Пәннің оқу-әдістемелік кешені 6В07366 (5В073000) -Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын өндіру мамандығының Жұмыс оқу бағдарламасы негізінде дайындалған


Жоғары молекулалық қосылыстардың техникадағы маңызы



бет83/130
Дата12.09.2020
өлшемі0,75 Mb.
#78033
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   130
Байланысты:
умк псм-18-1

Жоғары молекулалық қосылыстардың техникадағы маңызы. Полимерлердің табиғаттағы кең таралуы, техника мен тұрмыста жан-жақты қолданылуының бір себебі-олардың көптүрлілігі, оңай алынатындығы және физика-химиялық өндірістерге тұрақтылығы болып табылады. Жоғары молеклалық қосылыстар көптеген конструкциялы материалдардың негізін құрайды.

Табиғи полимерлердің техникада қолданылуы бұрыннан белгілі болатын. Мысалы, ағаш өңдеу, тері, жүн, мақта, қағаз т.б. өндірістерін айтуға болады. Синтетикалық полимерлердің пайда болуы пластмасса, талшықтар мен каучуктер, желім, бояу, электроизоляциялық материалдар т.б. өнеркәсібінің тез дамуына ықпал етті.

Қазір көптеген синтетикалық полимерлі материалдар өздерінің қасиеттері жағынан табиғилардан да асып түсіп отыр. Олардың кейбіреуі (политетрафторэтилен) химиялық қасиеттері жағынан алтын мен платинадан, механикалық және ыстыққа шыдамдылығы жағынан (полимидтер) көптеген металдардан асып түседі. Резіңке өнеркәсібі қазір көптеген көрсеткіштері жағынан (газөткізбейтін, бензин мен майға тұрақтылығы, эластикалылығы т.б.) табиғи каучуктерден де артық материалдармен қамтамасыз етілген. Жаңа синтетикалық талшықтар әрі әсем, әрі жылу мен химиялық агенттерге шыдамды материалдар береді.

Жалпы, қазіргі кезде қоданылатын барлық полимер материалдарды төрт типке бөлуге болады:

Пластмассалар. Үзілу беріктігі 50 ден 2000 кг/см3 және үзілу кезіндегі саластырмалы ұзаруы 100% аспайтын, әдетте, қатты заттар.

Эластомерлерге-каучук, резіңке және кейбір оларға туыстас материалдар жатады. Олар 500% ке жететін үлкен қайтымды деформацияға қабілетті, яғни жоғары эластикалық қасиеттермен сипатталады.

Талшықтар мен жіптер. Бұлар талшықтардан жасаған маталар мен тоқылмаған маталар. Олардың беріктігі, иілгіштігі, қаттылығы мен кейде тығыздықтары анизотропты.

Жұқа қабықтар, лактар мен бояулар және т.б. қорғаушы және сәндеуші жабылғылар. Лак – бояу материалдары үшін адгезия деп аталатын жабылатын негізбен полимердің ілінісу беріктігінің ерекше мәні бар. Оларды қорғалатын бетке тегіс жұқа қабат қылып жағу арқылы қолданылады.

Полимер материалдарының осы төрт түрінен басқа бірнеше қосалқылары бар, олар, мысалы, желімдер, газ толтырылған материалдар, сұйық жұмыс ортасы т.б. Бірақ, мұның бәрі, сайып келгенде, жоғарыда келтірілген түрлердің біреуіне жатады.

Өнеркәсіпте алынған алғашқы полимер-фенол-формальдегид шайыры болды. Кейін дүниге көптеген синтетикалық полимерлер келгенімен, фенол-формальдегид шайырлары осы күнге дейін ең көп өндірілетін полимерлердің қатарына кіреді.

Соңғы жылдары эпоксид шайырлары мен қанықпаған полиэфирлер кең қолданыс табуда. Олардан пластмассалар алудың технологиялық бір ерекшелігі – мұнда қысым қолданылмайды.

Акрил полимерлерінің ішіндегі ең атақтысы және кең тарағаны – органикалық шыны деп аталатын – полиметилметакрилат. Өнеркәсіпте бірінші рет 1927 ж. Германияда алынған бұл полимер қазір самолет, автомобиль, поездар мен кемелерді шынылау үшін, әртүрлі оптикалық жүйелерде, медицина жабдықтары мен тұрмыс бұйымдарында т.б. пайдаланылады.

Тамаша материалдар-полиамидтер тарихы-автомобиль мен самолеттер доңғалақтары үшін беріктігі жоғары талшық жасаудан басталып, американ ғалымы Карозерстің найлон-66 полимерін шығаруымен жалғастырылды.

Полиуретандарды синтездеу жұмыстары да жаңа талшықтар алуға бағытталып, нәтижесінде автомобиль, самолеттерде, сонымен қатар киім, аяқ киім, әртүрлі лак, желім, пенопласт ретінде кең қолданылатын иілгіштігі жоғары эластомерлер алынды.

Халық шаруашылығының, ғылым мен техниканың, медицинаның т.б. көптеген салаларында ерекше қасиеттері бар полимерлер кең қолданылады; олар әртүрлі карботізбекті полимерлері, гетеротізбекті полиамидтер мен полимидтер, полиэфирлер мен полимочевиналар, силикон каучуктері мен синтетикалық шайырлар т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет