2.Электрохимиялық әдістер зерттелетін жүйенің электрохимиялық қасиетін өлшейді (кернеу, кедергі, тоқ өткізгіштік және т.с.с)., дәлірек айтқанда, электродтарда немесе электродтар арасындағы кеңістікте өтетін процестерді анықтайды. Әдістердің бұл тобына электрогравиметрия және электро-титриметриялық талдау әдістері (потенциометрия, кондуктометрия, поляро-графия, амперметрлік, кулонометриялық титрлеу) жатады.
Электрохимия – химиялық энергияның электр энергиясына және олардың керісінше айналуын қарастырады. Мұнда иондық жүйелердің (электролит ерітінділерінің және бақыламаларының) физикалық-химиялық қасиеттері, зарядталған бөлшектер (иондар мен электрондар) қатысуымен жүретін екі фаза шекарасындағы құбылыстарды зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |