Пәннің оқу-әдістемелік кешені 6В07366 (5В073000) -Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын өндіру мамандығының Жұмыс оқу бағдарламасы негізінде дайындалған



бет82/130
Дата12.09.2020
өлшемі0,75 Mb.
#78033
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   130
Байланысты:
умк псм-18-1

Полимерлердің табиғаттағы ролі. Жоғары молекулалық қосылыстар барлық тірі табиғаттың негізі. Матаның, кендірдің, ағаштың негізі-целлялоза. Картоп, күріш, бидай, арпа мен тарының негізгі құрамды бөлігі – крахмал болса, жануарлар әлеміндегі қан, шаш, жүн, мүйіз, ми белоктардан тұрады.

Өсімдіктер, жануарлар, сондай-ақ адам тіршілігінде жоғары молекулалық қосылыстар – нуклеин қышқылдарының алатын орны ерекше. Бұл қышқылдар белоктармен бірге тұқым қуалаушылықтың таратушы негізі болып табылады. Тірі тіршілік-жоғары молекулалық қосылыстар – белоктар мен көмірсулардың, нуклеин қышқылдарының түзілу, айналу және ыдырау процесі болып табылады. Бұл полимерлер табиғи каучуктермен бірге жоғары молекулалық органикалық қосылыстарға жатады. Табиғатта бұлармен қатар органикалық емес полимерлердің де алатын орны ерекше. Бұлардың ішінде кең тарағаны кремний ангидриді немесе құм. Жер шары массасының 50% астамы осы заттан тұрады. Полимерлі кремний ангидридінің бір түрі – кварц. Таулы хрусталь мен аметисте таза полимерлік кремний ангидриді болады. Аса бағалы минералдар-рубин мен сапфирдің негізі – полимерлі алюминий тотығы. Табиғатта кездесетін алмаз және графит – көміртек негізді жоғары молекулалық қосылыстар.

Соңғы кезге дейін органикалық емес полимерлерді молекулалық дисперсті күйде алу және олардың молекулалық массасын анықтау мүмкін болмай отыр. Сондықтан олардың химиялық және физикалық қасиеттерінің макормлоекуланың мөлшері мен піщініне, құрылысына байланыстылығы осы уақытқа дейін белгісіз. Бірақ органикалық және органикалық емес жоғары молекулалық қосылыстардың аралығында орын алатын элементорганикалық полимерлерді синтездеу бұл бағытта біраз ілгері басқандық болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет