Люминесцентті талдау зерттелетін ортаның сынап кварцты лампаның немесе өзге сәуле көздерінің ультракүлгін, рентген немесе радиоактивті сәулелері әсерінен жарық шығаруына негізделеді. Сәйкесінше фотолюминес-ценция, рентгенлюминесценция, радиолюминесценция деп аталады. Люминес-центтілік барлық заттарға тән емес, дегенмен арнайы реактивтер көмегімен көптеген заттар люминесцентті қасиет көрсете алады. Люминесцентті талдаулар ауылшаруашылығы, биология, медицина саласында, тамақ және фармацевтикалық өнеркәсіптерде кеңінен қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |