Пәннің оқу-әдістемелік кешені 6В07366 (5В073000) -Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын өндіру мамандығының Жұмыс оқу бағдарламасы негізінде дайындалған



бет98/130
Дата12.09.2020
өлшемі0,75 Mb.
#78033
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   130
Байланысты:
умк псм-18-1

16. Поливинилспиртін (П-ВС) – поливинилацетатты гидролиздеу арқылы алады:

Тығыздығы 1,293 г/см3, шынылану температурасы 800 С. Суық суда және сілтілердің сұйытылған ерітінділерінде тұтқыр ерітінді түзе ериді. П-ВС судағы ерітіндісін қыздырғанда, ол тұнбаға түседі. П-ВС тамақ және дәрі-дәрмек өнеркәсібінде, майлар мен бензолға төзімді иілгіш түтіктер жасау үшін қолданылады.



17. Поливинилацетальдардың ішіндегі техникалық маңыздылары – поливинилформальмен (П-ВФ) поливинилбутираль (ПВБ). Оларды поливинилспиртінен ерітіндіде сәйкес альдегидтермен әрекеттестіру арқылы алады:

Әдетте бұл реакция аяғына дейін жүрмейтіндіктен, соңғы өнімде ацетил топтарымен қатар, гидроксил топтары да болады.

ПВФ – тығыздығы 1,23 г/см3, хлорланған көмірсутектерде, фенолдарда, пиридинде, диоксанда, құмырсқа және сірке қышқылдарында спирт пен су қоспасында еритін полимер. Ол температураға шыдамдылығымен, жақсы диэлектрлік қасиеттерімен және үйкеліске беріктігімен ерекшеленеді. П-ВФ әртүрлі электроизоляциялық жапқыштар жасауда қолданылады.

ПВБ – тығыздығы 1,11-1,14 г/см3, шынылану температурасы ~500 С. Этил және бутил спирттерінде, сірке қышқылында, пиридинде, спирт пен бензол қоспасында ериді. Шыны мен металға адгезиясы жоғары, ол аяз бен жарыққа шыдамды, жоғары эластикалы полимер. ПВБ – негізінен жұқа қабық ретінде силикат шыныларын желімдеу үшін және басқа шайырлармен бірге әмбебап желімдер өндірісінде қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет