Пәннің оқу-әдістемелік кешені 6В07366 (5В073000) -Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын өндіру мамандығының Жұмыс оқу бағдарламасы негізінде дайындалған



бет35/130
Дата12.09.2020
өлшемі0,75 Mb.
#78033
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   130
Байланысты:
умк псм-18-1

Жылжымалы сұйықтық үшін беттік керілу — еркін беттік энергияға тепе-тең шама. Сыртқы әсер болмаған жағдайда сұйықтық беттік керілудің салдарынан шар (бет мейлінше кіші және еркін беттік энергияның мәні барынша аз болатын жағдай) пішіндес болады. Егер фазалардың көлемдері молекулалардың өлшемдерімен салыстырғанда жеткілікті үлкен болса, онда беттік керілу беттің шамасы мен пішініне тәуелді болмайды. Беттік керілу температураның жоғарылауынан, сондай-ақ, беттік белсенді заттардың әсерінен азаяды. Сұйықтық пен газдың (будың) немесе сұйықтық пен сұйықтықтың оңай жылжымалы шекарасындағы беттік керілуді әр түрлі жолмен өлшеуге болады. Молекулалары (атомдары) еркін орын ауыстыра алмайтындықтан қатты дененің беттік керілуін тәжірибе арқылы анықтау қиын. Анизотропия салдарынан кристалдың әр қырындағы беттік керілу әр түрлі болып келеді. Қатты дене үшін беттік керілу және беттік энергия ұғымдарының мәні бірдей емес. Өйткені кристалдық тор ақаулары (дислокация, т.б.) еркін беттік энергияға әсерін тигізеді. Қатты дененің беттік керілуін, әдетте, молекулааралық және атомаралық өзара әсерлерді негізге ала отырып, жанама жолмен есептейді. Беттік керілудің шамасы мен өзгерісіне көптеген беттік құбылыстар байланысты болып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет