Пәннің оқу-әдістемелік кешені 6В07366 (5В073000) -Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын өндіру мамандығының Жұмыс оқу бағдарламасы негізінде дайындалған


Лекция 8. Тақырыбы: Органикалық химия



бет73/130
Дата12.09.2020
өлшемі0,75 Mb.
#78033
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   130
Байланысты:
умк псм-18-1

Лекция 8. Тақырыбы: Органикалық химия
Мақсаты: қаныққан және қанықпаған көмірсутектер химиясы туралы мағұлматтарды игеру.

Терминдер: қаныққан және қанықпаған көмірсутектер

Жоспар:

1.1.Органикалық қосылыстардың негізгі шикізат көздері. Органикалық қосылыстардың классификациясы және құрылысы.

1.2. Органикалық қосылыстарды бөлу, тазарту және идентификациялау әдістері. Органикалық қосылыстарды зерттеудің қазіргі заман физика-химиялық әдістері.

1.3. Қаныққан және қанықпаған көмірсутектер. Құрылысы, номенклатурасы және изомериясы. Құрылыста қолданылуы.

1.4. Алкадиендер, номенклатура, изомериясы. Маңызды алкадиендерді алу. Каучук, резинка өндірісінде қолданылуы. Алкиндер, номенклатура, изомериясы.. Ацетилен және оның гомологтары, химиялық қасиеттері. Құрылыста қолданылуы.

Көмiрсутектер екi элементтен: көмiртегi мен сутегiнен тұратын жай органикалық қосылыстар.

Барлық көмiрсутектер құрамын CnHm формуласымен өрнектейдi. Көмiрсутектердiң бiрнеше топтары бар. Ең алдымен қаныққан көмiрсутектермен танысамыз. Жалпы формуласы CnHm+2 Қаныққан көмiрсутектердi парафиндер немесе алкандар деп атайды.

Алкандардың гомолог қатарының бiрiншi мүшесi болып метан саналады. CH4

Қаныққан көмiрсутектер атауына –ан жұрнағы жалғанады. Кейiнгiлерi этан- С2Н6, пропан –С3Н8, бутан-С4Н10.Бесiншi көмiрсутегiнен атомы бастап аталуы, молекуладағы көмiртегiнiң атом санын көрсететiн санның грекше аталуына –ан жұрнағы жалғауынан түзiледi.

Гомологтар дегенiмiз не?

Құрылыстары мен химиялық қасиеттерi ұқсас,ал молекула құрамдары бiр немесе бiрнеше СН2 атомдар тобы бойынша айырмашылығы бар заттарды гомологтар деп атайды,ондай заттар гомологтық қатар түзедi.СН2 атомдар тобын метилен тобы құрамының гомологтық айырмасы деп атайды.Гомологтық қатарда көмiрсутектiк физикалық қасиеттерiнiң бiрте-бiрте өзгеруi байқалады:қайнау және балқу температурасы жоғарылап,тығыздығы артады.

Қалыпты жағдайда (t=22oC) С1-С4 газдар, СН12-С16Н34-сұйық,ал С17Н36-дан бастап қатты заттар.

Бутаннан бастап алкандардың изомерлерi болады.
Изомерия дегенiмiз не?

Изомерия алкандардың құрылысына, атомдардың орналасу тәртiбiне орай. Ендеше алкандардың құрлысына тоқталайық.

Алдымен өте қарапайым көмiрсутек құрылысын қарастырайық.

Метан-СН4,түссiз және иiссiз,ауадан екi есе дерлiк жеңiл газ. Табиғатта өсiмдiк және жануар организмдерi қалдығының ауасыз жерде ыдырауының нәтижесiнде түзiледi. Сондықтан батпақты суларда көмiр шатқалдарында кездеседi.

Электрондық құрылысы:

Н

. .



Н : С : Н

. .


Н

Структуралық құрылысы:

Н



Н- С – Н



Н

Гибридтену - будандасу деген сөз. Ендеше қозған күйдегi көмiртегi атомының әр түрлi орбиталдары өзара әрекеттесiп, бiр пiшiндес орбитал түзедi.



Гибридтi орбиталь дегенiмiз не? Пiшiндерi әр түрлi, соған сай энергиялары да әр түрлi орбиталдар өзара әрекеттесiп, бiр пiшiндес тең энергиялы түзiлген орбиталды гибридтi орбиталь деп атайды.

3. Алкандардың тармақталмаған көмiртегi тiзбегiнен тұратынын көрсету үшiн,атауына нормаль деген сөздi қосады:

Мысалы: СН3-СН2-СН2-СН3 н-бутан

СН3-СН2-СН3 н-пропан

СН3-СН2-СН2-СН2 –СН3 н-пентан
Алкан молекуласынан бiр сутегi атомы үзiлгенде, бiр валенттi бөлшектер көмiрсутек радикалдары түзiледi. Радикал атаулары, оларға сәйкес көмiрсутек атаулары соңындағы –ан жұрнағын,-ил жұрнағы мен алмастыру арқылы алынады.

СН4 .СН3-метил

С2 Н6 .С2Н5-этил

С3 Н8 .С3Н8-пропил

С4Н9 .С4Н9-бутил

С5Н12 .С5Н11-пентил, амил.

С6Н14 .С6Н13-гексил

С7Н16 .С7Н15-гептил

С8Н18 .С8Н17-октил

С9Н20 .С9Н19-нонил

С10Н22 .С10Н21-децил

Көмiрсутек молекуласынан екi сутегi атомын алғанда екi валенттi радикалдар алынады. - .СН2 - метилен.

Радикалдардың атауы көмiрсутек туындыларының көпшiлiгiнiң номенклатурасында қолданылады.

Мысалы: СН3J – иодты метил

C4H9CL- хлорлы бутил

CH2CL2 -хлорлы метилен

C2H4Br2 -бромды этилен

Алкандар С4Н10 бастап бiрнеше изомерлер түзедi. Изомерлердi атау үшiн негiзiнен екi номенклатура қолданылады.1.Рационалды 2.Систематикалы немесе халықаралық (халықаралық теориялық және қолданбалы химия одағы-ИЮПАК ұсынған).

Рационалды номенклатура бойынша көмiрсутектердi бiр немесе бiрнеше сутегi атомдары радикалдармен алмасқан метанның туындысы деп қарастырылады.

Бiрдей радикалдар формулада бiрнеше рет қайталанса, онда оларды санның грекше атауы арқылы көрсетедi.

Мысалы:

СН3-СН2-СН3 СН3 - СН2 – С - СН2-СН2-СН3

ди метил метан 

(пропан) СН3

метил диэтилпропил метан

Рационалды номенклатура өте күрделi емес қосылыстар үшiн қолданған ыңғайлы.

Ал систематикалы номенклатурада бiр көмiртегi тiзбегi алынады. Мұндай жағдайда көмiртегi атомдарының ең ұзын тiзбегiн таңдап алып, тiзбектегi атомдардың көмiртегi радикалы жақын орналасқан шеттен бастап номерлейдi.

Одан кейiн : 1) радикал байланысқан көмiртегi атомының номерiн (жай радикалдар бойынша)

2)Ұзын тiзбек сәйкес болатын көмiрсутектi атайды. Егер формулада бiрнеше бiрдей радикалдар болса, онда оларды атаудан бұрын олардың санын жазып көрсетедi, ал радикалдар номерiн үтiрмен айырады.

Мысалы: С5Н12 -пентан


1 2 3 4 5

СН3- СН2- СН2- СН2- СН3 Н-пентан


1 2 3 4

СН3- СН - СН2- СН3

СН3 2-метил бутан


СН3

1 2 3



СН3 – С – СН3 2,2 диметил пропан

СН3


4 3 2 1

СН3- СН 2– СН - СН3

СН3 2- метил бутан


СН3

1 2 3


СН3- СН- СН

4 2- метил бутан

СН3



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет