Мазмұны
1
|
Жалпы ережелер
|
4
|
2
|
Пәннің мазмұны мен сабақтардың түрлері бойынша сағаттарды үлестіру
|
5
|
3
|
Пәнді меңгеруге арналған әдістемелік ұсыныстар
|
7
|
4
|
Курстың форматы
|
8
|
5
|
Курстың саясаты
|
8
|
6
|
Бағаларды қою саясаты
|
8
|
7
|
Әдебиеттер
|
10
|
1 Жалпы ережелер
1.1 Оқытушылар мен пән туралы жалпы мәліметтер
Төлеубекова Сандуғаш Сайлауқызы, т.ғ.к., аға оқытушы
«Стандарттау және биотехнология» кафедрасы
Қатынасу ақпараты тел.35-46-02, оқу ғимараты № 9, № 304 кабинеті
Сабақ өткізілетін орындары - № 318 аудитория
Пән бойынша кредитердің саны 3
1.2 Пәннің қысқаша мазмұны
«Гигиеналық негіздер және тағам өнімдерінің қауіпсіздігі» пәнінде азық-түлік және тағам өнімдерінің сапасын мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері, тағамның ретке келтірілген рационын ұйымдастыру, емдік-сауықтандырғыш тағамдар, ақуыздардың, микронутриенттердің және басқа алмастырылмайтын тағам факторларынан туындайтын алиментарлы аурулар үшін тағамдар қарастырылады.
1.3 Осы курстың мақсаты: білім алушыларға тамақтану туралы ғылым аймағында білім кешенін, білгірлік пен машықтарды беру болып саналады.
1.4 Пәнді оқытудағы басты міндеттер: мамандығы бойынша оқыған пәнді тәжірибеде пайдалана білу.
1.5 Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы келесілерді:
Білуі керек:
- тағам туралы ғылымның негізгі теорияларын;
- тағам теориясының түрлі бағыттарындағы сипаттамаларды;
- азық-түлік және тағам өнімдерінің ластану мәселелерін.
Игеруі керек:
- азық-түлік және тағам өнімдерін әр түрлі сапалық көрсеткіштері бойынша зерттеу машықтарын.
Меңгеру керек:
- тағамның гигиеналық негіздерін;
- тағам рационының адам ағзасына әсерін.
Істеуі керек:
- азық-түлік және тағам өнімдерінің әр түрлі сапалық көрсеткіштерін анықтауды;
- нормативтік құжаттармен жұмыс істеуді.
Ойлау керек:
- тағам жөніндегі ғылымның қазіргі замандағы жағдайы жөнінде;
- тағам компоненттерінің гигиеналық сипаттамалары туралы.
Болу керек:
- азық-түлік және тағам өнімдері бойынша нормативтік құжаттар.
Алу керек:
- азық-түлік өнімдерінің сапасы және оларды бақылауды қамтамасыз ету жөнінде ақпарат;
- азық-түлік және тағам өнімдерінің әртүрлі заттармен ластану арқылы туындайтын аурулардың түрлері жайында мәліметтер.
1.6 «Гигиеналық негіздер және тағам өнімдерінің қауіпсіздігі» курсының пререквизиттері:
1.6.1 Химия.
1.7 «Гигиеналық негіздер және тағам өнімдерінің қауіпсіздігі» курсының постреквизиттері:
1.7.1 Квалиметрия.
Достарыңызбен бөлісу: |