6. Поливинилацетат (П - ВА) – винилацетатты радикалдық полимеризацияның барлық белгілі әдістерімен полимерлеу арқылы алынады.
n СН2 = СН (- СН2 – СН -) n
ОСОСН3 ОСОСН3
Полимердің молекулалық массасы 35-50 мың аралығында. Тығыздығы 1,19 г/см3. Ол көптеген еріткіштерде (спирттер, күрделі эфирлер, ароматты көмірсутектер т.б.) ериді. П-ВА көбінесе поливинилспиртін алуға жұмсалады. Басқа полимермен композициясы лак, желім т.б. даярлау үшін қолданылады.
7. Поливинилпирролидон (П - ВП) – N – винилпирролидонның радикалдық полимеризациясымен алынады.
n СН2 = СН (- СН2 – СН -) n
N N
СН2 СО СН2 СО
СН2 - СН2 СН2 - СН2
П –ВП суда, көптеген полярлы еріткіштерде жақсы ериді. Ол қазіргі кезде медицинада кең қолданыс тауып отырған тиімді қан алмастырғыш. Гемодез, синпрол атты дезинтоксикаторлар осы полимердің негізінде жасалған. Ауруларға оны қандарының тобына қарамай-ақ енгізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |