқа сынамасында сальмонеллардың барын анықтау. Дригальский әдісімен Эндо ортасының бетіне 0,1 мл өнімді егу.Т 37ºС-да өсіру. Жұмыртқаның ұңтағында сальмонелла болмау керек. Меланжда 50г егуінде сальмонелла болмау керек.
3-тапсырма. Протей барын анықтау. Шукевич әдісімен қиғаш ЕПА конденсатына бактериологиялық ілгішпен егу.Протейлер болмау керек. Протей бары анықталса жұмыртқа өнімдері өндірістік өндеуғе жіберіледі.
4 -тапсырма. Микроскопиялық санырауқұлақтардын санын анықтау. Ол үшін Сабуро ортасы немесе жылы ерітілген сусло агар құйылған Петри табақшасына 1 мл егеді., 25ºС 4 тәулік бойы өсіреді.Егер саңырауқұлақтарға тән колониялар болса онда «басылған тамшы» әдісімен препарат дайындап және оны 40х объективпен қарауға болады. Микроскопиялық санырауқұлақтар болмау керек.
Жұмыс нәтижесін келесі сабақта қарайды.
10-сабақ
Тақырыбы: Сүтті микробиологиялық зерттеу
Мақсаты: сүтті микробиологиялық зерттеу әдісімен танысу.
Құралдар мен жабдықтар : сүттің сынамасы (шикі және пастерленген), 9 мл стерилді физиологиялық ертіндісі бар 8 пробирка, Петри табақшасы, ЕПА , Кесслер ортасы, 1,10 мл-лік пипеткалар, 1:40 метилен көктің ерітіндісі, резазурин ерітіндісі, су моншасы, сүт және сусло агары, ЕПС глюкозамен, термостат, бактериологиялық ілгіш, бояу ерітіндісі, заттық шыны, микроскоптар.
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Сүт микрофлорасының көздері.
2.Сақтау мерзімінде сүт микрофлорасының өзгерістері.
3.Сүттің ақаулықтары.
4.Сүттін сапасын анықтаудың тура әдістері.
5.Сүттің бактериалды ластануын анықтаудың жанама әдістері.
Сабақтың мазмұны: Түгелдеу және сабақты ұйымдастыру, студенттердің білімін тексеру (тест және аузша сұрау),оқытушының түсіндіруі, студенттердің өзіндік жұмысы, қорытынды.
Студенттердің өзіндік жұмысы :
1- тапсырма. Петри табақшасында ЕПА 3-4-5 сұйылтуларынан егу жолымен сүтте ЖМС анықтау. Алдын ала сүттің 10 еселік сұйылтуы жасалынады.
2- тапсырма. Резазуринмен немесе редуктазамен метилен көк сынамасымен сүттің балғындығын анықтау. Ол үшін 20 мл сүтті 1 мл метилен көгімен немесе 10 мл сүтті 1 мл резазуринмен араластыру керек, сонан кейін 38 ºС 20 минут су моншасына қойып кою керек. Сүттің түссіздену уақытын қадағалап туру керек. 131 б. (Нецепляев С.В.) кесте арқылы сараптау өткізу.
3- тапсырма. Гидролизденген сүт және борлы агарға егу арқылы сүтте сүт-қышқылы бактерияларынң барын анықтау.
4- тапсырма. Газ пайда болған пробиркалардан Эндо ортасына, Кесслер орталарына егу арқылы сүттің коли-титрін анықтау.
Келесі сабақта бірінші, үшінші және төртінші тапсырманың нәтіжесін есепке алу.
Оқытушы тапсырма орындалу жолдарын қадағалайды. Сабақтың қорытындысын өткізеді.
11-сабақ
Тақырыбы: Сүт өнімдерін микробиологиялық зерттеу
Мақсаты: сүтқышқылды тағамдарды, сүт ашытқыларын зертеу әдісімен танысу.
Құралдар мен жабдықтар сүттің сынамасы (шикі және пастерленген), 9 мл стерильды физиологиялық ертіндісі бар 8 пробирка, Петри табақшасы, ЕПА пробиркада, Кесслер ортасы, 1,10 мл пипеткалар, 1:40 метилен көгінің ерітіндісі, резазурин ерітіндісі, су моншасы, сүт және сусло агары, ЕПС глюкозамен, термостат, қышқылдар, сүт қышқылды тағамдар (айран, қаймақ, айрандық санырауқұлақтар), бактериологиялық ілгіштер, бояу ертіндісі, заттық шыны, микроскоптар.
Қарастырылатын сұрақтар:
Өнімдерді бағалаудың микробиологиялық әдістері
Сүтқышқылды өнімдердің микрофлоралар көзі.Сақталған сүтте микроорганизмдер қалай өзгереді.?
Сүтқышқылды өнімдердің ақаулары.
Сүттің бактериялармен ластануын анықтаудың тура және жанама әдістері.
Сүтқышқылды өнімдердің микрофлоралары.Ашытқының және сүтқышқылы өнімдердің сапасын микроскопиялық әдіспен бағалау.
Сабақтың мазмұны: Түгелдеу және сабақты ұйымдастыру, студенттердің білімін тексеру (тест және аузша сұрау),оқытушының түсіндіруі, студенттердің өзіндік жұмысы, қорытынды.
Студенттердің өзіндік жұмысы :
1тапсырма. Петри табақшасында ЕПА 3-4-5 сұйылтуында егу жолымен сүттің ЖМС анықтау. Алдын ала сүттің 10 еселік сұйылтуы дайындалады.
2 тапсырма. Резазуринмен немесе редуктаза метилен көк сынамасымен сүттің балғындығың анықтау. Ол үшін 20 мл сүтті 1 мл метилен көкпен немесе 10 мл сүтті 1 мл резазуринмен араластыру керек, сонан кейін 38 ºС 20 минут моншаға койып кою керек. Сүттің түссіздену уақытың қадағалап туру керек. 131 б. (Нецепляев С.В.) кесте арқылы сараптау өткізу.
3 тапсырма. Микроскопия әдісімен сүтқышқыл өнімдерінің және қышқылдықтардың сапасын бағалау. Ол үшін жағынды дайындап, Грам әдісімен бояп, микроскоппен қарап, сүретін салу.
1 тапсырма нәтіжесің келесі сабақта есепке алу.
12-сабақ
Тақырыбы: Балық және балық өнімдерін микробиологиялық зерттеу
Мақсаты: балық және балық өнімдерінен сынама алу ережесімен және балықты, балық өнімдерін микробиологиялық қадағалау әдістерімен танысу.
Құралдар мен жабдықтар : балғын және балғын емес балықтың сынамасы, балық консервісі, стерилді заттар (қайшы, пинцеттер, скальпельдер), спирттелген мақта тампоны, заттық шыны, Грам әдісімен бояуға арналған бояулардың ерітіндісі, ЕПА, Эндо ортасы, 9 мл-ден стерилді физиологиялық ертінді құйылған пробиркалар, 1-2 мл-лік пипеткалар.
Қарастырылатын сұрақтар:
Балық және балық өнімдерінің зақымдалу жолдары мен көздері.
Микробиологиялық зерттеу үшін балық сынамасын алу ережесі.
Балық өнімдерін консервілеу және сақтаудың микробиологиялық негізі.
Микроскопия әдістерімен балықтың балғындығын бағалау
Балық және балық өнімдерінің ақаулықтары.
Сабақтың мазмұны: Түгелдеу және сабақты ұйымдастыру, студенттердің білімін тексеру (тест және аузша сұрау),оқытушының түсіндіруі, студенттердің өзіндік жұмысы, қорытынды.
Студенттердің өзіндік жұмысы :
Тапсырма. Микроскопия әдісімен балықтың балғындығын анықтау. Балықтың беткі қабатынан және арқасының бұлшық етінің терең қабатынан жағынды-таңба дайындау. Препараттарды Грам әдісімен бояу. Қарау аймағында (бірнеше аймағында) микробтық клеткаларды санау. Балықтың балғындығын қарау аймағындағы микробтың санымен анықтау.
Зерттеу әдістер
|
Балғын балық
|
Жеуге келетін балық
|
Жеуге келмейтін балық
|
Микроскопия:
-беткі қабатынан
|
Бірлі-жарым микробтар
|
Қарау аймағында микробтар саны-10 нан 30 дейін
|
Қарау аймағында микробтар саны 40- және одан жоғары
|
-арқасының бұлшық етінің терең қабатынан
|
Микробтар жоқ
|
Бірлі-жарым микробтар
|
Қарау аймағында микробтар саны 10 нан 20-ға дейін және жоғары
|
13-сабақ
Тақырыбы: Өндірісте қолданылатын құрал-жабдықтарды, ыдыстарды және жұмысшылардың қолын санитарлы-микробиологиялық бақылау
Мақсаты: : Өндірісте қолданылатын құрал-жабдықтарды, ыдыстарды және жұмысшылардың қолын санитарлы-микробиологиялық бақылау әдістермен танысу.
Құралдар мен жабдықтар: : ЕПА мен Петри табақшасы, пробиркаларға 5мл-ден құйылған Кесслер ортасы, стерилді физиологиялық ертінді, стерилді тампондар, трафареттер, 1-2 мл-лік пипеткалар, спирт, спиртовкалар, заттық шыны, бактериологиялық ілгіштер, микроскоптар, иммерсиялық май, бояулар, 9 мл-ден стерильді су құйылған пробиркалар.
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Санитария мен гигиенаның түсінігі.
2.Өндірісте микробиологиялық бақылау дегенді не деп түсінеміз?
3.Өндірісте микробиологиялық бақылау схемасы.
4.Дайын өнімге бақылауды қалай өткізеді?
5.Дезинфекция сапасын бақылауды қалай өткізеді?
6.Санитариялық-бактериологиялық бақылауың негізінде не жатыр?
7.Өндірісте қолданылатын құрал-жабдықтарды, ыдыстарды және жұмысшылардың қолын бактериологиялық зерттеу үшін қандай әдістер қолданады?
8.Қолдың тазалығын санитарлық-гигиеналық бағалау үшін қандай көрсеткіштер пайдаланады?
Сабақтың мазмұны: Түгелдеу және сабақты ұйымдастыру, студенттердің білімін тексеру (тест және аузша сұрау),оқытушының түсіндіруі, студенттердің өзіндік жұмысы, қорытынды.
Студенттердің өзіндік жұмысы:
1 тапсырма. Қолда, оқу үстелінде ЖМС анықтау. Жуынды жасап, Петри табақшасына ЕПА егу.
2 тапсырма. Қолда, оқу үстелінде ІТТБ барын анықтау. Жуынды жасап, Кесслер сұйық ортасына егу. Газ-көпіршіктерінің пайда болуы объектінің санитарлық жағдайының қанағаттанарлықсыз екенін көрсетеді. Газ пайда болса, Эндо ортасына қайта егу жасайды. Қолдың жуындысында ІТТБ болмау керек. Егудің сараптамасын келесі сабақта өткізеді.
Оқытушы тапсырма орындауы жолын қадағалайды. Сабақтың қорытындысын шығарады.
14-сабақ
Тақырыбы: Дезинфекцияның сапасын бақылау
Сабақтың мақсаты: жүргізілген дезинфекцияның сапасын анықтау тәсілдерін игеру; бактериологиялық талдауға сынама алуды үйрену. Құралдар мен жабдықтар: шыны түтіктер, стерилді су, дезинфекциялық ерітінділер, мақта, Петри табақшасындағы қоректік орталар. Қарастырылатын сұрақтар:
1.Дезинфекция жүргізілгеннен кейін оның сапасын анықтау үшін бактериологиялық бағалауға сынама алу тәртібі.
2.Дезинфекцияның сапасын анықтауға қолданылатын қоректік орталар.
3.Қандай микробтар арқылы дезинфекцияның «қанағаттанарлық» деңгейде жүргізілгенін айта аламыз?
Сабақтың мазмұны: Түгелдеу және сабақты ұйымдастыру, студенттердің білімін тексеру (тест және аузша сұрау),оқытушының түсіндіруі, студенттердің өзіндік жұмысы, қорытынды.
Студенттердің өзіндік жұмысы:
1.Дезинфекцияның сапасын бактериологиялық бақылауға сынама алу
Орындау тәртібі: сынама аларда 10х10 см аймақты белгілеп алып, дезинфектантты нейтральдайтын ерітіндімен алдын-ала мақтаны (тампон) сулап, сығып белгіленген жерді 1-2 минут ысқылап сүртеді. Әрбір тампонды нейтральдаушы ерітіндісі немесе стерильді суы бар (20мл) жеке пробиркаларға салады.
Хлорлы әкті нейтральдау үшін 0,1% натрий тиосульфат ерітіндісін; сілтілі ерітінділерге -0,01% сірке қышқылын; формалинге -1-2% нашатыр (мүсәтір-хлорлы аммоний) спиртінің ерітіндісін қоланады (нейтральдаушы ерітінділердің концентрациясы-қоюлығы, дезинфекцияға қолданылған ерітінділер концентрациясынан 10 есе аз болу керек). Алынған сынамалар 2 сағаттан ұзаққа қалдырмай лабораторияға жеткізілуі керек. Лабораторияда келген күні сынамалардан арнайы орталарға себінді жасайды. Арнайы ортада ішек таяқшасының немесе стафилококтің колонияларының болмауы дезинфекция сапасының «қанағаттанарлық» деңгейде жүргізілгенін көрсетеді.
2.Қоректік орталарға себу: оқытушы суденттердің тапсырманы орындауын бақылайды.
Тақырып бойынша қорытынды жасау, студенттерге тапсырма беру.
15-сабақ
Тақырыбы: Қорытынды бақылау
Екінші бақылаудың сұрақтары
1.Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерінің зақымдану жолдары мен көздері .
2.Микробиологиялық зерттеу үшін жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерінің сынамасын алу ережесі.
3.Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерін микробиологиялық зерттеу әдістері. Коли-титр, сальмонелла, протей, микроскопиялық санырауқұлақтарды анықтау.
4.Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерінің ақаулықтары.
5.Сүт микрофлорасының көздері.
6.Сақтау мерзімінде сүт микрофлорасының өзгерістері.
7.Сүттің ақаулықтары.
8.Сүттін сапасын анықтаудың тура әдістері.
9.Сүттің бактериалды ластануын анықтаудың жанама әдістері.
10.Өнімдерді бағалаудың микробиологиялық әдістері
11.Сүтқышқылды өнімдердің микрофлоралар көзі.Сақталған сүтте микроорганизмдер қалай өзгереді.?
12.Сүтқышқылды өнімдердің ақаулары.
13Сүттің бактериялармен ластануын анықтаудың тура және жанама әдістері.
14Сүтқышқылды өнімдердің микрофлоралары.Ашытқының және сүтқышқылы өнімдердің сапасын микроскопиялық әдіспен бағалау.
15.Балық және балық өнімдерінің зақымдалу жолдары мен көздері.
16.Микробиологиялық зерттеу үшін балық сынамасын алу ережесі.
17.Балық өнімдерін консервілеу және сақтаудың микробиологиялық негізі.
18.Микроскопия әдістерімен балықтың балғындығын бағалау
19.Балық және балық өнімдерінің ақаулықтары.
20.Санитария мен гигиенаның түсінігі.
21.Өндірісте микробиологиялық бақылау дегенді не деп түсінеміз?
22.Өндірісте микробиологиялық бақылау схемасы.
23.Дайын өнімге бақылауды қалай өткізеді?
24.Дезинфекция сапасын бақылауды қалай өткізеді?
25.Санитариялық-бактериологиялық бақылауың негізінде не жатыр?
26.Өндірісте қолданылатын құрал-жабдықтарды, ыдыстарды және жұмысшылардың қолын бактериологиялық зерттеу үшін қандай әдістер қолданады?
27.Қолдың тазалығын санитарлық-гигиеналық бағалау үшін қандай көрсеткіштер пайдаланады?
28.Дезинфекция жүргізілгеннен кейін оның сапасын анықтау үшін бактериологиялық бағалауға сынама алу тәртібі.
29.Дезинфекцияның сапасын анықтауға қолданылатын қоректік орталар.
30.Қандай микробтар арқылы дезинфекцияның «қанағаттанарлық» деңгейде жүргізілгенін айта аламыз?
4. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ
№
|
Тақырыптың аты
|
Тақырыптың мазмұны
|
Ұсынылған әдебиеттер
|
1
|
Тамақ өнімдерінің және мал азықтарының микробиологиясы.
|
1.Қолданылуына байланысты қоректік орталардың жіктелуі.
2.Қоректік орталардың сапасын бақылау әдістері.
3.Лабораторияда қоректік орталарды дайындау. Пайдалануға әзірлеу.
|
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты МЕСТ ИСО 11133-1-2008
|
2
|
Ет.Етті бактериологиялық талдау
|
1.Сынама алу әдістері.
2.Аппараттар, материалдар, реактивтер және қоректік орталар.
3.Зерттеуге дайындау.
4.Зерттеуді жүргізу
4.1 Бактериоскопиялық зерттеу
4.2 Аэробты бактерияларды бөлу (топалаң, тілме, листериоз, пастереллез қоздырғыштары; коккалар тобы, сальмонелла және ішек таяқшасы-эшерихиялар)
4.3 Флуоресценттік реакция көмегімен тілме, листериоз, сальмонеллез қоздырғыштарын жедел табу.
4.4 Анаэроб бактерияларды табу әдісі
|
Мемлекетаралық стандарт. ГОСТ 21237-75.Москва. Стандартинформ,
2005
|
3
|
Ауыз су.Санитарлық-бактериологиялық талдау
|
1.Суды алу, сақтау және тасымалдау әдістері
2. Аппараттар, материалдар, реактивтер және қоректік орталар.
3.Зерттеуге дайындау.
4.Зерттеуді жүргізу
|
Мемлекетаралық стандарт. ГОСТ 18963-73.Москва. Стандартинформ,
2006
|
Әдебиеттер
Негізгі
1Толысбаев Б.Т.,Бияшев Қ.Б., Мықтыбаева Р.Ж...Ветеринариялық санитарлық микробиология Оқулық.-Алматы-2008
2.Костенко Ю.Г.., Нецепляев С.В., Гончарова Л.А.Основы микробиологии, гигиены и санитарии на предприятиях мясной и птицеперерабатывающей промышленности. –М.:-легкая ипищевая промышленность.-1984
3. Нецепляев С.В.,Панкратов А.Я. Лабораторный практикум по микробиологии пищевых продуктов животного происхождения. Москва,1999
4.Любашенко С.Я.Санитарная микробиология.-Москва,1980.
5.Қазақстан Республикасының ветеринариялық заңнамасы.-Астана,2005.
Қосымша
1.Сидоров М.А., Корнелаева Р.П. Микробиология мяса и мясопродуктов. –Москва, 2000.
2.Поляков А.А. Ветеринарная санитария. –М.: Колос, 1979.
Достарыңызбен бөлісу: |