2. Полипропилен (ПП) – пропиленнің Циглер-Натта катализаторларының қатысуымен полимеризациясы арқылы алынады:
Мұндай ПП құрылысы стереоретті қатты зат. Оның молекулалық массасы 60-200 мыңдай, балқу температурасы 164-1700 С, тығыздығы 0,92 г/см3. Ол әдеттегі температурада ешбір еріткіштерде ерімейді. Қышқылдың, негіздің және майлардың әсеріне, тіпті жоғары температурада да тұрақты.
ПП жоғары физико-механикалық және диэлектриктік көрсеткіштер тән. Ол электроизоляциялық жапқыштар, түтіктер, ыдыс-аяқтар, орағыш материалдар т.б. жасау үшін қолданылады. ПП өте берік синтетикалық талшықтар да жасалынады.
Достарыңызбен бөлісу: |