Пәннің оқу-әдістемелік кешені 6В07366 (5В073000) -Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын өндіру мамандығының Жұмыс оқу бағдарламасы негізінде дайындалған


Лекция 10. Тақырыбы: Жоғары молекулалық қосылыстар туралы жалпы ұғымдар



бет81/130
Дата12.09.2020
өлшемі0,75 Mb.
#78033
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   130
Байланысты:
умк псм-18-1

Лекция 10. Тақырыбы: Жоғары молекулалық қосылыстар туралы жалпы ұғымдар.
Мақсаты: жоғары молекулалық қосылыстар туралы жалпы ұғымдар қалыптастыру.

Терминдер: жмқ, полимер,

Жоспар:

1.1.Полимерлердің құрылысы мен классификациясы. Полимерлердің ерекшеліктері. Полимерлерді синтездеу тәсілдері. Тізбекті полимерлеу, оның түрлері; радикалдық, иондық.

1.2.Поликонденсация және оның түрлері. Полимерлердің деформациясы, адгезия, когезиясы. Аморфты полимерлердің термодинамикалық қисығы. Кремний органикалыққосылыстар.

1.3. Полимерлердің физикалық қасиеттері.ЖМҚ ерітінділері.Полимерлердің молекулалық массасын анықтау жолдары. Полимерлердің химиялық айналу жолдары,деструкциясы мен стабилизациясы. Синтетикалық пластмассалар: термопластикалық және термореактивтігі

Полимерлер қазіргі уақытта ғылым мен техникалың, тұрмыс пен медицинаның, құрылыс пен ауылшаруашылығының, өнеркәсіптің, жалпы халық шаруашылығының жан-жақты облыстарында кең қолдану табуда. Жылуға және аязға төзімді, суда еритін және су жұқтырмайтын, тамаша диэлектриктер мен электр тогын өткізгіштер, космосты игеруден бастап, терең скважиналарды бұрғылайтын, электронды есептегіш машиналардың өте кішкентай тетіктері мен бүтіндей каналдарды гидроизоляциялайтын полимер бұйымдарының маңызы өте үлкен.

Қазақстан Республикасында полимер материалдарын өндіруге, өңдеуге және халық шаруашылығында қолдануға көп көңіл бөлінуде.

Полимерлер өндірісі бізде Алматы, Қарағанды, Қостанай, Атырау, Ақтау т.б. қалаларында жедел дамып келеді.

Полимерлердің адамзат өміріндегі аса маңыздылығы, оларға деген үлкен қызығушылықты, бұл қандай заттар, неге олардың ерекше қасиеттері бар, нені зерттейді, бұлар бұрын белгілі болған ба деген заңды сұрақтар туғызады.

Табиғатта кездесетін көптеген заттардың ішінен басқалардан өздерінің ерекше физикалық қасиеттерімен /жұқа қабық, талшық түзгіш т.б./ айрықшаланатын бір топ қосылыстар кездеседі. Бұларға өсімдік пен жануарлар дүниесінде кең тараған және онда организмдердің тіршілігінің нәтижесінде түзілетін целлюлоза, лигнин, крахмал, белоктар мен нуклеин қышқылдары жатады. Бұл заттар барлық тірі материяның - өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің негізін құрайды. Яғни заттың полимерлік күйі материяның өмір сүруінің негізгі формасы деп асырмай-ақ айтуға болады.

Полимерлерді адамзат ерте кезден-ақ пайдаланған. Бұған желім алу, тері илеу, ағаш өңдеу және т.б. мысал бола алады.

Адам өмірімен осындай тығыз байланыстығына, кең тарағанымен оңай алынатындығына қарамай, полимерлердің құрылысы мен құрамы, табиғаты көп уақыт бойы белгіміз болып келді.

Тек ХХ ғ. басында химик, физик, технологтардың зерттеулерінің нәтижесінде бұл заттардың құрылысы мен құрамы, олардың алудың химиялық жолдары белгілі болды. Алғашында мұндай заттарды крахмал, целлюлоза т.б. сияқты табиғи қосылыстардың алмастырушысы ретінде пайдалануға тырысты. Бірақ өнеркәсіптің күрт дамуы кецінгі жылдары тіпті жаңа заттардың-пластмассалар мен талшықтардың, каучуктер мен жұқа қабық түзгіштердің, ион алмастырғыш шайырлар мен лак-бояу, желімдердің жаңа түрлерінің пайда болуына әкелді. Барлық жоғарыда айтылған табиғи қосылыстар мен жаңадан алынған синтетикалық заттар жоғары молекулалық қосылыстар немесе полимер деген атқа ие болды. Химияның олардың құрамы мен құрылысын, алу жолдары мен қасиеттерін, әрі түзілу механизмдерін зерттейтін бөлімі жоғары молекулалық қосылыстарполимерлер – химиясы, ал олардың молекуласы макромолекула деп аталады. Полимерлер химиясының негізгі мазмұны-құрамында химиялық байланыс арқылы қосылған көптеген атомдардан тұратын макромолекуланың барлығынан туатын химияның жалпы заңдылықтарындағы, түсініктері мен әдістеріндегі ерекшеліктерді зерттеу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет