Пәннің оқу-әдістемелік кешені 6В07366 (5В073000) -Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын өндіру мамандығының Жұмыс оқу бағдарламасы негізінде дайындалған



бет96/130
Дата12.09.2020
өлшемі0,75 Mb.
#78033
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   130
Байланысты:
умк псм-18-1

13. Полибутадиенді (ПБ) – бутадиеннің эмульсиядағы тотығу-тотықсыздану жүйелерінің қатысуымен радикалдық полимеризациясы арқылы алады.

n СН2 = СН - СН = СН2 ( СН2 – СН = СН – СН2 -)n

Техникалық ПБ мол. массасы 80-450 мыңға дейін, тығыздығы 0,89-0,92 г/см3, бензол, галоид және бензолдың арилтуындыларында т.б. еритін каучук.

ПБ автомобиль камераларын, резіңке, аяқ-киім т.б. бұйымдар жасауда қолданылады. Соңғы кезде ПБ гөрі бутадиеннің басқа мономерлермен (стирол, акрилонитрил т.б.) сополимерлері синтетикалық каучуктың кең тараған түріне айналуда.



14. Полихлоропен (ПхП) – хлоропеннің эмульсиядағы радикалдық полимеризациясымен алынады:
n СН2 = С - СН = СН2 - СН2 – С = СН = СН2 -

Cl Cl n

Полимеризацияның жағдайына байланысты хлоропреннен бір-бірінен физико-химиялық қасиеттерімен күрт айрықшаланатын каучуктың үш түрі алынады.

Полимеризацияны бөлме температурасында өткізіп, мономердің полимерге айналуын 25-30% жеткізгенде, жұмсақ, пластикалық бензолда еритін α – ПхП алынады. α – ПхП мол. массасы 100-300 мыңдай, тығыздығы 1,27 г/см3. Оны резинаға күкірт қатыспай-ақ айналдырады. Егерде полимерленуді аяғына дейін жоғары температурада жүргізсе, онда ерімейтін эластикалық μ – ПхП алынады. Кейбір жағдайда, әсіресе металл тұздарының қатысуымен ерімейтін қатты ПхП түзіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет